Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
часть 4 повтор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.45 Кб
Скачать
      1. 4.2.3 А(4,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналдағы оң таңбалы элементтерінің санын табу.

Есепті шығару бағдарламасы мен блок-сұлбасы 4.3-суретте келтірілген. Санауды жүзеге асыратын циклдің ашылуы алдындағы есеп шығару барысында К айнымалысының бастапқы мәнін нөлге айналдыру қажет. Элементтерді іріктеу күрделі шартты, яғни бас диагоналдан жоғары орналасқан және жай жақшада беріліп, (аnd) конъюнкциясының көмегімен біріккен массивтің оң элементтерін таңдау шарты мен элементтерді іріктеу шартын қолдану арқылы орындалады.

program primer4_3;

type T = array [1..4,1..5]of real;

var A:T; i, j, K: integer;

begin

for i:=1 to 4 do

for j:=1 to 5 do

read (a[i,j]);

K:=0;

for i:=1 to 4 do

for j:=1 to 5 do

if (a[i,j]>0) and (i < j)

then K:=K+1;

writeln (’K=’, K)

end.

4.3-сурет. Екі өлшемді массивті өңдеу мысалы

      1. 4.2.4 А(4,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолындағы оң элементтердің санын табу.

Есепті шығару бағдарламасы мен блок-сұлбасы 4.4 - суретте келтірілген. Қарастырылған мысалда массивті өңдеу жол бойынша болады, сондықтан да ішкі цикл (i индексі бойынша) жол бойынша, ал сыртқы цикл (j индексі бойынша) баған бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар құрамдас циклдар ашылу операторларының аралығында матрицаның әрбір жолындағы оң элементтерінің бастапқы санын нөлге айналдыратын оператор болады. Жол бойынша (і параметрі бойынша) ашылған цикл ішінде бірнеше оператор болады, оларды бірыңғай тізбекке ерекшелеу үшін Begin-End операторлық жақшаны қолдану қажет етіледі.

program primer4_4;

type T = array [1..4,1..5]of real;

var A:T; i, j, K: integer;

begin

for i:=1 to 4 do

for j:=1 to 5 do

read (a[i,j]);

for i:=1 to 4 do

begin

K:=0;

for j:=1 to 5 do

if a[i,j] > 0 then

K:=K+1;

writeln (’в’,i,’строке K=’,K)

end

end.

4.4-сурет. Екі өлшемді массивті өңдеу мысалы

4.3 Тапсырмалар нұсқасы

4.3.1 Бір өлшемді массивті өңдеу бағдарламасының ерекше тәсілдері

1. А нақты саны және Х(10) массиві берілген. А-ға тең тең элементтің нөмірін

анықтау. Егер ондай сан болмаса, онда жауабы 0 шығуы керек.

2. Х(10) массивінің бірінші теріс элементін және оның рет нөмірін баспаға

шығару керек.

3. Y(10) массивінің оң элементтерін ретімен Z массивіне көшіру.

4. А(10) массивінің тақ нөмірлі элементтерін бір массивке, ал жұп нөмірлі

элементтерін екінші массивке жазып А(10) массивін екіге бөлу.

5. Z(10) массивінің оң таңбалы элементтерінің қосындысын есептеу.

6. Бүтінсанды Х(9) массивінің жұп нөмірлі элементтерінің көбейтіндісін табу

және оның тақ сан екендігін анықтау.

7. Y(10) массивінің тақ нөмірлі оң сандарының орташа арифметикалық мәнін

есептеу. Егер де ондай элемент табылмаса, онда баспаға “0” белгісі шығару.

8. Нақты сандардан тұратын Y(10) векторының оң элементтерінің санын табу.

9. A(j) мен B(j) төмендегідей анықталады:

егер j- тақ болса, онда А(j)=j,

егер j- жұп болса, онда А(j)=j/2,

егер j- тақ болса, онда В(j)=j²,

егер j- жұп болса, онда В(j)=j³,

осы жағдайдағы Z(j)=A(j)+B(j) есептеу керек.

10. Бүтін санды Х(10) массивінің элементтерінің қосындысын табу және шыққан

нәтиженің жұп сан екендігін анықтау.

11. Х(12) массивінің оң элементтерінің орнына “1”, теріс элементтерінің орнына

“0” жазу.

12. Х(10) массивінің 2-ден кіші элементтерін “0”-ге ауыстыру және олардың саны

мен рет нөмірін баспаға шығару.

13. Бүтінсанды А(10) массиві берілген, осы массивтің тақ элементтерін екі еселеп

В(10) массивін шығарып алу.

14. А(15) векторының оң элементтерінің көбейтіндісін табу.

15. Х(10) массивінің теріс элементтерін экранға шығару.

16. А(10) и В(10) массивтері берілген. Z(j)=A(j)-B(j) деп алып, Z(10) массивін

шығарып алу.

17. Z(10) массивінің теріс элементтерінің көбейтіндісін есептеу.

18. Алғашқы 5 элементін “0” деп, келесі 5 элементін “2” деп және соңғы 5

элементін - “3” деп алып А(15) массивін жазу.

19. А(10) массивін В(10) массивіне келесі ретпен көшіру: А(10) массивінің

соңғы элементі В(10) массивінің бірінші элемент, соңғы элементтің

алдындағы элемент - екінші элемент және т.б.

20. Бүтінсанды А(10) векторының жұп элементтерін екі еселеу, ал қалғандарын

үш еселеу.

21. А(15) массивінің 5-ке тең элементтерінің санын табу.

22. В(12) массивінің нөлге тең элементтерінің санын табу.

23. А(10) и В(10) екі вектор берілген. Осы екі вектордың сәйкес элементтерінің

қосындысын және айырмасын тауып, нәтижесін X(10) и Y(10) векторларына

жазу.

24. C(13) массивіндегі 13-ке тең элементтердің санын анықтау.

25. X(11) массивіндегі 5-тен кіші элементтердің санын анықтау.

26. Z(10) массивінің теріс элементтерінің қосындысын есептеу.

27. А(10) массивінің теріс элементтерінің көбейтіндісін есептеу.

28. Y(10) массивінің теріс элементтерінің орташа арифметикалық мәнін есептеу.

29. В(12) массивінің теріс емес элементтерінің санын табу.

30. А(10) и В(10) екі вектор берілген. Осы екі вектордың сәйкес элементтерінің

көбейтіндісін тауып, нәтижесін X(10) векторына жазу.

4.3.2 Вектордағы ең үлкен (ең кіші) элементті табу.

  1. 1. А(10) массивінің элементтерінің ішінен жұп нөмірлі ең үлкен теріс элементін табу.

  2. 2. Z=Ax²+Bx+C функциясының ең үлкен мәнін табу, мұндағы х аргументі 0,5 қадаммен 1-ден 7-ге дейін өзгереді. Функция мәндерін В массивіне жазу.

  3. 3. Х(10) и Y(10) екі массиві берілген. i-ші элементтердің (i= 1,10) орташа арифметикалық мәнін табу және оларды Z массивіне жазу. Z массивінің элементтерінің ішінен ең үлкенін табу.

  4. 4. Y=Sin(X2 + 5X)´Cos(3X²-X) функциясының ең кіші мәнін табу, мұндағы х аргументі 0,4 қадаммен 0-ден 8-ге дейін өзгереді. Функция мәндерін А массивіне жазу.

  5. 5. Х(10) массивінің элементтерінің ішінен тақ нөмірлі ең кіші оң элементті табу.

  6. 6. Х, Y массивтері берілген, Х(I)+Y(I) болғанда шығатын мәннің ең үлкенін табу.

  7. 7. А(10) массивінің элементтерінің ішінен ең үлкенін табу.

  8. 8. А(10) массивінің оң элементтерінің ішінен ең кішісін табу .

  9. 9. А(10) массивінің жұп нөмірлі элементтерінің ішінен ең кіші оң элементті табу.

  10. 10. 5 өлшемді төрт массив берілген. Әрбір массивтегі элементтердің қосындысын тауып, оны Z массивіне жазу. Қосындылардың ішінен ең үлкенін анықтау.

  11. 11. 6 өлшемді үш массив берілген. Әрбір массивтегі оң элементтердің қосындысын тауып, оны А массивіне жазу. Қосындылардың ішінен ең кішісін табу.

  12. 12. Х(20) массиві және А саны берілген. Осы массив элементтерінің ішінен А элементіне дейінгілердің ең үлкенін, ал одан кейінгілердің ең кішісін табу керек. Егер массивте А элементі болмаса, онда ол туралы хабарлау керек.

  13. 13. А(10) и В(10) екі бірөлшемді массивтер берілген. А және В массивтерінің сәйкес элементтерінің көбейтіндісінен С(10) массивін құру керек. Осы С массивінің ең кіші элементін табу керек.

  14. 14. Х(10) векторындағы ең үлкен элементтің алдында тұрған теріс сандарды нөлге ауыстыру керек.

  15. 15. В(10) массивінің жұп нөмірлі элементтерінің арасынан ең үлкен элементті табу керек. Тақ нөмірлі элементтерді нөлге айналдыру керек.

  16. 16. С(20) бірөлшемді массивтегі бірінші элементті соңғы элементпен, екінші элементті соңғының алдында тұрған элементпен қосып нәтижесін В(10) массивіне жазу керек. В(10) массивінің ең үлкен элементін табу керек.

  17. 17. БүтінсандыА(10) массивінің жұп сандарын екі еселеп, ал тақ сандардың квадратын табу. Шыққан массивтің ең үлкен элементін табу керек.

  18. 18. А(10) массивінің оң таңбалы жұп сандарын Х массивіне ретімен жазу. Жаңа массивтің ең кіші элементін табу керек.

  19. 19. Бірөлшемді екі массив берілген. Әр массивтің жұп нөмірлі элементтерінің қосындысын табу керек. Шыққан қосындылардың арасынан ең үлкенін анықтау керек.

  20. 20. В(30) массивінің нөмірі 3-ке бөлінетін элементтерінің арасынан ең кіші элементті табу.

  21. 21. В(10) массивінің ең кіші элементін табу.

  22. 22. С(12) массивінің ең үлкен элементінің алдындағы элементтердің бәрін нөлге айналдыру.

  23. 23. С(9) массивінің ең кіші элементінен кейін тұрған барлық элементтерді нөлге айналдыру.

  24. 24. А(10) массивінің ең үлкен элементін табу, ал қалғандарын нөлге айналдыру.

  25. 25. В(10) массивінің ең кіші оң таңбалы элементін табу.

  26. 26. Х(12) массивінің ең үлкен элементін екі еселеу, ал қалғандарын 1-ге айналдыру.

  27. 27. А(10) векторының ең үлкен және ең кіші элементтерінің орындарын ауыстыру.

  28. 28. А(10) массивінің оң таңбалы элементтерін екі еселеу, ал теріс таңбалы элементтерінің квадратын табу. Шыққан массивтің ең кіші элементін табу.

  29. 29. А(10) векторының ең үлкен теріс элементі мен ең кіші оң элементінің орындарын ауыстыру.

30. Х(10) векторы берілген. Осы массивтің ең үлкен элементінен кейін тұрған

элементтердің санын табу керек.

4.3.3 Екі өлшемді массивті өңдеу бағдарламасының ерекше тәсілдері.

  1. 1. А(3,5) екі өлшемді массивіндегі мәні (2,7) аралығында жатқан элементтердің санын табу

  2. 2. А(3,5) екі өлшемді массивіндегі оң элементтердің санын табу.

  3. 3. А(3,3) екі өлшемді массивтегі нөлге тең элементтердің санын табу.

  4. 4. С(3,5) екі өлшемді массивіндегі оң элементтердің көбейтіндісін табу.

  5. 5. А(4,3) екі өлшемді массивіндегі 1-ден үлкен элементтердің санын табу.

  6. 6. В(3,3) екі өлшемді массив элементтерінің арифметикалық орташасын табу.

  7. 7. Х(4,4) екі өлшемді массивінің теріс таңбалы элементтерінің санын табу.

  8. 8. Х(3,3) екі өлшемді массивінің теріс таңбалы элементтерінің қосындысын табу.

  9. 9. А(3,4) екі өлшемді массивіндегі нөлдер мен бірлердің санын табу.

  10. 10. А(5,6) екі өлшемді массивінің нөлге тең бірінші элементінің нөмірін анықтау.

  11. 11. А(5,5)екі өлшемді массиві берілген. Оң элементтердің қосындысын және нөлге тең элементтердің санын табу.

  12. 12. А(3,4) бүтінсанды екі өлшемді массивінің мәні 3-ке тең элементтерінің санын есептеу. Егер ондай элементтер жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  13. 13. А(4,3) екі өлшемді массивтің барлық элементтерін В векторына көшіріп жазу.

  14. 14. В(4,4) екі өлшемді массивінің барлық оң элементтерін С векторына жазу.

  15. 15. А(3,5) екі өлшемді массивіндегі мәні (1,5) аралығында жататын элементтердің арифметикалық орташасын табу.

  16. 16. В(5,5) екі өлшемді массивіндегі оң элементтердің арифметикалық орташасын табу.

  17. 17. А(4,3) екі өлшемді массивтегі 5-ке таң элементтердің санын табу.

  18. 18. Х(3,3) екі өлшемді массивтегі теріс элементтердің көбейтіндісін табу.

  19. 19. С(4,4) екі өлшемді массивтегі теріс элементтердің арифметикалық орташасын табу.

  20. 20. Х(3,4) екі өлшемді массивіндегі 3£ Хi £7 элементтердің қосындысын, ал 1£ Хi £2 көбейтіндісін табу.

  21. 21. А(5,5) матрицасы екіге бөлінеді. Әр бөлік 3 бағаннан тұрады. Әр бөліктің қосындысын табу.

  22. 22. А(5,5) матрицасы екіге бөлінеді. Әр бөлік 3 жолдан тұрады. Әр бөліктің қосындысын табу.

  23. 23. А(5,5) екі өлшемді массивіндегі оң элементтердің қосындысын, теріс элементтердің көбейтіндісін және нөлге тең элементтердің санын табу.

  24. 24. А(3,5) екі өлшемді массивіндегі мәні (0,5) аралығында жататын элементтердің қосындысын табу.

  25. 25. В(4,5) екі өлшемді массивіндегі мәні [1,3] аралығында жататын элементтердің көбейтіндісін табу.

  26. 26. Екі өлшемді массивінің барлық теріс элеметтерін С векторына жазу.

  27. 27. А(5,5) екі өлшемді массиві үшінші баған бойынша екі бөлікке бөлінеді. Әр бөлік элементтерінің геометриялық орташасының қосындысын табу.

  28. 28. А(3,4) бүтінсанды екі өлшемді массивінің 3-тен кіші элементтерінің санын санау.

  29. 29. А(3,4) бүтінсанды екі өлшемді массивтегі жұп элементтердің санын санау.

  30. 30. А(4,4) бүтінсанды екі өлшемді массивтегі тақ элементтердің санын санау.

4.3.4 Екі өлшемді массивтің бөліктерімен жұмыс жасау алгоритмінің бағдарламасы.

  1. 1 А(5,5) екі өлшемді массивіндегі бас диагоналдың төменгі жағындағы элементтерді “0”-ге, жоғарғы жағындағы элементтерді “3”-ке, ал бас диагонал элементтерін “7”-ге ауыстыру.

  2. 2 Х(5,5) екі өлшемді массивіндегі бас дигонал элементтерінің көбейтіндісін табу.

  3. 3 Y(5,5) екі өлшемді массивіндегі бас диагоналдың төменгі жағындағы оң элементтердің санын табу.

  4. 4 В(5,5) екі өлшемді массивіндегі бас диагонал элементтерін X(5) векторына көшіріп жазу.

  5. 5 Екі өлшемді массивіндегі бас диагоналдың төменгі жағында орналасқан теріс элементтердің көбейтіндісін есептеу.

  6. 6 В(4,4) екі өлшемді массивінің бас диагоналының жоғарғы жағында орналасқан нөлге тең элементерінің санын табу.

  7. 7 D(4,4) екі өлшемді квадрат массивтің бас дигноналында және оның жоғарғы жағында орналасқан барлық элементтерді нөлге ауыстыру.

  8. 8 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының жоғарғы жағында орналасқан элементтердің арифметикалық орташасын есептеу.

  9. 9 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының төменгі жағында орналасқан элементтердің арифметикалық орташасын есептеу.

  10. 10 Х(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагонал элементтерінің қосындысын табу.

  11. 11 Х(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының оң элементтерінің көбейтіндісін табу.

  12. 12 Х(6,6) екі өлшемді массивінің бүйір диагонал элементтерінің көбейтіндісін табу.

  13. 13 Х(5,5) екі өлшемді массивінің бүйір диагонал элементтерінің қосындысын табу.

  14. 14 В(5,5) екі өлшемді массивінің бүйір диагонал элементтерін X(5) векторына көшіріп жазу.

  15. 15 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының жоғарғы жағында орналасқан элементтерден бір өлшемді массив құрастыру.

  16. 16 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының төменгі жағында орналасқан элементтерден бір өлшемді массив құрастыру.

  17. 17 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагонал элементтерінің ішінен ең үлкенін табу.

  18. 18 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының төменгі жағында орналасқан теріс элементтердің қосындысын табу.

  19. 19 Х(6,6) екі өлшемді массивінің бас диагоналының төменгі жағында орналасқан оң элементтердің көбейтіндісін табу.

  20. 20 В(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналдағы 5-тен үлкен элементтердің санын табу.

  21. 21 С(6,6) екі өлшемді массивінің бүйір диагоналындағы 5-тен кіші элементтердің санын табу.

  22. 22 Х(6,6) екі өлшемді массивінің бас диагоналдан төмен орналасқан оң элементтердің қосындысын табу.

  23. 23 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналдан жоғары орналасқан оң элементтердің қосындысын табу.

  24. 24 А(5,5) екі өлшемді массив бас диагонал бойынша екі бөлікке бөлінеді. Әр бөлік элементтерінің қосындысының геометриялық орташасын табу.

  25. 25 А(5,5) екі өлшемді массив бүйір диагонал бойынша екі бөлікке бөлінеді. Әр бөлік элементтерінің қосындысының арифметикалық орташасын табу.

  26. 26 Х(6,6) екі өлшемді массивінің бас диагоналдан төмен орналасқан теріс элементтерінің қосындысын табу.

  27. 27 А(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналдан жоғары орналасқан оң элементтерінің қосындысын табу.

  28. 28 Х(5,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналының теріс емес элементтерінің санын табу.

  29. 29 А(6,6) екі өлшемді массивінің бүйір диагоналының теріс емес элементтерінің санын табу.

4.3.5 Екі өлшемді массив жолдарымен және бағандарымен жұмыс жасау алгоритмін бағдарламалау

  1. 1. А(5,5) екі өлшемді массивтің әр жолдағы элементтерінің қосындысын тауып, нәтижесін S(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  2. 2. А(5,5) екі өлшемді массивтің әр бағандағы элементтерінің қосындысын тауып, нәтижесін S(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  3. 3. Х(5,6) екі өлшемді массивінің әр бағандағы теріс элементтерінің санын тауып, нәтижесін К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

  4. 4. В(5,6) екі өлшемді массивінің әр бағандағы оң элементтерінің санын тауып, нәтижесін К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

  5. 5. Х(6,5) екі өлшемді массивінің әр жолдағы теріс элементтерінің санын тауып, нәтижесін К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

  6. 6. А(5,6) екі өлшемді массивтің әрбір жұп бағандағы оң элементтерінің қосындысын және әрбір тақ бағандағы теріс элементтерінің көбейтіндісін табу.

  7. 7. Х(3,4) екі өлшемді массивінің әр бағандағы элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(4) бір өлшемді массивіне жазу.

  8. 8. Х(4,4) екі өлшемді массивінің әр жолдағы элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(4) бір өлшемді массивіне жазу.

  9. 9. А(5,5) екі өлшемді массивінің әр жолдағы элементтердің көбейтіндісін тауып, нәтижесін Р(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  10. 10. А(5,5) екі өлшемді массивінің әр бағандағы элементтердің көбейтіндісін тауып, нәтижесін Р(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  11. 11. А(5,5) екі өлшемді массиві берілген. К жолдағы элементтер К бағандағы элементтермен сәйкес келетіндей К-ны (1 £ К £ 5) табу керек.

  12. 12. n ретті екі өлшемді квадрат массив берілген. Бас диагоналдың ең үлкен элементі орналасқан жол мен бағанды алып тастау.

  13. 13. С(5,6) екі өлшемді массивтің бас диагоналындағы теріс элементі бар жолдағы барлық элементтердің қосындысын табу. Егер бас диагоналда теріс элемент жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  14. 14. А(6,5) екі өлшемді массивтің әрбір жолдағы оң элементтерінің көбейтіндісін тауып, Р(6) бір өлшемді масивіне жазу.

  15. 15. А(5,5) екі өлшемді массивтің әрбір жолдағы оң элементтерінің көбейтіндісін тауып, Р(5) бір өлшемді масивіне жазу.

  16. 16. С(5,6) екі өлшемді массивтің бүйір диагоналындағы оң элементі бар жолдағы барлық элементтердің қосындысын табу. Егер бас диагоналда оң элемент жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  17. 17. А(5,5) екі өлшемді массивтің бас диагоналындағы теріс элементі бар бағандағы барлық элементтердің қосындысын табу. Егер бас диагоналда теріс элемент жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  18. 18. М(5,4) бүтінсанды екі өлшемді массивтің барлық элементтері тең болатын жолдарының нөмірін табу керек. Егер ондай жол жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  19. 19. n ретті екі өлшемді квадрат массив берілген. Бас диагоналдың ең кіші элементі орналасқан жол мен бағанды алып тастау.

  20. 20. Х(3,5) екі өлшемді массивінің әрбір бағандағы оң элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  21. 21. Х(4,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы оң элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(4) бір өлшемді массивіне жазу.

  22. 22. Х(3,4) екі өлшемді массивінің әрбір бағандағы теріс элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(4) бір өлшемді массивіне жазу.

  23. 23. Х(4,4) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы теріс элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(4) бір өлшемді массивіне жазу.

  24. 24. Х(6,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы теріс емес элементтердің санын тауып, нәтижесін К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

  25. 25. А(5,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы теріс емес элементтердің арифметикалық орташасын тауып, нәтижесін SA(5) бір өлшемді массивіне жазу.

  26. 26. В(5,4) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы элементтерін өсуі бойынша реттеу.

  27. 27. М(5,4) бүтінсанды екі өлшемді массивтің барлық элементтері тең болатын бағандарының нөмірін табу керек. Егер ондай баған жоқ болса, ол туралы хабарлау керек.

  28. 28. В(5,5) екі өлшемді массивінің әрбір бағандағы элементтерін өсуі бойынша реттеу.

  29. 29. Х(6,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолдағы теріс элементтердің санын тауып, нәтижесін К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

30 Х(5,6) екі өлшемді массивтің әр жолындағы нөлге тең элементтердің санын тауып, К(6) бір өлшемді массивіне жазу.

4.4 Бақылау сұрақтары

4.4.1 «Массив» деген не?

4.4.2 Массив элементтері несімен ерекшеленеді?

4.4.3 Массивті хабарлаудың айқын және айқын емес тәсілдерінің айырмашылығы?

4.4.4 Паскалда массивті енгізудің қандай тәсілдері бар?

4.4.5 Массив элементтерін жолға және бағанға шығарудың айырмашылығы?

4.4.6 Бір өлшемді массив элементтерінің қосындысын есептеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

4.4.7 Массивтің теріс элементтерін есептеу үшін алгоритмде қандай өзгеріс болады?

4.4.8 Массивтен ең үлкен элементті іздеу қалай жүзеге асырылады?

4.4.9 Массивтің ең кіші элементін іздеу алгоритмінде қандай өзгеріс болады?

4.4.10 Паскалда екі өлшемді массивті енгізудің қандай тәсілдері бар?

4.4.11 Квадрат матрицамен жұмыс жасаудың қандай ерекшеліктері бар?

4.4.12 Баған бойынша матрица қалай өңделеді?

4.4.13 Жол бойынша матрица қалай өңделеді?

4.4.14 Бірінің ішіне бірі салынған циклдар қандай мақсатта қолданылады?

№5 зертханалық жұмыс. Символдық ақпаратты өңдеу

Жұмыстың мақсаты – символды ақпаратты қолдана отырып есеп шығаруда бағдарламалау тәсілін және жолды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану әдісін меңгеру.

5.1 Жолдар және оларды өңдеудің ерекшеліктері.

Мәтіндік ақпаратты көрсету үшін арнайы берілгендер типі – жолдық тип тағайындалған. Жол – бұл ДЭЕМ кодтық кестенің символдар тізбегі. Жол ұзындығы (жолдағы символдар саны) 0-ден 255-ке дейін динамикалық түрде өзгеруі мүмкін. Компьютерде жолдың әрбір символы 1 байтты алады. Сонымен қатар, жол үзындығында ақпаратты сақтау үшін қосымша 1 байт кіргізіледі.

Бағдарламада алдын-ала белгілі бірқатар литер тізбегін қолдану үшін жол тұрақтысы қызмет етеді. Жол-тұрақтысын хабарлау форматының жазылу түрі:

сonst тұрақтының аты=символдар тізбегі';

Мысалы

const name = 'Эльза'; бос жол = ' ';

Егер жол мәні алдын ала белгілі болмай, бағдарламаның орындалу барысында анықталса, онда жол айнымалысы қолданылады. Жолдық типтің айнымалыларын хабарлау үшін string стандартты идентификаторы қолданылып, содан кейін тік жақшадағы жол ұзындығының мәні жазылады. Егер бұл мән көрсетілмесе, онда жол ұзындығы 255 байт боп алына береді. Жол айнымалысын хабарлау форматының жазылу түрі: