Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛБУ-1200.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.49 Кб
Скачать

2.4.2 Обгонды муфта бөлшектерінің материалын, негізгі конструк-тивті көрсеткіштері мен өлшемдерін негіздеу

МНЗ-61 обгонды муфталарға арналған стандарт бойынша ЛБУ-1200 бұрғылау шығырын модернизациалау үшін таңдалған роликті тұйық муфта конструкциясы бойынша ІІ орындалымдағы муфтаға жатады.

Муфтаның элементтері қаптама, ступица, тіректік төсеме, тіректік серіп-пелер мен фрикционды роликтер.

Қаптама 20Х маркалы болаттан жасалады және 1,8мм тереңдікке цементік беттік беріктендірілген.

Ступица жылулық өңделіп беттік беріктендірілген 20Х маркалы болаттан дайындалады.

Роликтердің материалы ретінде ШХ15 маркалы болат қолданылады және олардың конустылығы диаметрі 200мм-лік муфта үшін 0,06мм-ден артық болмауы тиіс. Роликтер сыналанып айналу моментін беру кезінде отыратын тіректік төсемелер материалы ролик материалымен бірдей етіп қабылданған. Роликтер әрдайым МЕСТ 20799-88 бойынша аз тұтқырланған ТСп-15К маркалы трансмиссионды маймен майлануы керек. Майды ауыстыру интервалы төрт-алты айда бір реттен кем емес.

Серіппе 40Х маркалы болаттан жасалған штифтқа орнатылады. Серіппенің материалы МЕСТ 9389-75 бойынша ІІ сыныпқа жатқызылған болат көміртекті серіппе сым [13].

Корпус зажимы бетінің диаметрі D, мм

(2.45)

мұндағы dp – ролик диаметрі.

(2.46)

мұндағы Dк – қаптаманың жұмыстық бетінің диаметрі, Dк = 200мм.

Корпустың тірек бетінің биіктігі h, мм

(2.47)

Ролик ұзындығы lp, мм

(2.48)

Муфтаның басқа өлшемдері МНЗ-61 стандарты бойынша қабылданады және 2.6-кестеде көрсетілген.

2.6-кесте - МНЗ-61 бойынша ІІ-200х90 муфтасының өлшемдері

Муфта

Өлшемдер, мм

D

D1

D

d1

B

B1

B

b1

K

T

L

ІІ-200х90

200

250

90

25

50

70

12

14

130

98

40

2.2-сурет МНЗ-61 бойынша обгонды муфтаның конструкциясы

2.5 Обгонды муфтаны беріктікке есептеу

2.5.1 Жартылай муфта мен ролик арасындағы есептік беттесу кернеуін анықтау

Ең үлкен беттесу кернеуі ролик пен ступица арасындағы түйінде болады. Болаттан жасалған бөлшектер үшін Герц формуласы келесі түрде жазылады σн, МПа

(2.49)

мұндағы Tp – муфтаның есептік моменті, Н м;

z – ролик саны, z = 5 ;

D – қаптаманың ішкі диаметрі, D = 200мм;

α – роликтердің сыналану бұрышы, α = 6°.

(2.52)

мұндағы kд – қозғалтқыш типіне тәуелді динамикалық коэффициент, дизельді қозғалтқыштары үшін kд = 0,25;

kр – жұмыстық машина түріне тәуелді динамикалық, коэффи-циент көтергіштер үшін kр = 1,2;

kт – ролик бойынша қысымның біркелкі таралмауына муфта бөлшектерін дайындаудағы ауытқудың әсерін ескеретін дәлдік коэффициент kт =1,1-1,5 [15];

Tном – муфта арқылы берілетін номинал момент, Н м.

Беріктік шарты бойынша:

Шарт қанағаттандырылды.

Беріктік қор коэффициенті: