Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эмбриогенез.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

3. Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

Жыныс жасушаларына аталық жыныс жасушасы сперматозоид және аналық жыныс жасушасы – жұмыртқажасуша (овоцит) жатады. Жыныс жасушалары гаплоидты болып келеді.

Сперматозоид.

Оның басы, құйрығы бар, ұзындығы 60-70 мкм болады. Каудальды бөлігі өз кезегінде байланыстырушы, аралық, басты және дистальды болып бөлінеді.

Сперматозоидтың ядросының алдыңғы бөлігінде, цитолемманың астында Гольджи кешенінің туындысы және лизосомаға ұқсас акросома орналасады. Оның мембранасы алдынан цитолеммаға, ал артынан ядроға түйісе орналасқан. Акросоманың құрамында овоциттің мөлдір қабықшасының құрамына кіретін заттарды ыдыратын белсенді заттар (гиалуронидаза, протеазы, гликозидаза, липаза, нейраминидаза, фосфатазалар т.б. 10-12 әртүрлі ферменттер) болады.

Аналық жыныс жасушасы

Адамның жұмыртқажасушасы дөңгелек пішінді. Оның диаметрі шамамен 130 мкм. Құрамында 23 хромосома бар, оның бірі жыныстық Х- хромосома. Электрондық микроскопиялық зерттеулерде овоциттің цитоплазмасында митохондриялар, Гольджи кешені, жақсы дамыған гранулярлық және агранулярлық эндоплазмалық торлар, сондай-ақ трофикалық (вителлин, липид түйіршіктері) және пигменттік қосындылар анықталады. Жұмыртқажасушаны сыртынан плазмалық мембрана қаптап тұрады. Оның астында қалыңдығы 2- 3 мкм болатын цитоплазма қабаты орналасады. Цитолеммамен қосып оны кортикальды қабат деп атайды. Кортикальды қабатта құрамында әртүрлі ферменттері (овопероксидаза, мысалы, ұрықтанудан кейін жарқырауық қабықшаның қасиетін өзгертеді) бар кортикальды түйіршіктер анықталады. Кортикальды қабат жасушаның құралуында және ұрықтануында маңызды қызмет атқарады.

Сперматогенездің овогенезден айырмашылықтары

Сперматогенез

Овогенез

Көбею фазасы жыныстық есею кезеңінен басталып, өмір бойы жүреді

Көбею фазасы эмбриональдық кезеңде және туғаннан кейін аз мерзімде жүреді

Өсу фазасы көбеюден кейін бірден жүреді, қысқа

Өсу фазасы өте ұзақ, кіші және үлкен өсу сатыларына бөлінеді

Пісіп-жетілу фазасы сперматоциттердің біркелкі бөлінуімен сипатталады

Пісіп-жетілу фазасына овоциттердің біркелкі емес бөлінуі тән: 1 жұмыртқа жасуша және 3 редукциондык денешік түзеледі

Қалыптасу (пішінделу) фазасы бар

Қалыптасу (пішінделу) фазасы жоқ

«Сперматогенездің үнемділігі», 1 сперматогониядан 4 сперматозоид пайда болады

«Овогенездің үнемсіздігі» 1 овогониядан 1 үлкен жұмыртқажасуша және 3 ұсақ редукциондықө денешік пайда болады

Өмір бойы жүреді

Менопаузадан кейін тоқтайды