- •1А616 модельді токарь-винткескіш станогы Станоктың жалпы сипаттамасы
- •1.1 Сурет – 1а616 токарь-винткескіш станогының жалпы көрінісі Техникалық сипаттамасы
- •Станокта кесілетін бұранда оймаларының түрлері:
- •Станоктағы қозғалыстар
- •Конструкциялық ерекшеліктері
- •Станоктың кинематикасы
- •Беріліс қозғалысы
- •Винтті беттерді алу қозғалысы
- •1.2 Сурет 1а616 токарь-винткескіш станогының кинематикалық сұлбасы
- •1.3 Сурет 1а616 токарь-винткескіш станогының негізгі түйіндері
Беріліс қозғалысы
Суппорттың беріліс қозғалысы 1.2, 1.3 суреттер шпиндель қозғалысына байланысты. --- тісті дөңгелектері арқылы Х білік қозғалыс алады. Х біліктегі жылжымалы тісті дөңгелек суппорт қозғалысының бағытын өзгертуге қызмет етеді. Бұл тісті дөңгелекті сол жаққа жылжытқан кезде Х білік айналысты, аралық тісті дөңгелектің көмегінсіз, бірден Б тісті дөңгелектер блогынан алады.
Суппортқа беріліс беру үшін С1 және С ауыстырмалы дөңгелектер блоктарын кинематикалық сұлбада көрсетілгендей етіп бекітеді. ХІІ білік айналысты -66-6 тісті дөңгелектерінің көмегімен Х біліктен алады. Берілістер қорабы теория жүзінде жылдамдықты қамтамасыз ету керек. Бірақ, кейбір жақын қатардағы жылдамдықтардың бір-біріне сәйкес келуіне байланысты әр түрлі тек берілістер шамасы бар.
ХІХ аралық білік және онымен сақтандырғыш муфта М арқылы байланысқан ХХІ жүріс білігі айналысты - тісті дөңгелектері арқылы ХVІІ біліктен алады. ХХІ жүріс білігі айналысты ХХІІ білікке - червякті беріліс арқылы береді. Соңғы ХХІІ білік ХХІІІ білікпен 1- тісті дөңгелектері арқылы байланысқан.
М6 ұсақ тісті муфтасы суппорттың бойлық берілісін қосу үшін қажет. Қозғалыс ХХІІІ біліктен М6 муфтасы, 7- тісті дөңгелектері, ХХІV білік және рейкалы беріліс 1 рейка, мм арқылы суппортқа беріледі. Суппорт көлденең берілісті ХХІІ біліктен - және 7-1 тісті дөңгелектері арқылы айналыс алатын ХХVІІ жүріс винтінен М муфтасы қосылғанда алады.
Винтті беттерді алу қозғалысы
Қадамы 6 мм-ге дейінгі бұранда оймаларын алу үшін, айналысты, суппорт берілісі сияқты, шпинделден аламыз. Қадамдары үлкен бұранда оймаларын алуда жылдамдықтар қорабындағы таңдап алу механизмінің үлкен қадамға арналған тізбегі қосылады. Ол үшін Б тісті дөңгелектер блогын, оның сол жақ шеткі тісті дөңгелегі V біліктегі тісті дөңгелегімен ілініске түсетіндей етіп, оң жаққа жылжыту керек. Бұл жағдайда суппорт қозғалысты V біліктен алады.
Метрлік және дюймдік бұранда оймаларын кесу үшін С1 және С тісті дөңгелектер блогы -66-6 іліністері болатындай етіп ауыстырылады. Ал модульді бұранда оймалары үшін ХІІ білік берілісті 6-66- іліністерінен алады. Кейбір басқа бұранда оймаларының қадамдарын реттеу үшін -66- немесе 6-66- іліністері қолданылады.
Дюймді бұранда оймасын кесу кезінде суретте көрсетілгендей М жұдырықшалы муфтасы қосылады, Б1 тісті дөңгелек ХІІ біліктегі тісті дөңгелекпен, ал ХV біліктегі тісті дөңгелек ХІV білікке бос отырғызылған қосарланған блоктың , тісті дөңгелектерімен іліністе болады.
1.2 Сурет 1а616 токарь-винткескіш станогының кинематикалық сұлбасы
1.3 Сурет 1а616 токарь-винткескіш станогының негізгі түйіндері
Метрлік және модульді бұранда оймаларын кесу үшін М муфтасы қосылады, Б1 тісті дөңгелек іліністен босатылып, ХV біліктегі тісті дөңгелек ХІV білікке қатты бекітілген тісті дөңгелекпен ілініске түседі.
Суппорт қозғалысты берілістер қорабынан М жұдырықшалы муфтасы, ХVІІІ аралық білік және ХХ жүріс винті арқылы алады.
