- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
• Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы
• Пайдалы өсімдіктер классификациясы
• Ботаникалық ресурстану ғылымының зерттеулерінің деңгейлері
Қазақстан флорасында 6 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері бар. Олардың ішінде пайдалы өсімдіктер өте мол.
Адамзаттың даму тарихы қоршаған әлемді танып-білумен және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға ендірумен тығыз байланысты.
Адамдар өзінің күнделікті шаруашылығында өсімдіктер әлемі байлығын ерте заманнан бері пайдаланады. Адамдар өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап, олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп, практикалық тұрғыдан ерекшеліктеріне байланысты топтастырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар, өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жинала басталды. Кейіннен пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек XX ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәлелдеме берді. Осы жылдары, яғни 1948 жылы ғылымның осы сатасында алғашқы іргелі еңбектер, мысалы «Методика полевого исследования растении» деген өте құнды еңбек жарияланды.
Қазақстан Республикасында академик Н.Б. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В.Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н.В. Павлов, Б.А. Быков және проф. В.П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды. XX ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М.Қ. Кукенов болды.
Профессор М.Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі XX ғасырдың басында «Шаруашылық ботаника» деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді.
Пайдалы өсімдіктер классификациясы
Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып, пайдалы өсімдіктер бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы профессор А. Федоров осы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды.
Шикізаттық өсімдіктер дегеніміз не?
Профессор М.М. Ильин бойынша (1948), «Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз».
Егер біз профессор М.К. Ильин анықтамасын қабылдайтын болсақ, онда өсімдіктер ресурстары туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор.
Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынадай 3 топқа бөлінеді:
