- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
• Акад. Н.П. Павловтың, проф. В.П.Михайлованың және профессор М.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері
• Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып, қорғап және сақтаудың негізгі жолдары
• Қазақстан ботаниктері ресурстанушыларының алдында тұрған міндеттер
1) Академик Николай Васильевич Павлов - Қазақстандағы ботаниктер мектебінің негізін қалаған және ұйымдастырған. Қазақ Ғылым академиясыньың Ботаника институтының бірінші директоры.
Студент кезінен бастап Павлов ботаникаға қызығып, бірнеше экспедициялардың жұмысына қатысты. 1917 жылдан бастап Павлов КСРО территорияларында ұйымдастырылған әртүрлі 32 экспедицияның жұмысына қатысты немесе басшылық етті. Ол экспедициялар Кавказда, Камчаткада, Байкалда, Қазақстанда болды. 1923 жылы акад. В. Комаровтың ұсынысымен Н.В Павлов ботаник ретінде А.К. Козлов басшылық жасаған Монғолия экспедициясының мүшесі ретінде жұмыс жасады. Монғолия барған экспедицияның жұмыстарының нәтижeci 1929 жылы «Введение в растительный покров Хангорский Горной Страны» деген және 1928 жылы «По Монголия» деген атпен кітаптар жазылып баспадан шықты. Мәскеу Университетінің доценті болып жүргеңде «Гүлді өсімдіктер систематикасы» және «Ботаникалық география» деген пәндерден сабақ беріп жүріп, әртүрлі региондарды зерттеуге арналған жұмысына қатысты.
Н.В. Павлов өзінің ғылымдағы өмірінің көп бөлігін Қазақстанға арнады. 1920 жылдары Павлов Торғай, Ақмола, Талдықорған және Алматы облыстарын, Жоңғар Алатауын, Балқаш өңірін зерттеді.
Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бірнеше іргелі жұмыстар жазылып жарияланды.
Н.В.Павлов өте жақсы флорист, мықты ботаник-географ және білімді ресурстанушы еді. Қазақстанға келгеннен кейін зерттеу Н.В.Павлов жабайы өсетін пайдалы өсімдіктер систематикасын зерттеуді жалғартыруда. Соның нәтижесінде үлкен «Растительные ресурсы Южного Казахстана» (1947) деген монография жазып жариялады.
Н.В.Павлов құрамында илік заттары бар өсімдіктерді өте көп көңіл бөлді. Ол Қазақстанда өзінің шәкірттерімен бірге 13 экспедицияға шығып, Қазақстанның әртүрлі региондарындағы илік затты өсімдіктердің құрамын, таралуын және қорын зерттеді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1947 жылы «Растительные сырье Казахстана» деген монография жазып жариялады. Ол монографияда 1100 пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер берілген. Академик Н.В. Павлов жетекшілігімен және редакциялық басшылығымен мәңгілік өте бағалы 9 томдық «Флора Казахстана» (1956-1966 жж.) еңбегі құрастырылды.
Н.В.Павлов үлкен білімдарлығының, ботаникалық әдебиетті өте жақсы білуінің және көптеген экспедицияларда жинақтаған мәліметтерінің барлығына байланысты іргелі өте үлкен 700 беттік «Ботаническое география СССР» деген кітабын жазып шығарды. Ол кітапта бүкіл одақтың флорасы және өсімдіктер жабыны қамтылған. Кейінірек демалысқа, яғни зейнетке шыққаннан кейін 1965 жылы Н.В. Павлов «Ботаническая география зарубежных стран» деген кітабын жазып шығарды.
Н.В.Павловтың көптеген флористикалық ресурстанулық экспедицияларының нәтижесі - ол оның ғылымда жаңалық ашуы. Мысалы, ол ғылымда бірінші рет екі жаңа туысты (сиреи-щиковая, угомия) және 150-ге жуық жаңа өсімдік түрлерінің сипаттамасын берді.
Академик Н.В.Павлов 160-тан астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 20-сы монография.
Павлов Бүкілодақтық ботаникалық қоғамның Қазақстандық бөлімінің негізін салып, өзі басқарды. Павлов - Қазақ Ғылым академиясының негізін салушылардың және алғашқы академиктерінің бірі.
2) Биология ғылымдарының докторы Михайлова Валентина Павловна - академик Павловтың өте жақын шәкірттерінің бірі. В.П. Михайлова 1912 жылы Кострома қаласында туылған. 1931 жылы ол Мәскеу университетінің биология факультетіне түседі. ММУ-ды 1935 жылы бітіріп, Қазақстанға акад. Павловтың қарамағына жұмысқа келеді. Ботаника институтында өсімдіктер ресурстары лабораториясы ұйымдастырылып, оның жұмысын алға бастырған - осы Михайлованың еңбегі. В.П. Михайлова 20 жыл шамасында сол лабораторияның меңгерушісі болып қызметі жасады.
В.П. Михайлова Қазақстанның әртүрлі региондарында ботаникалық экспедицияның жұмыстарына белсенді қатысты. Ұлы Отан Соғысы кезінде Михайлова илік затты өсімдіктерді зерттеу үшін Іле Алатауына, Кетментауға, Қаратауға және Балқаш өңіріне экспедицияға өздігінен шығып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедициялық жоспарлы зерттеу жұмыстарымен шектелмей, Михайлова өзінің қарамағындағы қызметкермен басқа да пайдалы өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін екпе жағдайда да зерттеумен айналысты. 1944 жылы В.П. Михайлова «Промышленные дубильные растения Заилийского Алатау» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1950 жылдан бастап В.П. Михайлова Ботаника институтының директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Ал 1956 жылы ВЛ Михайлова Институттың құрамында өсімдіктер ресурстары бөлімін ашып, өзі сол бөлімнің меңгерушісі болып 1976 жылға дейін жұмыс жасады. «Өсімдік ресурстары» бөлімінің қызметкерлері Михайлованың жетекшілігімен іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, жабайы өсетін илік заттарды, дәрілік және техникалық өсімдіктерді жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтер жинақтарда және монографияларда жарияланды.
В.П. Михайлова өзінің илік затты өсімдіктерді зерттеу жұмыстарының нәтижесін «Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение» деген монографиясында 1968 жылы жариялады. Осы монография негізінде Михайлова докторлық диссертациясын қорғады.
В.П. Михайлова Қазақстанда мияны жан-жақты зерттеудің бастаушысы болды. Михайлова өзінің ғылыми жұмыстарын басқа академиялық және салалық ғылыми институттарының және жоғары оқу орындарының лабораториялық жұмыстарымен байланысты жүргізді.
Мысалы, танинді өсімдіктерді зерттеуді ҚазМУ-дың проф. ТХ Чумбалов басқаратын химия кафедрасымен және ботаника институтының биохимия лабораториясымен (жетекші - проф. Л.К. Клышев) тығыз байланыста жүргізеді. Эфир-майлы өсімдіктерді зерттеу жұмыстары химия ғылыми зерттеу институттарымен (академик М.И. Горяев) бірге жүргізді. Барлық шикізаттық өсімдіктерді зерттеу сол шикізатты тұтынушы мекемелермен тығыз байланысты жүргізіледі. Мысалы, Союзлакрица "Союзлекарспром", жеңіл өнеркәсіп министрлігімен және т.б. В.П. Михайлова бөлімнің жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын КСРО-дағы жетекші ғылыми зерттеу орталықтарымен үйлестіріп жүргізуге тырысты. Мысалы, КСРО Ғылым академиясы Ботаника институтының жетекші ғалымдарымен (А. Федоров, В.А. Соколов) және Өзбекстан Ғылым академиясының ботаника институтының ғалымдарымен (КЗ Закиров және т.б.) және Түрікменстан ғалымдарымен (Б.К. Кебабаев, К.М. Мурадов) үйлестіріп жасады. В.П. Михайлованың өзінің ғылыми және әкімшілік жұмыстарын мамандар дайындаумен бірлестіре жүргізді. 1976 жылы В.П. Михайлованың ұсынысымен өсімдіктер ресурстары бөлімінің меңгерушісі болып М.Қ. Кукенов сайланды. М.Қ. Кукенов В.П. Михайлованың көптеген шәкірттерінің бірі еді. М.Қ. Кукенов 1940 жылы туылған. Ресурстанушылардың ішіндегі Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып бірінші сайланған ғалым - М.Қ. Кукенов биология ғылымдарының докторы, профессор. 1997 жылы кайтыс болғанға дейін сол бөлімнің меңгерушісі болды.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Кукенов Мәдениет Қаратайұлы Қазақстандағы «Ботаникалық ресурстану» ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды, ол ғылымның ғылыми негізін жасап, пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып қорғауға үлкен үлес қосты. М.Қ. Кукенов жетекшілігімен және тікелей қатысуымен бірнеше іргелі ғылыми жұмыстар орындалып, өндіріске енгізілді. М.Қ. Кукенов шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің ғылыми-теориялық негізін, шаруашылықтағы игерудің негізін және Республика территориясында ресурстық жұмыстарды жүргізудің көпжылдық бағдарламасын жасады.
М.Қ. Кукенов 180-нен астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 1) «Флавоноидсодержащие растения Юго-Востока Казахстана» (1984) 2) «Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь-Шаня» (1989) деген монографиялары және «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» (1999) деген оқулығы бар.
Қазақстанда әртүрлі табиғи аймақтар және белдеулер бар және олардың флорасы және өсімдіктер ресурстары өте бай екендігін ерекше айтуға болады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі халық шаруашылығының шикізаттық бағытта дамуы Қазақстан биосферасына өзінің үлкен зиянын тигізді. Көмір, қара және түсті металл, фосфорит және т.б. нәрселерді өндірудің қарқынды дамуы Қазақстанның көптеген облыс орталықтарында экологиялық ортаны бұзды. Оларға қосымша тың және тыңайған жерлерді жалпы қайта жырту топырақ қабаттарының бұзылуын апатты жағдайға алып келді. Қазір Қазақстаңда бұрынғы кезде кең тараған бетегелі-жусанды табиғи далаларды табу қиын.
Қазақстандағы ядролық сынақ полигондарының көп жылдар бойы қызмет жасауы Қазақстанның көптеген территориясына, әсіресе Орталық Қазақстанның, Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайына үлкен зиянын тигізді.
Жоғарыда аталған технопогендік экологиялық факторлардың зардабы әлі көп жылдар бойы халықтың денсаулығына кері әсер етеді.
Бұл айтылғандарға Арал, Балқаш және Каспий мәселелерін қосатын болсақ, онда Қазақстанда әртүрлі сынақтар өткізілгенін, табиғатты пайдаланудың ең сорақы, қиратқыш әдістері қолданғандығын көреміз.
Солардың салдарынан Қазақстанның көптеген региондары, территориялары экологиялық апатты аймақтарға жатқызылғаны және тез қалпына келтіруді қажет ететіндігі - бүгінгі заман талабы.
Өсімдіктер және жануарлар әлемі қандай жантүршігерлік өзгерістерге ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті.
Бұл процестің бір көрінісі - ол Қазақстан Қызыл кітабына енген өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жылдан-жылға өсуі.
Мысалы, 1980 жылы шыққан Қазақстан Қызыл кітабына 190 шамасында өсімдік түрлері кірген болса, 2009 жылы шығатын Қызыл кітапқа 400-ден астам өсімдіктер түрлері кірген. Бұл, әрине тірі табиғат үшін апатты жағдай. Ғалымдардың мәліметтерінде Қазақстан территориясының 60%-ы антропогендік деградацияға ұшырап және шөлге айналып бара жатқандығы айтылады.
Қазақстан Республикасы үшін қазіргі кезде ең өзекті мәселе - ол өсімдіктер әлемін, олардын ресурстық потенциалын қалпына келтіру және олардың алуантүрлілігін сақтау.
Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып, қорғап сақтаудың негізгі екі жолы бар:
1) Өндірістік популяциялары бар жоғары өнімді учаскелер есепке алынуы және тұрақты бақылауда болуы керек.
2) Шикізаттық өсімдіктерді мәденилендіру. Бірақта пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру процесі өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиімсіз. Өйткені оларға (өсімдіктерге) суарылатын, құнарлы топырақты жер керек.
Ал біздің республикамызда мұндай жерлер өте аз. Мұндай жерлердің көп бөлігіне ауыл шаруашылық дақылдары, бау-бақшалар егілген. Сондықтан адамдарға өте қажетті тағамдық өсімдіктердің орнына әлі тиімділігі толық дәлелденбеген дәрілік өсімдіктерді eгугe халықтың, мемлекеттің рұқсат бере қоюы өте қиын нәрсе.
Сондықтан пайдалы өсімдіктерді қорғап сақтаудың логикаға сиятын, халық қолдайтын тәсілі - ол сол табиғатта бар пайдалы өсімдіктердің қорын өте ұқыптылықпен ғылыми тұрғыдан дұрыс пайдалана білу.
Республикамызда бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары (Шымкенттегі химфармзавод, Оралдағы мия өндейтін завод, Алматыдағы фармацевтикалық фабрика және т.б.) бар болғанымен, елімізде медициналық және фармацевтикалық өндірістен мықты ғылым потенциалын әлі құра алған жоқ (Кукенов, 1999).
Соңғы жылдары бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Мысалы, Қарағанды қаласыңда фитохимия ғылыми-зерттеу институты ашылды, алғашқы отандық препараттар шығарыла бастады.
Профессор М.Қ. Кукеновтің (1999) ойынша, Қазақстанның ботаник-ресурстанушыларының алдында болашақта мынадай міндеттер тұр.
1. Қазақстан және оның жеке региондары флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуантурлілігін зерттеуді жалғастыра беру.
2. Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктердің ресурстық сипаттамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болуы керек. 1) экологиялық-фитоценотикалық; 2) фитохимиялық ерекшеліктері; 3) ресурстық көрсеткіштері; 4) экономикалық бағасы; 5) пайдаланудың тиімділігі және т.б.
3. Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамыздағы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
4. Республикада бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау. Ол бағдарламада республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндірісті қамту қажет екеңдігін көрсету.
5. Бірыңғай ғылыми-өндірістік орталық құру. Ол орталық өсімдіктер шикізатын жинаудан бастап, соңғы өнім алғанша жүргізілетін жұмыстардың барлығын үйлестіру керек.
6. Шикізатты жинау, кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкциялардың қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.
7. Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жинау (этноботаникалық зерттеулер) және бұрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарап тексеру.
8. Шаруашылық үшін бағалы қасиеттері және белгілері бар перспективті өсімдіктерді тереңірек зерттеу.
9. Шикізат ресурстары таусылған (немесе ескірген) өсімдіктерді толық айырбастай алатын жаңа шикізат көздерін іздеу.
10. Ресурс сақтайтын зерттеу тәсілдерін, жинау технологиясын, шикізатты толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасау.
11. Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жерсіндіру жұмыстарын күшейту.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Н.П.Павловтың Қазақстан ресурстануына қосқан үлесі
В.П.Михайлова – танин түзуші өсімдіктердің негізгі зерттеушісі ретінде
М.Қ.Кукеновтың ресурстанудағы орны
Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану жолдары
Шикізаттық маңызы бар өсімдіктерді қорғау жолдары
Қазақстан ботаниктерінің алдында тұрған міндеттері
А.А.Пристуна бойынша пайдалы өсімдіктердің жіктелуі
Н.И.Вавилов және полицентристік теорияның мағынасы
Арабия, Тибет, Қытай халықтық медицинасында қолданылатын өсімдіктер тізімі
Филогенетикалық әдістің-қажетті дәрілік өсімдіктерді табудағы рөлі
