Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

8. Индольді алкалойдтар.

Индол алкалойдтар бірнеше топқа болінеді:

1. Индолалкиламин туындылары

2. β-карболин туындылары.

3. Физостигмин туындылары.

4. Эрголин туындылары.

5. Монотерпенойдты индол алкалойдтары.

Индол алкалойдтарының көпшілігінде 2 азот атомы болады, олардың біреуі - индол азоты, ал екіншісі барлық уақытта индол ядросының β-жағдайынан екі көмірсулы тізбекпен бөлінген. Индол алкалойдтарының пайда болуына триптофан немесе триптамин қатысады. Индол алкалойдтары Passiflora incarnata L. (Passifloraceae - страстноцветные); Carex brevicollis DC (Cyperaceae); Claviceps purpurea Tulasne (Clavicepitaceae тұқымдасы қалталы саңырауқұлақтар класынан Ascomycetes); Rauwolfiae serpentina Benth (Apocynaceae); Strychnos nux vomica L. (Loganiaceae); Catharanthus roseus G. Don (Apocynaceae) сияқты өсімдіктер құрамында кездеседі. Бірақ спорыньядан басқасы Қазақстанда кездеспейді. Сондықтан сол спорыньяға қысқаша тоқталып өтейік.

Спорынья - Claviceps purpurea Tulasne - Ascomycetes (қалталы саңырауқұлақтар класы) класынан. Қазақша аты - қастауыш. Қастауыш - астық тұқымдас өсімдікте қалталы саңырауқұлақтан болатын ауру, бұл аурудың салдарынан дәннің орнына көк-жасыл түсті түйіршік пайда болады. Қастауыш астық тұқымдастарда, соның ішінде қара бидайда болады.

Химиялық құрамы.

Қастауышта алкалойдтардың бар екендігі XIX ғасырдың екінші жартысынан белгілі. XX ғасырда ғана ғалымдар оларды бөліп, олардың табиғатын анықтады. Алғаш 1906 жылы алкалойд эрготоксин бөліп алынды. Сосын 1918 жылы эрготамин және эрготаминин сияқты суда ерімейтін алкалойдтар алынды. 1935 жылы қастауыштан бірінші суда еритін алкалойд - эргометрин алынды.

Қазіргі кезде қастауышта стереоизомерлі индол алкалойдтарының жеті жұбы бар екендігі анықталды (2-кесте). Олардың ішінде әрбір солға айналатынына (физиологиялық жоғарғы белсенді алкалойд) оңға айналатын (белсенділігі төмен) стереоизомері сәйкес келеді. Солға айналатын физиологиялық белсенді изомерлер лизергин қышқылдарының туындылары, ал белсенділігі төмен оңға айналатын изомерлер - изолизергин қышқылдарының туындылары.

2 кесте

Қастауыштың эргоалкалойдтарының негізгі топтары

Топ

Солға айналатын стереоизмер

Оңға айналатын стереоизмер

Эрготамин

Эрготаминин, Эргозин

Эрготаминин, Эргозинин

Эргостин

Эргостин, Эргокрипстин

Эргоснинин, Эргокристинин

Эрготоксин

Эргокриптин, Эргокорнин

Эргокриптинин, Эргокорнинин

Эргометрин

Эргометрин

Эргометринин

Қастауыштағы эргоалкалойдтардың мөлшері қара бидайдың егілген регионына, ауданына байланысты өзгеріп отырады.

Алкалойдтардан басқа қастауышта әртүрлі аминдер (тирамин, гистамин және т.б.), алкиламиндер (триметиламин, метиламин және т.б.), амин қышқылдары (валин, лейцин және т.б.) және құрамында азоты бар (холин, бетанин, ацетилхолин және т.б.). Қастауыш қосылыстарда май өте мол болады (33-35%), сүт қышқылы, қант, белоктар, эргостерин (0,1%), сары және қызыл пигменттер болады.

Дәрілік шикізаты.

Қастауышты әдетте астық тұқымдарын бастырғаннан кейін сорттайтын машина көмегімен бөліп жинайды. Сосын оны тез кептіреді, өте жұқа жайып, температурасы шамамен 40-50°С жағдайында кептіргіште кептіреді.

Қастауыштың склероциі (саңырауқұлак гифінің тығыздалып өрілген түрі) сопақ, 3 қырлы, ұзындығы - 1-3 см, жуандығы - 3-5 мм, сыртынан қоныр-күлгін. Склероцилер құрғақ майысып, иілмей, сынатын болуы керек. Сындырғанда сарғыштау болуы керек.

Қастауыш сақтауға тұрақсыз. Дұрыс кептірілмеген немесе ылғалды жерде сақтағанда, ол тез бүлінеді, майы ашып, жағымсыз триметиламиннің иісі шығады.

Агротехниканың жақсаруына байланысты қастауыш пайда болмайды, сондықтан қастауышты алу үшін арнайы шаруашылықтарда қара бидайдың оңашаланған егістерінде алынады. Ол үшін қара бидайдың масақтарын арнайы приборлар көмегімен кодиоспораларды су суспензиялары арқылы жұқтырады. Осылайша қастауышты жасанды жолмен өсіріп алу склероцилерді алып, олардағы эргоалкалойдтардың мөлшерін көбейтіп алуға мүмкіншілік береді.

Пайдаланылуы.

Қастауыш акушерлік-гинекологиялық практикада жатырдың тартылуын күшейтіп, жатырдан қан ағуды тоқтату үшін қолданылады.

Препараттар - сұйық экстракт, жаңа Гален препараты эрготал (алкалойдтар фосфаттарының жиынтығы) және кейбір алкалойдтардың тұздары.

Қастауыш алкалойдтары жатырдың бұлшық еттеріне әсер етіп қана қоймайды. Олардың седативтік және гипотензиялық қасиеттері бар. Сондықтан олар неврозды, қантамырлары түйілгенде, гипертониялық ауруға және т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қастауыш алкалойдтарының осы қасиеттеріне байланысты олардан әртүрлі комплексті препараттар жасалады. Мысалы, 1) неогиноформа; 2) секабревин 3) беллоид-эрготоксин красавка (өсімдік) алкалойдтары және бутилэтилбарбитура қышқылы; 4) аклиман-эрготоксин, красавка алкалойдтары, фенобарбитал, бромизовал және теобромин және т.о. құралған тіркестер.

Қастауыш және одан жасалған препараттар улы. Астық дәндерін тартқанда ұнға қастауыш араласып кетсе, адам уланып қалуы мүмкін (эрготизм).