- •6. Диффузды және тығыз хроматин (17срак)
- •7.Митохондриялар құрылысы қызметі
- •8. Кариотип туралы түсінік.
- •10. Бағана клеткалар туралы түсінік
- •11. Апоптоз, некроз ерекшелктер
- •12. Лизосомдар, олардың морфологиясы және атқаратын қызметі.
- •13. Мейоздың биологиялық ролі
- •15. Клеткааралық байланыстар. Олардың құрылыстары мен қызметтері.
- •17. Хроматиннің құрылысы және химиялық құрамы (6срак)
- •18. Клетка биологиясын зерттеу әдістері
- •19. Про және эукариот клеткаларының ерекшеліктері
- •24. Нуклеосоманың клеткадағы орнын және құрылысы мен функциясын анықтап, сызба-нұсқасын сал
- •25.Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.
- •26. Кариолемманың құрылымдық атқаратын қызметімен байланысын табыңдар.
- •27. Клетка бетіндегі рецепторлардың түрлерін және ролін түсіндіріңіз
- •28. Мейоздың кезеңдерін, ұзақтығын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •30. Клеткадағы хондриом түрлерінің клетканың функциясымен байланысын түсіндіріңіз.
- •32. Прокариот және эукариот клеткаларының рибосомдарын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •34 Эндорепродукция және полиплоидия
- •35. Митохондрияның атф синтездеудегі ролы
- •36. Бекітілген клеткаларды зерттеу жолдары
- •42. Клеткалық цикл схемасын салыңыз. Периодтарын белгілеңіз және болып жатқан процесті түсіндірініз. 52-сұраққа қара сызбасы сол
- •44. Бактерия, жануар және өсімдік клеткаларын сипаттаңыз және салыстырыңыз.
- •45. Митоз және мейоздың бөлінудің айырмашылығы неде және сипаттаңыз
- •47. Плазмоциттердің электро-да гранулярлы эп тор клетканың үлкен бөлігін алып жатыр. Ол нені білдіреді?
- •48. Секреттік клетканың электронограммасында ядро айналасында жалпақ цистерналар мен түтікшелер көрінеді, бұл қандай органоид?
- •50. Құрам нда клеткалық органелла,миелинді структуралар бар клеткаішілік көпіршіктер лизосоманың қай типіне жатады?
- •52. Клетка циклінің кезеңдерінің сызба нұсқасын салыңыз.
- •54 Цитоқаңқаның клеткадар орналасуын, құрылысын, өзгеруін,атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •55. Анықтаңыз, егер хромосомдар полюста жатса онда бұл митоздың қай кезеңі? Хромосомдар қозғалу механизмін түсіндір.
- •56. Клетка аралық танудың механизімдері түсіндіріңіз
- •1)Жабыстратын байланыстың үш түрі бар:
- •2)Қатынастратын байланыс
- •3)Синапыс байланысы
- •58 Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары
- •59. Мейоздың кезеңдерінің сызбасын сал
- •60. Хроматин тығыздалуының деңгейлерін түсіндіріп, сызбасын сал
10. Бағана клеткалар туралы түсінік
Бағаналы жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, kytos — жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір-бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалар — жануарлар организмінің жасына қарамастан, әр уақытта бөлінуге қабілеттілігін жоғалтпайды, яғни бөлінуге бейім; бірнеше бағытта жетіліп, ұрпақтары әр- түрлі жасушаларға айналады. Діңгекті жасушалардан сүйектің қызыл кемігінде қанның әртүрлі жасушалары дамиды. Лимфоциттер — сүйек кемігінен басқа қан жасау мүшелеріне өтіп, көбейіп, маманданып, эффекторлы жасушаларға айналады. Діңгекті жасушаларға қан капиллярларының (қылтамырлардың) адвентициальды жасушалары да жатады.
Бағаналы жасушалар-ассиметриялы түрде бөлінеді. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасеиттерге ие болады. Ал бағаналы жасушалар өздерінің бағаналық қасиеттерін сақтап қалады.
Бағаналық жасушалардың көбі жілік майында болады. Аздаған мөлшері барлық ағзалар мен ұлпаларда болады. Барлық бағаналы жасушалардың бастауы-зигота. Бағаналы жасушалардың немісше атауы Stamzelle. Алғашқы атауы бағаналы жасуша түсінігі де осылай аталды.
1909ж. 1-маусымда Германия астанасы Берлин қаласы өткен Гемогологтар қауымының отырысында германияда жұмыс жасап жүрген орыстың гистолог ғалымы Александр Максимов бағаналы жасушалардың бар екендігін айтты. Бағаналы жасушалар түсінігі де сол кезде пайда болды.
Қан түзілу процессін зерттей отырып, Маскимов қанның жаңаруы жай клеткалық бөлуден ерекшеленетінін анықтады. Сонымен қатар, ол сүйек кемігінде басты қызметі бөліну болып келетін жасушаларды тапты. әр клетка бөлінуі нәтижесінде 2клетка пайда болады: біреуі қан клеткасы болады, екіншісі өсіп қайта бөлінеді. Олардың бөлініп көбеюі көз алдымызға діңгек пен одан шығып жатқан бұтақты елестетеді. Сондықтан да осы клеткаларды бағаналы немесе діңгек клеткалар деп атаған. Кейін 1960 жылдары Канадалық Торонто университеттінің цитологтары Джеймс Тил мен Эрнест Мак Купок бағаналы жасушалардың бар екендігін дәлелдеді.
60-жылдары Кеңестік гематолог Александр Фриденштейн сүйек кемігінде қан түзуші бағаналы клеткадан өзге де клеткалар кездесетіндігін анықтады. Ол клетка организмде болатын барлық 230 түрлі клеткаларға бастама беретіндігін де дәлелдеді. Зерттеулер оргнаизмге енген бұл клетка қанмен таралып жөндеуді қажет ететін мүшені тауып барып қалпына келтіретіндігін көрсетті. Ең жақсы нәтижелер бұлшықет, шеміршек, сүйек ұлпаларын жаңартуда байқалды.
1992жылы американдық иммунобиолог, профессор Девид Харрис әлемде бірінші болып өз ұлының кіндік қанынан алынған бағаналы клеткалар жинағын (коллекция) қатырып, сақтады. Нәтижесінде Харрисон әлемдегі ең ірі кіндік қан сақтайтын банктің иесі болды.
1981ж.алғаш рет ағылшын биологтары Мартин Эванс пен Матью Кауфманн дифференцияланбаған (жаңа ортаға бейімделмеген) эмбриональды бағаналы жасушаларды бөліп алды. Сол жылы дәл сол зерттеуді американдық Гейл Мартин де жасады. Оның зерттеуінің қорытыныдысы Мартин Эванс пен Матью Кауфманмен бірдей болды. Ол да эмбриональді бағаналы жасушаны бөліп алды.
1998жылы Д. Томпсон мен Д. Герхарт өлмейтін эмбриональды жасушаларды тапты. Биология саласындағы эмбриональды бағаналы жасушалардың ашылуы өте маңызды ашылудың біріне жатады. Бағаналы жасушалар барлық типтегі жасушалардың қасиеттерін сіңіріп, олардың қызметін атқара алатын болғандықтан медицинада қолданады.
90 жылдырдың соңында әлемнің түрлі медициналық орталықтары сүйек кемігі мен кіндік қаннан алынған бағаналы клетка трансплантациясын жүргізді. Алайда ресми бағаналы клеткалардың ашылуын 1998 жыл деп санайды. Осы жылы америкалық ғалымдар Джеймс Томсон мен Джон Беккер адам эмбрионына бағаналы клеткаларды бөліп алып, оны арнайы қоректік ортада өсіріп, ең бастысы өз жаңалықтарын патенттеп алған болатын.
