- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
Іске қосу (Пуск) батырмасын басқанда пайда болатын мәзірді бас мәзір(меню) деп атайды. Іске қосу (Пуск) мәзіріне кеңінен тоқталайық. Іске қосу (Пуск) батырмасын басқанда 10.2-суретте көрсетілген мәзір іске қосылады.
Терезенің жоғарғы жағындағы жазу (Admin) операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған пайдаланушының атын көрсетеді. Пайдаланушының атынан кейін Интернетпен жұмыс жасауға арналған программалар мен пайдаланушының жиі қолданатын программаларының тізімі көрсетіледі. Арнайы нұсқағышы бар «Барлық программалар» пернесі компьютерге орнатылған барлық программалардың тізімін экранға шығарады.
10.2-сурет. Іске қосу мәзірі
Іске қосу мәзірінің оң жағында орналасқан пернелерге тоқталайық:
Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары сақталған «Менің құжаттарым» бумасын ашу;
Менің суреттерім – пайдаланушының суреттері сақталған буманы ашу;
Менің әуендерім - пайдаланушының музыкалық файлдары сақталған буманы ашу;
Менің компьютерім - дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асыру;
Желілік орта – желі арқылы байланысқан басқа компьютерлердегі файлдар мен бумаларды көру;
Басқару тақтасы – компьютердің түрін және функциональдық мүмкіндіктерін өзгерту, жаңадан программалар қосу немесе өшіру, Windows операциялық жүйесін баптау;
Қосылу – желіге қосылуды қамтамасыз ету;
Принтерлер мен факстар – компьютерге қосылған барлық принтерлер мен факстарды көрсету және жаңадан принтер мен факс қосу;
Анықтама және сүйемелдеу – анықтаманы ашу, олқылықтарды анықтау және жою, техникалық сүйемелдеу;
Іздеу – компьютерден қажетті мәліметтерді табу үшін іздеу терезесін ашу;
Орындау – программаны, буманы немесе веб-парақты ашу, MS DOS командалық жолының аналогы. Нақты адресті жазып, қажетті программаны ашу.
Іске қосу мәзірінің төменгі жағында Жүйеден шығу және Жұмысты аяқтау пернелері орналасқан. Жүйеден шығу компьютерді қайтадан жүктемей-ақ, пайдаланушыны өзгертуге арналған және қажет кезде алғашқы пайдаланушыны таңдау арқылы программаны қайтадан ашуға мүмкіндік береді. Жұмысты аяқтау пернесі компьютерді өшіруге арналған.
10.3-сурет. «Жұмысты аяқтау» терезесі
Компьютерді өшіру үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет: Іске қосу(Пуск) – Жұмысты аяқтау(Завершение работы) – Компьютерді өшіру(Выключить компьютер) – OK.
Компьютерді өшіріп, қайта іске қосу үшін Іске қосу(Пуск) – Жұмысты аяқтау(Завершение работы) – Компьютерді қайта іске қосу (Перезегрузка) – OK әрекеттер тізбегін орындау қажет немесе Ctrl+Alt+Del пернелер комбинациясын қолданады.
10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
Windows операциялық жүйесін тышқан құрылғысының көмегімен басқарады. Бірақ, пернелер комбинациясымен басқару қайсыбір командалардың орындалуын тездетеді.
10.1-кесте. Windows-ті басқаратын пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы |
Атқаратын қызметі |
Іске қосу(Пуск)+D |
Барлық ашық терезелерді бүктеу |
Іске қосу(Пуск)+M |
Сұқбат терезелерінен басқа, барлық ашық терезелерді бүктеу |
Іске қосу(Пуск)+Shift+M |
Бүктелген терезелерді қайтадан ашу |
Іске қосу(Пуск)+Tab |
Тапсырмалар тақтасындағы пернелерді өзара ауыстырып қосу |
Іске қосу(Пуск)+Е |
Сілтеуіш терезесін ашу |
Іске қосу(Пуск)+F1 |
Windows анықтамалық жүйесін ашу |
Іске қосу(Пуск)+Pause/Break |
«Жүйе қасиеті» терезесін ашу |
Іске қосу(Пуск)+R |
«Программаны жүктеу» терезесін ашу |
Іске қосу(Пуск)+F |
Файлдарды іздеу терезесін ашу |
Іске қосу(Пуск)+Ctrl+F |
Желідегі компьютерді іздеуге арналған терезені ашу |
Alt+ тышқанның оң жағын екі рет шерту |
Объектінің қасиеті терезесін ашу |
Alt+F4 |
Ағымдағы терезені жабу немесе «Жұмысты аяқтау» мәзірін ашу |
Alt+F6 |
Келесі терезеге көшу |
Backspace |
Бастапқы бумаға өту |
Ctrl+A |
Ағымдағы терезенің барлық объектілерін ерекшелеу |
Ctrl+C (Ctrl+Insert) |
Ерекшеленген объектінінің көшірмесін алу |
Ctrl+Esc |
«Іске қосу» мәзірін ашу |
Ctrl+F4 |
Құжаттың ішкі терезесін жабу |
Ctrl+Tab |
Келесі құжаттың ішкі терезесіне өту |
Ctrl+V (Shift+Insert) |
Объектіні кірістіру |
Ctrl+X (Shift+Del) |
Ерекшеленген объектіні қиып алу |
Ctrl+Y |
Команданы қайталап орындау |
Ctrl+Z |
Соңғы команданы болдырмау |
Delete |
Объектіні жою |
F1 |
Анықтаманы ашу |
F2 |
Объектінің атын өзгерту |
F3 |
«Іздеу» терезесін ашу |
F5 |
Ағымдағы терезені жаңарту |
F6 |
Сілтеуіштің келесі тақтасын белсенді ету |
F10 |
Мәзір жолын белсенді ету |
Shift+Delete |
Объектіні қоржынға енгізбей, бірден жою |
Shift+F10 |
Ерекшеленген объектінің жанама мәзірін ашу |
