Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эмбриогенез.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

Эмбриогенез (ағылш. embryogenesisгр. embryon — ұрық, genesis — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі. Эмбриогенез — жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі.

Эмбриогенезде ұрық: ұрықтану, бөлшектену, гаструлану, нейрулану, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Ұрықтану — аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан бірклеткалы организмнің (зиготаның) түзілу процесі. Біржасушалы ұрықтың бөліну арқылы көпжасушалы ұрыққа (бластулаға) айналу кезеңін бөлшектену деп атайды.

Бластула әртүрлі жануарларда түрліше аталады. Мысалы, сүтқоректілерде — стерробластула (бластоциста); құстар мен бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула; қосмекенділерде — амфибластула; ланцетникте целобластула деп аталады. Гаструлану кезеңінде бластуладан ұрық жапырақшылары: эктодерма, энтодерма, мезодерма және эмбриондық дәнекер ұлпасы — мезенхима қалыптасады. Жүйке түтігінің біріншілік эктодермадан түзілуін нейрулану дейді. Ұлпалардың ұрық жапырақшаларынан және біліктік мүшелерден (жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі) даму кезеңін — гистогенез, ал ұлпалардан мүшелердің түзілуін органогенез деп атайды. Ал мүшелер жүйелерінің қалыптасу кезеңін системогенез дейді.[1]

  1. Ғылымның анықтамасы және оның міндеттері.

  2. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері

  3. Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

4. Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі

Ұрықтану

Бөлшектену

  1. Ұрықтық кезең

Ерте гаструляция

Кеш гаструляция

1. Ғылымның анықтамасы және оның міндеттері.

Эмбриология — адам онтогенезінің бір бөлігі ретінде адамның эмбрионалдық дамуын зерттейтін ғылым "Эмбриология" термині гректің "em brio — қабықшаларда" деген сөзінен шыққан. Медициналық эмбриология адамның эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын, оның ауытқуларының себептерін, сыртқы ортаның ықпалын, эмбриогенезді реттеу механизімін зерттейді. Ақырғы жылдарда мед.эмбриология экстракорпоралды ұрықтандыру және ұрықтың дамуы мәселелерін де қарастырады. Кейінгі жылдарда медициналық эмбриология бедеулікпен күрестің бір жолы болып табылатын экстракорпоральдық ұрықтандыру және ұрықтың даму мүмкіндіктерін де зерттеуде.

Медициналық эмбриология морфогенездің сипаттауын ғана зерттеумен шектелмейді, ол организмнің, оның бөліктерінің қызметтерінің қалыптасуын, даму үрдістерінің биохимиялық негізін де қарастырады. Сондықтан ол бірнеше ғылыми бағыттардан тұрады:

1. Сипаттамалық эмбриология – қарапайым бақылаудың және сипаттаудың көмегімен ұрықтың қалыпты дамуы туралы мәліметтердің кеңеюіне көмектеседі.

2. Эволюциондық эмбриология фило- және онтогенез барысында организмдердің эволюциялық өзгерістерін зерттеп, жалпы заңдылықтарды анықтайды және алынған мәліметтерді адам эмбриогенезімен салыстырады.

3. Экспериментальды эмбриология адам эмбриогенезін түсіну үшін тәжірибелік әдістерді қолданады.

4. Биохимиялық эмбриология — ұрықтың дамуын биохимиялық тұрғыдан қарастырып, эмбриогенездің реттелуінің химиялық факторларын анықтайды.

5. Гистологиялық эмбриология — ұрықтың дамуының морфологиялық ерекшеліктерін тіндік, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде зерттейді.

6. Патологиялық эмбриология – адам ұрығының дамуының ауытқуларының этиологиясын, патогенезін және алдын алу шараларын қарастыратын медико-биологиялық бағыт. Эмбриологияның бұл саласы ауытқулар туралы ғылым –тератологиямен тығыз байланысты, өйткені ауытқулардың пайда болу себебін тек эмбриогенездің заңдылықтары негізінде ғана түсінуге болады.

Эмбриологияның міндеттері оның зерттейтін нысанын тұрады да, жүктіліктің және босанудың қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін, іште пайда болатын ауытқуларды анықтап, емдеу үшін адам ұрығының дамуының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Акушерство сияқты мамандықтар үшін эмбриологияның маңызы үлкен.

Эмбриональдық кезең онтогенездің бір бөлігі ретінде жұмыртқажасушаның ұрықтануынан зиготаның қалыптасуынан бастап нәрестенің туғанына дейінгі уақыт болып табылады. Бүкіл эмбриогенез акушерлік тұрғыдан 3 кезеңге бөлінеді - бастапқы (дамудың 1-ші аптасы); ұрықтық (2-8-ші апталар) и нәрестелік (шараналық), дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейінгі мерзім.

Бұдан басқа эмбриогенез барысында өтетін негізгі үрдістердің негізінде жасалған эмбриологиялық кезеңдерге бөлу әдісі бар. 1 Ұрықтану сатысы, оның нәтижесінде біржасушалы ұрық зигота түзеледі. 2. Бөлшектену сатысы. Бұл сатыда көпжасушалы ұрық бластула құралады (бластоциста). 3. Гаструляция сатысы, оның барысында ұрық жапырақшалары пайда болады, ал ұрық көпқабатталып гаструла деп аталады. 4. Нотогенез сатысы немесе ұрық жапырақшаларынан осьтік бастамалар кешені түзеледі (бұл сатыны кейбір ғалымдар бөлмейді). 5. Гистогенез, органогенез және системогенез сатысы. Бұл мезгілде тіндік бастамалардан тіндер, мүшелер пайда болып, жүйелер қалыптасады.

Бірінші және екінші сатылар эмбриогенездің бастапқы кезеңіне жатады, ұрықтық кезеңге гаструляция, нотогенез, гистогенез және органогенез тән. Нәрестелік кезеңде гистогенез үрдістерді жалғасады, негізінен органогенез және системогенез өтеді. Көп эмбриологтар жыныс жасушаларының пайда болуы – прогенезді де эмбриогенезге жатқызады. Өйткені жыныс жасушаларының дамуы ата-анасының организімінде өтетініне қарамастан жаңа организмнің құралуы үшін қалыпты прогенездің маңызы зор.