Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1А616 модельді токарь.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
445.86 Кб
Скачать

1А616 модельді токарь-винткескіш станогы Станоктың жалпы сипаттамасы

Станоктың қолданылуы: Станок 1.1 сурет жеке және сериялық өндіріс жағдайында әр түрлі материалдардан өлшемдері өте үлкен емес бөлшектерді токарлық жонып өңдеуге арналған. Кескіш аспаптары тез кескіш болаттардан және қатты қорытпалардан дайындалады. Станокта әр түрлі бұранда оймаларын кесіп алуға болады.

 

1.1 Сурет – 1а616 токарь-винткескіш станогының жалпы көрінісі Техникалық сипаттамасы

 

 

Центрлер биіктігі, мм

16

Центрлердің арасындағы максималды ара қашықтық, мм

71

Станинаның үстіне орнатылатын дайындаманың ең үлкен диаметрі, мм

 



Суппорттың үстінде өңделетін дайындаманың ең үлкен диаметрі, мм

 

1

Шпинделдегі өтпелі тесіктің диаметрі, мм



Жылдамдықтар саны

1

Шпинделдің айналыс сандар аралығы, айн/мин

11‑

Суппорттың берілістер саны



Суппорттың бойлық және көлденең берілістер шамасының аралығы, мм/айн.

,‑1,

Артқы топайдың көлденең жылжуының ең үлкен мәні, мм

1

 

Станокта кесілетін бұранда оймаларының түрлері:

 

Метрлік, адым мм

,‑

Құбырлық, 1 мм-ге келетін бұранда саны

-,

Модульдік, 1 мм-дегі модуль саны

,‑1

Негізгі электрқозғалтқыштың қуаты, кВт

,

 

Станоктың негізгі бөліктері: А  ауыстырмалы дөңгелектер гитарасы Б  реверс механизмі және таңдап алу механизмі бар алдыңғы топай В  беріліс механизмі бар фартук Г  төрт позициялық кескіш бекіткіші бар суппорт Д артқы пинол Е  станина Ж  электр жабдықтары орнатылған шкаф З  артқы топай И  салқындату жүйесі К  жаңқа мен майлау-суыту сұйықтары жиналатын поддон Л  жылдамдықтар қорабы М  алдыңғы тумба Н берілістер қорабы.

Станина  бұл барлық негізгі түйіндер орнатылатын, шойыннан жасалған станоктың аумақты негізі. Станинаның бағыттағышы бойынша суппорт және станоктың артқы топайы бойлық осі бойымен жылжи алады.

Алдыңғы топай  бұл таңдап алу механизмі, реверсті механизм және станоктың негізгі білігішпиндель орнатылған шойын қорап.

Жылдамдықтар қорабы  станоктың алдыңғы топайында орналасқан және шпинделдің айналыс жиілігін өзгертіп отыру үшін қызмет ететін түйін.

Ауыстырмалы дөңгелектер гитарасы  шпинделдің бір айналысына сәйкес суппорттың қажетті орын ауыстыруын қамтамасыз ететін, белгілі беріліс қатынастары бар тісті дөңгелектерді реттеп орнату үшін керек. Гитараның ауыстырмалы дөңгелектері әсіресе станокта әр түрлі бұранда оймаларын метрлік, құбырлық және т.б. кесу кезінде ауыстырылып реттеледі.

Берілістер қорабы  токарлық өңдеу және бұранда оймаларын кесу кезінде суппортқа орнатылған кескіштің, айналмалы дайындамамен салыстырғанда, автоматты түрде орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.

Фартук  жүріс білігі мен жүріс винтінің айналмалы қозғалыстарын суппорттың ілгерілемелі қозғалысына өзгертетін түйін.

Суппорт  ұстағышқа орнатылған кескіштерді бойлық және көлденең бағыттарда жылжытатын түйін.

Артқы топай  ұзын дайындамалардың оң жақ ұшын бекітуге, бұрғы, ұңғы, зенкер, таңбалағыштарды орнатуға және конус беттерді өңдеу кезінде қолданылады.

Басқару органдары:

1  әр түрлі бұранда оймаларына реттелетін беріліс тұтқасы   қалыпты және үлкейтілген адымға реттеу тұтқасы   суппорттың реверсті орын ауыстыру тұтқасы   таңдап алу механизмін реттеу тұтқасы   берілістер қорабындағы көбейткіш механизмді қосу тұтқасы 6  жүріс винтін немесе жүріс білігін қосу тұтқасы 7  суппортты көлденең бағытта қолмен жылжыту тұтқасы   суппортты көлденең бағытта автоматты     жылдам жылжыту тұтқасы   төртпозициялы кескіш ұстағышты бұрып бекіту тұтқасы 1  суппорттың үстіңгі бөлігін жылжыту тұтқасы 11  артқы топай пинолін бекіту тұтқасы 1  артқы топай қорабын станина бағыттағышына бекіту тұтқасы1  артқы топай пинолін қолмен жылжыту маховигі 1,   негізгі электр қозғалтқышты қосу және ажырату тұтқасы 1  бойлық жүріс білігіндегі гайканы қосу және ажырату тұтқасы 16  суппорттың көлденең берілісін қосу және ажырату тұтқасы 17  суппорттың бойлық берілісін қосу және ажырату тұтқасы 1  рейка тісті дөңгелегін қосу тетігі 1  қолмен бойлық жылжыту маховигі 1,   жылдамдықтар қорабын басқару тұтқалары   бұранда оймасының адымын реттеу немесе берілісті қосу тұтқасы.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]