- •Теориялық биология пәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Теориялық биология пәні қарастыратын негізгі заңдары қандай? Түсініктеме беріңіз
- •4.Тіршіліктің глобальдылық туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •6. Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңын сипаттаңыз
- •7. Онтогенездік қартаю мен жаңару заңы немесе Кренке заңына анықтама беріңіз
- •10.Термодинамикалық жүйелер. Ашық жүйе дегеніміз қандай жүйе. Мысал келтіріңіз.
- •11.Гомологтік қатар заңы немесе н.И.Вавилов заңына анықтама беріңіз.
- •13. Берталанфи заңына анықтама жазыңыз.
- •14. Больцман коэффициенттері.
- •16. Уоддингтон заңы
- •17. Энгельстің екінші заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •18.Биологиялық құбылыстардың ақпараттық заңына анықтама беріңіз немесе Уоддингтон заңына интерпретация беріңіз.
- •19.Дриш заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •22. Биосфера мен атмосфера, гидросфера, литосфера арасындағы зат айналымы және планетадағы энергия ағыны жайлы не түсінесіз. Анықтама беріңіз
- •23 Тіршіліктің глобальдылық заңы немесе Вернадскийдің бірінші заңы. Жер бетіндегі өсімдіктердің рөлі қандай? Сипаттаңыз
- •24.Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңы.Дивергенция құбылысы қалай жүреді? Анықтама беріңіз.
- •25. Онтогенетикалық қартаю мен жаңару заңы немесе Кренке заңы. Мысал келтірі
- •26. Ноосфераның қалыптасуы – табиғат пен қоғам дамуының негізі туралы анықтама беріңіз
- •27. Органикалық дүние жүйесі туралы мәліметтер беріңіз
- •28.Энтропия және негэнтропия дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз
- •29.Гомологтік қатар заңы немесе н.И.Вавилов заңы Тұқым қуалаушылық өзгергіштік және сыртқы орта факторлары қандай? Анықтама беріңіз.
- •30.Морган-Эфрусси заңы. Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясын түсіндіріңіз
- •32 Пригожин принципі
- •33. Тұрақсыз стационарлық жағдай дегеніміз не? Себебеін түсіндіріңіз
- •35. Адамның қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің ролі қандай? Анықтама беріңіз
- •37. Онтогенездің біртұтастық заңы дегеніміз не туралы? Мысалдар келтіріңіз
- •38.Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясына түсініктеме беріңіз
- •39. Кренк заңы. Хронобиологиядағы рөлі. Биологиялық және физикалық сағат дегенді қалай түсінесіз? Анықтама
- •40. Тіршіліктің біртектілігі мен алуан түрлілігі заңының мәні қандай? Мысал келтіріңіз.
- •41. Сент-Илер заңы. Мысалдар келтіріңіз.
- •42. Вернадскийдің бірінші заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •43. Аристотель заңы. Биологиялық эволюциядағы табиғи сұрыпталудың табиғи рөлін қалай түсінесіз? Анықтама беріңіз
- •44.Дарвин заңы. Биологиялық эволюцияның қарапайым қозғаушы бірлігі: Тұқымқуалаушылық дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
- •46. Вернадскийдің екінші заңы. Өнеркәсіп дамуының биосфераға әсері қандай? Сипаттаңыз
- •47. Органикалық дүние заңдарына анықтама беріңіз
- •48.Термодинамикалық жүйелер. Ашық жүйенің мәні неде? Түсініктеме беріңіз.
- •49.Н.И.Вавилов заңы. Ғылымға қосқан үлесі қандай? Анықтама беріңіз
- •50.Морган-Эфрусси заңы. Биологиялық ақпараттардың дискртеттілігі дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз.
- •51.Термодинамика мен стационарлық тепе-теңдік арасындағы айырмашылықтар бар ма? Бар болса қандай? Анықтама беріңіз
- •52 Биожүйе жағдайының стационарлық тепе-теңдігін қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз
- •53. Биожүйелердің меншікті уақыттарын түсіндіріңіз.
- •55. Кренке заңы. Днқ репликациясы және деструкциясы қалай жүреді? Мысалдар келтіріңіз
- •57. Тіршіліктің глобальдық заңының принциптері жайлы мәліметтер келтіріңіз
- •59. Уақыт және сағат түсінігіне анықтама беріңіз
- •60. Биологиядағы себептер мен салдары туралы мәліметтер келтіріңіз.
4.Тіршіліктің глобальдылық туралы заңына сипаттама беріңіз.
Жердің барлық экожүйелері планетаның бетін алып жатқан бір үлкен экожүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл әлемдік экожүйені биосфера деп атайды. Биосфера туралы ілімді орыс геохимигі В.И. Вернадский жасады. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша, биосфера – жалпы планеталық қабықша, тіршілігі бар және оның әсеріне ұшырап отырған Жер бөлігі. Биосфера құрлықтың, теңіздің және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тірі организмдер қызметімен жасалынған жыныстары бар Жер бөлігі кіреді.
Принциптері
1. Тірі организмдердін көбею және таралу қабілеттігінің нәтижесінде Жердің барлық бөлігінде тіршілік кең таралған. Органикалық дүние жұқа планеталық биомассаның қабаты биосфераны түзеді.
2. Биосфера атмосферамен, гидросферамен, литосферамен өте тығыз байланыста болып, планетадағы заттар мен энергияның алмасуын қамтамасыз етеді.
3. Жердегі заттардың биологиялық айналымы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің әсері арқылы жүреді. Олардың глобальдық рөлі олардың қоршаған ортамен байланыстылығымен анықталады.
4. Жасыл өсімдіктер Жер атмосферасын молекулалық оттегімен қамтамасыз етеді.
5. Жануарлардың биосфералық ролі олардың биогеоценоздағы қоректік тізбекте аралық және жоғарғы мүшелері ретінде қатысуымен байланысты. Олар биосферада заттар мен энергияның алмасуын қамтамасыз етеді.
6. Микроорганизмдер органикалық заттардың минералдану процесіне, тау жыныстарының түзілуіне, топырақтың түзілуіне қатысады, басқа организмдерге патогендік әсер етеді.
Глобальдық масштабта тіршіліктің пайда болуын зерттеу, организм топтарының рөлін анықтау, заттар айналымы көптеген зерттеулерді қажет етті. Осы зерттеулер нәтижесінде биоценоз және экожүйе туралы түсініктер қалыптасты. Жердің геологиялық тарихын анықтайтын биосфераның концепциясы жасалды. Бұл концепция – тіршіліктің глобальдық заңы.
5. Органикалық мақсатқа дайындық немесе Аристотель заңы. Мысал келтіріңіз Мақсатқа лайықтылық барлық түрлерге тән. Ол тірі формалардың сыртқы орта жағдайына бейімделуіне, жеке дамудың табиғи бағыттылық ерекшеліктеріне, биологиялық түрдің мінез-құлқына байланысты биологиялық объектінің құрылымы мен белгілерінің сәйкес келуімен түсіндіріледі. Тірі организмдердің қоршаған ортаға сәйкес келуі, яғни организм мен ортаның гармониясы – “органикалық мақсатқа лайықтылық” – туралы сұрақтар философтар мен биологтарды қызықтырды. Аристотель “негізгі себеп” принципімен “организмдегі мүше не үшін пайда болды” деген сұраққа жауап бергісі келді. Ол барлық тіршілік иесі бағынатын табиғатты қарастырды. Бұл тірі табиғаттың пайда болуына арналған телеологиялық ықпал болып табылады. Телеология теологиямен ( грек. Teos – құдай) тығыз қарым-қатынаста болып өзінің позициясын биологияда ұзақ уақыт ұстады. Теологияның мәні – орнатылған мақсатқа лайықтылықты мойындау. Цитологияда өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының бөлінуі органикалық мақсатқа лайықтылықтың айқын мысалы. Органикалық мақсатқа лайықтылықтың кең ауқымды мысалдарын тірі клеткалардың көбеюге және таралуға қабілеттілігі көрсетеді. Мысалы, бактерияның спора түзуі жағымсыз жағдайларға төзімділігі жоғары. Сонымен қатар гүлді өсімдіктер жәндіктер арқылы тозаңданады. Ал, кейбір өсімдіктердің ұрығы мен тұқымы жануарлар арқылы таралады. Жыныстық интинкт пен қамқор жасаушы инстинкт әр түрлі жануарлардың ұйымдасуында түрлі белгілерге ие. Уылдырық пен жұмыртқаның құрылымы жануардың сәйкес ортадағы дамуына байланысты. Сонымен қатар сүтқоректілерде толық қоретенуді сүт бездері қамтамасыз етсе ал бал аралар бейімделудің белгілі тобын инстинкт арқылы көрсетеді. Осы жерде құстар мен жыртқыштар тобының мінез-құлқында айтып кеткен дұрыс. Бейімділік ерекшеліктер қатарына суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың құрлыққа шығуына да байланысты. Дәнді дақылдардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің судан тыс ортада көбею қабілеті морфофизиологиялық өзгерістермен байланысты. Өсімдіктер мүшелерінің – гүлдің, ұрықтың, тұқымның дамуы, жануарларда – жоғары сатыдағы омыртқалыларға тән ұрық қабықшысының пайда болуын, тері жамылғысының жаңа типтерін, жылықанды құстардың және сүтқоректілердің пайда болуымен түсіндіруге болады. Мұның барлығын органикалық мақсатқа лайықтылықтың белгілері ретінде қабылдауға болады.
