Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау

• Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардын алуантүрлілігі

• Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайындағы экожүйелердің бұзылуы

• Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер және жануарлар түрлері

2724,9 мың шаршы км алып жатқан кең-байтақ Қазақстан Республикасы территориясы Евразия орталығында Батыс-Сібір тегістігінен және Оңтүстік Оралдан ыстық, құрғақ Орталық Азия шөлдеріне және Тянь-Шань тау жүйелеріне дейін 1600 км, Батыс Шығысқа қарай Волга өзенінің төменгі бөлігі және Каспийден Алтайға дейін 2925 км созылып жатқандықтан, табиғат жағдайларының үлкен әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың, оған қосымша Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстанның ерекше белгісі - ол оның Евразияның ортасында болуына байланысты, оның қатал климат жағдайын және үлкен тегістігінде дала және шөл ландшафтарының дамуы. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз оңай тұрақсызданады және кайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.

Бұл региондарда халықтың аздығы кең-байтақ территорияларда қорғаныс базаларын және сынақ полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді игеруге алып келді. Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмен дамыды. Әрине, тезірек жер қойнауы байлықтарын алуды мақсат еткен шаруашылық қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ. Соның салдарынан экожүйелер терең, кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге айналды және биологиялық алуантүрлілікке үлкен зиян келді. Флораның биологиялық алуантүрлілігі және өсімдіктер ресурстары зиян шекті.

Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14%-ы - эндемдер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде, шөлдер мен далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі солтүстік-шығыстан (Алтай) онтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 моно-типтік эндемикалық туысты ерекше атауға болады: Physandra (физандра), Rhaphydophyton (рафидофитон), Pseudoeremustashys (лжепустынноколосник - жалған шөлмесақ), Botschanziwia (бочанцевия), Pseudomarrubium (ложная шандра - жалған шандра), Cankriniella (канкриниелла), Spiraeanthus (таволгоцвет - тобылғытүс), Pterygostemon (птеригостемон), Pastinacopsis (пастернаковник), Niedziwedzkia (недзвецкия).

Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптын екінші басылымына өсімдіктердін 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.

Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықтарда бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетті деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында кездесетіндері: Dryopteris mindshelkensis (щитовник менжелькенский - усасыр мыңжылқы), Stroganovia robusta (строгановия коренастая - шымыр строгиновая), Prangos equisetoides (прангос), Dorema varataviense (дорема каратауская - Қаратау сасыққурайы), Acantholimon minshelkense (аконтолимон минжелкенский - мыңжылқы кемпіршөп), Eremostashys pectinata (пустынноколосник-гребенчатый - тарақша шолмасақ), Оrоbunche karatavica (заразиха каратауская - Қаратау сұңғыласы), Centawea kultiassovi (василек культисова - Культисов гүл кекіресі).

Орталық Қазақстанда: Adiantum capillus-veneris (Aquantum), Berberis karkaralensis (барбарис каркаралинский - Қарқаралы бөріқарақаты), Betula kirghisorum-береза киргизская - қызыл кайын), Paris quadrifolia (вороний глаз обыкновенный – кәдімгі карға көз). Alnus qlutinosa (ольха клейкая - жабысқан қандағаш), Gymnadenia conopsea (кокушник комариный - масалы көкекшөп), Dactylornisa fuhsii (пальчатокоренник) Dictamnus angustifolius (ясенец узколистый - таспажапырак күймесгүлі).

Шығыс Қазақстанда: (Rubia rezniczenciana - марена резниченковская - Резниченко рияны), Arenata Potaninii (песчанка Потанина - Потанин құмдақ шөбі).

Антропогендік азғындаудың (деградация) салдарынан адвентивтік (қосымша) түрлердің таралуы нәтижесінде өсімдіктер жабынында адамдар арқылы таралатын өсімдіктер көбейеді. Яғни, синантронпизация процесі басталады.

Адвентивтік түрлердің экспанциясы олардың популяцияларының үздіксіз артуы флораның табиғи даму процесімен қарама-қайшылыққа келеді.

Адвентивтік өсімдіктер жергілікті өсімдіктер түрлеріне ортаның абиотикалық факторларын пайдалануға бәсекелес болады, өте жиі олармен будандасып, агрессивті қасиеттермен будандар (гибридтер) пайда болады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының құрамында пайдалы илік дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік және басқа да түрлер бар.

Илік өсімдіктер - шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелгені. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда практикада бағалы құрамында таниндер бар 20-дан астам түрлер анықталды, олардың ішінде ең белгілілері: Polygonym coriarium (горец дубильный - илік таран), Polygonum bucharicum (горец бухарский - Бұқара тараны), Rumex tianschanicus (щавель Тянь-шаньский - Тянь-шань қымыздығы), Rumex paulsenianus (щавель Паульсена - Паульсен қымыздығы), Rheum tataricum (ревень татарский - түйе жапырақ татар рауғашы), Rheum maximowozii (ревень Максимовича - Максимович рауғашы). Бұл өсімдіктердің құрғақ тамырларының қоры 200 мың тонна шамасында.

Комплексті пайдаланылатын техникалық өсімдіктер

Ең белгілі, маңызды комплексті пайдаланылатын техникалық өсімдіктерге Phragmytes australis (тростник - қамыс) және Achnatherum splendens (чий блестящий - ақ ший) жатқызуға болады.

Қамыстың қалың болып өсетін аудан мөлшері соңғы жылдары 7 есе азайып кетті және қазіргі уақытта оның ресурсы құрғақ шикізаты шамамен 2352 мың тонна. Ал ақ шийдің ресурстары құрғақ шикізаты 23735 тонна шамасында болады.

Тағамдық өсімдіктер

Тағамдық өсімдіктер ішінде ең маңыздылары Malus sieversii (яблоня Сиверса - Сиверс алмасы), Armeniaca vulgaris (абрикос обыкновенный - кәдімгі өрік), Crataegus (боярышник - долана), Berberis (барбарис - бөріқарақат) жыл сайын орман шаруашылығы ұжымдары 300 тонна шамасында алма, өрік және долана жемістерін дайындайды.

Malus sieversii (яблоня Сиверса – Сиверс алмасы)

Armeniaca vulgaris (абрикос-

обыкновенный - кәдімгі өрік

Malus sieversii (яблоня Сиверса –

Crataegus (боярышник - долана)

Berberis (барбарис - бөріқарақат)

Эфир майлы өсімдіктер

Зерттелген 450 өсімдік түрінен 70 шақты түрлері құрамындағы майларының құрамына байланысты маңызды және болашағы бар деп айтуға болады. Олардың ішінде Artemisia (полынь - жусан), Hyssopus (иссоп - сайсағыз), Mentha (мята - жалбыз), Achillea (тысячелистник - мыңжапырақ) және т.б. бар.

Artemisia (полынь - жусан)

Hyssopus (иссоп - сайсағыз)

Mentha (мята – жалбыз)

Дәрілік өсімдіктер

Негізгі дәрілік өсімдіктердің ресурстары (80%) Іле Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Боралдайтауы, Алтай және Тарбағатай жоталарында шоғырланған. Кейбір дәрілік өсімдіктерді Қазақстан экспортқа шығара алады. Мысалы, Ephedra equisetina (эфедра хвощевая - хвойник хвощевой - қырықбуын), Glycyrrhiza glabra (солодка голая -жалаң мия), Glycyrrhiza uralensis (солодка уральская - Орал миясы) өсімдіктерінің Қазақстандағы ресурсы (қоры) 75 мың тонна шамасында, сондықтан жоғарыда аталған өсімдіктер шикізатын шетелдерге шығаруға толық болады.

Республикамыздағы Орман Массивтерінің маңызы өте үлкен. Бұл табиғи жүйелер 21,6 млн гектар жерді алып жатыр, олардың 10,9 млн гектары тұтас ормандар. Ол ормандар 69 ағаш 700 бұта және жартылай бұталар түрлерінен тұрады. Жалпы, Қазақстанда орманды алқаптың еншісінде 3,2 % жер, олар биологиялық ресурстар қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі

Биологиялық алуантүрлілік өсімдіктер және жануарлар түрлерінің тізімімен шектелмейді. Биота туралы түсінік айту үшін өсімдіктер жабынының алуантүрлілігі туралы білу керек.

Өсімдіктер жабынын өсімдіктер қауымы деңгейінде инвентаризациялау территорияның кең-байтақтығына және табиғаттың алуантүрлілігіне байланысты өте күрделі.

Өсімдіктердің алуан түрлілігінің жағдайы зоналық аспектіде қаралады. Қазақстанда өсімдіктер жабынының алуантүрлілігін ерекше атап өтуге болады (дала, шөлдер, орман, шалғындық, бұталы тоғайлар, биік таулардағы, тундралар және т.б).

Дала

Дала зонасының жалпы мөлшері - 128,8 млн гектар немесе бүкіл Қазақстан территориясының 40%-ын алып жатыр. Бұл зона әртүрлі зона тармақтарына бөлінеді:

1) шалғынды дала және майда жапырақты ормандар ауданы - 0,6 млн гектар;

2) қоңыржай-қуаң мол әртүрлі шөпті қаулы далалар - 8,5 млн гектар;

3) әртүрлі шөпті қаулы далалар - 13,6 млн гектар;

4) кұрғақ бетегелі-қаулы далалар - 52 млн гектар.

Солтүстік және Орталық Қазақстанның өсімдіктер картасында далалық қауымдардың әртүрлі комбинацияларының 250 шамасында типтері келтірілген. Қазақстан далаларында кең таралған 10 формация анықталған. Далалық аймақта 200-ге жуық ассоциация сипатталған, бірақ қауымдар деңгейінде инвентаризация жүргізу жұмыстары әлі толық біткен жоқ.

Қазақстанда адам тіршігінің нәтижесінде өзгерген регион - ол дала аймағы тың жерлерді игеру барысында (1954-1960 жж.) жерлерді кең масштабты жырту нәтижесінде негізгі қыраттардағы далалық жерлер жойылды. Орманды далада барлық шалғындық далалар және мол әртүрлі шөпті қаулы далалардың 90%-ы жыртылды, тегістіктегі далалардың 30%-ы жыртылды. Тегістіктегі территориялардағы құрғақ далалардың 50-60%-ы, ал майда шоқылардағы далалардың 10-15%-ы жыртылды.

Бұл аймақтарда қалған далалық учаскелер (тасты далалар, тұзды топырақтардағы комплексті далалар) малды шектен артық жаюдың нәтижесінде өзгерген. Бұл региондардың қаулы далалары бетегелі Австрия жусанды әртүрлі арамшөпті қауымға айналған және оларда алуантүрлілік айтарлықтай азайған.

Шөлдер

Шөлдер аймағының өте созылыңқы екендігіне байланысты шөлдердің ендіктегі ауысуларын көруге болады: солтүстік далаланған, астықтұқымдасты, жартылай бұталы (ауданы 57,3 млн гектар) ортадағы нағыз жартылай бұталы және оңтүстік жартылай бұталы және бұталы (ауданы 61,8 млн гектар).

Таулар массивтерінің шеттерінде өсімдіктер жабындарының ерекше бірегей типтерін кездестіруге болады. Эфемеройдты-астық тұқымдасты, жартылай-бұташалы, мол эфемеройдты-астықтұқымдасты, жартылай бұташалы және эфемеройдты-бұталы, солармен қатар Батыс Тянь-Шань және Қаратаудың оңтүстігін қоршаған жазықтықта ерекше қуаңшылық типті өсімдіктер жабыны - жартылай бұталы - эфемеройдтар қауымы таралған. Олардың әдебиеттегі аттары жартылай саванна, саванна және т.б. барлық тау етектеріндегі өсімдіктер жабындары типтерінің ауданы - 12,7 млн гектар.

Өсімдіктердің шөлдердегі типтерінде 120 формация бар екендігі туралы мәліметтер бар. Қазіргі кезге дейін 300 шамасында шөлдер қауымдары сипатталған соңғы мәліметтер бойынша шөлдерде өсімдіктер қауымдарының 400-ге жуық типтері бар екендігі туралы айтылады.

Өсімдіктердің қазіргі жағдайы және олардың биологиялық алуантүрлілігінің әлсіреуі шөлдердің әртүрлі тармақтарында бір деңгейде жүрмейді. Негізінен жусанды солтүстік шөлдері өте жақсы жайылымдықтар болғандықтан, қыстаулардың ауыл-селолардың айналасында, ошақтық шектен тыс мал жайылуы байқалады.

Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік шөлдерде шектен тыс мал жаюға қосымша өсімдік жабындарының бұзылуы әртүрлі техногендік (мұнай, газ өндіру, шөп шабу және т.б.) факторларға байланысты.

Тау етектеріндегі өсімдіктер жабындарының бұзылуы айтарлықтай жүруде. Соның нәтижесінде өзіндік ерекшелігі бар қазақстандық эфемеройдты жусандар шөлдері жойылып кетті деуге болады. Бұл, негізінен, суарылатын егін шаруашылығы және шектен тыс мал жайылатын аудандар, сондықтан халықтар көбірек шоғырланған.

Ормандар

Ормандар массиві, негізінен, Алтай Тянь-Шань тауларында және кейбір жеке массивтер Солтүстік Қазақстандағы жазықтықта және ұсақ шоқыларда таралған.

Қазақстандағы ормандардың жалпы ауданы - 24568,2 мың гектар. Орманмен толық жабылған территория - 10503,6 мың гектар. Орманмен нақты жабылған жерлер құрамында: сексеуіл (Haloxylon-саксаул) - 5 млн гектар, қарағай (Pimis-сосна) - 963 мың гектар, қайың (betula-береза) - 900 мың гектар, самырсын (Abies-пихта) - 384 мың гектар, көктерек (Populus tremula-осина) - 296,8 мын гектар, балқарағай (лиственница) - 175 мың гектар, шыршалар (Рісеа-ель) - 168,2 мың гектар, Сібір қарағайы (Picea sibirica - Сосна-кедровая) - 43,3 мың гектар. Ормандардың 13337,4 мын гектары ұзақ уақыт пайдалануға берілген.

сексеуіл (Haloxylon-саксаул)

қарағай (Pimis-сосна)

самырсын (Abies-пихта)

Орманды дала аймағының ормандарын түзушілер, негізінен, қотыр қайың (Betula pendula Roth, - береза бородавчатая), үлкен қайың (Betula pubescens Ehrh. - береза пушистая), көктерек (Populus tremula L. - осина), тал (Salix - ива) аралас.

(Betula pendula Roth, - береза бородавчатая)

Үлкен қайың (Betula pubescens Ehrh. - береза пушистая)

Көктерек (Populus tremula L. - осина)

Дала аймағының ормандары жер рельефінің сай жерлерінде - қайың және көктерек, ал құмды-борлы (песчана-боровая) алқаптарда кәдімгі қарағай (Pinns silvestris L. - сосна обыкновенная) өседі.

Шөл аймағының ормандарын құрайтын - негізінен қара сексеуіл {Haloxylon appyllum - саксаул безлистный) және ақ сексеуіл (Haloxylon persicum Bunqe et Boiss. et Buhse - саксаул персидский). Ол сексеуілдерден құралған ормандар ауданы 10 млн гектардан 5 млн гектарға дейін азайды.

қара сексеуіл (Haloxylon appyllum - саксаул безлистный)

ақ сексеуіл (Haloxylon persicum Bunqe et Boiss. et Buhse - саксаул персидский)

Тораңғыдан (түрлі жапырақты терек, тораңғыл (Populus diversifolia - тополь разнолистный)), тораңғылдан (Populus pruinosa - тополь сизолистый), (Populus taktssica кот- Таласс терегі) жидеден (Elaeagnus angustifolia) құралған тоғайлы ормандар өзендер бойында тар алқапта өседі. Олардың едәуір массивтері деградацияға ұшыраған (нашарлаған).

Қазақстан тауларындағы ормандарға келетін болсақ, Алтай, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы ормандары едәуір биологиялық алуантүрлілікпен сипатталады. Алтай тауының төменгі алқаптарында жапырақты ормандар (Betula - қайың, Populus tremulu L. - көктерек (осина)) өседі. Сібір самырсыны (Abies sibirica Ledeb - пихта сибирская) молырақ таралған. Жеке учаскелерде самырсын қарағайы (Pinus sibirica Dutour - сосна кедровая), Сібір балқарағайы (Larix sibirica Ledeb - лиственница сибирская) араларында өседі, аз да болса Сібір шыршасы да (Picea obovata Lеdeb - Ель сибирская) кездеседі.

самырсын қарағайы (Pinus sibirica Dutour - сосна кедровая)

Сібір балқарағайы (Larix sibirica Ledeb - лиственница сибирская)

Сібір шыршасы да (Picea obovata Lеdeb - Ель сибирская

Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғар Алатауындағы ормандарда биологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл таулардың төменгі белдеулерінде Семенов үйеңкісінің (Acer Semenovi Regel et Herd - клен Семенова) фрагменттерін көруге болады. Жоғарырақ Сиверс алмасы (Mains sieversii (Ledeb) М. Roem - яблоня Сиверса), Жоңғар доланасы (Crataegus songorica С. Koch - боярышник кровавокрасный) және көктерек (Populus tremula L - осина) өседі.

Таулардың ортаңғы белдеулерінде Шренка шыршасы (Рісеае schrenkiana Fisch. et С.А. Меу. - ель шренка), ормандар және шалғындықтар жоғарырақ аршаларға (қара арша – Juniperus pseudosabina - Сібір аршасы, J. Sibirica) және Альпі шалғындықтарына ауысады.

Деградация барысында ормандардың шекаралары өзгеріп ауысады.

Батыс Тянь-Шаньның ормандарында Түркістан аршасы (Juniperus Turtectanica - можжевельник туркестанский), сауыр аршасы (Juniperus semig - lobosa Regel - можжевельник полушаровидный), Зеравшан аршасы (J Seravschanica Кот - можжевельник зеравшанский) кеңінен таралған.

Бұл, регионның Солтүстік жағында Оңтүстікпен салыстырғанда жағдай нашар. Соған байланысты Солтүстік жағында жылу сүйгіш түрлер (жанғақ - Juglans - орех, бадан - Amygdalus - миндаль) және т.б. кездеспейді. Жаңғақ (Juglans), терек (Populus) және қайың (Betula) ормандары деградацияға ұшырап нашарлаған.

Қазақстандағы шалғындықтар ауданы шамамен 6 млн гектар дай. Өнімді суарма шабындық - 2,2 млн гектар, оның ішінде су жайылған жерлер мөлшері - 1,3 млн гектар. Жер астындағы су деңгейінің төмендеуі, топырақтың кебуі және сортаңдануы шабындық өсімдіктерінің деградациясының (агроботаникалық құрамының нашарлауы) өсімдіктің азаюына, пішен шабатын алқаптың жайылымдыққа ауысуына және биологиялық алуантүрліліктің әлсіреуіне әкеледі.

Шабындықтардың ерекше өзгерістерін Іле, Сырдария, Шу өзендерінің төменгі алқаптарында және жайылмаларында көруге болады. Бұл жерлерде жоғары өнімді қамыстар деградацияға ұшырады.

Өзен суларының тартылуына байланысты көп жерлерде шабындықтар деградацияға ұшырап жойылуда.

Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі

Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар - республикамыздағы байлықтарымыздың бірі. Сондықтан оларды қорғау, тиімді пайдалану - біздің борышымыз, жануарлардың біразы сапалы ет, май, сүт, бағалы тері берсе, кейбіреулері ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері.

Қ азақстан жануарлар әлемінде 835 омыртқалылар түрі, оның ішінде 178 сүтқоректілер түрі, оның 48 түрі (27%) кәсіптік ауланатын түрлерге жатады. Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі ақбөкен, киік - сайгак, бұлан - лось, елік - косуля, қабан, таутеке, құдыр-қабырға, марал кәсіптік ауланатындар. Республикамыз терісі үшін ауланатын аңдарға бай. Мысалы, кәмшат - соболь, түлкі - лисица, ондатр, суыр - сурок, сары-шұнақ - суслик және т.б. Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты жабайы, аңдардың мекен-жайлары жаңарып қайта құрылуда деуге болады. Олардың саны да өзгерді. Кейбір жануарлардың жалпы саны азайды, ал кейбіреулері көбейді. 1996 жылғы мәліметтер бойынша (Байтулин, 1996), ақбөкендер саны - 850-900 мың, елік - 30 мың, қабандар - 10 мың, таутеке - 20 мың, марал - 15 мың шамасында. Қасқырлар мен шибөрілердің саны көбейді. Қасқырлар - 100 мың, ал шибөрілер - 50 мың шамасында. Бұл жыртқыштардың санын азайту республикамызда мал шаруашылығын дамытып, кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зор.

ақбөкен, киік - сайгак

бұлан - лось

елік - косуля

Қазақстанда кездесетін әртүрлі мәліметтер бойынша құстар түрлерінің 140 түрі кәсіптік ауланатындар қатарына жатады. Олардың ішіндегі ең маңызды топтар - ол суда жүзгіш жабайы құстар (43 түрі). Олардың ішінде: қаздар (гуси), үйректер (утки), қасқалдақтар (лысухи). Олардың қоры белгісіз. Қазақстан су қоймаларында 7-8 мың құс ұя салады, ал маусымдық миграция кезінде 8-10 млн құс. Қазақстан территориясы арқылы ұшып өтеді.

қаздар (гуси)

қасқалдақтар (лысухи)

үйректер (утки)

Қазақстанның байырғы (абориген) ихтиофаунасында Каспий теңізіндегі түрлерді қосқанда 96-97 түр белгілі, акклииматизациялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан ихтиофаунасы 23 жаңа түрмен толықты. Көптеген аулақтанған су қоймаларының ихтиофаунасы жасанды құрылған. Мысалы, Балқаш су қоймасында 13 байырғы түріне 24 жаңа түр қосылған. Талас су қоймаларының 6-7 жергілікті түрлеріне 13 жаңа түр қосылған.

Қазіргі Қазақстан ихтиофаунасы бір-бірінен жекеленіп, аулақтанған Каспий, Арал, Ертіс, Балқаш және т.б көлдер өзендер жүйелерінен құралған. Әрбір су бассейнінде оның ихтиофаунасын қайта құру туралы жұмыстар жүргізілген, нәтижесінде олардағы түрлердің құрамы өзгерген.

Каспий бассейні

Орал, Ембі және Каспий теңізі акваториясында балықтардың 63 түрі мекендейді. Каспий су қоймасына қатысты ерекше көңіл аударуды қажет ететін балықтар, ол бекіреге (осетр) жататын 5 балық түрі:

1) қортпа (белуга);

2) бекіре (осетр);

3) шоқыр (севрюга);

4) сүйрік (стерлядь);

5) пілмай мекіре (шип).

Б ұл аталған балықтардың қоры соңғы жылдары бақылаусыз аулаудың нәтижесінде азайып кетті.

қортпа (белуга)

бекіре (осетр)

шоқыр (севрюга)

сүйрік (стерлядь)

Арал бассейні

Арал бассейнінің ихтиофаунасы алуан түрлі. Аралдың алуан түрлі ихтиофаунасы Әмудария және Сырдария өзендерінің ортаңғы ағысында мекендейді. Қазақстан территориясындағы бөлігінде балықтың 59 түрі кездеседі, оның 11-12 түрі эндемдер және 24 түрі жерсіндірілген. Арнайы мақсат қойып зерттелмегендіктен балықтардың кейбір түрлері анықталды, ал кейбір түрлері жоғалды деп нақты сеніммен айту қиын. Мысалы, Арал албырты (Аральский лосось), шортан тәрізді акмарка және т.б туралы. Теңіздегі өткінші 10 түрдің популяциялары жоғалды, яғни түрлердің алуантүрлілігі қысқарды. Шаруашылықтағы бағалы балықтардың Аралдағы қоры түгел жойылды деуге болады. Бұрын 20 мың тоннадай балық ауланатын болса қазіргі кезеңдегі Сырдария және Шу су қоймаларынан ауланатын балықтар бұрыңғы балық өнімдерінің орнын толтыра алмайды. Қазіргі кезде кіші Арал қалпына келтіріліп, балықтар өсірілуде. Бәрі орнына келіп жөнделеді деп айтуға болады.

Арал албырты (Аральский лосось)

Ертіс бассейні

Ертіс су қоймаларында балықтардың 32 түрі кездеседі, оның 5-еуі жерсіндірілген, сырттан ендірілген балықтар саны іс жүзінде көбірек, өйткені Синцзян жағынан жерсіндірілген балықтардың экспансиясын байқауға болады, бірақ ол туралы арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Биологиялық алуантурліліктің азаю қаупі бар, әсіресе өздерінің белгілі ареалдары бар, бірақта популяция саны Қазақстанда азайып бара жатқан түрлердің мысалы, Сібір бекіресі (Acipenser bueri - сибирский осетр), сылан (нельма) және т.б. олардың саны кәсіптік аулаудың салдарынан азаюда.

сылан (нельма)

Балқаш-Алакөл көлдері бассейні

Бұл бассейннің жергілікті ихтиофаунасы 13 түрден құралған. Олардың ішінде байырғы - эндем, алабұға (Perca Schrenki -окунь балхашский). Биологиялық алуантүрлілігі жоғалып бара жатқан, қолталма (гольян озерный), талма балық (голец) түрлері әлі толық зерттелмеген. Балқаш және Іле өзені ихтиофаунасында сырттан ендірілген 24 балық бар екендігі айқындалған. Олардың саны Синцзяннан миграция болуының нәтижесінде тұрақты көбеюде.

Балық және балық тәрізділердің 16 түрінен сирек және жоғалып бара жатқандар қатарына 7 түрді жатқызуға болады. Сырдария тасбекіресі (лжелопатонас), Арал пілмайы (шип аральский), Арал және Каспий албырты (лосось), Шу сүйір-қанаты (чуиская остролучка), Іле шармайы (илииская маринка), Арал албырты (аральский лосось) Қазақстан су қоймаларынан жойылып кетті деген болжамдар бар. Саны күрт азайып бара жатқан категорияға 7 түрдің және түр тармақтарының өкілдерін жатқызуға болады: Каспий тілтістілері (каспийская минога), Волга майшабағы (волжская многотичинковая) сельдь: Таймень. сылан (нельма), Бұқтырма-Зайсан популяциясы, Арал және Түркістан қаязы (усачи), Балқаш алабұғасы (балхашский окунь) және Балқаш-Іле популяциясы.

Балықтардың байырғы түрлерінің және түр тармақтарының апатты жағдайының негізгі себептері - су қоймаларының гидрологиялық режимінің бұзылуы және химиялық ластануы оларға қосымша жергілікті ихтиофаунаға жат түрлерді бақылаусыз жерсіндіру.

Арал және Түркістан қаязы (усачи)

Балқаш алабұғасы (балхашский окунь)

Қазақстанда омыртқасыздардың 100 мыңнан астам түрлері мекендейді. Түрлер саны жағынан олар омыртқалылардан 100 есе артық. Омыртқасыздардың биомассасы омыртқалылардан анағұрлым артық, олар табиғатта заттардың айналуында үлкен рөл атқарады. Қазақстандағы омыртқасыздардың негізгі маңызды типтері:

1) былқылдақденелілер (моллюски) - 300 шамасында түрлер кездеседі;

2) буынаяқтылар (членистоногие) - 60 мыңдай;

3) жәндіктер (насекомые) - 50 мыңдай;

4) өрмекші тәрізділер (паукообразные) -10 мыңдай;

5) буылтық құрттар (кольчатые червы) — 100 түрдей;

6) жалпақ құрттар (плоские червы) - 100-ден астам;

7) қарапайымдылар (простейшие) типі топтарының құрамасы -10 мыңнан астам түрлер.

Тың жерлерді жаппай жыртудың, топырақ эрозиясының, табиғаттың техногенді және ауыл шаруашылық ластануының нәтижесінде далалардағы және таулардағы далалық белдеулерде жануарлар дүниесі зардап шекті. Көптеген жәндіктер (насекомдар) - фитофагтар, өсімдіктерді тозаңдандыратын аралар, жыртқыш және арамтамақ буынаяқтылар және басқа да пайдалы омыртқасыздар сирек немесе тіптен жойылып кетті. Зооценоздар құрылымы өзгерді. Пайдалы омыртқасыздардың түрлік кұрамы кедейленіп, олардың сандары азайып қана қоймай, кейбір зиянды омыртқасыздар сандары көбейді. Мысалы, ауыл және орман шаруашылығы зиянкестері - эвриобионттар көбейді. Екінші жағынан тар маманданған түрлер, оның ішінде сирек кездесетін, көнеден қалған (реликт) және байырғы (эндем) түрлер сандары күрт азайып, кейбір жерлерде тіпті жойылып кетті.

Омыртқасыздар фаунасындағы үлкен өзгерістер, әсіресе олардың сандарының азаюы ірі өндіріс орталықтары маңайында, әсері полигондар территориясында және пайдалы қазбаларды өндіру аудандарында байқалады. Еліміздің фаунасындағы қолайсыз, теріс өзгерістерді Қазақстанның «Қызыл кітабынан» көруге болады. «Қызыл кітапқа» жәндіктердің (насекомые) - 96 түрі, былқылдақденелілердің - 6 түрі, буылтық құрттардан (кольчатные червы) - 2 түр, шаян тәрізділерден (ракообразные) -1 түр, омыртқалылардың 125 түрі (түр тармағы, популяциялар) кіргізілген, оның ішінде құстар - 56, балықтар - 16. Бауырмен жорғалаушылар (пресмыкающиеся) - 10, қосмекенділер (земноводные) - 3, Қызыл кітапқа енгізілген сүтқоректілердің 40 түрінің ішінде 9 түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Ол 9 түрдің ішінде 4 түрі (қызыл қасқыр, Европа су күзені - норка, қабылан - гепард, қызыл құм тау қойы) Қазақстан территориясынан әлдеқашан жоғалып кеткен.

Сандары азайып бара жатқан топқа немесе категорияға жататындар: құланның түркімендік түршесі, арқардың тянь-шаньдық түршесі, Орта Азиялық су құндызы (выдра), Батыс Тянь-Шань эндемі, Мензбир суыры (сурок) жұпар тышқан (выхуколь).

Жоғалып бара жатқан түрлерге жататын құстардың 15 түрінің ішінде мрамор шүрегейін (мраморный чурок) Қазақстан территориясында 20 жылдан бері ешкім кездестірген жоқ. Ақ дегелек (белый айст) жоғалып кету алдында тұр. Сұңқардың (сокол) жоғалып кету алдында үш түрі (балабан, сапсан, шахин) апаттық жағдайда тұр. Әсіресе, Балабан сұңқары - арабтардың сүйікті объектісі, құстардың бағасы өте жоғары болуына байланысты, оларға үлкен зиян келуде. Бірінші категорияға енген құстардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: қызғылт бірқазан (розовый пеликан), дуадақ (дрофа), тарғақ (кречетка), мойнақ шағала (реликтовая чайка), ақбас үйрек (савка), балықшы тұйғын (скопа), ұзынқұйрық орлан (орлан долгохвост).

Құстардың 15 түрінің сандары азаюда. Бұйра бірқазан (пеликан кудрявый), сарықұтан (цапля желтая), қарабай (кара-вайка), қоқиқаз (фламинго), жалбығай (колпица), қызылжемсау қарашақаз (краснозобая казарка), сұңқылдақ аққу (лебедь кликун), жыланша (змееяд), аққұйрық су бүркіт (орлан-белохвост), Алтай ұлары (алтайский улар), көкмаңдай (султанка), безгелдек (стрепет), жек дуадақ (джек), қарабас өгіз шағала (хохотун черноголовый), үкі (филин). Жоғарыда келтірілген түрлерден, негізінен ауланатын құстар түрлері немесе ерекше сұраныс бары - сұңқарлар және үкі (бас киімдерді әшекейлеу үшін қауырсындары алынады) және т.б. сандарының азайып бара жатқанын байқауға болады. Қосмекенділерден ең сирек кездесетіндері қызыл аяқ бақа (лягушка сибирская), бауырмен жорғалаушылардан - сұр кесел (варон серый).

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қазақстанның қызыл кітабына жалпы сипаттама

  2. Биоресурстар туралы түсінік

  3. Популяцияның тіршілікке қабілеті ең аз мөлшерінің мәні

  4. Экологиялық минимум және максимум заңы

  5. Қазақстанның шөл, дала, орман т.б. бөліктеріне жалпы сипаттама

  6. Популяцияға тән негізгі көрсеткіштері

  7. Қазақстан территориясында жоғалған өсімдіктер және жануарлардың түрлері

  8. Өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі

  9. Ресурстардың биология жүйесіндегі орны

  10. Жануарлар әлемінің алуантүрлілігі