- •Жалпы физика курсы
- •Алматы, 2007
- •Студенттерге арналған пән бағдарламасы – syllabus. Оқу мерзімі- 4 жыл Академиялық дәрежесі- бакалавр
- •1 Кесте
- •Дәрістік, практикалық және зертханалық оқулардың тақырыптары, оқуды, рейтингті өткізу кестесі:
- •Практикалық оқулардың тақырыптары:
- •Кафедрада жасалатын зертханалық жұмыстардың тізімі Механика және молекулалық физика
- •Электр және магнетизм
- •Оптика және атомдық физика
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Студенттер үшін жадынама
- •I тарау. Механика.
- •§1. Дәріс сабағының конспектілері.
- •Механикадағы абстрактылы шамалар.
- •Кинематика
- •Қозғалыстың жалпы түрлері
- •Санақ жүйесі. Траектория, жол, орын ауыстыру векторы.
- •Жылдамдық, үдеу
- •Орташа жылдамдық векторы радиус-векторының уақыт интервалына қатынасын айтады:
- •Айналмалы қозғалыстың кинематикасы.
- •Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстарды салыстыру
- •Материалдық нүктенің динамикасы
- •Ньютонның бірінші заңы.
- •2.2. Ньютонның екінші заңы.
- •2.2.1 Масса
- •2.2.3 Импульс.
- •Ньютонның екінші заңы.
- •Әсер етуші күштердің тәуелсіздік заңы.
- •3.2 Эйнштейн постулаттары.
- •3.3 Лоренц түрлендіруі
- •3.4 Релятивистік динамикадағы негізгі теңдеулер
- •4. Механикадағы күштер.
- •41 Ауырлық күші және салмақ
- •4.2 Үйкеліс күші
- •4.3 Серпімді күштер
- •5. Механикалық жұмыс
- •6. Энергия.
- •6.1 Кинетикалық энергия.
- •6.2 Потенциалдық энергия.
- •6.3 Энергияның сақталу заңы.
- •7. Механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
- •Массасы барлық көлемге бірдей орналасқан және дұрыс геометриялық
- •Айналмалы қатты дененің динамикасының негізгі теңдеуі.
- •Импульс моменті және сақталу заңдары.
- •Дененің ілгерлемелі қозғалысы мен қатты дененің айналмалы қозғалысын салыстырайық:
- •Қатты дененің деформациясы.
- •Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
- •Сұйықтың ағын сызықтары мен ағын түтіктері.
- •Бернулли теңдеуі
- •Тұтқырлық
- •Ағынның түрлері
- •Стокс заңы.
- •. Пуазейль заңы.
- •Механика бөлімі бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •§2. Физикалық есептерді шығару алгоритмі
- •§3. Механика бөлімі бойынша мысал есептер.
- •§4. Студенттердің өз бетінше шығаруына арналған есептер.
- •Механика бойынша есептер шығаруда қолданылатын әдебиеттер:
- •§5. Жалпы физика курсы бойынша лабораториялық жұмыстарды істеу алгоритмі
- •§6. Физикалық тәжірибелердің негізгі түсініктері
- •Математикалық маятниктің тербеліс заңдарын зерттеу.
- •Тәжірибе қондырғысы.
- •Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу.
- •Механика бөлімі бойынша виртуалдық тұрғыда жасалатын жұмыстар тізімі.
- •Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.
- •§7. Механика бөлімі бойынша өз бетінше дайындық ретінде берілген тест сұрақтары.
- •Молекулалық физика және термодинамика Идеал газдардың молекулалық–кинетикалық теориясы
- •§8. Дәріс сабағының конспектілері.
- •Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері:
- •Термодинамикалық жүйе.
- •Температура.
- •Идеал газ.
- •Бойль – Мариотт заңы
- •Авогадро заңы.
- •6. Дальтон заңы.
- •Температураның термодинамикалық шкаласында
- •8. Идеал газ күйінің теңдеуі.
- •Идеал газдардың молекулалық – кинетикалық теориясындағы негізгі теңдеу
- •Идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы:
- •Идеал газ молекулаларының жылдамдығы бойынша таралуы туралы Максвелл заңы.
- •17. Молекулалардың орташа еркін жүру жолы.
- •18. Молекулалық- кинетикалық теорияны дәлелдейтін тәжірбиелер.
- •19. Тасымал құбылысы.
- •20. Жылу өткізгіштік.
- •21. Диффузия
- •22. Ішкі үйкеліс (тұтқырлық).
- •Термодинамика жүйесіндегі ішкі энергия.
- •Еркіндік дәрежесінің саны.
- •Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның бірқалыпты таралуына арналған Больцман заңы.
- •26. Термодинамиканың 1-ші бастамасы.
- •27. Ұлғаю кезіндегі газдың жұмысы.
- •28. Жылусыйымдылық.
- •Тұрақты көлемдегі мольдік жылу сыйымдылық.
- •Тұрақты қысымдағы молярлы жылу сыйымдылық. Майер теңдеуі.
- •35. Адиабаталық процестегі газдың жұмысы.
- •37. Айналмалы процесі. (цикл)
- •38. Айнымалы процесс үшін пәк
- •39. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
- •40.Энтропия.
- •41. Энтропияның өзгеруі.
- •42. Энтропияны статистикалық тұрғыдан түсіндіру.
- •43.Энтропияның өсу принципі.
- •44.Термодинамиканың екінші бастамасы.
- •45. Термодинамиканың үшінші бастамасы:
- •46. Жылулық двигательдер және тоңазытқыш машиналар.
- •Двигательдің термиалық пәк-і.
- •47. Карно теоремасы.
- •48. Карно циклы.
- •50. Реал газдардың изотермалары.
- •51. Реал газдың ішкі энергиясы.
- •52. Сұйықтар және олардың сипаттары.
- •53. Беттік тартылу.
- •Қатты денеге жұғылатын сұйықтық деп шеттік бұрышы үшкір болған
- •55. Сұйықтықтың қисық бетінің қысымы.
- •56. Капилярлық құбылыс.
- •57. Кристалдық және аморфты қатты денелер.
- •58. Кристалдардың типтері.
- •59. Кристалдардағы ақаулар.
- •60. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы.
- •61. Агрегаттық күйдің өзгерісі.
- •62.Фазалық ауысулар.
- •63. Диаграммалық күй.
- •64. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі.
- •65. Күй диаграммасын талдау.
- •Молекулалық физика бойынша әдебиеттер тізімі.
- •§9. Есептерді шығару мысалы.
- •§10. Студенттердің өз бетінше шығаруға ұсынылған есептер.
- •Молекулалық физика бойынша есептер шығаруда қолданылатын әдебиеттер:
- •§11. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.
- •Теориялық кіріспе.
- •Эксперименттік қондырғы.
- •Экспериментті жүргізу.
- •Нәтижелерді өңдеу.
- •Бақылау сұрақтары
- •Молекулалық физика және термодинамика бөлімі бойынша кафедрадағы лабораториялық жұмыстар тізімі:
- •Молекулалық физика бойынша компьютерлік жұмыстар тізімі
- •Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.
- •§12. Молекулалық физика және термодинамика бөлімі бойынша тест сұрақтары
- •Мазмұны
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
Жалпы физика курсы
1 БӨЛІМ
Алматы, 2007
УДК 53
ББК 22.3 я 73
Ж 22
Оқу құралды Алматы технологиялық университетінің оқу - әдістемелік ұйымы ұсынады
Құрастырушылар: Көшеров Т.С. – ф.м.-ғ.д., профессор, бас редактор
Шынықұлова Г.Н. – аға оқытушы
Нажипқызы М. – аға оқытушы
Пікір жазушылар: Мұқашев Қ.М. – Абай атындағы АҰПУ –нің
радиоэлектроника және радиациялық
физика кафедрасының меңгерушісі,
ф.-м., ғ. д., профессор
Құсаинов С.Ғ. – Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық
Техникалық университетінің жалпы және
теориялық физика кафедрасының
профессоры, ф.-м.ғ.д.
Ж 22 ЖАЛПЫ ФИЗИКА КУРСЫ : //Құрастырушылар: Көшеров Т.С., Шынықұлова Г.Н., Нажипқызы М. - Алматы. АТУ, 2007 – 104 б.
ISBN 9965-756-37-6
Оқу құралда жалпы физика курсы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес силлабус, курс теориясына арналған қысқаша мағлұматтар, әр тақырыпқа сай практикалық сабаққа арналған мысалдар және үй жұмыстары, зертханалық жұмыстар (виртуалдық тұрғыда орындау) және студенттердің өздік жұмыстарына арналған нұсқаулар, жаттығу тест сұрақтары берілген. Оқу құралы 3 бөлімнен тұрады. Оқу құрал өз бетінше, Алматы технологиялық университетінінің сайты http:www.atu.kz, e-mail//atukz@mail.ru арқылы студенттерге дайындалуға және электрондық пошта арқылы тапсыруға арналған
ББК 22. я 73
ж
ISBN 9965-756-37-6
© Алматы технологиялық университеті, 2007
Алғы сөз
Алматы Технологиялық Университетіне несиелік технология бойынша оқу үрдісін енгізуге байланысты негізінде жүзеге асыруға болатын «Несиелік оқыту жүйесі ережесіне» сәйкес (9 желтоқсан 2005 ж ҚР БжҒМ, 757 - бұйрық), 2005 – 2010 жылдар аралығында ҚР – да мемлекеттік білім беруді дамытуға байланысты мемелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсаттарында өңделген «Жалпы физика курсы» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешенін (ОӘК) дайындау қажеттігі туындады.
ОӘК пән бойынша оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдар мен қағаз жүзінде және электронды тасымалдауыштарда қамтамасыз етеді. Онда әдістемелік жағынан әртүрлі тақырыптарды, параграфтарды және тарауларды меңгерудің тиімді жолдары, сонымен қатар ұғымдарды, заңдарды және физикалық процесстерді тез игеру түрлері қарастырылған. Ол үшін физикалық есептерді шешу және берілген курс бойынша лабораториялық физикалық практикумды орындау алгоритмдері өңделген. Сондай – ақ көрнекілік ретінде берілген алгоритмдерде шешілген физикалық есептердің және лабораториялық тәжірибелерді орындау тәртіптері, әр жұмыс бойынша есеп беру түрлерінің әртүрлі нұсқалары келтіріледі. Өз бетімен шешу үшін физиканың барлық тараулары бойынша есептер көрсетілген, сонымен қатар, басқа оқу орындарында және біздің кафедра оқытушысымен өңделген виртуалды лабораториялық жұмыстар ұсынылған. Пәннің кейбір тарауларына байланысты, студенттердің түсінуіне және игеруіне қиын болатын, физикалық процестерді визуалды түрде меңгеру мақсатында мультимедиалық бағдарламалар ұсынылады.
ОӘК қосымшаларында курстық және бітіру жұмыстарын орындауға қатысты материалдар, практиканың барлық түрін өту, есеп беру бойынша әдістемелік нұсқаулар көрсетілген.
Курстың әр тарауының соңында өзін тексеруге арналған жаттығу тестері берілген.
Осындай мақсатпен «Жалпы физика курсы» пәні бойынша дайындалған ОӘК «Ереже ...» талаптарына толық жауап береді, білім алу бағдарламасын игеруге студенттердің өздік жұмыстарын белсендендіреді, ал оқытушыларды (тьютерлерді) өздерінің педагогикалық шығармашылығында оқытудың интерактивті әдістерін қолдануға ұмтылуын арттырады.
Берілген жұмыс оқырмандарға қосымша әдебиеттердің көмегінсіз өз беттерінше берілген пән бойынша оқу бағдарламасын орындауға және өз несиелерін электрондық пошта, Интернет – Сайт, пошта арқылы хат алмасу көмегімен игеруіне көмектеседі.
Авторлар
Несиелік жүйе бойынша оқыту технологиясы - студенттердің өз бетінше оқу жұмысын сапалы орындау мүмкіншілігін қамтамасыз етумен қатар, оқытудың да оқу - әдістемелік жұмысына жаңаша көзқарас талап етеді.
Несиелік оқу технологиясы үнемі жаңарып және заман талабына сай дамып, өзгеріп отыратындықтан, оқушыларға да, студенттерге де жаңаша міндеттер жүктеледі.
Несиелік оқыту жүйесі студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, олардың білімге деген ізденістерін қамтамасыз етеді, осыған байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін жетілдіру, оқу - әдістемелік жұмыс сапасын жақсарту ісі жүйелі түрде қарастырылады.
