- •Мазмұны
- •4.1. Массивтер және оларды циклдер көмегімен өңдеу
- •Writeln
- •4.2.3 А(4,5) екі өлшемді массивінің бас диагоналдағы оң таңбалы элементтерінің санын табу.
- •4.2.4 А(4,5) екі өлшемді массивінің әрбір жолындағы оң элементтердің санын табу.
- •Var айнымалы аты: string [жол ұзындығы];
- •6.2 Модулдер қолдану
- •Информатика. Turbo Pascal тілі
Мазмұны
№4 зертханалық жұмыс. Массивтерді өңдеу 4
№5 зертханалық жұмыс. Символдық ақпаратты өңдеу 20
№6 зертханалық жұмыс. Қосалқы бағдарламаны мен модулді қолдану 23
А қосымшасы 35
Әдебиеттер тізімі 36
№ 4 зертханалық жұмыс. Бір өлшемді массивті өңдеу.
Жұмыстың мақсаты – есеп шығаруда бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді, сонымен қатар бағдарламалаудың ерекше тәсілдерін пайдалана отырып, бағдарламалу дағдысын меңгеру.
4.1. Массивтер және оларды циклдер көмегімен өңдеу
Массив – бұл бір типті элементтердің белгіленген санынан тұратын берілгендердің құрылымды типі.
Массивтер атымен, көлемімен (элементтер санымен), ондағы элементтер индексімен және әрбір элементтің мәнімен ерекшеленеді. Массивтің әрбір элементі өзіне тиісті индексімен анықталады.
Бір өлшемді массив вектор деп аталады. Бір өлшемді массивтің элементі бір индекстен тұрады. Ол индекс элементтің рет нөмірін көрсетеді.
Екі өлшемді массивті екі өлшемді матрица түрінде қарастыруға болады. Екі өлшемді массивтің элементі екі индекстен тұрады. Бірінші индекс элементтің жол нөміріне, ал екінші индекс элементтің баған нөміріне сәйкес келеді. 4.1- кестеде х (4) векторына мен А(3,3) екі өлшемді массивке сипаттама берілген.
4.1 –кесте Бір өлшемді массив пен екі өлшемді массивке мысал
Аты |
Өлшемі |
Элементтер нөмірі |
Элементтердің мәні мен индексі |
Х |
4 (массивте 4 элемент бар) |
(х1, х2, х 3, х 4) |
(-3.8, 7.6, 2, 4.3), яғни х1=-3.8, х2=7.6, х3=2, х4=4.3, |
А |
А(3,3) (массив 9 элементтен тұрады: 3 жол, 3баған) |
|
а23=0; а32=4.2 |
4.1 Массивтер және оларды циклдар көмегімен өңдеу
Массив – бұл бір типті элементтердің белгіленген санынан тұратын берілгендердің құрылымды типі.
Массивтер атымен, көлемімен (элементтер санымен), ондағы элементтер индексімен және әрбір элементтің мәнімен ерекшеленеді. Массивтің әрбір элементі өзіне тиісті индексімен анықталады.
Бір өлшемді массив вектор деп аталады. Бір өлшемді массивтің элементі бір индекстен тұрады. Ол индекс элементтің рет нөмірін көрсетеді.
Екі өлшемді массивті екі өлшемді матрица түрінде қарастыруға болады. Екі өлшемді массивтің элементі екі индекстен тұрады. Бірінші индекс элементтің жол нөміріне, ал екінші индекс элементтің баған нөміріне сәйкес келеді.
4.1- кестеде х (4) векторы мен А(3,3) матрицасына сипаттама берілген.
4.1- кесте Бір өлшемді және екі өлшемді массивке мысал
Аты |
Өлшемі |
Элементтер нөмірі |
Элементтердің мәні |
Х |
4 (массивте 4 элемент бар) |
(х1, х2, х 3, х 4) |
(-3.8, 7.6, 2, 4.3), яғни х1 = -3.8, х4 = 4.3 |
А |
А(3,3) (массив 9 элементтен тұрады: 3 жол, 3баған) |
|
а23=0; а32=4.2 |
Кез келген бағдарлама объектісі секілді, массивте хабарлануы, берілуі керек. Массивті сипаттаудың екі әдісі бар:
- айқын - type берілгендер типін сипаттау (Const пен Var аралығы) бөлімінде массив өлшемі мен оның элементінің типі беріледі, содан соң Var бөлімінде массивтің қалыптасқан типіне ат қойылады. Мысалы,
Type T = array [1..4] of real; Var A: T; |
{ Төрт элементтен тұратын А массиві} { хабарланды } |
Type Z = array[1..3,1..4] of real; Var В:Z; |
{Үш жолдан және төрт бағаннан тұратын} {нақты санды екі өлшемді В массиві} {хабарланды} |
- айқын емес - Type бөлімі байқалмайды. Мысалы,
Var A: array [1..4] of real; |
{A(4) массиві хабарланды} |
|
Var B: array [1..3, 1..4] of real; |
{B(3,4) массиві хабарланды} |
|
Массивті өңдеу үшін цикл операторлары қолданылады. Паскаль тілінде массивті бүтін бір объект ретінде енгізу және шығару мүмкіндігі жоқ. Циклдік оператор көмегімен массивті жеке-жеке енгізуге және шығаруға болады:
-
For i:=1 to 10 do
Read (a[i]);
{А(10) векторын енгізу,}
{мән пробел арқылы енгізіледі}
For i:=1 to 10 do
Readln (a[i]);
{А(10) векторын енгізу, әрбір элементті}
{енгізген соң Enter түймешігі басылады}
For i:=1 to 10 do
Write (a[i]);
{А(10) векторын бір жолға шығару}
For i:=1 to 10 do
Writeln (a[i]);
{А(10) векторын бір бағанға шығару}
Массивті өңдеу үшін циклдік операторлар қолданылады. Екі өлшемді массивпен жұмыс жасау барысында оның барлық элементтерін реттеуді ұйымдастыру керек. Элементтерді реттеу кезінде жол нөмірін (I) және баған нөмірін (J) өзгерту үшін екі цикл ашу қажет, яғни бір циклда басқа цикл ұйымдастырылады. Осылайша, екі өлшемді массив қолданылатын циклды ұйымдастырудың көмегімен жеке-жеке енгізіледі және шығарылады:
{А(5,5) массив элементтерін жеке} {жеке енгізу} |
{А(5,5) массив элементтерін жеке} {жеке шығару} |
For i:=1 to 5 do For j:=1 to 5 do Read (a[i,j]); |
For i:=1 to 5 do For j:=1 to 5 do Write (a[i,j]); |
Бұл тәсіл екі өлшемді массивті экранға бір жолға шығарады. Егер циклде оператор writeln(B[i,j]) қолданылса, онда массив бір бағанға шығады. Екі өлшемді массивті экранда матрица түрінде шығару үшін:
For i:=1 to 4 do
Begin
For j:=1 to 5 do
Write (а[i,j]);
