- •6. Диффузды және тығыз хроматин (17срак)
- •7.Митохондриялар құрылысы қызметі
- •8. Кариотип туралы түсінік.
- •10. Бағана клеткалар туралы түсінік
- •11. Апоптоз, некроз ерекшелктер
- •12. Лизосомдар, олардың морфологиясы және атқаратын қызметі.
- •13. Мейоздың биологиялық ролі
- •15. Клеткааралық байланыстар. Олардың құрылыстары мен қызметтері.
- •17. Хроматиннің құрылысы және химиялық құрамы (6срак)
- •18. Клетка биологиясын зерттеу әдістері
- •19. Про және эукариот клеткаларының ерекшеліктері
- •24. Нуклеосоманың клеткадағы орнын және құрылысы мен функциясын анықтап, сызба-нұсқасын сал
- •25.Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.
- •26. Кариолемманың құрылымдық атқаратын қызметімен байланысын табыңдар.
- •27. Клетка бетіндегі рецепторлардың түрлерін және ролін түсіндіріңіз
- •28. Мейоздың кезеңдерін, ұзақтығын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •30. Клеткадағы хондриом түрлерінің клетканың функциясымен байланысын түсіндіріңіз.
- •32. Прокариот және эукариот клеткаларының рибосомдарын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •34 Эндорепродукция және полиплоидия
- •35. Митохондрияның атф синтездеудегі ролы
- •36. Бекітілген клеткаларды зерттеу жолдары
- •42. Клеткалық цикл схемасын салыңыз. Периодтарын белгілеңіз және болып жатқан процесті түсіндірініз. 52-сұраққа қара сызбасы сол
- •44. Бактерия, жануар және өсімдік клеткаларын сипаттаңыз және салыстырыңыз.
- •45. Митоз және мейоздың бөлінудің айырмашылығы неде және сипаттаңыз
- •47. Плазмоциттердің электро-да гранулярлы эп тор клетканың үлкен бөлігін алып жатыр. Ол нені білдіреді?
- •48. Секреттік клетканың электронограммасында ядро айналасында жалпақ цистерналар мен түтікшелер көрінеді, бұл қандай органоид?
- •50. Құрам нда клеткалық органелла,миелинді структуралар бар клеткаішілік көпіршіктер лизосоманың қай типіне жатады?
- •52. Клетка циклінің кезеңдерінің сызба нұсқасын салыңыз.
- •54 Цитоқаңқаның клеткадар орналасуын, құрылысын, өзгеруін,атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •55. Анықтаңыз, егер хромосомдар полюста жатса онда бұл митоздың қай кезеңі? Хромосомдар қозғалу механизмін түсіндір.
- •56. Клетка аралық танудың механизімдері түсіндіріңіз
- •1)Жабыстратын байланыстың үш түрі бар:
- •2)Қатынастратын байланыс
- •3)Синапыс байланысы
- •58 Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары
- •59. Мейоздың кезеңдерінің сызбасын сал
- •60. Хроматин тығыздалуының деңгейлерін түсіндіріп, сызбасын сал
42. Клеткалық цикл схемасын салыңыз. Периодтарын белгілеңіз және болып жатқан процесті түсіндірініз. 52-сұраққа қара сызбасы сол
Клетканың өзінің пайда болуымен және оның жас клеткаларға бөлінуінің арасындағы кезең-кезеңімен жүретін оқиғаладың жиынтығын клеткалық цикл деп атаймыз. Клеткалық цикл (клеточный цикл); (лат. cyclus cellularins cyclus — айналым, cellula — жасуша) — жетілген клеткалардың тіршілік мерзімі. Грекше "цикл"— дөңгелек, шеңбер деген мағынаны білдіреді. Клеткалық цикл — интерфазадан және митоздан тұрады. Интерфаза екі митоздың аралығындағы жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі. Интерфаза барысында клетка ішінде жүретін түрлі процесстер – клетканың өсуі, дифференциялануы байқалады. Сонымен қатар клетканың репродукциясына, митозға дайындауға байланысты процестер жүреді. Зат алмасу сипатына сәйкес интерфаза (интеркинез) өз кезеңінде үш кезеңге бөлінеді: 1. постмитоздық (пресинтездік) оны латынның G1 әрпімен белгілейді, 2. Синтездік –S әрпімен белгіленетін ДНҚ-ның синтезделу кезеңі.3. постсинтездік немесе постмитоздық кезең (G2). Клетка тіршілігініің барлық кезеңінде оның репродукциялануына әзірлік жүреді. Клеткалық циклдің әр кезеңдері бір-бірінен клеткалардағы белоктың, ДНҚ ның , РНҚ ның жалпы мөлшерімен және олардың синетзінің жеделдігімен ажырайды. Постмитоздық кезең митоздық бөлінуден кейін басталады. Осы кезде цитоплазманың өсуі байқалады жіне ДНҚ ның синтезіне әзірлік жүреді. Электрондық микроскопияның деректері бойынша центриольдар екі еселенеді. Клетканың бөлінуге дайындығындағы маңызды кезең – синитездік кезең. Мұнда ДНҚ синтезделедіжәне хромосомалар екі еселенеді. S кезеңінің ұзаққа созылуы ДНҚ репликациясының жылдамдығына байланысты. S кезеңі өтуі үшін РНҚ белоктардың синтезі қажет. Клеткада ДНҚ ның синтезімен қатар цитоплазмада гистондардың синтезі қарқынды жүреді және олар ядроларға ауысады. Премитоздық кезеңде G2 клеткада энегрия жиналады және митоздық аппаратты түзеуге қатысатын ерекше белоктар синтезеделеді. Энегрия қорының жиналуы клеткалардың түрлі типтерінде әртүрлі жолмен қамтамасыз етіледі. Бір клеткаларда (мыс теңіз кірпісінің жұмытрқаларында, пияз тамырларының клеткаларында, тышқанның эпидермисинде) митлзға қажет энергия трикарбон циклындағы глюкозаның аэробты тотығуынан пайда болады, ал басқа келткаларда энергия гликолиз жолымен бөлінеді. Осыан кейін клетканың митоздық бөлінуі басталады. басталады Бұл процесс негізгі екі кезеңен тұрады: ядроньң бөлні — митоз (кариокинез) деп, цитоплазманың,бөлінуі— цитокинез. Клетка өзінің тіршілік циклінде кезектесіп келетін алты стадияны басынан өткізеді: интерфаза, профаза, прометафаза, метафаза, анафаза және телефаза.
Интерфазада клетканың, ерекшелігіне тән және клетканың бөлінуіне қажетті заттар түзіледі. Бұл кезде ядродан ұсақ, жіпшелерден — хромосомалардан құралған тор құрылымы жақсы көрінеді. Профазада — митоздьқ 6іріншi кезеңінде хромосомолар спиральданады да, екіден қосарланган жіп сияқты болып жарық, микроскопынан көрінеді Интерфаза кезінде хромосоманың қосарлануы немесе оның репродукциясы болатынын байқаймыз. Бұл кезде бастапқы хромосомалардын, әркайсысы дәл өзі сиқты жаңа хромосома түзеді: Сіңлілі хроматидтер деп аталатын бұл жарты бөлік профаза кезінде бөлініп кетпейді, оларды центромера (кинетохором) деп аталатын ортақ бөлік біріктіріп ұcтап тұрады. Профазада хромосомалар ары қарай ұзынынан спиральдана түседі, соньң нәтижесінде олар қысқарады және жуандайды. Сол сияқлы профазада хромосомалар ядроның бүкіл келемше таралатынын атап көрсету маңызды. Жануарлар клеткасында интерфазанын, бас кезінде немесе тіпті телефазалық, бөлінудің, кезінде центриолдар қосарланады, бұдан кейін профазада жас центриолдар ажырап, клетканьң полюсіне қарай бөліне бастайды. Центриолдар арасында бір буда бөліну ұршығының жіңішке жіпшелері пайда болады, осы жиынтық ахроматин аппараты деп аталады. Бұлшық ет клеткалары құрамындағыдай, ұршық жіптері құрамында актин белогы болады, ол белок қозғалыстың түрлі жағдайында жиырылуды қамтамасыз етеді. Профазаның аяқталуының негізгі белгісі — ядрошықтар мен ядро қабықшасы жоғалып кетеді, сонын, нәтижесінде хромосо-малар цитоплазма мен нуклеоплазманың жалпы массасының ішінде орналасады. Прометафаза клеткадағы хромосомалардың экватор жазықтығына қарай қозғалуымен сипатталады. Бұл қозғалыс пен хромосомалардың экватор ұршығында таралуы метакинез деп аталады. Осы жазықтыққа орналасқан хромосомалар экваторлық немесе метафазалық пластинка құрайды. Әрбір хромосома экваторлық жазықтыққа оның центрлері дәл келетіндей болып орналасады, ал хромосомалардың қалған барлық денесі одан тыс жатуы мүмкін. Экваторлық пластинканы клетканың бөлінуі полюсінен қараған кез-де барлық хромосомалар жақсы көрінеді, оларды санауға және формасын байқап көруге болады. Цитоплазманың қалған массасына қарағанда ұршық жіптері тығыз консистенциялана түседі. Олар хромосомаларға мынадай жолмен, яғни центромераға «жіп екі полюстен келіп жалғасады. Митоздың келесі фазасы анафаза деп аталады, бүл кезде центромералар және сіңлілі хроматидтер (оларды енді хромосомалар деп атауға болады) бөлінеді де, полюстерге таралады. Мұнда ең алдымен хромосоманың центромералық учаскелері бі-рінен-бірі алшақтайды, бүдан кейін алдымен центромерлер, сонан соң хромосомалардың өздері полюстерге ажырайды. Анафазада хромосоманың ажырап бөлінуі бір мезгілде басталады да, өте тез аяқталады. Хромосомалар ажырап барғаннан кейін, екі полюстегі олардың саны бірдей болады және әр бөліктегі хромосом саны бастапкы клеткадағы хромосома санына тең болады. Ядро бәлінуінің осығідай ерекшелігіне байланысты клетка үрпақтарында хромосома саны және олардың сапалық құрамы үнемі түрақты болады. Телефазада жас хромосомалар деспиральданады. дараланып көрінуі жойылады. Ядро қабықшасы пайда болады. Бұдан кейін ядрошық (немесе ядрошықтар) қалпына келеді, оның саны бастапқы ядродағыдай болады. Ядро енді профазада болған өзгеріспен салыстырғанда кері реконструкцияланады.
43. . Гепатоциттің электронограммасында тегіс эндоплазмалық тор маңызды орын алып жатыр. Бұл нені дәлелдейді?
ЖАУАБЫ: Бауырда залалсыздандыру процесі болып жатыр. Себебі агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр жасушалары — гепатоциттерде) қатысады. Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.
Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы —кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің желіндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер -глобулиндерді, сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.
Гранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және ферменттердің көмегімен улы заттарды бейтараптандыруға (бауыр жасушалары — гепатоциттерде) қатысады. Бұлшықет талшықтары мен ет жасушаларының (бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінің, жүрекет ұлпасы кардиомиоциттерінің) гранулалы эндоплазмалық торларында жиырылу қызметін іс жүзіне асыратын ет жіпшелеріне (миофибриллаларына) әсер етіп, олардың жиырылу процесін қамтамасыз ететін кальций элементі қорланады.
Гепатоцит (грек, һераr - бауыр, kytos — жасуша) - бауыр паренхимасы бөлікшелерінің бағандарын құрайтын бауыр эпителиоциті (жасушасы).
Ол адам мен жануарлар организмдеріндегі ең ірі ас қорыту безі — бауырдың көпсалалы қызметін іс жүзіне асыратын жасуша.
Гепатоцит — пішіні көпбұрышты эпителий жасушасы. Оның дөңгелек келген бір, екі не одан да көп ядролары жасушацитоплазмасының орта шенінде орналасады. Гепатоцитте қан протеиндерін (альбуминдер, фибриноген, протромбин) жасайтын гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді іс жүзіне асыруға қатысатын Гольдж кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар тым жақсы жетілген.
Гепатоциттің негізгі қызметі — ас қорытуға қажет өт бөлу. Бұдан басқа гепатоцитте организмдегі мол қуат көзі — гликоген(құрылымы крахмал тәрізді, адам мен жануарлар организмдерінде болатын полисахарид) қорланады, қан плазмасының протеиндері (фибриноген, альбуминдер, протромбин) түзіледі, майды өндеуге, жасушалар жарғақтарына тым қажет холестерин алмасуына қатысады, ас қорыту мүшелерінен қан арқылы келген зиянды зат алмасу өнімдері, түрлі улы заттар, организмге түскен дәрідәрмектер залалсыздандырылады, коптеген гормондар мен биогенді аминдер енжарландырылады (инактивацияланады),амин қышқылдары дезаминдену процесінен өтеді, бұл процесс нәтижесінде бөлінген аммиактан, оның туындылары (несепнәр —мочевина және т.б.) түзіледі, майда еритін витаминдер (A, D, Е, К т.б.) жинақталады.
