- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
9. Архиваторлар
Біз кез-келген ақпараттың белгілі бір көлемі болатын білеміз. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискіге сыймайтын болса, онда ақпаратты құртпай, оны арнайы программалардың көмегімен архивтейді.
Архивтеу дегеніміз дискіде файлдың алатын орнын азайту үшін ондағы мәліметтерді архивтеуші программалардың көмегімен сығу процесі. Мәліметтерді архивтеу үшін арнайы программалар қолданылады. Оларды архиваторлар деп атайды. Кең таралған архиваторлар: ARJ, RAR, ZIP, ACE, CAB. Архивтелген файлдарды бастапқы күйіне келтіру процесі архивтен алу деп аталады. Файлдарды ашқанда, олар архивтен алынып, дискіге немесе жедел жадқа орналастырылады.
Архив – программалар мен мәліметтердің ұзақ уақыт сақтауға арналған, тығыздалып сығылған көшірмелері; программалар мен мәліметтердің көлемін оларды қалпына келтіру мүмкіндігі бар белгілі тәсілдермен кішірейте отырып, олардың тығыздалған күйіндегі көшірмелерінің сақталған жиыны.
Архивтік файл – тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдың архивтелген көшірмесі; алғашқы файлдарды тығыздап қысу нәтижесінде дайындалған файл. Оларды керек кезінде алғашқы түрде шығарып алуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10 пайыздан 70 пайызға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Егер мәтіндік реферат көлемі 1Мбайт болса, архивтеу нәтижесінде көлемі 100Кбайтқа дейін азаяды. Әуендік және суреттік файлдар әртүрлі деңгейде сығылады. Мысалы: wav, bmp, tiff форматты файлдар жақсы сығылса, mp3, gif және jpg форматты файлдарды мүлдем сығылмайды деуге болады.
Архиваторлардың негізгі қызметтері:
жаңа архивтер құру;
файлдарды архивтен шығару;
архивке файлдарды қосу;
өздігінен ашылатын архивтерді құру;
архивті бүтіндікке тестілеу;
бүлінген архивті қалпына келтіру;
архивті қорғау.
WinZip программасы екі режимде жұмыс жасайды: классикалық және шебер режимінде. WinZip архиваторы антивирустық программаны қолдайды, архивтен өздігінен алынатын файлдарды құрады, архивті электрондық пошта арқылы жіберуді қамтамасыз етеді. Архивті қорғау үшін оны құрған кезде пароль орнату жеткілікті. Көбінесе файлдарды сығу және ашу бір программамен жүргізіледі, бірақ кейбір жағдайларда оны бірнеше программамен жасауға болады. Мысалы, PKZip программасы файлдарды сығады, ал PKUnZip файлдарды ашу қызметін атқарады.
ARJ архиваторы үлкен жылдамдықпен жұмыс жасайды және ақпаратты өте жақсы тығыздап, сығады. RAR архиваторының ARJ-ге қарағанда қолайлы интерфейсі бар және ол Windows операциялық жүйесіне арналып жасалған. WinRAR программасы кеңінен қолданылатын және көптеген тілде нұсқалары бар архиватор. WinRAR программасы WinZip программасымен салыстырғанда, файлдарды жақсы архивтейді. Ол физикалық тұрғыдан зақымдалған файлдарды қалпына келтіре алады.
ЛЕКЦИЯ № 6
(2 сагат)
10. Windows операциялық жүйесі
10.1. Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows операциялық жүйесі - графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық жүйе.
Windows операциялық жүйесін тышқан меңзері (курсор) көмегімен басқаруға болады. Меңзер (курсор) – экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі. Экранда тышқан меңзері және жұмыс аймағында жол меңзері болады.
Жұмыс үстелі - әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны. "Жұмыс үстелі" деген ауыспалы ұғым. Шындығында, кәдімгі жұмыс үстелі үстіне кітаптарды, оқулықтарды, дәптерлерді, қорапшалар мен альбомдарды ыңғайлап қоямыз да, қажетін пайдаланамыз. Ал Windows-та кітаптар мен дөптерлердің рөлін жұмыс үстелінің кез-келген жеріне орналастырылған қосымша программалар терезесі мен құжаттар атқарады.
10.1-сурет. Windows XP экранының жалпы көрінісі
Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына (сондай-ақ өз үқыптылығыңызға) байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады. Қалауыңызша, үстел бетіне экран бетін толық алып тұратын бір ғана терезе қалдырып, артығын алып тастауыңызға да болады. Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы, үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.
Windows интерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді - осы бет жұмыс үстелі болып саналады. Экранның бір шетін бойлай тапсырмалар тақтасы (панель задач) орналасады. Оны кейбір оқулықтарда мәселелер тақтасы деп те атайды.
Жұмыс үстелінің терезесі (Окно рабочего стола) - Windows қолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.
Жұмыс үстелінде программаларға, құжаттарға, әртүрлі желілік қүрылғыларға жөне т.б. сәйкес бірнеше графикалық объектілер орналасуы мүмкін. Әрбір графикалық объектінің атауы бар жарлығы болады.
Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады.
Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерім – Windows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Қоржын (Корзина) дегеніміз компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.
Тапсырмалар тақтасы - Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.
