Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать

Қазақстанның құстар әлемі

Құстар қазіргі кезде 28 отрядқа жатқызылады, олардың 9000 шамасында түрлері бар (БЭС, 1986). Құстар Арктикадан Антарктика жағдайларына дейін барлық табиғат аймақтарында кездеседі. Құстардың 80%-ға жуығы тропикалық аймақтарда кездеседі.

Кейбір мәліметтер бойынша Қазақстанда құстардың 489 түрі кездеседі (оның 396 түрі Қазақстанда ұя салады, қалғандары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып кетеді).

Проф. А.Ф.Ковшарь (1988) мәліметі бойынша Қазақстанда жылдың әртүрлі мезгілдерінде 480 құс түрі кездеседі Ол құс түрлері 23 отрядқа жатады.

Қазақстанда кездесетін 480 құс түрінің Қызыл кітапқа енгендері:

1. Қара дегелең (Ciconia nidra- черный айст).

2. Қоқиқаз (Phoenicopterus roseus - фламинго розовый).

3. Сұңқылдақ аққу (Cygnus cygmis - лебедь-кликун).

4. Қутұмсық, қытай қазы (Cygnopsis cygnoides - сухонос).

5. Жекдуадақ (Otis undalata - джек).

6. Орақтұмсық (Sbidorhyncha strathersii – серноклюв).

7. Алтай ұлары (Tetraogallus altaicus - алтайский улар).

8. Бидаяқ (Falco pelegrinoides - шахин).

9. Ақ сұңқар (Falco gyrfalcon- кречет).

10. Үлкен мықи (Accipiter brevipes - европейский тювик).

11. Жұртшы (Neophron perchopteris - стервятник).

12. Құмай (Gyps himalayensis - кумай).

13. Қара құс (Aquila hebaca - могильник).

14. Дала қыраны (Aquila rapax - степной орел).

15. Жұмақ шыбыншысы (Terpisiphone paradis - райокая мухоловка).

16. Көкқұс (Myophonus coeruleus - синяя птица).

Сонымен, Қазақстанда кездесетін 480 құс түрінің 16 түрі сирек кездеседі немесе жойылып бара жатыр, сондықтан олар Қызыл кітапқа ендірілген.

Қазақстан облыстарында құстардың таралуына келетін болсақ, әдебиеттерде қай облыстарда қандай құстар ұя салатыны, қыстайтыны, кездесетіні, ұшып келетіні және қандай құстар ұшып өтетіні туралы дәл мәліметтер бар. Алматы облысын мысалға алып танысып өтейік. Алматы облысында құстардың 345 түрін кездестіруге болады, олардың 248 түрі, мысалы: ителгі (Falco cherrag – сокол - балабан), үкі (Bubobubo - филин), жекдуадақ (Otis undulate - джек), құз кептер (Columba rupestris – скалистый голубь) қаратөс торғай (Passer hispaniolensis – испанский голубь), қара сайрауық (Tardus merala – черный дрозд) және т.б. ұя салады.

Құстардың 28 түрі Алматы облысында қыстайды, мысалы: жүнбалық тілеміш (Buteo hemilasius – мохноногий курганнак), ақ жапалақ (Nuctea scandiaca - белая сова) кәдімгі сарыторғай (Emberiza citronella – обыкновенная овсянка), шымшық (Spinus spinus - чиж), шекілдек (Acanthis flammea - чечетка) және т.б.

Құстардың 64 түрі Алматы облысы территориясынан ұшып өтеді, мысалы: дуадақ (Otistarda - дрофа), дала құладыны(Circus macrourus – степной лунь), айдарлы аражегіш (Pernis macrourus – хохлатый осеад) және т.б.

Алматы облысы территориясына құстардың 5 түрі ұшып келеді. Мысалы, ақ тырна (Grus leucogeranus - стрех), құлқұйрық сұрқарлығаш (Hirumdapus caudacutus – иглохвостый стриж), теңбіл шырылдақ (Locustella lanceolata – пятнистый сверчок) және т.б.

Қазақстан облыстарындағы құстардың түрлері санын салыстырып қарасақ, онда проф. Ковшарьдың (1988) мынадай мәліметтерін келтіруге болады. Алматы облысында ұя салатын, қыстайтын, кездейсоқ ұшып келетін және территория арқылы ұшып өтетін құс түрлерінің саны -345, ал Шығыс Қазақстан облысында -319, Солтүстік Қазақстан облысында-164, Маңғышлақ облысында -231.