Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс лаб. жинағы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

3. Пиридинді және пиперидинді алкалойдтар.

Пиридиннің туындылары табиғатта кеңінен таралған. Оған бірқатар алкалойдтарды жатқызады. Пиридиннің өзі көптеген дәрілік препараттарды синтездеуге пайдаланылады.

Пиридинге және пиперидинге жататын алкалойдтар:

1. Кониин - Conium maculatum L (Аріасеае тұқымдасы) өсімдігінің улы жемістерінде болады.

2. Изопеллетьерин - Punica granatum L (Punicaceae тұқымдасы) өсімдігінің қабығының алкалойдтарының бірі.

Ол ішек құртына (противоглистное) қарсы қолданылады.

Никотин - темекі өндірісі қалдықтарынан алады.

Анабазин -Anabasis aphylla L. (Chenopodiaceae).

Лобелин - Lobelia inflata L. (Lobeliaceae).

Мимозин - Mimosa pudisa L. (Fabaceae).

Осы аталған өсімдіктердің ішінде біздің Қазақстанда кеңірек таралғаны - Anabasis aphylla L. - итсигек (ежовник безлистый), жартылай бұта биіктігі - 20-70 см, ұзын кіндік тамыры бар. Сабақтары қарама-қарсы бұтақтанған, бұтақтары мүшелі (членистые). Жоғарғы жағында өсімдік жасыл-көк, шөптесін, күзде түбіне дейін өліп қалады. Дамыған жапырақтары жоқ, олардың орнында қысқа қынапшалары бар. Гүлдері майда, қосжынысты, олар жеке-жеке гүл жапырақтарының қойнауларында орналасқан, масақ тәрізді гүлшоғын құрайды. Гүл серіктері (околоцветник) тостағанша тәрізді, үш сыртқы және екі ішкі жапырақшалардан тұрады. Сол сыртқы гүл серіктерінен жемістің дөңгелек-бүйрек тәрізді сарғыш немесе қызғылттау қанаттары дамиды. Жемістері - жидек тәрізді, қанатты. Шөптесін өркендері бұталарда сәуір айынан шілдеге дейін дамиды. Сосын гүлдей бастайды. Итсигектің жинап алғаннан кейін жер үсті мүшелерін қалпына жылдам келтіре алатын қасиеті бар.

Итсигектің негізгі өндірістік дайындалуы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жүргізіледі.

Химиялық құрамы.

Өсімдікте 2-3% алкалойдтар болады, олардың ішінде негізгісі анабазин. Анабазин - бұл сұйық алкалойд. Алкалойдтар жиынтығында анабазиннің үлесі - 60%. Өсімдікте, органикалық кышқылдарда молынан кездеседі.

Дәрілік шикізаты.

Бұтаның жасыл-көк бөліктерін - біржылдық өркендерін жемістерінде қанат тәрізді өскіншелер пайда болғанша бүкіл жаз бойы жинауға болады. Кесіп алынған шөпті кішкентай шөмелелер жасап, шамалы кептіреді, сосын күнге кептіреді. Алынған шикізатты механикалық

өңдеп туралайды. Осылай өңделген шикізат ұзындығы – 2 - 4 см, жуандығы 3 мм шамасында болады. Шикізаттың түрі сұр-жасыл көк, иісі бар, дәмін көруге болмайды, өйткені улы.

Пайдаланылуы.

Итсигек шикізатынан екі препарат:

1. Анабазин гидрохлориді (Anabasin hidrochloridum) таблетка түрінде 0,003 г темекіден бас тартып қою үшін ішеді.

2 Анабазин сульфаты, белгілі инсектицид анабазиннен тотықтыру арқылы никотин қышқылын алады.

4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.

Solanaceae тұқымдасы өкілдерінде меңдуана (Hyoscyamus -белена), сасықмеңдуана (Datura - дурман), красавка (Қазақстанда кездеспейді) алкалойдтар болады. Ол алкалойдтардың құрылысы негізіне пиперидин және пирролидин тізбектерінен тұратын конденсацияланған жүйе жатады, ол тропан деген атпен белгілі. Барлық тропан алкалойдтары екі аминоспирттердің (тропин және скопин) туындылары болып табылады.

Solanaceae тұқымдасының әртүрлі мөлшері 0,04-3% аралығында болады. Бір өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде алкалойдтар жиынтығы бірдей емес. Ол өсімдіктің вегетациялық фазасына және өскен ортасының жағдайына байланысты.

Solanaceae тұқымдасы өкілдерінің бәрінің құрамында екі негізгі алкалойд (гиосциамин және скополамин) болады, бірақ та олардың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан өсімдіктердің жеке түрлері әртүрлі пайдаланылады. Құрамында екі негізгі алкалойды бар. Atropa belladonna L, Scopolia carmolica Jacq, Hyoscyamus niger L, Datura stramonium L өсімдіктері ішінен Hyoscyamus niger L өсімдігінің ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып өтейік.

Қара мендуана (Hyoscyamus niger L. - белена черная). Екіжылдық шөптесін өсімдік, жұмсақ түктенген, жабысқақ, сүйкімсіз иісі бар, биіктігі 80 см-ге дейін. Бірінші жылғы жапырақтары ірі, сағақты, сопақ-жұмыртқа, ойық қауырсын тәрізді кесілген формасы бар. Сабақтағы жапырақтары сағақсыз, жұмыртқа тәрізді ланцетті формасы бар, ойық қиықшалы (выемчато-лопастные). Гүлдері сабақ және бұтақ ұштарында шоғырланған, гүлдегеннен кейін ұзарып кетеді. Тостағанша ұзындығы 20 см-ге дейін, түтікше-қоңырау сияқты, 5 тісшелі, түпкі жағы қалың түктенген, жеміс түзілгенде құмыра тәрізді болып кетеді. Күлтесінің ұзындығы - 20-30 мм, майқұйғыш (воронка) тәрізді, 5 жалпақ бөлікті, сатпақ-сары, қоңыр-күлгін жүйкелері бар. Жемісі - 2 ұялы қорапша. Тұқымдары қоңыр-қара, дөңгелек, жалпиған, кесе-көлденеңі - 1,5 мм.

ТМД елдерінің Европалық бөлігінде кеңінен таралған, Кавказда көп кездеседі. Құнарлы топырақты жерлерде өседі. Үйлердің жандарында, жолдардың бойларында, арамшөп ретінде бақшаларда, Қазақстанның барлық региондарында кездеседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдіктердің барлық мүшелерінің құрамында алкалойдтар бар, олардың ішіндегі негізгілері: гиосциамин және скополамин. Алкалойдтар мөлшері жапырақтарда - 0,05-0,1%, шамамен сол мөлшерде, тұқымдарында, тамырларында көбірек. Қара меңдуанадан негізінен азаптанатын - жас балалар. Балалар өте жиі меңдуана тұқымдарын көкнәр (Papaver) тұқымдарымен шатастырып жеп қояды. Ал меңдуананың етті тамырын көкөністің (овощи)

тамырларымен шатастырады.

Дәрілік шикізаты.

Жапырақтарын екі рет жинауға болады. Жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін болады. Жапырақтарының түрі - сұрлау-жасыл және бас жүйкесі - жалпақ. Иісі сүйкімсіз, есеңгірететіндей. Алкалойдтар мөлшері 0,05%-дан кем емес. Екпе меңдуананы гүлдеу кезінде жинап дайындауға болады. Тек кептірер алдында оларды мөлшерін 4 см етіп кеседі.

Пайдаланылуы.

Меңдуана жапырақтарының ұнтағы Астматол препараты құрамына кіреді. Ал Астматол препараты бронхы астмасы ауруына карсы пайдаланылады. Меңдуана майы (Oleum Hyoscyamus) - меңдуана майының экстракті, буын ауырғанда ауруын басу үшін сіңіре жағады.