- •Тоғызбаева қ.Қ.
- •Өндірісті өнекәсіптің жеке салалар мен ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы Алматы-2015
- •9. Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •10. Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы.. .
- •11. Микробиология өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы... ........................................................................................... 139
- •12. Бейнетерминалдардағы еңбек гигиенасы ..... 145
- •14. Өндірістің жеке салалары мен ауыл шаруашылығыныңгигиенасы............................................ 199
- •Еңбек гигиенасы 01.10.15
- •Сурет. Республикадағы Еңбек медицина қызметінің функционалдық моделі
- •Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу.
- •Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен аурушаңдығы
- •Салыстырмалы ылғалдылық
- •Қоршаған ортаның зиянды газдармен ластануы
- •Қоршаған ортаның шаңмен ластануы
- •Сауықтыру шаралары
- •Бұрғылау кезіндегі шаңмен күресу жұмыстары
- •Құрғақ шаң ұстағыштар
- •Қопару және тиеу- түсіру жұмыстарындағы шаңмен күресу
- •Тиеу және түсіру кезіндегі суландыру
- •Жер асты өндіру жұмыстары кезіндегі желдету
- •Шаңнан қорғанудағы жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік үдерісті механикаландыру және ұтымды ету үшін қолданылатын шаралар
- •Жерасты өндіру жұмыстарындағы жарықтандыру
- •Тау кен жұмыстарында жұмысшылардың арнайы киімі мен арнайы аяқ киімі
- •Санитарлы – медициналық шаралар
- •Көмір өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Көмірді жер астынан алу әдістері
- •Көмір өндіру технологиясы
- •Жерасты рудаларын алу тәсілдері
- •Руданы қазу технологиясы
- •Еңбек жағдайларының сипаты
- •Жұмысшылар аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Металлургтер аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Түсті металлургиядағы еңбек жағдайы
- •Алюминий өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Глинозем өндірісіндегі еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •1. Технологиялық:
- •2. Санитарлык –техникалық:
- •3. Құрылыстық-жоспарлы шаралар:
- •4. Емдік-профилактикалық, шаралар:
- •Алюминий өндірісі
- •Электролиз цехтарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық;
- •3. Медико-профилактикалық;
- •Қорғасын өндірісі
- •Кендерден қорғасынды алу технологиясы
- •Қорғасын алудың технологиялық үдерістерінің сызбасы
- •Қорғасын зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Жұмыс жағдайларын сауықтыру шаралары
- •2. Санитарлық-техникалық:
- •3.Емдік-профилактикалық;
- •Мыс металлургнясындағы еңбек гигиенасы
- •Мысты алудың технологиялық үдерістері
- •Мыс алу үшін қолданылатын материалдар
- •Мысты балқытудың физико-химиялық негіздері
- •1. Құрамында күкірті көп шихтаны күйдіру.
- •2.Штейн алуға балқыту.
- •Мыс балқыту зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық:
- •3. Емдік-профилактикалық;
- •Құрылыстық өнеркәсіптік материалдар және құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Сауықтыру шаралары
- •Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы
- •Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшыларға әсері Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді:
- •Химия өнеркәсібіндегі сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
- •Химиялық өндірістің құрылысын салу және қайта құру кезіндегі сақтық санитариялық қадағалау
- •Санитарлық қорғаныс алаңы (сқа) және бас жоспарға қойылатын талаптар
- •Технологиялық үрдістер және жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
- •Химия өндіріс жұмысшыларына санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
- •Химиялық шикізат және дайын өнімдерді гигиеналық стандарттау
- •Химия өндірісіндегі жұмыс бөлмелердегі ауа сапасын бақылауды ұйымдастыру
- •Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау
- •Ауа ортасының жағдайын бағалау
- •Санитарлық заңдылық және емдік-профилактикалық шаралар
- •Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы
- •Мұнай заттары мен мұнай құрамын гигиеналық маңызы
- •Мұнай өндірудегі технологиялық үдерістегі гигиеналық сипат
- •Мұнай өндіру кезіндегі еңбек жағдайы.
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары.
- •Теңіз астынан мұнай өндірудегі еңбек жағдайының ерекшелігі
- •Мұнай өңдеудегі еңбек жағдайы
- •Мұнайды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы
- •Метерологиялық жағдай
- •Сауықтыру шаралары
- •1. Оптималды микроклимат.
- •2. Өндірістік микроклимат конвекциялық жылудың бөлінуімен сипатталады:
- •4. Өндірістік микроклимат ылғалдылықтың басым бөлінуімен сипатталады:
- •5.Өндірістік микроклимат ауаның төменгі температурасымен сипатталады:
- •Микроклимат және жылу алмасу
- •Тыныс жолдары арқылы булану.
- •Өлшейтін кұралдарға қойылатын талаптар 3-Кесте
- •Метеожағдайды зерттеуді жүргізу реті
- •Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістері
- •Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •Жылулық балансты есептеу.
- •Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы
- •Көз зорығуы және жалпы зорығу
- •Көз тастаудың алмасуы
- •Қозғалу тыныштандырады және денені босатады
- •Күн жарығы көздерге нәр береді
- •Көздің қан айналымын күшейту
- •Көздерге арналған йога
- •Көзқарастың орнын ауыстыруы
- •Жаттығулар көзілдіріксіз жасалады
- •К өздерді айналдыру
- •Қиылыспалы қимылдар
- •Мидың оң жақ жарты шарын белсендіру
- •Бейнелерді бірлестіру бұзылыстарының себептері
- •Массаж және акупрессура
- •Тұжырым
- •«Компьютер» және балалар
- •Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •Өртке қарсы қорғаныс
- •3.5. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі еңбек және демалыс тәртібі
- •Жұмыс ауысымының ұзақтығына, еңбек іс әрекетінің түріне және категориясына байланысты регламенттелген үзілістер уақыты
- •3.6. Дисплей тұтынушысының жұмыс орыны
- •Монитор
- •3.8. Вдт мен пэем-ын тұтынушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Өндірістің жеке салалары және ауыл шаруашылығының еңбек гигиенасы
- •Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Дәнді дақылдарды өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Қант қызылшасын өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Жылы жәй шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы
- •Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •57 Сурет Құстарды төсемсіз саңылаулы еденде күтіп-бағу
Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы
Мал өсіру технологиясы, көптеген әрі жетілдірілген өндірістік процесстердің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы мал өсірушілер мен құс өсірушілердің еңбек әрекетінде ерекше маңызды. Еңбек жағдайын анықтайтын негізгі фактор, көп көлемді кешенде малдармен үнемі әрі тығыз байланысты болып табылады.
Мал өсірудегі механикаландыру үдересінің деңгейі еңбек бөлімдері деңгейімен анықталады, яғни жұмыс жасаушылардың кәсіби, мал өсірумен айналысатындардың еңбек сипаттамасы мен ұйымдастыру жолдары, жануарларға қызмет жасау ретімен анықталады.
Сонымен, ірі сүт өндіру кешендерінде, сауыншы мен бақташылардан басқа азықтандырушы-механизаторлар, қондырғыларды бақылайтын, сонда жұмыс жасайтын техника мамандығының жұмысшылары жұмыс жасайды. Жоғарғы дәрежелі механикаландыру мен мамандандырылған машинамен сауу операторлары міндеттеріне сауу, сауатын аппараттарына күтім жасау, құрама жемдерді тарату жатады. Механикаландарылған сауу блогында бір оператор 80-100 бас және одан да көп сиырларға қызмет көрсетеді. Мысалға, айналдырмалы сауу қондырғыларында жұмысты тұру күйінде жасайды, ол ауысымсыз біркелкі жиі қозғалыстарын талап етеді, ол желінді жуу мен уқалау, сүттің алғашқы ағысын сауу, сауу аппаратының құтыларын кигізу мен шешумен байланысты. Барлық әрекеттер айналмалы қондырғы ырғағымен жасалады. Айналмалы аппарат 7 минут ішінде 24 қондырғыда 1 толық айналым жасайды, сонымен оператор бір малға 17 с. жұмсаса, басқа сауу қондырғыларында – 40 с.-қа дейін жұмсайды. Сонымен, аппаратпен сауу операторының еңбегі айтарлықтай жүйке-эмоциялық ауыртпалық түсірумен сипатталады. Оператордың міндеттері мен еңбегіне аппаратпен сауудан бөлек сиырларды байлау мен босату (байлау мағынасында), жайылуға тысқа шығару, малдарды тазалау, жемсауыттарды тазарту, төлдерді қабылдау мен бұзауларды 10-20 күнгі уақытқа дейін қарау. Осыдан бір операторға бөлінетін жұмыс мөлшері 25-35 сиырды құрайды. Мұндай жұмыстың ұйымдастырылуы ауыр қол еңбегі мен жарақат алу қаупін тудырады.
Отандық шаруашылықтың көпшілігінде аппаратпен сауу, операторлардың бір ауысымда, екі реттік сауу (екі рет сауады және азыққтандырады) , жалпы тәулігіне 7-8 сағ. созылатын еңбек күн тәртібі белгіленеді. Шамамен күн тәртібі төмендегідей: бірінші сауылым сағат 5 -5.30 мин және сағат 9 - 9 . 40 мин, екіншісі сағат 17.30 мин — 18 сағаттан 21 - 21.30 мин.дейін созылады.
Ең ыңғайлысы және тиімдісі екі ауысымды еңбек түрі, онда сауыншылардың бірінші ауысымы сағат 6-дан сағат 14.40 мин, екіншісі - сағат 13-тен 21сағат аралығында.
Ірі қара малдарға жем беру кешендерінде жұмысшы жүктемелері мамандықтарына, технологиялық процестер деңгейіне, жем беру немесе азықтандыру тәсіліне және т.б. қарай бөлінеді. Малдарға күтім жасауына қарай жүктеме 300 ден 800 басқа дейін, жетілдірілген құралдар көмегімен малдарға жем беру немесе азықтандыруда бір операторға - 800 дден 1100 бас ірі қарадан келеді .
Бір ауысым тәулігінде 1 – 2 сағат технологиялық үзілісі бар, ең қолайлы еңбек күн тәртібі.
Шошқа өсіру кешендерінде бір операторға малдарға қарау мен қызмет көрсетудегі жүктелетін жұмыс көлемі 60 - 100 бас аналық шошқалар немесе 2000 – 4200 бас торайлар және 1800 - 2000 бас бағудағы шошқалар.
Негізгі технологиялық үдерістердің механикаландырылып енгізіліп, қолдануына байланысты, ауыр дене еңбегін қысқартты, тіпті жоқ деседе болады. Сонымен қатар көптеген мал өсіру операторларының жұмысы орташа ауыр еңбекке жатады, кей жағдайларда тіпті ауыр еңбекке де жатады. Белсенді бұлшық еттер талап ететін жұмыстар қондырғыларды тазарту, суару жерлері, мал тұратын орындар, жем беретін жерлерді тазалау жұмыстары. Мысалға, қондырғыларды тазалау кезінде шошқа өсіру кешенінің операторлары көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды, дене мүшелеріне күш түсіретіндей жағдайлар да кездеседі. Қондырғыларды тазарту жұмыстары барысында операторлар 1200 – 1800-ге дейін қозғалыстар жасайды , ол ауысым бойына бірнеше шақырым жер жүргенмен бірдей болады.
Дене еңбегін талап ететін жұмыстың бір түрі – мал дәрігерлік күтім, жануарларды таразыда ұстап тұру, белгілі бір күйде ұстап тұру (егу жұмыстары, нөмірлеу т.б. кездер).
Операторлар еңбегінің ерекшелігі жүйке-эмоциялық ауыртпалығын түсіру, жарақат алу қауіптілігімен байланысты, жануарларға үнемі күтім жасау, оларды бақылап отыру кестесін қатаң сақтау (суару, жем беру, сауу және т.б.) жануарлар өнімділігі мен олардың денсаулығына аса жауапкершілікке ие болады.
Ірі мал өсіру фабрикаларында құс өсірушілер инкубация, балапандарды өсіру, үлкен құстарға күтім жасау, жем дайындау және т.б. операцияларды орындайтын мамандар еңбегі кеңінен қолданылады (шамамен 50-ге жуық мамандық иелері бар) .
Құстарды торда ұстаудың негізгі процесстері механикаландырылған, құс өсірушінің еңбегі операторлық сипатқа ие. Цехтардағы іріктеу, жарықтандыру, жұмыртқаларды дезинфекциялау мен жатқызу, сонымен қатар жарып шыққан балапандарды іріктеп жинау, оны тазалау қолмен жасалатын өндірістік операциялар. Операторлар бір ауысымда инкубаторларды толықтыру кезінде шамамен 3,5 т ауыртпалық жүк түсіреді.Іріктеуші, ауысым бойына 3 мың. балапанды қарап шығады. Қол еңбегінің айтарлықтай көп бөлігін құс өсірушілер еңбегінде сипатталады, олар жас балапандарды өсірумен айналысады, әсіресе алғашқы 10 - 15 күн аралығы жауапты кезең. Бұл кезеңде балапандарды арнайы тағамдармен жиі тамақтандырып отырады, жемді қолмен таратады, суға еркін жол ашылады, қондырғыларды уақытылы тазартып, дәрілеп өңдеп отырады, қарау технологиясы қатаң сақталады. Құстарды бөлшектеу, сою орнында да өндірістік операциялар қолмен жасалады (сою, жүндрін жұлу, іріктеу). Жұмыс біркелкі күйде жасалады, жұмысшылар сағатына 1200 - 1400 бас бірліктерін дайындайды.
Мал өсіру орындарындағы м и к р о к л и м а т белгілі бір көлем аралығында болады. Ол ғимарат түріне, жылу өткізгіштігіне, оның құрылысына, желдету мен жарықтандыру, климаттық жағдайларына, жыл мезгіліне саны мен сапасына, жануарлар түрі мен жас ерекшеліктеріне байланысты. Мал өсіру кешендерінің микроклиматтық негізінде зоогигиеналық нормативтермен анықталады, олар кейбір жағдайларда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай бола бермейді.
Мал өсіретін орындардағы, сүт өндіру фермаларындағы, ірі қара мал кеш-ендеріндегі ауа қысымы жазғы уақыттарда гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
Бірақ сиыр ұстайтын орындарда еліміздің шығыс аудандарында, әсіресе ыстық аптаптарда ауа қысымы 35 °С-ге дейін көтерілуі ықтимал. Суық мезгілде, ауа қысымы 8 - 10 °С және одан төмен болады. Бұл кезеңдердегі қатысты ылғалдылық тиісті нормадан (75 - 95%) үнемі асып отырады.
Шұғыл жағымсыз микроклиматқа ұшырайтын мал шаруашылық кешен деріндегі жем немесе азық тарату кезінде дарбазаны жиі ашудан бұзылады. Ауа ылғалдылығының жоғары болуы жай ішінде тұманның пайда болуына соқтырады және ғимарат қоршауында су буларының конденсаттарының түсуіне әкеледі
Қалыпты салқын климатта орналасқан шошқа өсіру кешендері «Климат» және т.б. желдеткіш-жылытқыш жүйелерімен жабдықталған, ауа қысымы мен ылғалдылығы және микроклиматтық жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді. Дегенмен, салыстырмалы ылғалдылық (70 - 75%) жоғары болуы мүмкін, ал жай ішін сумен жуу, жинау-тазалау жұмыстары кезінде 80 - 95%-ға дейін көтерілуі де ықтимал. .
Құс өсіру шаруашылықтарындағы жекелеген жайлар немесе бөлмелердегі ауа қысымы айтарлықтай тұрақты емес. Сонымен, жас балапандарды өсіру бөліктерінде ауа қысымы жыл бойына біркелкі, барлық бөлме ішінде яғни 30 ± 2°С деңгейінде болады . Осындай жағдайды ескере кететіні, құс өсіру шаруашылығындағы жұмысшылар үнемі жай ішінде болады және дене еңбегі ауыртпалығы орташа болады .
Суық кезеңдердегі өндірістік ортадағы ауа қысымы 2,5 - 11,5 °С деңгейінде болады. Салыстырмалы ылғалдылық ауа қысымының жоғарғы жылдамдығы 45 - 85% ға ауытқиды; жылы кезеңдерде ауа қысымы 16 - 35 °С аралығында болады.
Мал өсіру ортасында жануарлардың тіршілік етуінен негізделген үнемі газ тәрізді иістермен, сонымен қатар экскрементті өнімдердің жайылуы мен жем қалдықтар иісіде толы болады. Оларға қатысты аммиак, күкірт қышқылы және т.б. құрамында көмір қышқыл қосындылары жоғарғы мөлшерде болады
Сәулеттік-жоспарлы шешімдеріне қарай , өндірістік жайлар ішінде ауаның газ тәрізді иістер шоғырланып үнемі тұрмайды, олар малды ұстау тәсіліне қарай, азықтандыру түріне қарай, мал қиын тазалау, желдету жүйесінде т.б. байланысты .
Аммиактың (20 мг/м3) құрамды және күкіртқышқылы (10 мг/м3) болуы, мал ұстау орындарында санитарлық талаптар мен зоогигиеналық нормативтерге сай .
Көп жағдайларда ПДК деңгейінде немесе одан төмен болады, жылдың суық мезгілінде, жай орындарын жинастыру кезінде желдеткіш істен шыққан жағдайда және мал астын яғни қиларын уақытылы тазартпаған жағдайларда, зиянды бұл заттардың ауа концентрациясының ауада жоғарылауы мүмкін.
Мал өсіру мен құс өсіру өндірістік ортасынының негізгі келеңсіз факторларының бірі ж а ғ ы м с ы з ө з і н е т ә н и і с і, ауада ұшып жүретін бірнеше газ тәрізді қосындылардың (меркаптан, амин, кетон, альдегидтер, дисульфидтер, спирт, индол, скатол және т.б.) болуы. Иіс беретін химиялық қосындылар мардымсыз концентрацияда, дегенмен, ұзақ уақыт сақталып тұрады, тіпті адам киіміне сіңіп қалуы, адам денесіне сіңіп қалуы да ықтимал.
Иіс ұзақ уақыт сақталады және кешен мен фермаларада жұмыс жасайтын жұмысшылардан шығып тұрады, ол әлеуметтік-психологиялық зиян келтіреді, мамандыққа деген қызығушылықты жоғалтады, әсіресе жастар арасында, сондықтан жұмысшылар үнемі ауысып отыруына да негіз болады. Газ тәрізді химиялық қоспалар концентрациясы – иіс көзі – жұмысшыларда иіс сілемейлі қабаттарын тітіркендіреді, тыныс алу жолдарын зақымдау, жүрек айну, бас ауыру сияқты жағдайлары жиі болады.
Ш а ң - мал өсіру кешендерінде аса күрделі және минералды және органикалық құрамды компоненттерден құралады. Минералды компонентті жеммен, көлікпен, мал- дармен келетін топырақ шаңдарды құрайды. Бұл топырақ шаңдарында 0,5 - 8% көлемінде диоксид кремний болады. Органикалық компонент болып саналатын шаң-тозаң мал шаруашылық жайларындағы гигиеналық талаптармен анықталады. Мал басы мен құс өнімі тиімділігін арттыру үшін көптонналы өндіріс қарастырылуда, жақсы құрамды азықты кеңінен пайдалану, ақуыз, ашытқы, дәруменді қоспалар (мал шаруашылығы өндірісінде Вг, Вз, Bi2, К, Е, РР, DD2 және т.б. дәрумендер кеңінен қолданылады), ауыспайтын аминқышқылдары, ферменттер, антиоксиданттар қолданылады. Бұл қоспалар негізінен микробиологиялық синтез өнімдері болып табылады.
Шаң-тозаң құрамына жемде кездесетін антибиотиктер, яғни жануарларды өсіруге пайдаланатын заттар (тетрациклин, биомицин және т.б.) кіреді, сонымен қатар, антибиотиктер, жануарлар ауруларын алдын алу мен емдеуге арналған (пенициллин және т.б.) дәрі дәрмектер болады.
Соңғы жылдары құстарды топтап өңдеу әдісі жиі қолданылуда, яғни егу барысында жекелеп егу және аэрозолді тәсілі арқылы антибиотиктерді , күйзеліске қарсы дәрілерді және басқа да фармакологиялық дәрмектер, ауаны дәрілеу, дезинфекциялау құралдары және т.б. қолданылады.
Азық дайындау мен мал өсіру өндірісінде йод, марганец, кобальт, мырыш, қола сияқты микроэлементтер кеңінен қолданылуда. Бұл өндірісте құрама жем темірсульфаты күйінде қолданылады.
Мал өсіру орталарындағы шаң—тозаң құрамында аз көлемде улы химикаттар, гербецидтер, болуы мүмкін, олар азыққа дайындайтын шөптерді өңдеу үшін қолданылады, дәнді дақылдарды сақтау мақсатында дихлофоспен өңдеуі де ықтимал. Одан бөлек, улы химикаттар мал шаруашылығы жайларын немесе орындарын дезинсекция мен дератизация жасау құралы ретінде де қолданады.
Сонымен, қазіргі кездегі мал өсіру кешендеріндегі шаң-тозаңдар олардың патогенді қасиетін анықтайды - фиброгенді, аллергия тудырушы, сезімталдалығы тен токсикалылығы, алдымен , олар адам ағзасына аллергиялық түрде әсер етеді.
Мал өсіру кешендеріндегі жекелеген операторлардың жұмыс орындарындағы шаң-тозаң концентрациясы өндіріс технологиясымен анықталады. Шаң көтерілудің ең көп жері азық дайындау цехтары, әсіресе азықты, жемді майдалау аумақтарында, тағамды түрлі заттармен араластыру, азық сақтау орындары, оларды басқа орынға көшіру, құрғақ азықты тарату, жайлар ішін тазарту барысында басым болады. Шаңды басуға тиісті құралдарды қолданбау көрсетілген шаралар барысында келеңсіз жағдайларға итермелеуі мүмкін.
Мал шаруашылығы кешендеріндегі операторлардың жекелеген жұмыс орындарындағы шаң концентрациясы өндіріс технологиясымен анықталады. Шаң болу деңгейінің жоғары сатысы азық дайындайтын цехтарда, азықты ұсақтау аумақтарында, қоспалармен азықтарды араластырғанда, азықтық жемдерді сақтау орындары мен оларды тарату, жинау барысында тым артық екені байқалуда. Шаң басу үшін арнайы құралдар пайдаланбай көрсетілген шараларды орындау қиынға соғады. Жануарлар белсенділігі артқан кездері шаң көтерілуі артады, сонымен қатар малдар мен құстарды дәрігерлік және өндірістік өңдеу барысында да осындай жағдай болады. Мысалға, инкубатор цехтарында балапандарды сорттау барысында жұмыс жасау аумақтарында 34 - 48 мг/м3-ге дейін, жылы жай ішін жинауда 58 - 60 мг/м3-ға дейін шаң-тозаң көтеріледі. Инкубаторлық шаң – органикалық, оның құрамын негізінен балапандардың үлпілдектері құрайды. Шаңның жағымсыз әрекеті инкубаторлық цехтарды фармальдегид деп аталатын бумен ауаны ластауы да ықтимал. Әдетте жылдың жазғы уақытында аталып отырған жұмыс орындарында қысқы кезеңдегіге қарағанда шаң көтерілудің жоғарғы деңгейін байқалады,ылғал немесе сұйық азықтарды қолдану,қиларды сумен жуу тәсілі мал өсіретін жайлардағы шаң көтерілу жағдайларын төмендетеді.
Мал өсіретін жайлардың микрофлорасы негізінен сапрофитті және шартты-патогенді түрлерінен: ақ және алтын түсті стафилококктан, гемолитикалық стрептококктан, сальмонелл, протейн және ішек таяқшалары тобынан тұрады. Саңырауқұлақтар ішінен зең саңырауқұлақтары жиі кездеседі. Ауаны микробты ластану көзі - азықтар, жем, малдар және көңнің өзі ықпал етеді.
Өндіріс кешендеріндегі сұйық көң, ластану жағынан органикалық заттар мен бактериялардан, әсіресе ішек таяқшалары шаруашылық ағын сулардағыдан асып түседі. Малдар арасында осындай эпизооттық орта, эпидемиялық қауіп төндіретінін есте сақтау керек. Сонымен, жануарлар көңі эризипелоидтардың қоздырғыштығы 58-ден 120-ға дейін, бруцеллозды - 70-тен 174-ке дейін, аусыл вирусын - 42-ден 192-ге, сальмонеллезді – 20-дан 300 күнге дейін сақтап тұра алады. Бірқатар жұқпалы ауруларды қоздырғыштары құрғақ көңде сақталады да тозаң түрінде сіңіп , мал өсірушілерде респираторлық жолмен ауру, қоздырады (орнитоз, бруцеллез).
Жануарларды емдеу мен тамақтандыруда антибиотиктерді кеңінен қолдану, антибиотикті-қалыпты бактерияларының штаммларының пайда болуына әкеп соқтырады. Мұндай микроағзалардың саны өсу беталысына ие болады.
Бактериялық ластану деңгейі, жануарларды ұстау, жыл мезгіліне, жылы жайларды жинау мен тазарту, желдету, дәрілеу, басқа да санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізуге байланысты. Микроағзалардың саны 1 м3 –та оннан жүз мыңдаған және одан да көп болуы мүмкін, олардың санитарлық көрсеткіші 45-тен 80%-ға дейін болады. 1 м3 ауада жүздеген көгерген зиянды заттар болады. Бактериялары басым аумақ шошқа мен құс өсіру кешендері болып саналады. Мысалға, бірқабатты торларда құстарды ұстауда 1 м3 –та 7,5-тен 22 мың. микроағза бар, ал құстарды жерде ұстау кезінде 500 мың. — 1 млн. дейін және одан да көп .
Ауа микрофлорасының саны мен құрамы мал шаруашылығының санитарлық жағдайының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Мал өсіретін аймақтардағы ауаның микробты ластануын бағалауда ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесінің нұсқаулығын уақытша басшылыққа алуға болады, яғни онда 1 м3 аумақта ауаның микробты ластануы 70, төл туатын бөлімдерінде – 20-ға дейін, төлдерді ұстайтын орында - 40-қа дейін, шошқа төлдері өсіп өнетін жайларда – 40-тан 60-қа дейін және шошқа-азықтандыратын бөлмелерде – 50-ден 80 мың. микроағзалар дейін болуы мүмкін. Жануарларға күтім жасайтын жоғарғы микробты лас жағдайда жұмыс жасайтын операторларды тексеру салдарынан олардың ағзаларында стафилококк және гемолитикалық стрептококк, көздің шырышты қабатында — зиянды саңырауқұлақ ұлпалары анықталған.
Мал және құс өсіру өндірістік жағдайларында ш у ерекше орын алады. Шу шығарушы түрлі механизмдер, азық дайындау, сауу, азық тарату, көң тазарту құралдары мен тіпті жануарлардың өздеріненде туындайды. Азық дайындау цехтарында азықты ұсақтау барысында 2000 - 4000 Гц жиілігін құрайтын шуыл, шығаратын дыбыс деңгейі 10 - 12 дБ-ны қамтиды.
85 - 87 дБА-ға дейінгі шуларды қозғағыштар мен сауу аппаратының вакуумдық сорғыштары тудырады. Мобильді азық таратушы агрегатты тракторлары және көң тазалайтын бульдозерлер жоғарғы жиіліктегі 87 - 90 дБА және одан да жоғары деңгейлі шулары шығады.
Аталып отырған кезе-кезек жүргізіліп отырылатын шаралар арасында үнемі шу болып тұрмайды. Жануарлардың өздері туындататын шулар үнемі болмайды. Мысалға, шошқа өсіретін кешендерде жануарлар тынығу кезінде 45 дБА, ал жануарлар қозу қозғалыстарыда , ондай жағдайлар азықтандыру, азық тарату, немесе уақытында азықтандырылмаған кездері және дәрігерлік тексеру барысында, шу 85 - 98 дБА-ға дейін жетеді. Әдетте жануарлардың дыбыс, шу шығаруы кезіндегі,төлдерін емізіп емеуренгенде шу ұзақтығы бір ауысымда сағаттан аспайды. Құстардың шулауы 90 дБА-ға және одан жоғары болуы ықтимал. Айрықша шу түрі, бұзауларды немесе төлдерді кіші топтардан ұжымдық аумақтарға көшіру барысында туындайды. Алғашқы уақытта олар үйрене алмай, азықтан бас тартып,1-1.5 жарым тәулікке дейін дыбыс (мөңірейді,)шығарады. Олардың бір ғана себебі бар төлдер өздерін баққан бақташыларын іздейді.
Механизм жұмысынан туатын шудан гөрі жануарлар өздері шығаратын дыбыстардан туындайтын шулар әсер ету жағынан жағымсыз болып табылатыны айта кету керек.
Мал өсіруші жұмысшылардың еңбек жағдайында маңыздысы жұмыс орындарын дұрыс жарықтандыру. Барлық негізгі өндірісітік орындары табиғи және жасанды жарықпен қамтылған. Құстар көбіне жарықсыз жерлерде ұсталады, олар ылғи жарық сәулесімен де тұра береді
Сиыр ұстайтын жерлердегі байлауда және бос ұстау барысында, өндірістік нормаға сәйкес жарықтандыру 30 лк, төлдеу орнында - 100 лк болуы тиіс. Сауу бөлімінде ұсақ кемшіліктері ажырата білу ( сүт қондырғысының аппараттары туындататын желіннің ластануы, желін ұштарының жарылуы) қажет. Жұмыс орындарындағы жарықпен қамтамасыз ету 150 лк, КЕО - 0,5 ден 0,7 - 0,9 % ға дейін жарықтандырылады.
Шошқа өсіру кешендеріндегі жайларда жасанды жарықтандыру, 20 - 50 лк, КЕО - 0,5; басқа орындарға үшін – 50 - 100 лк и КЕО - 1 - 2% қарастырылған. Жарықтандырғыш қондырғыларды, терезе, шамдар тиісті талаптарға сәйкес нормаларда ұстайды.
Құс фермаларында жарық беру ұзақтығы мен жарықтандыру деңгейі технология жағынан қарастырылған. Сонымен, құстардың жас ерекшелігіне қарай жарықтандыру 18-ден 23 сағатқа дейін созылады. Егер жұмыртқалаушы мекиендер (40 - 60 лк) өте жарықта ұсталса, ал бордақылантын балапандары керісінше онша қатты жарықтандырылмаған жағдайда ұсталады (10 - 12 лк).
Мал шаруашылығын өндірістік ортаға көшіру еңбек жағдайының жақсару мен сауықтыруына ықпалын тигізеді және ол мал өсірушілердің денсаулықтарына айтарлықтай әсер етеді. Өндірістік орындар мен кешендердегі мал күтушілердің ауру түрлерінің көрсеткіші, дәстүрлі мал өсірушілерге қарағанда төмен. Дегенмен, олардың еңбек түріне қарай мұндай көрсеткіштер ауылшаруашылық жұмысшыларының кәсіби топтарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғарғы көрсеткішті көрстеді.
Мал шарушылығындағы жұмысшылар аурушаңдығы
Мал өсірушілер ауруларының құрылымы мен деңгейі аумақтың климатты географиялық ерекшеліктеріне, дәрігерлік қызмет көрсетулеріне, мал өсірушілердің жас және жыныстық құрамына, мал өсіру өндірісінің мамандандырылуы мен басқа да факторларларына байланысты.
Мал өсірушілердің денсаулықтарының еңбек жағдайларының гигиеналық ерекшеліктеріне негізделген жалпы басымдылықтар байқалуда. Сүт-тауар кешендері мен фермаларында жұмыс жасайтындардың ауруға шалдығу деңгейі жоғары. Машинамен сауу шараларының арасында перифериялық жүйке жүйесі және тірек-қозғалыс аппараттарының (бел аурулары, құяң, вегетативті полиневрит, артрит, миозит, тендовагинит) аурулары жиі кездеседі.
Шошқа әсіру кешендеріндегі операторлардың, ірі қара малды азықтандыратын операторлар және әсіресе құс өсірушілерде тыныс алу мүшелерінің аурулары орын алады.
Барлық мал өсірушілерде тым артық салмақтың болуы гипертония ауруларымен және вегетативті+-тамыр дистониясы, жүрек-тамыр жүйесі ауруларына соқтырады.
Ескі тонзиллит, ринит, фарингит, отит сияқты ЛОР аурулары мал өсірушілер қатарында айтарлықтай орын алады.
Уақытша еңбекке жарамсыз болып саналатын аурулар қатарына ас қорыту мүшелерінің, тері және тері асты ұлпалар аурулары жатады.
Мал өсіруші әйелдер гинекологиялық созылмалы ауруларына шалдығады және қайталап ауырады.
Мал өсіруші-операторларда аллергиялық ауруларда жиі кездеседі.
Биологиялық белсенді заттардың мал азықтандыру кешендері мен сүт-тауар фермаларындағы жағдайлармен салыстырғанда құс өсіру мен шошқа өсіру кешендерде аллергиялық әсер ету деңгейі жоғары. Бұл құстар мен шошқаларға беретін азық құрамында биологиялық белсенді заттардың (антибиотиктер, дәруменді белок концентраттар және т.б.) тым көп екендігімен түсіндіріледі.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей, құс өсірушілерде ерекше кәсіби аллергиялық аурулар деңгейі жоғары екені байқалады. Аллергиялық аурулардың орын алған жері тыныс алу мүшелері (аллергиялық ринопатия, ескі демікпелі бронхит, бронха демікпесі) және көз аурулары (аллергиялық конъюктевит); тері аурулары мен қышыма түрлері жиі кездеседі. Аллергиялық аурулары байқалған адамдарда үлпілдектер мен қауырсындарға, азық түрлері аллергияны қоздыра түседі. Мал өсірушілердің арасында кәсіби жұқпалы аурулардың тіркеліп тұрғандары да кездеседі.
Кәсіби еңбек өтілі мен мал өсірушілер еңбек жағдайына қарай жиі кездесетін аурулар түрі мен деңгейі анықталған. Мал өсірушілер денсаулық жағдайына қарай анықталған аурулар сипаттамасы аурудың кәсіби әрекет жағдайымен байланысын және кешенді денсаулық сақтау іс шараларын жетілдіру қажет екендігін атап көрсетіп отыру қажет..
САУЫҚТЫРУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Мал өсірушілердің ауру деңгейін төмендету және еңбек жағдайын сауықтыру ұтымды жобалық-құрылыстық, техникалық технологиялық шешімдер, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу және енгізу арқылы жасалуы тиіс.
Құрылыс және технологиялық нормалардың технологиялық жобалануы (ОНТП-1-77 және ОНТП-2-77) мал өсіру кешендерін пайдалануға берумен қатар құрылыс және жобалауда зоогигиеналық принциптерге негізделіп, тиісті құжаттар мен талаптарды пайдалануға, санитарлық гигиеналық талаптарға сай технологиялық үдерістерді, өндіріс құрал жабдықтарды, жұмысшылардың еңбек жағдайын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Еңбек жағдайын сауықтырудың басты жолы, мал және құс өсірушілердің шаршап-шалдығуы мен аурушаңдық қаупін төмендету, өндіріс барысын механикаландыру мен автоматтандыру мәселелерін жетілдіру. Мысалға, сүт-тауар өндірісінде сауар алдында желіндерін жуу мен уқалау сияқты ауыртпалық түсіретін жұмыс орындарын механикаландыру мен автоматтандыру мәселелері қолға алужәне жетілдіру түбегейлі мәселе.
Құс өсіру шаруашылығын өндірістік негізде оларды азықтандыру, суару, жұмыртқаларды жинау, оларды іріктеу, жуу, тауық немесе тұратын жерінің астын тазалау және сол сияқты жұмыстарды жекелеп механикаландыру сонан соң автоматты түрде орындау үдерістеріне көшу өте тиімді.
Шошқа өсіру және басқа да кешендерде мал өсіруш операторлардың болашақта гигиеналық жағдайларын жақсарту мақсатында автоматты түрде суару құрылғыларын қолдану, қол жұмыстарымен орындалатын жұмыстардан босату.
Ерекше ауыр жұмыс шаралар азықтандыру,станок құрылымдарын тазалау, жинастыру үшін шағын механизация құралдарын енгізу қажет.
Барлық технологиялық қондығылардың бұзылып қалмауы үшін алдын ала жөндеу жұмыстарын бақылау жасап отыру және оны пайдалануға берген жағдайда істен шығып қалған құрал жабдықтарды жөндеу, сонымен бірге бір оператор атқартын іс шаралар міндетті түрде орындалатын жұмыс көлемінің артуына тіпті шектен тыс денеге ауыртпалық және нервтік эмоциялық қауырттылық әкеледі.
Мал және құс шаруашылықтарында өсіретін кешендерде қажетті микроклимат параметрлерін қолдау және жай ішінде газ тәріздес зиянды заттарды желдеткіш жүйесі арқылы желдетіліп отырылуы керек. Отандық өндірістен шығарылған және кең көлемде қолдану, кең таралған типтік жайларға арналған «Климат-45» және «Климат-47» автоматтандырылған желдеткіш қондырғы пайдаланылады, ол қондырғылар қажетті ауа алмасуын және тиісті ауа қысымын (0-36°С) қамтамасыз етеді. «Климат-ЗМ» типті автоматтандырылған жылу желдеткіш қондырғылар кешені қалыпты ауа қысымын ұстап тұрумен қатар қажетті ауа ылғалдылығын да қамтиды.
«Климат» типті кешеннің жұмысы зооветеринарлық нормалармен сәйкес жыл мезгілінің уақытына қарай бағдарланып жасалады. Қызметкерлерге арналған бөлмелердегі микроклимат параметрлері санитарлық нормаларға сай болады .
Автоматтандырылған желдеткіштер жүйесімен қатар біріккен табиғи ауа алмасуы фрамуг, электржібергіш және басқа да қондырғылар пайдалану арқылы реттеп отыру қажет. Шығып кететін ауадан шаң мен ауа бактериялық аэрозолдерді ауадан тазарту ол ірі, ұсақ (кездемелі ОРТП) блоктардан құралған тазарту жүйесі болып табылады, ауа сүзгіші қондырғылар арқылы жасалады.
Ауа алмасу процесін ұйымдастыру барысында ылғал мен газдар бөлме-жайдың жоғарғы жағына жиналып қалмауын ескеру керек, сондықтан ауаны алып кететін саңлау, алмасу қондырғылары жоғары аймақтарда орналастырылады. Одан бөлек жуу мен өздігінен ағу жүйелері арқылы бөлме-жай ішіндегі еден мен еден асты қоқыстарын тазарту арқылы ауада жағымсыз иістердің таралуына жол бермейді. Сонымен қатар, бөлме-жайлар көлеміндегі зиянды газдар мен микроағзаларды тазартады. Малдар мен құстар орналасқан жайларда немесе орындарда жылы ауа беріліп тұрады.
Өндірістік жайларды жылыту үшін арнайы бетондалған панелдері бар электрожылытқыш қолданады. Сауу дәліздеріне, сауылатын сиырды кіргізу-шығару кезінде бөлмеге кіретін суық желдің есебінен температураның күрт төмендеуінің алдын алу үшін кіру есігінде қондырғы перделер орнату керек.
Жем беру цехтарындағы шаңдану мөлшерін азайтуда орынды сериялы жабдықтар орнату, жемнің мөлшерін, араласуын және тасымалдануы бойынша процесстерді барынша механикаландыру және технологиялық автоматтандыру. Жем әзірлейтін құрылғылардың орналасқан жерінде міндетті түрде технологиялық жабынды қондырғылы жергілікті шаңсорғышы бар желдеткіштер болуы керек. Ұсақ және сусымалы шаңданатын материалдардың орнын ауыстыру кезінде, пневмокөліктің көмегімен көшу жұмыстарын жүргізу керек. Газ тәрізді заттектермен ауа ластануының алдын алудың басты әдісі, бұл – бөлмеде кезекті тазалау шараларын жүргізу, бөлмені көңнен, шаңнан, микроағзалардан тазалау, жемге арналған науалардағы жем қалдықтарынан тазалау, дезинфекция жасау , тазалықта ұстап тұру жалпы санитарлық жұмыстарды атқару.
Жем тарату тәсілі кезінде жұмыс жүйелі түрде беріледі, үйткені заттарды жұмылдыру көмегімен ауаны шығатын газдармен, шаңмен қосымша ластануға әкеледі. мобильді жем тасымалдауға қарағанда, жемді стационарлы тарату әдісін қолдану – шаңмен ластану, зиянды газдардың бөліну деңгейін әлдеқайда төмендетеді. Жем таратуда құрылғыларды жұмылдыру интенсивті шудың көзі. Қыс мезгілдерінде, шығу-кіру қақпасын жұмылдырылып жем тарату кезінде ашылып-жабылуы микроклиматты төмендетеді.. Гигиеналық көзқараспен қарағанда көлікті құралдар жұмылдырылыпең жем тарату көлігі – электрокар. Электрокар – басқа көліктерге қарағанда газдар мен шуды аз мөлшерде шыарады,шығатын газбен ауаны ластамайды, тракторлармен салыстырғанда шу аз болады. Мал ұстап – бағатын бөлмедегі ауаның микроағзалармен ластану деңгейін төмендету мақсатында бактериоцидті лампалар қолданылады. Қолданыста БУВ-15, БУВ-30, ЗОП, ЗОП-60 сияқты бактериоцидтік шамдар қолданылады. Шамдарды арнайы қалқалармен қоршап, қызмет көрсетуші жеке тұлғалар мен жануарларға теріс әсер ететін интенсивті және тікелей түсетін ультракүлгін сәулелерді болдырмайтын жабдықтармен қамтылады.
Жағымсыз иісті азайту мақсатымен электірліжәне химиялық озондаушы қасиеті бар түрлі дезодаранттарды, мысалы: хлорлы әк, аммоний сульфаты, патенті бар арнайы «митоген» препараты, «содор», «биозин», т.б. қолданады.
Малдарды ұстайтын бөлмелерді токсикалық және биологиялық активті препараттардың аэрозольдарымен өңдеу кезінде, қызмет көрсететін жеке тұлғалар, міндетті түрде респиратор мен көзілдірікті жұмыс атқару кезінде киюі керек. Пестицидтерді қолдану ереже мен техникалық регламенттің қатаң сақталуын талап етеді. Шу деңгейін азайту мақсатында: шуды оқшаулауда, шуды басуда және т.б. келесі шаралар қолдануда шу шығармайтын технологиялық қондырғылар керек Бұл шараларды мал шаруашылығы кешендерін жобалауда немесе құрылыс барысында ойластырылуы керек. Қондырғылардың дұрыс жұмыс істелуін тексеріп тұру керек. Желдеткіштерді ғимараттың сыртқы бетінде орналастыру керек. Ауа әкелетін желдеткіштік қондарғыларды әзірлеуде, шу шығармайтын, ауаны жайылмалы беретін ойық пленкалы материалдан әзірлейді. Операторлар азық беру мен ветеринарлы-профилактикалық шараларды жүргізу кезінде, зиянды факторлардан сақтану үшін - шудан жеке бас қорғаныш заттарын қолдануы ұсынылады.
Антибиотиктерді малға егу дозасы (мөлшері) мен түрлеріне қатаң гигиеналық және ветеринарлық қадағалау жүргізу керек. Антибиотик және биологиялық активті заттармен жұмыс істейтін мал шаруашылығындағылар іш өту жағдайларының алдын алу үшін, сүтқышқылды өнімдерді тұрақты түрде қабылдайды. Бұндай өндірістік факторлармен жұмыс жасайтын адамдарға жылына бір ай «Бификол», сүтті коли- немесе лактобактерин екі ай ішінде дәруменделу ұсынылады. Бұған қоса мұрын-жұтқыншаққа профилактикалық шара ретінде натрий бикарбонаты, новокаин, эфедрин мен жасанды теңіз суымен ингаляциялау. Бұл шаралар медпункт пен профилакторияларда жүргізіледі.
Жақсы механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс мекемелерінде, мысалы – заманауи құс фабрикаларында, құс операторларын жағымсыз өндірістік факторлардан оқшаулау үшін, технологиялық үдерістер, қондырғылар орналасқан бөлек-оператор бөлмесінде қолайлы микроклимат параметрлерін басқаратын операторлық бөлек технологиялық пульті орналасқан. Қондырғылардың жұмысын, құс әрекеттерін бақылау өндірістік бақылап көру құралдары немесе арнайы әйнек арқылы орындалады. Оператор бөлмесіне кіру тамбур арқылы өтеді, жуынуға және дезинфекцияға арналған заттар мен ауаны стерилдеуге арналған қондырғылары бар.
Еңбек етуде шаршау,қажумен күресу - әр түрлі шаруалардың еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылатын еңбек ету мен демалысты тиімді өткізу. Гигиеналық тұрғыда әртүрлі мал шарушылығы саласындағы операторлар үшін қолайлы типтік қолайлы режимдік сызбаның бейнеленуі ұсынылады.
Машиналы сауу операторлары үшін гигиеналық жағынан тиімді болып келетін – екі ауысымды жұмыс режимі. Екі ауысымды режимді енгізу, жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылық қасиет пен техниканың үзіліссіз жұмыс жасауын талап етеді. Өйткені, тек бұл жағдайда операторлар жануарларды күту жұмыстарын уақытылы және сапалы атқара алады. Операторлардың ауысу кезегінің ең тиімдісі, бұл – апталық ауысу режимі. Аптасына 2 демалыс күні қарастырылған. Еңбек режимін ұсыну кезінде, жұмыстың ерте (сағ.4-5) басталып, жай (сағ.22-23) бітіруінен алыстау болу керек. Сүт өндірісінде бұндай режим ақталмаған. Ағымды әдіспен сүт беретін сиырларды сауу жұмыстарын сағат 6 мен 20 арасында жүргізу, сиырлардың өнімділігіне еш әсер етпейтіні ветеринария ғылымымен дәлелденген.
Мал-байлайтын кешендерінде оператордың типтік режимі - 5 күндік жұмыс пен 2 күндік демалыс. Жұмыс сағаты 7 ден басталып, 17 де аяқталады, түскі асқа 2 сағат беріледі. Малдарды күтіп-бағу өзіне 24 сағаттық ағым құрайды: сағ. 7 ден 11 дейін, сағ. 15 тен 17 дейін. Шошқа өндіру кешендеріндегі операторлардың ыңғайлы типтік жұмыс режимі – 8 сағаттық ауысымды жұмыс атқару, оның ішінде регламентте көрсетілген 1 сағаттық түскі асқа үзіліс, ал 5 күндік 2 демалыспен жұмыс режимі кезінде – жұмыс сағат 8 ден 17 дейін, оның 1 сағаты(сағ.12-13) түскі асқа үзіліске беріледі.
Мал шаруашылық комплекстерде малдың жасына, жынысына қарай оны күтіп-бағудың түрлі әдістері бар және бұл режимдер белгілі бір факторларға байланысты үнемі реттеліп тұрады. Бірақ, реттелу кезінде физиологиялық – гигиеналық талаптардың, еңбек жағдайы мен еңбекті бөлу нормалары мен заңдылықтары бұзылмауы тиіс.
Малға қарайтын малшыларға арнайы киім кешектермен қамтиды.
Мал өсіретін комплекстердің санитарлық нормалар мен ережелер өндірістік үдерістердің 3в топтарағылардың үнемі малмен жұмыс істейтіетендіктен санитарлы-тұрмыстық кешендері болу керек, құрамында: санитарлық өткізу тұрағы, әйелдерге арналған жеке бас гигеналық бөлмесі, асхана, және т.б.болады.
Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы өндірісінде өндірістік үдерісс ағымды типте құстың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады. Негізгі өнім мен алғашқы өңделген өнім алу (құс,жұмыртқа) үшін, оларды тауықтан инкуботорлық жұмыртқа алатын бір топ, инкубациялау және балапан , өсіру, өндірістік топтарға бөледі.
55. суретТауықты торда асырау
Құс шаруашылығы өндірісінде құсты торда ұстап -бағу әдісі қолданылады (ең басты өндірістік процесстердің механикаландырылуына байланысты әр түрлі: 1, 2, 3 деңгейлі батареялық торлары (55 сурет) немесе жардегі ауыстырылмалы төсеніштер қолданылады (56 сурет).
Типті құс үйшіктері құрастырылады: павильон типті және көпқабатты. Көп жағдайларда құрылымдар терезесіз, жасанды жарықтандырылады. Жарық деңгейі мен ұзақтығы жарықтандыру технологиясымен реттеледі. Мәселен, ересек жұмыртқа беретін тауықтар үшін жарықтандыру күніне 17 - 18 сағатқа созылады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде индустриялық технология ұйымдастыру үшін механикаландырылады, ал кейбір жағдайларда - негізгі технологиялық үдерістер жануарларды азықтандыру және суару, көң шығару, ветеринарлық емдеу автоматтандырылады.
Су беру науалары арқылы, малдарды автоматты суғарғыштар мен орындалады. Азықтың берілу режимі мен құрамы құстың түріне, жасына, жынысына және экономикалық жағдайларға байланысты болады.
56 сурет ашық аулада ұстау
Жемді азықты дайындау оны әзірлеу азық цехында жүргізіледі. Жем тарату тракторлар немесе автокөлік негізінде құбырлар, конвейер таспалары және ұялы тасымалдағыштары арқылы жүзеге асырылады.
Малдарды тегіс бетті еденде қарап-күткенде көңнен тазалау үшін механикалық конвейерлер пайдаланылады. Төсемсіз саңылаулы еденде (сурет 57) мал көңін, заманауи мал шаруашылығы кешенінде қолданылатын гидравликалық тазалағыш жүйелерін қолданып тазалайды (өздігінен ағып кету, сумен жуу, т.б.).
Малға арналған өндірістік ғимараттарда жағымды микроклимат қамтамасыз ету, артық жылу, ылғалдылық пен газды жою үшін ауа алмасу желдеткіштермен жабдықталады. Өндірістік шошқа шаруашылықтары көбінесе механикалық ауа алмастыру мен жылыту қондырғылары арқылы саңылаулардағы ластанған ауаны жояды. Мегежін-шошқаларға арналған едендер қосымша электірлік жылу жүйесімен жабдықталады.
Мал ұстауға арналған үй-жайлар, әдетте, тек табиғи желдету жүйесімен (сорғыш шахталар) жабдықталған және олармен жылтылмайды.
