- •6. Диффузды және тығыз хроматин (17срак)
- •7.Митохондриялар құрылысы қызметі
- •8. Кариотип туралы түсінік.
- •10. Бағана клеткалар туралы түсінік
- •11. Апоптоз, некроз ерекшелктер
- •12. Лизосомдар, олардың морфологиясы және атқаратын қызметі.
- •13. Мейоздың биологиялық ролі
- •15. Клеткааралық байланыстар. Олардың құрылыстары мен қызметтері.
- •17. Хроматиннің құрылысы және химиялық құрамы (6срак)
- •18. Клетка биологиясын зерттеу әдістері
- •19. Про және эукариот клеткаларының ерекшеліктері
- •24. Нуклеосоманың клеткадағы орнын және құрылысы мен функциясын анықтап, сызба-нұсқасын сал
- •25.Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.
- •26. Кариолемманың құрылымдық атқаратын қызметімен байланысын табыңдар.
- •27. Клетка бетіндегі рецепторлардың түрлерін және ролін түсіндіріңіз
- •28. Мейоздың кезеңдерін, ұзақтығын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •30. Клеткадағы хондриом түрлерінің клетканың функциясымен байланысын түсіндіріңіз.
- •32. Прокариот және эукариот клеткаларының рибосомдарын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •34 Эндорепродукция және полиплоидия
- •35. Митохондрияның атф синтездеудегі ролы
- •36. Бекітілген клеткаларды зерттеу жолдары
- •42. Клеткалық цикл схемасын салыңыз. Периодтарын белгілеңіз және болып жатқан процесті түсіндірініз. 52-сұраққа қара сызбасы сол
- •44. Бактерия, жануар және өсімдік клеткаларын сипаттаңыз және салыстырыңыз.
- •45. Митоз және мейоздың бөлінудің айырмашылығы неде және сипаттаңыз
- •47. Плазмоциттердің электро-да гранулярлы эп тор клетканың үлкен бөлігін алып жатыр. Ол нені білдіреді?
- •48. Секреттік клетканың электронограммасында ядро айналасында жалпақ цистерналар мен түтікшелер көрінеді, бұл қандай органоид?
- •50. Құрам нда клеткалық органелла,миелинді структуралар бар клеткаішілік көпіршіктер лизосоманың қай типіне жатады?
- •52. Клетка циклінің кезеңдерінің сызба нұсқасын салыңыз.
- •54 Цитоқаңқаның клеткадар орналасуын, құрылысын, өзгеруін,атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •55. Анықтаңыз, егер хромосомдар полюста жатса онда бұл митоздың қай кезеңі? Хромосомдар қозғалу механизмін түсіндір.
- •56. Клетка аралық танудың механизімдері түсіндіріңіз
- •1)Жабыстратын байланыстың үш түрі бар:
- •2)Қатынастратын байланыс
- •3)Синапыс байланысы
- •58 Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары
- •59. Мейоздың кезеңдерінің сызбасын сал
- •60. Хроматин тығыздалуының деңгейлерін түсіндіріп, сызбасын сал
12. Лизосомдар, олардың морфологиясы және атқаратын қызметі.
Лизосома (lysosomae; грек, lysis — еру, ыдырау; soma — дене) — липопротеидті жарғақпен (мембранамен) шектелген, пішіні шар тәрізді майда келген жасуша органелласы. Лизосома құрамында 60-қа жуық гидролазалық ферменттер (протеиназа, нуклеаза, глюкозидаза, фосфатаза және т.б.) болады. Еріткіш денешік — жасуша ішіндегі қоректік заттарды қорытуға тікелей қатысады. Қышқылдық ортада белсенділігі артатын оның ферменттерінің әсерінен жасуша цитоплазмасы құрамындағы протеиндер, липидтер, көмірсулар және басқа да биополимерлер өздерінің қарапайым құрамдарына ыдырап, ас қорыту процесі жүреді. Лизосома цитоплазмалық тор мен Гольджи кешенінің белсенді қатысуымен түзеледі. Құрылысы мен жасушадағы атқаратын қызметтеріне байланысты еріткіш денешіктің 4 түрі ажыратылады:
1) біріншілік лизосома — мөлшері 0,2-0,5 мкм- дей, гидролазалық ферменттер қоры жинақталған көпіршік, ас қорыту процесіне қатыспайды;
2) екіншілік лизосома немесе фаголизосома
3)аутофагосома
4) қалдық денешік (телолизосома).
Лизосомалар (грек. лизео – ерітемін, сома – дене) диаметрі 0,4-0,5 мкм болатын цитоплазмадағы ең ұсақ мембраналы денелер. Лизосомаларды 1955 жылы биохимик ғалым Де Дюв ашқан. Құрамындағы ферменттер дезактивтелген күйде болады. Бұл ферменттердің молекулалары түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомаларында синтезделінеді де, тасымалдаушы көпіршіктермен Гольджи кешеніне тасымалданып, сол жерде модификацияланады. Гольджи кешенінің цистерналарының жетілген бетінен алғашқы лизосомалар бүршіктеніп бөлінеді.
Клеткадағы барлық лизосомалар лизосома кеңістігін түзейді, бұл кеңістікте протон насосының көмегімен үнемі pH – 3,5-5,0 қышқылды орта сақталады, сондықтан олар цитоплазманы осы ферменттердің әсерінен қорғап тұрады. Лизосоманың мембранасының бүтіндігі бұзылса ферменттердің белсенді шабуылынан клетканың бұзылып, өлуіне әкеп соғады.
Лизосомалар функциясы – жоғарымолекулярлы қосылыстар мен бөлшектердің клеткаішілік лизисі, яғни қорытылуы. Жоғарымолекулярлы бөлшектерге, клеткаға эндоцитоз кезінде сырттан келіп түскен, органеллалар мен қосымшалар жатады. Мұндай ұсталынған бөлшектер мембранамен қапталады. Бұл кешен фагосома деп аталады.
Клеткаішілік лизис үрдісі бірнеше этаптарда жүреді. Алғашқы лизосома фагосомамен қосылып, екінші реттегі лизосома немесе фаголизосома деп аталады. Екінші реттегі лизосомада ферменттердің белсенділігі жоғарылап клеткаға түскен полимерлерді мономерлерге дейін бөлшектейді. Қорытылған өнімдер лизосома мембранасы арқылы цитозольге шығарылады. Қорытылмаған заттар көп уақытқа дейін лизосоманың ішінде жасушада сақталады, оларды қалдық денешіктер деп атайды.
Қалдық денелер органелла емес, олар қосымшаларға жатады. Кейде фагосомадағы зат толығымен қорытылып, фагосома мембранасы тарап кетеді. Мембрана калдықтары Гольджи кешеніне барып жаңа мембраналар түзуге қолданылады. Екінші реттегі лизосомалар өзара немесе алғашқы лизосомамен қосылыс түзулері мүмкін. Бұл жағдайда өзгеше екінші реттегі лизосомалар – мультивезикулярлы денешіктер пайда болады.
Клетканың тіршілігі кезінде оның молекуласынан органеллаларына дейінгі әр деңгейлерінде құрылымдарының үздіксіз қайта құрулары жүріп отырады. Цитоплазманың бүлінген немесе ауыстыруды қажет ететін бөлімдерінің маңыда, әсіресе Гольджи аппаратына көршілес жерде жарты ай тәрізді қос мембрана түзіледі де, біртіндеп өсіп бүлінген зонаны қоршап алады. Осындай құрылым лизосомамен қосылады да, аутофагосома (аутосома) түзеді. Аутосомада органеллалар құрылымы қорытылады.
Басқа жағдайларда, макро- және микроаутофагия үрдістері кезінде қорытылуға арналған құрылымдар лизосома мембранасына батып, мембранамен қапталады да қорытылады. Осылай аутофагиялық вакуоль пайда болады.
Көптеген микроаутофагия нәтижесінде мультивезикулярлы денешіктер түзіледі. Кейбір клеткаларда аутофагиямен қатар кринофагия жүреді. Кринофагия дегеніміз секреторлы гранулалары бар алғашқы лизосомалардың қосылулары. Жаңармайтын клеткалардың лизосомаларында бірнеше дүркін жүретін аутофагия нәтижесінде кәрілік пигменті – липофусцин жиналады.
Сонымен, аутофагия дегеніміз клеткаішілік құрылымдарды жаңартатын механизмдердің бірі, яғни клетка ішілік физиологиялық регенерация. Аутофагия нәтижесінде ескіру салдарынан өз белсенділігін жоғалтқан органеллалар жойылады. Сондай-ақ, клетканың жалпы тіршілігінде, оның физиологиялық үрдістері төмендеген жағдайда, аутофагия жолмен клетканың артық органеллалары жойылады. Аутофагия клетканың функционалды белсенділігін реттейтін тәсілдердің бірі.
