Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клеткалық биология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.89 Mб
Скачать

27. Клетка бетіндегі рецепторлардың түрлерін және ролін түсіндіріңіз

Kлеткалык рецепторлар – клетканын жогаргы жагында немесе органнелаларда жане цитоплазмада ер1ген куйде болады.(коб1несе белогтар немесе гликопротеидтер болуы мумк1н), Рецепторга жалганган заттар рецептордын лигандасы деп аталады. Агзада дар1л1к заттар немесе у туринде кабылданган гормон немесе нейромедиатор немесе оны алмастыргыш заттар болып табылады. Кейбир лигандалар рецепторларга тоскауыл болады. Кейбир акуыз-рецепторлар мембраналык потенциалынын озгеру1н сезетин термосезимтал болады.

Рецепторлардын ози 2 ге болинеди. Олар мембраналык жане клетка ишилик.

Клетка жиі өзіне тән ерекше сигнал жауабына молекулярлы каскадты механизмді жібереді, ол биохимиялық жауап кезінде интегративті жол жүзеге асырылады.

Эукариот клеткалары ақпараттық сигналдарды тасымалдайтын көптеген молекулалармен байланысады,ягни ол клеткалык рецепторлар, ал сигналдарды беру процесстері жалпы бірдей, әрбір нақты жағдайда клетканың жауап беруге мүмкіншілігі болады. Соның ішінде көбірек белгілілері бұл:

Экзогенді сигналды молекулалар(рецепторлар) –гормондар (стероидты, пептидті).

Ферментативтік реакциялардың клеткаішілік каскадтары жиі сигналдық молекулалардың түріне байланысты емес.

Клеткалы жауаптың ерекшелігі рецептор түрімен анықталынады, өйткені клеткаларда рецепторлар жиынтығы бар, олар орналасады:

1- клеткада,

2-цитозолде,

3-ядрода.

Олар біріншіден ерекше сигналдарды алу үшін, екіншіден клеткалы жауапты шақыратын каскадтық ферментативтік реакцияларды жіберу үшін қызмет атқарады.

Сиганлды берудің жалпы кестесінің 5 негізгі этаптары бар.

Сигналды берудің бұзылуы әрбір этапта болуы мүмкін, ол ауруларға және патологиялық процесстерге әкеледі.

1 этап – лигандалармен байланысуы- (лиганд-байланысу, мысалы: рецептор+дәрі-дәрмек, немесе + антидене)

2 этап – рецептор активациясы.

3 этап – сигналды қайта жасау.

4 этап- эффектор активациясы.

5 этап – сигналдың әлсіреу.

Клеткалы сигнализация.

Фосфорлену және дефосфорлену – клетка ішілік сигналды берудегі негізгі механиздері. Бұл процесстерге екі түрлі ферменттер қатысады – ол киназалар және фосфатазалар. Олар сигналдық процесстерде маңызды роль атқарады.

Фосфорлену және дефосфорлену –бұл қайтымды пайда болатын және фосфатты эфирлі байланыстардың гидролизі. Биологиялық мембрананың құрылуына трансляцияда, генетикалық материалдың пайда болуына маңызы зор.

Фосфорленудің мәні

Фосфорлену – сигналды беру процессінде негізгі 2 - қызметті атқарады:

ақуыздардың конформациясының өзгеруі және ферменттердің активациясы.

ақуыз молекулаларындағы қосылысу бөліктерін жасайды, яғни белсенденген элементтермен бірлесетін жаңа ақуыздарды тартады, уақытша клеткаішілік берушілердің пайда болуына әкеледі.

Кейде фосфатты алып тастау сигналды өшіргеннен кейін немесе сигналды жолдардың активациясынан кейін жүреді.

Екіншілік (қосымша) мессенджерлер (тасымалдаушылар) – бұл кішкентай молекулалар, рецептор активациясына жауап беруде, толып жатқан көп және жылдам клеткада синтезделінеді, және молекулярлық сигналдың күшеюі үшін қызмет атқарады.

Бес қосымша мессенджерлер бар, клеткаішілік сигнализация процесінде үлкен маңызды роль атқарады.

1 – циклдік аденозинмонофосфат (сАМР)

2 – циклдік гуанозинмонофосфат (сGМР)

3 – диацилглицеролтрифосфат (DАG)

4 – инозитолтрифосфат (УР3)

5 – кальций (Са)

Клеткаларға сигналдық молекулаларды жеткізу жолдары

  • Эндокринді механизм – клеткааралық сигнализацияның көбірек зерттелінген тәсілі (гормон – эндокриндік бездерде синтезделінеді және қан ағынымен рецептор ретинде нысаналы-клеткаларға тасымалданылады).

  • Паракринді механизм – клеткалар сигналды молекулаларды жасап шығарады, олар сол ұлпалардағы жақын көрші клеткаларды белсендіреді.Сигналды молекулалар қан ағынына түспейді. Бұл жараның жазыла бастауы, ұлпаның қайта қалпына келуі, эмбрионның даму процесстеріндегі сигналды берудің негізгі тәсілі болып табылады.

  • Аутокринді механизм – бұл жергілікті (локалді) қатынас –шектелген сигналдарға жауап механизмі. Клетка өзіне меншікті сигналға жауап береді: ол сигналды молекуланы жасап шығарады, және нақ осы лигандаға жауап беру үшін қажетті, өзінің беткейінде рецепторлары болады.

  • Юкстакриндік сигналды жүйе – клетканың жапсырылу процесіне қатысады (қан клеткалары бір-біріне, немесе қабыну кезінде тамыр жүйесінің клеткаларына).

Клеткалық сигнализациядағы азот оксидінің (NO) атқаратын маңызы

Стенокардия кезінде нитроглицериннің әсері бұріннан белгілі, бірақ оның әсерінің механизмі 1990 жылдары оқып зерттелінді. Нитроглицерин жылдам азот оксидіне айналады, ол эндотелиальді және жұмсақ бұлшық ет клеткаларын әлсіретіп (босаңсытып), миокардта қан ағымын жақсартады.

Азот оксиді көптеген клеткаларда жасалынып шығады, бірақ оның қызмтеі 3-клетка категориясында көрінеді:

1-ші эндотелиальдік (эпителийді әлсіретеді);

2-ші орталық жүйке жүйесінде – нейрондар арасында сигналдарды беру;

3-ші иммунды жүйедегі клеткаларда – иммунды жауапқа қатысады.

Мобильді лигандалар және ядролы рецепторлар

Мембрана арқылы өтуге қабылетті және клеткадағы цитозольді немесе ядролы рецепторлармен байланысатын липофильді лигнадалар бар (бұл стероидты гормондар, витамин Д3, қалқанша безінің гормондары). Бұл лигандалар клетканың дамуын және дифференцировкасын, және клетканың, мүшенің метаболизмін реттейді.

Стероидтық гормондар рецепторлары цитоплазмада, иммунофилинді (hsp 56), жылу шок ақуызын (hsp 90) қосатын, ірі ақуызды шаперондар – комплексі құрамында болады.