Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛБУ-1200.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.49 Кб
Скачать

2.3.2 Бұрғылау шығырының көтеру білігін беріктікке есептеу

Жұмыс барысында бұрғылау шығырының көтеру білігі көп рет қосылып тежеледі. Тежелу мен екпін уақытын, энергия мен бөлшектің тежелу күшін азайту мақсатында көтеру білігіне орнатылатын бөлшектер ерекше жеңіл болуы тиіс. Бұл талап айтарлықтай кернеулерді жіберуге мүмкіндік береді.

ЛБУ-1200 бұрғылау шығырының көтеру білігі 50ХН болатынан тегершікті етіп дайындалады. Біліктің айналу кезіндегі жүктелу сұлбасы 2.1-суретте көрсетілген. Алдымен А-А қимасы үшін тегершікті көтеру білігінің диаметрін d, мм келесідей анықтаймыз

(2.37)

мұндағы Мкр – максимальды айналу моменті;

[τ] – 50ХН болат үшін қалдық деформацияның ағу шегі, [τ] =885 МПа.

МЕСТ 16532-70 бойынша d=160мм деп қабылдаймыз және 130мм-лік тегершікті білік тістерінің биіктігі 2,5мм-ге тең, демек ішкі диаметр 125мм.

2.1-сурет Біліктің айналуы кезіндегі жүктелу сұлбасы

Қарсыласудың полярлы моменті ішкі диаметр үшін анықталады Wр, м3

(2.39)

Біліктің айналуының максимал кернеу τmax, МПа

(2.40)

Айналу кезіндегі беріктік шарты

Шарт қанағаттандырылды.

Қор коэффициенті Sm

(2.40)

Айналу кезіндегі кернеу амплитудасы τa, МПа

(2.41)

мұндағы Rt – ассимметрия коэффициенті (айналу кезінде нөлге тең).

Біліктің айналуы кезіндегі кернеудің орташа мәні τт, МПа

(2.42)

Айналу кезіндегі төзімділік шегінің азаю коэффициенті

(2.43)

мұндағы Кτ – айналу кезіндегі кернеулер шоғырының коэффициенті, шпонкалы паз үшін Кτ = 2,15;

KF – беттің күйін ескеретін коэффициент, KF = 1,15;

Кd – масштабты эффекті ескеретін коэффициент, Кd = 0,52;

Kv – роликтармен қақтау кезіндегі беріктендіру коэффициенті Kv = 2,2.

Ауыспалы қысымдар бойынша беріктік қор коэффициенті

(2.44)

мұндағы Кэτ – айналу кезіндегі эквиваленттілік коэффициенті, Кэτ = 0,5;

ψτ – цикл ассиметриясына сезімталдылық коэффициенті ψτ = 0,05 [11].

2.3.3 ЛБУ-1200 бұрғылау шығыры білігін ЭЕМ қолдану арқылы беріктікке есептеу

Бұрғылау шығырының көтеру білігін ЭЕМ арқылы беріктікке есептеу үшін бастапқы мәліметтерді 2.3.2 бөлімшесіндегі есептеулер нәтижесі бойынша дайындаймыз. ЭЕМ-да есептеу «AutoCad Mechanical 2015» инженерлік анализ және есептеулер жүргізуге арналған бағдарламада орындалады [12].

2.4-кесте - Білікті ЭЕМ-да есептеу үшін алғашқы берілгендер

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Көрсеткіш мәндері

Мкр

Н·м

172222

D

мм

125

[τ]

МПа

885

Е

МПа

210000

Rt

-

0

Кτ

-

2,15

KF

-

1,15

Кd

-

0,52

Kv

-

2,2

Кэτ

-

0,5

ψτ

-

0,05

τ -1

МПа

885

Распечатка исходных данных и результатов расчёта подъемного вала буровой лебедки на прочность с помощью программы AutoCAD Mechanical