Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика теория.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать
  1. Идеал газ.

Физикалық моделі мынадай:

1) Газ молекулаларының көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда аз болады.

2) Газ арасында молекулалары күштік әсер болмайды.

3) Газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасымен соқтығысуы абсолютті серпімді болады.

Бұдан шығатын қорытынды:

Идеал газдарды көлемі көзге ілінбейтін және қашықтықта бір – бірімен

әрекеттеспейтін тәртіпсіз қозғалыстағы молекула – шариктердің жиынтығы деп қарастыруға болады.

Идеал газ әрекеттерін сипаттайтын заңдар: Бойль –Мариотт, Авогадро, Дальтон, Гей – Люссак заңдары.

  1. Бойль – Мариотт заңы

Тұрақты температурада Т, берілген m масса (газдың ) үшін,V көлем мен P қысымның көбейтіндісі - тұрақты шама.

PV = const егер T = const және m = const болса .

Тұрақты температурадағы заттың қасиетін сипаттайтын, P және V арасындағы байланысты көрсететін қисық изотерма деп аталады. Изотерма – болған процестің температурасы жоғары болған сайын графикте де жоғары орналасатын гипербола.

  1. Авогадро заңы.

Заттың мөлшері ν – физикалық шама, ол cпецификациялық элемент құрылымы сандарымен анықталады. Олар – молекула, атом немесе бір заттың құрамындағы ион.

Зат мөлшерінің бірлігі – моль – 0,012кг 12С көміртегі изотопындағы құрылым элемент қанша болса, соншадан тұратын жүйе затының мөлшері.

Әртүрлі заттардың бір молінде NА молекула саны бірдей болады, ол Авогадро саны деп аталады.

NA = 6.022*1023 1/ моль

Авогадро заңы: Әртүрлі заттардың молі бірдей температурада және қысымда бірдей көлемде болады. Температурасымен қысымы бірдей кез – келген газдың мольдерінің көлемдері де бірдей болады.

T = T0, P = P0 шарттарында Vµ көлемі (мольдік көлем) мынаған тең:

Vµ = 22.41*10-3 м3/моль

Мольдік масса µ = m/ν, бұл заттың бір молінің массасы. Бұдан ν = m/µ

Мольдік массаның бірлігі – кг/ моль

6. Дальтон заңы.

Парциалдық қысым дегеніміз – ол құрама газ құрамына кіретін газдың, егер ол, сол температурада құрама газдың көлемін толық алған жағдайда газдың түсіретін қысымы.

Дальтон заңы: Құрама идеал газ қысымы оған кіретін газдардың парциальдық қысымдар p1, p2 ,…, pn – лардың қосындысына тең;

P= p1+p2+…+pn немесе P=

7. Гей- Люссак заңы.

1) тұрақты көлемде берілген массасы m газ қысымы p t температурасы бойынша түзу сызық бойымен өзгереді:

Р= р0 ( 1+at ) , егер V= const, m= const болса

2) Тұрақты қысымда берілген массасы m газ көлемі V t температурасы бойынша түзу сызық бойымен өзгереді:

V = V 0 ( 1+at ) , егер Р = const, m= const,

мұндағы, a= 1/273К-1 ,V 0 және Р0 - t=0 0C – ғы қысым мен көлем.

Тұрақты қысымда өтетін процесс изобаралық деп аталады. (V, t) координатасының диаграммасында бұл процесс изобара деп

аталатын түзумен сипатталады.

Тұрақты көлемде өтетін процесс изохоралық деп аталады. (Р, t) координатасының диаграммасында бұл процесс изохора деп аталатын түзумен сипатталады.

Температура осі t = - 1/a =-2730C нүктесінде изобара мен изохора қиылысады. Егер нәтиженің басын осы нүктеге қойсақ, онда Кельвин шкаласын (термодинамикалық температура) аламыз: T= t + 1/a