- •6. Диффузды және тығыз хроматин (17срак)
- •7.Митохондриялар құрылысы қызметі
- •8. Кариотип туралы түсінік.
- •10. Бағана клеткалар туралы түсінік
- •11. Апоптоз, некроз ерекшелктер
- •12. Лизосомдар, олардың морфологиясы және атқаратын қызметі.
- •13. Мейоздың биологиялық ролі
- •15. Клеткааралық байланыстар. Олардың құрылыстары мен қызметтері.
- •17. Хроматиннің құрылысы және химиялық құрамы (6срак)
- •18. Клетка биологиясын зерттеу әдістері
- •19. Про және эукариот клеткаларының ерекшеліктері
- •24. Нуклеосоманың клеткадағы орнын және құрылысы мен функциясын анықтап, сызба-нұсқасын сал
- •25.Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.
- •26. Кариолемманың құрылымдық атқаратын қызметімен байланысын табыңдар.
- •27. Клетка бетіндегі рецепторлардың түрлерін және ролін түсіндіріңіз
- •28. Мейоздың кезеңдерін, ұзақтығын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •30. Клеткадағы хондриом түрлерінің клетканың функциясымен байланысын түсіндіріңіз.
- •32. Прокариот және эукариот клеткаларының рибосомдарын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.
- •34 Эндорепродукция және полиплоидия
- •35. Митохондрияның атф синтездеудегі ролы
- •36. Бекітілген клеткаларды зерттеу жолдары
- •42. Клеткалық цикл схемасын салыңыз. Периодтарын белгілеңіз және болып жатқан процесті түсіндірініз. 52-сұраққа қара сызбасы сол
- •44. Бактерия, жануар және өсімдік клеткаларын сипаттаңыз және салыстырыңыз.
- •45. Митоз және мейоздың бөлінудің айырмашылығы неде және сипаттаңыз
- •47. Плазмоциттердің электро-да гранулярлы эп тор клетканың үлкен бөлігін алып жатыр. Ол нені білдіреді?
- •48. Секреттік клетканың электронограммасында ядро айналасында жалпақ цистерналар мен түтікшелер көрінеді, бұл қандай органоид?
- •50. Құрам нда клеткалық органелла,миелинді структуралар бар клеткаішілік көпіршіктер лизосоманың қай типіне жатады?
- •52. Клетка циклінің кезеңдерінің сызба нұсқасын салыңыз.
- •54 Цитоқаңқаның клеткадар орналасуын, құрылысын, өзгеруін,атқаратын қызметін түсіндіріңіз.
- •55. Анықтаңыз, егер хромосомдар полюста жатса онда бұл митоздың қай кезеңі? Хромосомдар қозғалу механизмін түсіндір.
- •56. Клетка аралық танудың механизімдері түсіндіріңіз
- •1)Жабыстратын байланыстың үш түрі бар:
- •2)Қатынастратын байланыс
- •3)Синапыс байланысы
- •58 Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары
- •59. Мейоздың кезеңдерінің сызбасын сал
- •60. Хроматин тығыздалуының деңгейлерін түсіндіріп, сызбасын сал
24. Нуклеосоманың клеткадағы орнын және құрылысы мен функциясын анықтап, сызба-нұсқасын сал
Хромосомалық белоктың 60-80 пр. Гистондар. Гистондарда негізгі аргинин ж/е лизин а/қ, гидрофобты валин радикалдары коп болады. Негізгі радикал көмегімен гистондар ДНКмен ал валин радикалымен бір бірімен байланысады. Нәтижесінде нуклеосома п/б. Нуклеосома -8глобулярлы белоктан тұратын октамер, онда әр гитонның 2түрінен болады. 1глобула бойында ДНК 2айналым жасайды да нуклеосома түзеді. Гистонды ДНКмен оралған аумақ 140ж.н.тұрады, корлы аудан деп аталады. Нуклеосома днк-да тығыз емес орналасқан: араларында 60ж.н.линкерлі сайт бар. әр линкер арасында Н1 орналасады. Сонымен барлығы хромосомада барлығы 5гистон бар. Осылайша осы жерде 10нм диам-лі моншақ тәрізді нуклеосома жиынтығы п/б. дНК молекуласымен салыстырғанда уклеосомалық жіпшенің ұзындығы 6,2есе қысқа. Интерфазалық ядрода хромосоманы ажырайту киын, сол үшін хроматин ретінде қабылданады. Оның 2түрі бар: эу,гетерохроматин. Нуклеосомалық деңгей осыларда анықталған. нуклеосомалық жіпше соленоид тәрізді оралады, оған Н1 қатысады. Нәтижесінде мөлшері 30нм хроматин жіпшесі түзіледі. Хроматин жіпшесі нуклеосомалықтан 18есе, онда оралған ДНҚмолекуласынан 100есе қысқа. митоздың метафазасында хромосоманың жинақталуы жүреді.
25.Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.
Гиалоплазманың микротрабекула торы: 1-трабекулярлы жіп; 2-микротүтікше; 3-полисомдар; 4-клеткалық мембрана, 5-эндоплазмалық тор; 6-митохондрия; 7-микрофиламенттер;
Цитоқаңқа.
Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға (миграция), цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Цитоқаңқа - жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады.
Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.
Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.
Цитоқаңқа құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды роль атқарады. Олар:
1. Органеллалардың цитоқаңқаға жабысуына;
2. Органеллалардың бағыты қозғалуын қалыптастыруға;
3. Цитоқаңқа байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді.
Цитоқаңқа немесе жасуша қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады.
Микротүтікшелер жасушаның бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль жасуша орталығында жасалады. Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның тіректік құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Мысалы, бұл қасиетті сыртқы ортамен байланыстыратын эпителий ұлпаларынан байқауға болады. Микротүтікшелер жасушаішілік зат тасымалдауға қатысады.
Аралық филаменттер жасушада жуандығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан, оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады. Әрбір ақуыз – антиген, сондықтан олардың әрқайсысына сәйкес антидене түзілуі керек. Егер мысалы, флюоресцентті белгімен белгіленген антигенді ағзаға енгізсе, ол өзіне сәйкес ақуызды шоғырландырады. Аралық филаменттердің ақуыздары жасушалардағы біршама өзгерістерге қарамай өз қасиеттерін сақтайды. Сондықтан, арнайы белгіленген антиденелерді аралық филаменттердің ақуыздарына қолдана отырып, қай жасуша қатерлі ісіктің алғашқы көзі болғанын анықтауға болады.
Микрофиламенттер – 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынан құралады. Актин молекулаларының 10-шақты түрі анықталған. Сондай-ақ, актинді филаменттер цитоқаңқаның тіректік құрылымын түзетін шоқтарға топтастырылады.Жасушада актиндердің екі пішіні болуы мүмкін: мономерлі (глобулды актин) және полимерленген (фибрилді) актин. Актиндермен қатар микрофиламенттерді түзуде тропонин, тропомиозин секілді басқа да пептидтер қатысады. Осындай миозиннің полимерленуіне Ca иондары қажет. Кальцийді қосу С тропонинінің қатысуымен жүреді.
Морфологиялық белгісіне қарай цитоплазманың органеллаларын 2 топқа бөлеміз: мембраналы және мембранасыз.
Мембраналы органеллалардың өзі 2-ге бөлінеді:бірмембраналы және қосмембраналы. Бірмембраналы органеллаларға – эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомалар, пероксисомдар және басқа да маманданған вакуольдер, сонымен бірге плазматикалық мембрана жатады. Қосмембраналы органеллаларға митохондрия және пластидтер, клеткалық ядро жатады.
Мембранасыз органеллаларға рибосомдар, жануар клеткасының клетка орталығы жатады.
