- •Мазмұны
- •Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
- •Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •XV Балды өсімдіктер
- •Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
- •Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы
- •Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарынын болашағы
- •Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
- •Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері
- •Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
- •Құрамында алкалойдтары бар дәрілік өсімдіктер
- •2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
- •3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.
- •4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
- •5. Хинолизидинді алкалойдтар.
- •6. Хинолинді алкалойдтар.
- •7. Изохинолинді алкалойдтар.
- •8. Индольді алкалойдтар.
- •Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары
- •9. Хиназолинді алкалойдтар.
- •11. Дитерпен алкалойдтары.
- •Шыны майлы өсімдіктер және эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
- •1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
- •2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
- •3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
- •1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
- •Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
- •3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
- •4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
- •5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
- •1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
- •2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
- •3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
- •4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
- •5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
- •Балды өсімдіктер
- •Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер мөлшері
- •Кейбір өсімдіктердің тозаңдарының аминқышқылдарыны құрамы
- •Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)
- •Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы
- •5. Шығыс Қазақстан.
- •Қазақстан жануар әлемі және олардыҢ ресурстары.
- •Аңшылық жасаудың ресми нормасы (2006 жылы)
- •I. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdicth, 1821).
- •II. Қолқанаттылар немесе жарқанаттылар отряды (Chiroptera blumenbach, 1779).
- •III.Кеміргіштер отряды (Rodentia bowditch, 1821).
- •Кәмшат (черный бобр) – Castor fiber Linneus
- •IV. Қоянтәрәзділер отряды (Lagomorpha Brandt, 1855).
- •V. Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
- •Иттер тұқымдасы (Canidae Carаy,1821).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursidae Ceray, 1826).
- •Аюлар тұқымдасы (Ursus linnalus6 1758). Қоңыр аю (бурой медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
- •3. Жанаттар тұқымдасы (Procyonidae Banaparte, 1850).
- •Жанат - еноты (Procyon Storr, 1780).
- •4. Сусарлар тұқымдасы (Mustelidaе Fischer, 1817).
- •Сусарлар -куница (Mustelidai Fischer)
- •5. Мысықтар тұқымдасы.
- •1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
- •2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
- •3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
- •2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
- •3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
- •VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
- •Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
- •Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
- •VII.Тақтұяқтылар отряды.
- •Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
- •Қазақстанның негізі кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарларын есепке алу қажеттілігі туралы және оның тәсілдері
- •Ителгілерді маршруттық есепке алу нәтижелері (Березовиков,2003)
- •Ителгілерді автомобильмен есепке алу нәтижесі (Березовиков, 2003)
- •1996 Жылы 10 – 11 мамырдағы Маңғыстау облысындағы ителгілерді авиация көмегімен жүргізілген есептеудің нәтижелері (Березовников 2003)
- •2. Қазақстанның қазіргі ихтиофаунасының қалыптасуы.
- •Қазақстанның құстар әлемі
- •Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдікте сақтап пайдалану туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11. Дитерпен алкалойдтары.
Дитерпен немесе өте жиі оларды аконит алкалойдтары деп атайды, Aconitum, Delphinium және Garrya туыстарына жататын өсімдіктерде жинақталады.
Аконит алкалойдтарын екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) аконитиндер; 2) атизиндер.
Аконитиндер - көміртегі каркасы 19 көміртегі атомынан тұрады және ликоктонин каркасы бар.
Атизиндер - 20 көміртегі атомынан тұратын көміртегі каркасы болады және пергидрофенантрен каркасы болады.
Аконитин алкалойдтары жоғары физиологиялық белсенділігімен сипатталады.
Дитерпен алкалойдтары Delphinium dictyocarpum DC (Ranunculaceae), D.Confusum M.Pop; Aconitum soongoricum Stapf (Ranunculaceae) сияқты өсімдіктерде жинақталады. Бұлардың ішінде Aconitum soongoricum Stapf өсімдігіне тоқталып өтейік.
Aconitum soongoricum Stapf. - (борец джунгарский) Ranunculaceae Juss тұқымдасынан.
Ыстықкөл утамыры – көпжылдық шөптесін өсімдік, көлденең тамырсабағының 12-ге дейін түйнектері болады. Ол түйнектердің ұзындығы - 2-2,5 см, жуандығы - 0,7-1 см. Сабағы қарапайым, биіктігі - 70-130 см. Жапырақтары ұзын сағақты, дөңгелек-жүрек тәрізді, ұзындығы - 5-9 см және ені - 8-12 см, түбіне дейін 5 сына (клин) тәрізді сегментке тілгіленген. Гүлшоғы - 5 ірі зигоморфты гүлден тұратын шашақ. Гүлдерінің 5 күлте жапырақшасы бар, олардың күлгін тостағаншалары бар. Гүлдің томағасы (шлем) доға сияқты иілген ұзын мұрыншасы бар, томаға астында екі көк шырындығы (нектарник) болады. Шырындықтың ұзын тегеуріні (шпорец) бар. Жемісі көпжапырақ (многолистовка).
ТМД елдерінде биік тауларда - Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Талас Алатауында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Шөптесін ылғалды беткейлерде және тау өзендері жағалауларында, орманда, субальпі және альпі белдеулерінде теңіз деңгейінен 1000-3000 м биіктікке дейін кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелері алкалойдтарға өте бай. Жер үсті мүшелерінде алкалойдтар мөлшері 0,6%-ға дейін болуы мүмкін (бутондану фазасында). Күзде тамыр түйнектерінде алкалойдтар мөлшері 2%-га жетеді. Аконитин тобының алкалойдтарына аконитин жатады. Ал атизин тобына зонгорин және ацетилзонгорин жатады.
Дәрілік шикізаты.
Көк майса шөбін, ұзындығы 30 см дейін гүлдері бар жапырақтары мол сабақтарының жоғарғы ұштарын жинайды. Дәмі және иісі анықталмайды, өйткені өсімдік өте улы. Ылғалдылығы 70%-дан кем емес. Алкалойдтар мөлшері 0,2%-дан кем емес.
Пайдаланылуы.
Қайнатпаларын радикулит, радикулоишиалгия, радикуло-невритпен ауырғанда қолданады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамындағы алкалойдтар күрделі препараттар құрамында болады.
1976 жылға дейін ресми түрде қайнатпалар түйнектерден дайындалған. Бірақ оның өте улы екендігіне байланысты және ол өсімдіктің «Қызыл кітапқа» енгеніне байланысты ол өсімдіктің тек шөбін ғана жинауға болатындығы туралы мемлекеттік реестрде көрсетілді.
Ыстықкөл утамырына (Aconitum soongoricum) уқорғасын (Aconitum karakolicum) өте жақын. Қырғыз халық медицинасында оны, яғни укорғасынды «Ыстықкөл тамыршасы» («Иссыккульский корешок») деп атайды. Ол екеуінің ареалдары бірдей, сондықтан ол екеуін әдетте бірге жинайды. Қорғасында алкалойдтар мөлшері 0,3%-дан артпайды.
12. Стереойд алкалойдтары.
Стереойд алкалойдтары табиғатта гликозидтер формасында кездеседі. Стереойд алкалойдтарының екі типін ажыратады:
- соласодин типі;
- иервин типі.
Стереойд алкалойдтары Solanum (Solanaceae) және Veratrum (Melanthiaceae) туыстарына жататын түрлерге тән.
Стереойд алкалойдтарының биосинтезделу механизмі толық әлі анықталмаған. Solanum туысына жататын өсімдіктердің алкалойдтарының агликон компоненттерінің көміртегі каркасы холестериндікіндей (С сақинасы - 5 мүшелі ал D сақинасы - 5 мүшелі) және кейбір ғалымдардың ойынша, олардың алдындағы жалпы жол салушылары бірдей. Жоғарыда айтылған екі Solanum және - Veratrum туыстарына жататын түрлердің ішінде Қазақстанда кездесетіні Veratrum Lobelianum Bernh. Сондықтан осы Veratrum Lobelianum түріне толығырақ тоқталып өтейік.
Veratrum Lobelianum Bernh - Маралқурай (гамерица лобеля) - Melanthiaceae Batsch тұқымдасынан.
Маралқурай - көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан тік немесе қиғаш өскен қоңыр-сұр тамырсабағы болады. Тамырсабағынан көптеген ұзын ақшыл тамырлар өседі. Сабағы - жуан, биіктігі -140 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дөңгелек, жалпақ эллипс тәрізді, шеттері бүтін, жүйкелері доға тәрізді. Гүлшоғы - ұзын төбелік сыпырғы. Гүлдері жасыл-көктеу, қарапайым түбіне дейін 6-ға бөлінген гүл серіктерімен. Жемісі - 3 ұялы қорапша көп тұқымдарымен. Өсімдік - улы.
Ареалы өте кең. ТМД елдерінің барлық региондарында кездеседі (далалық райондарынан және Орта Азиядан басқа). Қазақстанда өзен жағалауларында, ылғалды шалғындықтарда, орманды тау беткейлерінде субальпі белдеулеріне дейін, Алтайдан Солтүстік Тянь-Шаньға дейін таралған.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалойдтар бар: тамырында - 2,4%-ға дейін, тамырсабағында - 1,3%-ға дейін, шөбінде -0,55% шамасында.
Алкалойдтар құрамы өте күрделі, олар әлі толық анықталмаған. Алкалойдтар иервеоатр тобына жатады (иервин, изоиервин, рубииервин. изорубииервин және т.б.). Негізгі алкалойды болып иервин саналады. Иервин бос агликон түрінде немесе глюкозаның бір молекуласымен байланыста болады.
Дәрілік шикізаты.
Тамырсабағын тамырымен күзде қазып алады. Оларды сілкіп тазалап, жуан ірі тамырсабақтарын ұзына бойы кесіп, жылы кептіргіштерде кептіреді. Тамырсабағы - қоңыр-сұр, ұзындығы - 8 см, диаметрі - 3 см, тамырлары - сарғыш-қоңыр, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуан (4 мм) өте көп тамырсабақтарын толық жауып дамиды. Шикізатты алкалойдтар жиынтығы мөлшеріне қарай бағалайды (1%-дан кем емес).
Пайдаланылуы.
Маралқурайды Гален препараттары (қайнатпа, маралқурай суы) терідегі әртүрлі паразиттермен күресуге пайдаланылады. Ветеринарияда маралқурай тұнбалары ірі қара малдың гиподерматозына қарсы кеңінен колданылады. Шетелдерде Veratrum түрлерінен, әсіресе олардың тамырсабақтарынан эфир түрінде алкалойдтар препараттары алынады. Медицинада Veratrum алкалойдтарын кеңінен қолдануына шек қойылған, өйткені олар өте улы.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Өсімдіктердегі алкалойдтардың таралуы
Алкалойдтардың пайда болуының динамикасы
Сыртқы орта факторлары туралы түсінік
Алкалойдтардың болуына сыртқы факторлардың әсері
Өсімдіктердегі алкалойдтардың рөлі
Алкалойдтардың классификациясы
Алкалойдты өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
Алкалойдты өсімдіктердің дәрілік шикізаты ретінде пайдалану
Ациклді алкалойдтар туралы түсінік
Алкалойдтары бар өсімдіктердің негізгі өкілдері
