Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
674.03 Кб
Скачать

"Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді"

— деді. Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы — сыртқы орта (жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті. Ламарк эволюдияның негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді. Өзгеріссіз калған мүшелер қалады немесе кітшірейіп жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы: а) керік (жираф) мойнының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндірді. Ламарк — көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді. Александр Иванович Опарин.Орыс ғалымы А.И.Опариннің айтуы бойынша тіршілік осыдан 4-4,5 млрд. жыл бұрын абиогендік жолмен қарапайым органикалық қосылыстардың түзілуімен байланысты жүрген. Бұл теория бойынша тіршілік пайда болуы – жердегі ұзақ эволюцияның- алдымен атмогидросферадағы химиялық , одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі.Александр Иванович Опарин жазған концепциялары қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай-ақ оның тұжырымын ғалымдардың көпшілігі мақұлдаған.

Фалес .Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп қорытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзқарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты организмдердің құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.

Іі.Негізгі бөлімі: б) Тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болу гипотизасы

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалымтасқан. Оның біріншісі - тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас - биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайлы бұл екі көзқарас арасындағы келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды мазмұнддарына сәйкес 5 топқа біріктіруге болады. Олар: креационистік тұжырымдама, тіршіліктің өздігінен пайда болғаны туралы тұжырымдама, тіршіліктің мәңгілігі туралы тұжырымдама, метеориттер мен тіршіліктің байланысы туралы тұжырымдама, материалистік тұжырымдама. Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгіжорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды. Бірнеше ғасырлар зерттеу нәтижесінде дәлелденген , тірі организмнің өлі материядан айырмашылығы

  • Тірі организм қоршаған ортамен зат алмасады , энергия алмасады. Оларды өз қажеттілігіне жұмсайды.

  • Тірі организмдердің құрылысы өлі дүниеге қарағанда күрделі және жүйелі болып

келеді.

  • Тірі организм ретсіздікті реттікке ауыстыра алуға мүмкіндігі болады. (Хаосты жүйе)

  • Тірі организмнің қоршаған ортаға бейімделу қасиеті бола алады

  • Тірі организм өлі организмге қарағанда өзін-өзі көбейту арқылы жаңғырта алады