Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).

Қабылан (гепард) – Acinonyx jubatus Schrebes, 1776.

Қазіргі кезде біздің республикамызда бұл жабайы мысық жойылып кеткен де болуы мүмкін. XVIII-XIX ғасырларда қабылан Каспий теңізінің шығыс жағалауы мен Арал теңізіне дейінгі аймақта кездесетін. Саны өте аз болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

VI. Жұптұяқтылар отряды.

Қазақстанда бұл отрядтың 4 тұқымдасына жататын түрлері кездеседі:

1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).

Қуысмүйізділер өкілдерінің кәсіптік маңызы жоғары, олар бағалы шикізаттар – ет, тері, мүйіз, тұяқ береді. Қазақстанда бұл тұқымдастың 4 туысына жататын 5 түрі мекендейді:

газельдер туысынан – Gazella Blainville, 1816, қарақұйрық (джеиран) – Gazella subgutturoza, Guldenstaedt, 1780. Балқаштан Маңғыстау түбегіне дейінгі аралықта кездеседі;

бөкендер туысынан – Saiga Gray, 1843, ақбөкен немесе киік (сайгак) – Saiga tatarica, Linnacus, 1766;

ешкілер туысынан – Capra Linnacus, 1758, таутеке (сибирский горный козел) - Carpa sibirica Palles, 1776.

Республикамызда Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Алтайда кездеседі;

қойлар туысы (баран) – Ovis Linnacus, 1758.

  1. Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.

Сыр бойы Қаратауында, Тянь-Шань, Қырғыз Алатауы, Шу Іле тауларында, Іле, Жоңғар Алатауында, Сарыарқа тау жоталарында, Тарбағатайда, Қалба Алтайында, Оңтүстік Алтайда кездеседі.

  1. Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.

  2. Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.

Бұғылар туысы – Cervus Linnacus, 1758.

Марал (благородные олени) – Cervus elaphus Linnaсus, 1758.

Маралдар Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Маралдар – аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Одан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесінде, бұлшық етке, тыныс жолдарында, т.б. органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі.

Шығыс Қазақстан облысында 6 мыңнан астам марал өсірілетін шаруашылықтар бар. Олар жылына 5,2 мың килограмға дейін маралдың жас мүйізін дайындайды. Бұл шаруашылықтарда өсіп есейген әр маралдар 5-5,3 кг дейін панты алынады.

Еліктер туысы – Capreolus Gray, 1821.

Елік – косуля - Capreolus capreolus Linnacus, 1758.

Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман – жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400 шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200 – 250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады.

Арқар - Ovies ammon Linnacus, 1758.

Бұландар туысы (кабырчовые) – Alcer Grаy, 1821.

Бұлан – Alcer alser Linnacus, 1758.

Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Ертіс өзендерінің бойындағы орман – торғайларда көбірек кездеседі. Дәмді етімен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап бұл аң арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Республика жерінде бұланның негізгі мекендері – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары.