- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
* Өсімдіктер майларының типтері
• Шыны майлы өсімдіктерді пайдалану
• Эфир майларының өсімдіктер құрамында болуы
• Эфир майларын шаруашылыкта пайдалану
• Қазақстанда өсетін эфир майлы өсімдіктер
Өсімдік түрлерінің 90%-ға жуығының тұқымдарында майлар болады, майлар өсімдіктің басқа мүшелерінде де жинақталуы мүмкін. Қорға жиналған майлардың негізгі рөлі - ол олардың қорлық материалдар ретінде пайдалануында. Мысалы, тұқым өніп өскенде, ұрық дамығанда, оларға қосымша майлар өсімдіктің табиғатына қолайсыз жағдайларынан сақтайтын қорғаушы рөлін атқарады, мысалы, температура өте төмендеп кеткенде. Қыстайтын тұқымдардың жарнақтарында жиналған майлар күн суытқанда ұрықты үсіп кетуден сақтайды. Бірқалыпты климат жағдайында өсетін ағаштар тыныштық күйіне көшкенде олардың сүректеріндегі крахмал майға айналып, өсімдіктің суыққа төзімділігін арттырады.
Майлар түгелдей май қышқылдарының глицеринінен тұрады, яғни глицериннің эфирлерінен және жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады.
Глицериннің жалпы формуласы:
СН2 – О – СО – R1
|
CH – O- CO – R2
|
CH2 – O – CO – R3
Мұндағы R, R2,R3,- май қышқылдарынын радикалдары.
Табиғи майларда 200-ден астам әртүрлі май қышқылдары бар. Олардың көпшілігінде углеродтар атомы 8-ден 24-ке дейін.
Өсімдіктердегі майлардың пайда болуы және жинақталуы организмдердің тіршілігімен тығыз байланысты жүреді. Ол белгілі өсімдік түрінің тұқымқуалаушылық ерекшеліктеріне, онтогенезінің кезеңдеріне және қоршаған ортаға, тіршілік ортасының ерекшеліктеріне байланысты. Тұқымдардың немесе жемістердің пісіп - жетілу процесінде, майдың мөлшері және оның химиялық құрамы тұрақты емес тұқым немесе жемістің қалыптаса бастағанынан толық піскенше көбейеді. Бұл процесте майлардың сапалық құрамы (қаныққан немесе қанықпаған) азды - көпті тұрақты болады.
Климат факторлары жарық, жылу және ылғал өсімдік мүшелерінде майдың түзілуіне немесе пайда болуына елеулі әсер етеді.
Оңтүстік ендіктерден Солтүстікке жылжыған сайын өсімдіктегі майдың мөлшері артады және майдағы шексіз қышқылдардың мөлшері артады.
Солтүстік ендіктердегі өсімдіктер мүшелерінде май мөлшерінің көп болуы және қанықпаған май қышқылдарының мөлшерінің артуы өсімдіктерге суықтан сақтануға мүмкіншілік береді.
Географиялық ендікке байланысты зығыр майындағы (Linum-Лен) йодтың саны (қышқылдың болуын сипаттайды) былайша өзгеретіндігі анықталды.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша климаттың әсерін, оның әртүрлі факторларын бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды және өсімдіктің табиғи фитоценоздар жағдайында немесе екпе жағдайда өскендігін де есепке алу керек.
Жарық және жылу – климаттың өсімдік тіршілігіндегі биохимиялық процестерге әсер ететін маңызды факторлары. Ол процесс өз кезегінде өсімдік мүшелерінде майдың түзілуіне әсер етеді.
Климаттың тағы бір маңызды факторлары – ол, әрине су. Су өсімдіктегі кез келген органикалық заттың құрамында негізгі материал болып саналады. Судың жеткіліксіздігі өсімдіктің синтетикалық қызметін нашарлатады, оның ішіндегі май қышқылдарының және триглицериндердің де түзілуін нашарлатады. Майлардың түзілуіне топырақ құрамы және екпе жағдайдағы өсімдіктерге тыңайтқыштар әсер етеді. Майлардың қасиеті май - қышқылдарының сапасымен, олардың сандық ара қатынастарымен, глицеринмен байланыспаған бос май қышқылдарының пайызымен және әртүрлі үшглицериндердің ара қатынасымен анықталады.
Майлардың химиялық қасиеті олардың сабындану, ащылану, кебу және гидрогенизацияға қабілетсіздігімен көрінеді.
Өсімдіктер майларын екіге бөлуге болады:
1) Сұйық майлар.
- кеуіп қалмайтын: зәйтүн (оливка), бадам (миндаль), жер жаңғағы (арахис), үпілмәлік (клещевина);
- жартылай кебетін: күнбағыс (подсолничьник майы, мақта (хлопок) майы, жүгері (кукуруза) майы.
2) Қатты майлар (какао майы).
Зәйтүн (Oleum Olivarum - Олеасеае тұқымдасы) майы. Өсімдік Olea europaeca - маслина европейская. Европа зәйтүні - oleaceae тұқымдасынан. Бұл өсімдік Қазақстанда кездеспейді. Мәңгі жасыл ағаш биіктігі - 3-7 м. Зәйтүннің отаны – Жерорта теңізінің Оңтүстік Шығыс бөлігі (Сирия, Оңтүстік Анатолия және көршілес аралдар). Ерте заманнан Жерорта теңізі елдерінің бәрінде мәденилендірілуде. КСРО (қазіргі ТМД) өздерінде, Қара теңіз жағалауында, Әзірбайжанда, Шығыс Грузияда және Оңтүстік Батыс Түркменияда кеңес ғалымдары селекционерлері шығарған сорттар егіледі.
Дәрілік шикізаты.
Зәйтүннің жаңа жиналған жемістерін тағамдық өнім және медициналық, тағамдық және техникалық зәйтүн майын алу үшін пайдаланады.
Химиялық құрамы.
Жеміс жұмсағында шыны майдың (жирное масло) мөлшері -50-70%, ал тұқымдарында - 20%.
Медициналық шыны майы, негізінен таза триолеиннен тұрады. Майдың техникалық сорттары «ағаш» майы деген атпен белгілі, ол май сабын қайнатуда пайдаланылады.
Пайдалануы.
Зәйтүн майы камфараның инъекциялық ерітіндісін дайындағанда еріткіш ретінде және жыныс гормондарының препараттарын дайындағанда пайдаланылады.
Бадам (Amygdalus - миндаль)
Кәдімгі бадам (Amygdalus communis - миндаль обыкновенный) - Rosaceae тұқымдасынан.
Бұта немесе аласа ағаш биіктігі - 2-6 м. Жалпы бұл өсімдік Кавказда, Орта Азияда, Иранда, Балканда, Кіші Азияда, Палестинада, Алжирде кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда ауылдық жерлерде екпе жағдайда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты ретінде піскен жемістерін жинайды. Тұқымдары дәрілік шикізаты болып саналады.
Химиялық құрамы.
Тұқымында 20-60% эмульсин ферменті, 2-3% қант, В2 витамин болады. Медициналық бадам майы 85% олеин қышқылының бір қышқылды үшглицеридінен, 12% линол үшглицеридінен, 3% шекті қышқылдардан құралған.
Пайдалануы.
Камфора және жыныс гормондары препараттарын дайындауда инъекция түрінде пайдалануға ерітінді ретінде қолданылады. Бадам майынан май эмульсиясы, ал тазаланған тұқымынан тұқым эмульсиясы алынады.
Шабдалы майы - Oleum persicorum.
Шыны майы шабдалының және өріктің тұқымынан алынады. Кәдімгі шабдалы - Persica vulgaris Mill - персик обыкновенный және кәдімгі өрік (Агmenіса vulgaris - абрикос обыкновенный) Rosaceae тұқымдасынан.
Бұлар жалпыға белгілі жеміс ағаштары, шабдалы - тек екпе жағдайда өсетін өсімдік. Өрік жабайы түрінде Дағыстанда, Орталық Азияда, Тянь-Шаньда кездеседі және екпе жағдайда кеңінен өсіріледі.
Дәрілік шикізаты - тұқымы.
Сырт көрінісі бойынша шабдалының және өріктің тұқымдарын бадамның тұқымынан ажырату қиын.
Химиялық құрамы.
Шабдалының тұқымдарында 55%, ал өріктің тұқымдарында 30-50% шыны майы болады.
Екеуінің тұқымдарында да эмульсин ферменті және гликозид амигдалин болады.
Шабдалы және өрік тұқымдарынан алынатын шыны майлары «Шабдалы майы» деген атпен белгілі. Олар құрамы бойынша бір-біріне ғана емес бадам майына да өте жақын.
Пайдалануы.
Бадам майының пайдалануына ұқсас.
Арахис майы.
Өсімдік аты - жер жаңғағы (арахис - Arachis hypogaea L.).
Fabaceae тұқымдасынан. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Жер астында жеміс-боб дамиды.
Дәрілік шикізаты.
Ашылмаған цилиндр тәрізді топтары. Боб немесе бұршақтарында 2 тұқымы болады. Жер жаңғақтың отаны - Бразилия. Өте ерте заманнан бері белгілі майлы өсімдік. Оңтүстік Америкада, Үндістанда, Қытайда, Орталық және Оңтүстік Африкада екпе жағдайында-өсіріледі. Бұрынғы KCPО-да. Кавказда, Украинаның Оңтүстігінде, Орта Азияда өсіріледі. Қазақстанда Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында суарылатын жерлерде екпе жағдайында өсіріледі. Жер жаңғағы жер шарындағы ең жақсылар қатарындағы тағамдық шыны-майлы өсімдік.
Химиялық құрамы.
Жер жаңғағы тұқымында 40-50% шыны май, 20-30% белокты заттар, 20% крахмал, қант, Е витамині болады.
Арахис майы триолеинге (70%) өте бай. Құрамында 15 % липолев қышқылының үшглицеридтері және 20% қаныққан (арахис пальмитин, стеарин) қышқылдары болады.
Пайдалануы.
Суық пресс жолымен алынған майы әртүрлі дәрілік қосылыстар дайындауға (денеге) қолданылады. Гидрогенизация жолымен алынған арахис майы денеге жағатын майлардың негізі ретінде пайдаланылады.
Кастор майы - Oleum Ricina.
Өсімдік аты - Ricinus communis L. - кәдімгі кене дәні (май кене, үпілмәлік - клещевина обыкновенная) - тұқымдасынан.
Бұрынғы КСРО елдерінде екпе жағдайында ірі біржылдық өсімдік биіктігі 2 м-ге дейін (кейде 3 м-ге).
Қазақстанда майлы өсімдік ретінде мәдени түрде суарылатын жерлерде өсіріледі. Өткен жылы егілген учаскелердің айналасында кейде кездеседі. Табиғатта Іледе, Күнгей Алатауында (Алматы облысы), Батыс Тянь-Шаньда (Шымкент қаласының төңірегінде) кездеседі. Мәдени өсімдік ретінде дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі деуге болады. Кәдімгі кенедәнінің отаны - тропикалық Африка. Ол жерлерде кенедәні көпжылдық өсімдік, биіктігі 10 м-ге дейін КСРО елдерінде Солтүстік Кавказда, Орта Азияда, Украинаның далаларында екпе өсімдік ретінде өсіріледі. Бұрынғы КСРО елдерінде кәдімгі кенедәнінің кеңес ғалымдары шығарған сорттары егіледі. Ол сорттар екі топқа бөлінеді:
1) жарылатын қорапшаларымен және майда тұқымдарымен (1000 данасының салмағы 200-300 гр);
2) жарылмайтын қорапшаларымен және ірі тұқымдарымен (1000 данасының салмағы 700-800гр).
Дәрілік шикізаты - тұқымдары.
Химиялық құрамы.
Тұқымдарында шыны майы 40-60% және фермент липаза, 17% белокты заттар (глатбулин және альбумин). Белокты заттар ішінде улы зат - токсальбумин рицин жинақталады. Рицин эндоспермде және ұрықта 2-3 % шамасында жинақталады. Кәдімгі кенедәні тұқымында 0,1-1% шамасында алкалойд рицинин болады.
Пайдалануы.
Белгілі iш айдағыш дәрі медициналық майдан басқа өндірісте авиациялық және техникалық кенеден майын шығарады. Моторларды майлайтын заттарға қосады. Техникалық майларды сабын қайнатқанда, олиф дайындағанда пайдаланады. Күнжарасы улы зат болғандықтан азоттық тыңайтқыш ретінде және клей алу үшін пайдаланады.
Кәдімгі кенедән өте ерте заманнан дәрілік өсімдік ретінде белгілі. Ол өсімдіктің белгілері ертедегі египеттіктерден табылған.
Күнбағыс майы
Өсімдік аты - біржылдық күнбағыс -подсолнечник однолетнии.
Біржылдық, шөптесін өсімдік биіктігі - 2,5 м. Күнбағыстың отаны - Солтүстік Америка. Бұрынғы КСРО елдерінде күнбағыс негізгі майлы өсімдік ретінде Ресейде - Воронеж облысында, Солтүстік Кавказда, Паволжьеде, Украинада, Қазақстанда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты.
Піскен тұқымшалары селекциялық сорттарына қарай тұқымшалардың мөлшері және салмағы 1000 тұқымшасын алғанда 40 грамнан 200 грамға дейін өзгереді.
Химиялық құрамы.
Күнбағыстың тұқымшасында 35 %-ға дейін шыны майы болады, көмірсулар - 24-27 %, белокты заттары - 13-20%, фитин - 2 %, хлороген қышқылы - 2%, аз да болса илік заттар және органикалық қышқылдар болады. Жапырақтарының 100 грамында 11 мг каротин болады.
Күнбағыс шыны майында май - 39 %, олейн үшглицериді - 47%, линолев және 9% шектеулі қышқылдардан тұрады.
Пайдалануы.
Майын денеге жағуға пайдаланылатын дәрілік заттардың (майдың) еріткіші ретінде қолданылады.
Мақта майы.
Өсімдік аты - мақта (Gossypium - хлопчатник), Malevaceae (құлқайырлар - мальвовые) тұқымдасынан.
Химиялық құрамы.
Мақта майының негізгі компоненттері - трилинолин (45% шамасында), триолейн (35%) және құрамында пальмитин және стеарин қышқылдары бар үшглицеридтер. Мақтаның шыны майы олардың қабықтарынан және қылшықтарынан тазалағаннан кейін тұқымдарын сығып алады. Тұқымдағы майдың мөлшері 30% шамасында болады. Мақтаны жаңа сығып алғанда құрамында 2% бояғыш, қарамай, белокты заттар және госсиполо болады.
Пайдалануы.
Мақта майы - тағамдық өнім. Фармацияда мақта майының гидрогенизаторлары пайдаланады.
Жүгері майы.
Өсімдік аты - жүгері (Zea mays L - кукуруза).
Біржылдық өсімдік биіктігі - 80-300см. Жүгерінің отаны -Америка (Мексика, Перу). Қазақстанның барлық региондарында екпе жағдайда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты.
Жүгері дәндерінің ұрықтары. Жүгері дәндерін тартып ұн алғанда оның ұрықтары қалдық ретінде қалады.
Химиялық құрамы.
Жүгерінің ұрықтарында 49-57 % шыны майы болады, 13-18 % белокты заттар, 5 % фитин, токоферолдар және басқа заттар болады.
Жүгерінің ұнын өндіргенде ұрықтары қалдық ретінде қалады және май шамамен 18-20% болады. Жүгері майында олейн (45%-ға дейін), линолев (48%-ға дейін) және шекті қышқылдар (11%-ға дейін) болады. Жүгері майында Е витамин және фитостериндер болады.
Пайдалануы.
Жүгері майының шипалық қасиеті майдың құрамындағы компоненттерінің комплекстік әсеріне байланысты.
Линолев қышқылы липидтердің бөлініп, организмнен шығарылуын тездетеді. Фитостерин ішек асқазанда және стериннің сіңірілуіне кедергі келтіреді.
Е витаминінің әсері әр жақты белок алмасуды тежейді, капиллярлардың күйрегіштігін, морттығын, жүйке клеткаларының азғындауын ескертеді. Осыған байланысты жүгері майын атрескелерозды емдеу және профилактикасын жасау үшін ішеді.
Зығыр майы.
Өсімдік аты - кәдімгі зығыр (лен обыкновенный).
Дәрілік шикізаты және оның химиялық құрамы.
Кәдімгі зығырдың ыстық қыспаққа алу арқылы майдаланған тұқымдарынан алынатын майы. Зығыр майы, негізінен олейн, линолев және ленелен қышқылдарының екі, үшқышқылды үшглицеридтерден тұрады.
Зығырдың тұқымдарындағы майдың мөлшері зығырдың қай түрге жататындығына, өскен регионының топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты 20-40% арасында болады.
кәдімгі зығыр
(лен
обыкновенный)
Пайдалануы.
Көп уақыт бойы зығыр майы медицинада тек күйікке жағатын линименттік алумен шектеліп келеді. Кейінірік зығыр майының май қышқылдарының липидтерді ыдыратып, организмнен шығаруға қабілеттілігі бар екендігі белгілі болғаннан кейін зығыр майының шипалық құндылығы арта түсті. Сонымен қатар жартылай қаныққан май қышқылдары адам және жануарлар организмінде простогландиндерді биологиялық синтездеуде алғашқы заттары болатындығы белгілі болды.
Зығыр майынан линетол препаратын алады. Линетол атресклерозды, күйікті, радиация сәулелерінің әсерінен пайда болған ауруларды және басқа да терінің ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Какао майы.
Өсімдік аты - Theobzoma саеа - шоколодное дерево. Stеrculiaceae тұқымдасынан. Мәңгі жасыл ағаш, биіктігі – 10-15м. Ылғалды тропика ормандарында өседі. Какаоның отаны – тропикалық Оңтүстік Америка және Мексика шығанақтары. Какаоның тұқымдарына мұқтаждық өтe жоғары болғандықтан, XII ғасырдан бастап какаоны плантацияларда алғаш Оңтүстік Америкада, әсіресе Бразилияда өсіре бастады. Қазіргі кезде какаоның плантацияларын Батыс Африкада (Нигерия, Гана және Гвиния және т.б елдер территориясынан) көруге болады. Какаоны қазіргі кезде Шри-Ланкада және Индонезияда өсіреді. Какао ағашы үшінші жылы жеміс бере бастайды, тек 8-10 жылдан кейін ғана мол өнім береді.
Дәрілік шикізат - оның піскен жемістері. Бір ағаш жылына 1-4 кг тұқым береді. Тұқымдарының қабығында алкалойд теобромин (2%-ға дейін) және кофеин (іздері), aл тұқымның өзінде шыны майы (50 %-ға дейін) болады.
Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда, тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша егер, мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы өсімдіктер шикізаты дайындалса, 1990 жылы 350 мың тонна, 2002 жылы 700 мың тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан - жылға өсуде. Эфир майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын болғандықтан, ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып, әртүрлі сорттар және гибридтер алудың манызы өте зор. Қазіргі кезде, әрине үлкен перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни, биотехнологиялық тәсілдерді, клетка, ұлпа және мүше культурасын пайдаланып жаңа шикізаттар алу.
Орта Азия флорасындағы эфир майлы өсімдіктер әлі жеткіліксіз зерттелген. Алғашқы ірі зерттеу жұмыстарын Орта Азия мемлекеттік университетінің ботаникалық бақтарының қызметкерлері 1930-1931 жылдары жүргізді. Олар өз жұмыстарын Гиссар жотасында (Тәжікстан) және Талас өзенінің ортаңғы ағысында (Қырғызстанда) жүргізеді.
Экспедициялық жағдайда эфир майлы 75 өсімдіктің сипаттамасы берілді.
1938 жылы Шатқал экспедициясында эфир майлы өсімдіктерді сипаттауға қосымша өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріндегі олардың (яғни эфир майларының) мөлшері анықталды. Ортa Азияның жабайы өсетін хош иісті өсімдіктері ішінде Artemezia absinthium L (ащы жусан - полынь горькая); Artemizia аnnuа L (біржылдық жусан - полынь одналетная); Artemizia cina L Beng ex. Poljak (дәрмене жусан - полынь цитварная) ерекше аталып көрсетілді.
Т.П.Березовская (1968, 1970) Сібірде өсетін жусан түрлеріндегі эфир майларының химиялық құрамын зерттеді. Сібір территориясында жусанның 63 түрі кездеседі. Березовская олардың ішінде Таулы-Алтайда өсетін жусанның екі түрінің эфир майларын зерттеген. Т.П.Березовская (1976) эфир майларында 6,5% азулен болатындығын анықтады. Эфир майларын жинақтайтын бездер өсімдік гүлінің күлтесінде орналасқан.
Қазақстандық ғалымдар Чумбалов, Фадеева (1967, 1970) Чумбалов, Мухамедьярова (1970) шыралжын жусанын (А. Dracunculus - полынь эстроген), Іле жусанын (A. Transiliensis -п. заилийская), күздік жусанды (A.serotina - полынь осеним ) зерттеп, оларда флаванойдтар бар екендігін анықтады.
Л.С.Атюкина (1977) Қазақстандағы жусанның кейбір түрлерін зерттеп, оларда оксикумариндер бар екендігін анықтады. Оксикумариндер мөлшері өсімдіктің түріне байланысты 0,25-тен 1,52%-ға дейін өзгеретіндігін анықтады.
Мысалы, көкшағыр жусанда (Artemisia marschalliana - полынь маршалловская) - 0,25; құм жусанда (А. Агепагіа - полынь песчаная) - 0,66; бөлшекті жусанда (A. QuinqueloB - полынь пятидольчатая) - 0,97; шашақты жусанда (A.Scoparia - полынь метельчатая) - 1,52.
О.А.Коновалова, К.С.Рыбалю, А.И.Шретер (1976) КСРО флорасынан құрамында кумариндер бар жусанның 20 түрін тауып көрсетті.
М.И.Горяев (1952) өзінің монографиясында КСРО флорасындағы құрамындағы эфир майлары бар жусандарды көрсеткен, оның ішінде Қазақстанда өсетін жусанның түрлері де келтірілген.
Қазақстанда кеңінен таралған тамыр жусан (Artemisin terrae albae - п. белоземеяьная) өсімдігінің алғаш химиялық зерттеу жұмысын (Бетпақ даладан жинаған) Л.П.Данилевский (1935) жүргізді.
Л.П.Данилевский тамыр жусанда 0,79% эфир майы болатынын анықтады. Оның кұрамында мынадай компоненттер болды. Цинол - 8%, камфор - 37%, кумин альдегиді - 6%, борнеол -7%.
Алматы облысы Караой үстіртінде жиналған тамыр жусанда эфир майының мөлшері 0,87% болды. Жамбыл облысы Шу ауданынан жиналған тамыр жусанда эфир майының мөлшері 0,56% болды.
М.И.Горяевтің бірнеше авторлармен бірге жазып шығарған «Химический состав Польшей» деген кітабында жусан туыстарының, туыс тармақтарының, секцияларының әртүрлі өкілдерінің химиялық құрамдары келтірілген. Мұндай мәліметтер ғылым үшін өте құнды саналады. Өйткені мұндай мәліметтер жеке таксондардың биология - химиялық тұрғыдан филогениясын түсінуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар пайдалы органикалық заттардың түзілу заңдылықтарын ботаникалық тұрғыдан табуға мүмкіншілік береді.
Орта Азия жағдайында эфир майлы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтерді И.К.Озолин (1931) мен С.Н. Кудряшев (1935) жарияланған мақалаларында көрсетті.
Орта Азия ботаникалық бағында олар біржылдық жусанды (Artemizia annua - п. однолетняя) зерттеді. Алынған эфир майының мөлшері - 0,08%.
Дәрмене жусанның (A. сіna – п цитвария) химиялық құрамын зерттеу үшін сол Орта Азия ботаника бағынан жинады. Ол өсімдіктегі эфир майы мөлшері 1,31 % балды.
Е.В.Вульф, Л.А.Михольсон (1937) мәліметері бойынша екпе жағдайда эфир майларының мөлшері шыралжында (A.dracunculus - п. эстрагон) - 1,018%.
A.nutans өсімдігінде -0,972% A.maritima өсімдагінде -0,985% екендігі анықталды.
Н.Т.Нечаева, С.Я.Приходька (1956) Түркменстан жағдайында жасанды жусандықтар жасау үшін екпе жағдайда Бадқыз жусаны - A.feadhysii (полынь бадхызская) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, сор топырақты жерлеріне егіп тәжірибе жасады.
Қазақстанда жусанды мәденилендіру туралы алғашқы мәліметтерді В.Н.Ворошилов (1941) жариялады. Екпе жағдайда ақшыл жусан медицина өндірісіне өте қажет, өйткені оның эфир майларында 73-96%-да камфора бар.
Қазақстан Ғылым академиясының бас ботаник бағында Іле жусанын (A.Transiliensis - п. заилиская) жерсіндіру туралы тәжірибелерді Е.А.Белова (1950, 1961) жүргізді. Тәжірибелік жағдайда ол жусанның биологиялық ерекшеліктері, өнімділігі зерттеліп, оны өсірудің тиімді агротехникасы жасалды.
Кейбір дәрілік және эфир майлы өсімдіктер жан-жақты зерттеліп, нәтижесінде оларды тиімді пайдалану ережелері ұсынылды.
Қазақстанның ботаник - ресурстанушылары эфир майлы өсімдіктерді зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті. Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны - 456, оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар 23 тұқымдасқа жатады.
Құрамында эфир майының мөлшері 1%-дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды. Олар:
Сібір қарағайы - сосна сибирская.
2.Сібір самырсыны - пихта сибирская.
3.Қызыл арша - можжевельник казачьии.
4.Түркістан аршасы - можжевельник туркестанский.
5.Сібір аршасы - можжевельник сибирский.
6.Бұқтырма либонотисі - порезник бухтарминский.
7.Ақшыл либонотис - порезник седоватный.
8.Ақышкен сасыры –ферула акчикенкая
9.Жоңғар сасыры - ферула джунгарская.
10.Салалы сасыры - ферула рассеченная.
11.Сыпырғы сасыры - ферула метельчатая.
12.Сібір жебірі - тимьян сибирский.
13.Маршалл жебірі - тимьян маршаловский.
14.Ірігүлді сайсасық - иссоп крупноцветковый.
15.Азия жалбызы - мята азиатская.
16.Бұташық аяния - аяние кустарничковое.
17.Сантолин жапырақ жусан - полынь санталинояиста».
18.Мұз жусан - полынь холодная.
Осы жоғарыда келтірілген 18 және қалған 20 түрінің ресурстық сипаттамасы берілген.
Эфир майлы өсімдіктердің және олардан алынған эфир майларының шаруашылықтың әртүрлі саласындағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда, косметикалық өндірісте, медицинада пайдаланылады. Мысалы, иіс сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90%-ы сол парфюмерия - косметология өндірісінде пайдаланылады.
Микробтарға қарсы инсектицидті, фунгицидті қасиетеріне байланысты эфир майлы өсімдіктер және олардың майлары халықтық және ғылыми медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майларымен емдеу өте тиімді болғандықтан, оларды ғалымдар ерекше терапия, ароматотерапия деп атады (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.).
Эфир майларының фармацевтикалық өндірісте дәрілік препараттарды өңдіруде маңызы зор. Мысалы, «Энатин» препараты құрамыңда андыз тамыр, айыр (Acorus calamus - айр, ирный корень) және жалбыздың (Menta - мята) майлары болады. «Артемира» препараты кұрамыңда жусанның, жалбыздың және шабдалының майлары болады. Аталған препараттың спазмаға зәр айдаушы, өт айдайтын әсерлері бар.
Бұрыш жалбыздың (Menta piperita - м. перечная) эфир майлары және оның кейбір компаненттері дәрілердің дәмін жақсарту үшін және ауыз шаятын ертінділерге, тіс пастасына, иіс суларға жалбыз тұнбаларына олардың сапасын жақсарту үшін , өтті айдауды күшейту үшін ішіледі.
Ол әртүрлі жүрек-қан жүйелеріне әсер ететін комплекстік препараттар құрамында болады (мысалы: валдол, зеленин тамшылары). Мигренге қарсы қолданылатын майлардың және тұмауға қарсы тамшылардың, ингаляцялық қосылыстардың құрамында болады.
Медициналық практикада раушан эфир майлары кеңінен қолданылады, мысалы, раушан майының негізінде дайындалған май ауыз қуысының ауруын емдеуге пайдаланады.
Халық медицинасында мускат, шалфейдің эфир майлары ревматизмді, асқазан ауруларын, бүйрек ауруларын және жараларды емдеуге пайдаланылады. Жусаның кейбір түрлері ресми қабылданған дәрілік шикізат болып саналады;.
Жусандардан (Сиверс жусанынан - A.Sieversiana.) алынған хамазулен демікпе (астма) ауруын, ревматизмді, экземаны, күйікті емдеуге қолданылады.
Ермен жусан (Artemisia vulgaris - полынь обыкнавенная ) халық медицинасында әйелдер ауруларын емдеуге, эпилепсия болғанда, сіңірі тартылғанға қарсы қолданады.
Австрия жусаны (A. Austriacea - полынь австриская) малярияға қарсы ішіледі.
Дәрмене жусанынан (А. Сіяа - полынь цигварная) алынған эфир майында (дәрмене құрамында) цинолдың болуына байланысты бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Ревматизмді және жүйке ауруларын емдеуге және қан қысымы жоғары болғанда ішіледі. Дәрмене жусанның тұқымдары және одан алынатын сантонин гельминттерді өлтіретін дәрі ретінде ішіледі.
Қазіргі медициналық практикада құрамында эфир майлары бар көптеген препараттар беріледі. Мысалы: роватниекс, цистенол, энатин және т.б
Б.Д.Алексеев, Г.П.Березовская (1968) және т.б. және жусандардан алынған эфир майларының микробтарға қарсы белсенділігін зерттеді. Нәтижесінде жусандардың эфир майларының бактерияцидтік және фунгицидтік (санырауқұлақтарды өлтіретін) әсерлері бар екендігі дәлелденді.
Ресей дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институтының микробқа қарсы дәрілер лабораториясында жұқпалы ауруларды емдеу үшін эфир майларының ішінен химиятерапевтикалық препараттарды іздеу өте перспективалы деп саналады.
С.А.Вагапованың (1968) зерттеулері нәтижесінде 122 эфир майының 10-ы 43 компонентімен микробтарды өлтіретін қасиеті бар екендігі дәлелденді.
Тамақ өнеркәсібінде әртүрлі өнімдер шіруден және зеңнің (плесень) пайда болуынан үлкен шығынға ұшырайды. Ал эфир майларын пайдаланып, ол процестерге тосқауыл қоюға болады.
Дермотофиттер (дерма-кожа-қабық) мен зеңдер теріні және ішкі органдарды әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Бұл ауруларға қарсы медицинада тиімді дәрілер шектеулі.
Т.П.Березовская және т.б. (1968) гмелин және мұз жусандарының Artimisia gmelini, A.fngida жусандарының бактерияларды өсіретін қасиеті бар екендігін анықтады.
Кейбір эфир майлы өсімдіктер және олардың мүшелері тағам ретінде пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Мұндай өсімдіктерді хош иісті өсімдіктер деп атайды. Ол өсімдіктердің хош иісті болатыны олардың құрамында эфир майы, гликозидтердің және басқа да химиялық қосылыстардың болуына тікелей байланысты. Мұндай хош иісті қасиет беретін заттар әртүрлі вариантта пайдаланылуы мүмкін.
Ет және еттен жасалынған өнімдерге хош иісті заттар эфир майларының, майонездің, соустардың және салат тұздығының жиынтығы ретінде пайдаланылады.
Көптеген эфир майлы өсімдіктер микробтарды өлтіретін қасиетіне байланысты консерванттар ретінде пайдаланылады. Мысалы: саз қызанақ (ledum palustre - багульник болотный), көкбас жұпаргүл (Origanum tyttanthym - душица мелкоцветковая).
Құйып жасайтын ет консервілерінде, колбаса, кулинарялық өнімдерді жасағанда өсімдіктерді түгел немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады. Мысалы, шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары.
Жемістен жасалған хош иісті препараттарға эфир майлары қосылады.
Қазіргі кездері конфеттер массасына әтүрлі эфир майлары, мысалы, раушан, қалампыр, кардамон, жалбыз, лимон ,апельсин, шалфей және т.б. өсімдіктердің эфир майлары қосылады.
Нан өндіретін өндірістерде әртүрлі хош иісті өсімдіктер пайдаланылады: Мысалы: кәдімгі анис (Aпis vulgare – анис обыкновенный), кориондр (Coriandrum - кориондар), тмин (Carum - тмин), кәдімгі құлмақ (Humulus Lupulus - хмель обыкновеный), көкнәр (Papaver - Мак), бәйшешек (Crocus-шафран).
Парфюмерияда және сабын өндіретін өндірісте қарағай (Pinus - сосна), шырша (Рісеае - ель), арша (Juniperus -можжевельник), айыр (Aeoras - аир), қайың (Betula- береза) раушан (Rosa - роза), жалбыз (Mеnta - мята) кеңінен пайдаланылады.
Сонымен, эфир майлы өсімдіктер медицинада және өндірісте кеңінен пайдаланады, жылдан-жылға эфир майлы өсімдіктерге сұраныс артуда. Қазақстанда эфир майлы өсімдіктері өте көп және жақсы зерттелген. Көп зерттелген аймақ - Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазақстанның территориясында, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс аудандарында табиғи фитоценоздар құрамында өте мол эфир майлы өсімдіктер кездеседі.
Қазақстанда өсетін 500 эфир майлы өсімдік зерттелген. Ғылыми әдебиеттерде құрамында эфир майының мөлшері 0,5мг 100гр құрғақ массасында болатын өсімдіктерге сипаттама берілген. Эфир майлы өсімдіктер, негізінен қарағайлар (Ріnaceae - сосновые), кипаристер (Cupressaceae - кипарисовые), астралар (Asteraceae - астровые), селдерейлер (Аріасеае - селдерейные), тауқалақайлар (Lamiaceae - яснотковые) тұқымдастары өкілдері. Сондықтан осы негізгі тұқымдастарға жататын ең манызды саналатын кейбір түрлеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік.
I. Pinaceae (қарағайлар - сосновые) тұқымдасы.
1. Сібір самырсыны (Abies sibirica - пихта сибирская) көпжылдық ағаш биіктігі 30 м-ге дейін. Кронасының формасы енсіз, қисық пирамида тәрізді. Қазақстанда тек таулы жерлерде жоғарғы орманды шекараға дейін 2000 м биіктікке дейін таралады.
Самырсында эфир майларының мөлшері қылқандарында тіршілік ететін ортасына байланысты 3,09-3,27% шамасында болады.
Бұл өсімдіктің бүршіктері, қылқандары және қабығы халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Эфир майларының компоненттерінен бориеол және борнилацетаттан медицинада қолданылатын камфара алынады.
Бұл тұқымдастан Шренк шыршасы (Рісеа Schrenkiana - ель шренка), самырсын қарағай (Pinus sibirica - сосна кедровая) өсімдіктеріде эфир майлы өсімдіктерге жатады.
ІІ. Cupressaceae (кипаристер - кипарисовые) тұқымдасы.
Бұл тұқымдастан 5 түр негізгі эфир майлы өсімдіктерге жатады. Олар J.Pseudosabina (қара арша - м. ложноказачий), J. Sibirica (дәрі арша - м. сибирский), J. Turcestanica (балғын арша, Түркістан аршасы - м. туркестанский), J. Semiglobosa (сауыр арша - м. полушаровидный). Осы бес түрдің ішінде Juniperus Sabina - қызыл арша өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.
Көпжылдық төселіп өсетін өсімдік, биіктігі - 1-2м бұта. Қабығы қызыл-сұр, көлеңке жағындағы жапырақтары ине тәрізді. Бүршікжемістілер. Өте мол, дара орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік. Негізінен құмда, таулы жерлерде төменгі белдеуінде құрғақ бөктерлерінде өседі. Жалпы таралуы Оңтүстік, Батыс Европада, КСРО-да, Қырымда, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Көк бұташықтары дәрілік зат ретінде пайдаланылады, оларда эфир майлары болады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында популяциялары молырақ таралған. М.Қ.Кукенов (1990) және т.б мәліметтері бойынша Шығыс-Қазақстан облысында бұл өсімдіктің 100 гр құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы болатындығы анықталған. Ал Жоңғар Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл өсімдіктің эфир майының құрамында сабинен, пинен, сабинола - 10-17%, сабинолацетат - 50%, цитронилол, гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті болатындығы анықталды.
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин, апитенин, катехиндер бөлініп алынған.
ІІІ. Аріасеае - сельдерейлер (селъдерейное) тұқымдасы. Бұл тұқымдаста:
1. Angelica decurrens (аласа аюбалдырған – дудник низбегающий).
2. Seseli buchtormense - (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
3. Seseli schrenkianaum - (Шренк либонотусы - порезник шренковский).
4. Seseli incanum - (ақшыл либанотусы – порезник седоватый)
5. Seseli glabratum - (тегіс тырнашөп - жабрица гладкая).
6. Ferula ovina - (бағаншалы сасыр - ферула стелбиковая) (+).
7. Ferula dissecta - (салалы сасыр - ферула рассечанная).
8. Ferula kitschkensis - (ақышкен сасыр – ферула акичкенская)
9. Ferula feralaeoides - (сыпырғы сасыр – ферула метельчатая)
10. Ferula soongarica - (жоңғар сасыры - ферула джунгарская).
11. Ferula karatavіensis - (Қаратау сасыры - ферула каратауская).
12. Ferula diversivittata - (әрсалалы сасыр - ферула разнокальцевая).
13. Ferula kelleri - (келлер сасыры - ферула келлера).
14. Ferula penniпеrvis - (тамырлы сасыр - ферула перибожальтое).
15. Ferula tenuisеcta - (жіңішке сасыр - ферула тонкорассеченная).
16. Tallasia transiliencis - (Іле талассиясы - талассия заилийская).
17. Schrenkia involucrata - (оралған Шренк - шренка обернутая).
18. Athamantha macrophylla - (іріжапырақты атаманта -атаманта крупнолистая).
19. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
20. Cuminum setifolium - (тікежапырақты құмшөп - песколюб щетинолистый).
Енді осы жоғарыда аталған Аріасеае тұқымдастарына жататын 20 негізгі эфир майлы өсімдіктің кейбір маңыздыларына толығырақ сипаттама беріп өтейік.
