Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары

Глинозем өндірісінде технологиялық, санитарлык -техникалық, құрылыстық және медико-профилактикалық шаралар кешенін жүргізу керек.

1. Технологиялық:

  • шикізат дайындау цехтарында қашықтан басқаруды енгізу, интенсивті шаң түзетін операцияларды жеңілдетуге мүмкіншілік береді;

  • шихтаны дайындаудың құрғақ әдістерін ылғалды әдіспен алмастыру;

  • кендерді ерітетін бөлмелерді және қыста вагондарды тазарту үшін стационарлы қондырғылармен қамтамасыз ету;

•бункерлерде шикізаттың тұрып қалуына және қатуына жол бермейтін құралдармен жабдықтау;

  • торларды жылытатын жалпақ құм електі қолдану;

  • ұзын факелді жанарғыны, тізбекті бүркеуді, пеште шихтаның берілуін автоматтандыру, механикалық көлікті пневматикалықпен алмастыру және структурасы ірі кристалл болып табылатын глиноземді алу.

2. Санитарлык –техникалық:

  • айналмалы пеш басын, шнектерді, қыздырылған материалдар түйіндерін және бункерлерді герметизациялау;

  • жылу көзі болын табылатын құралдарды жартылай немесе толық, жабу, мысалы, айналмалы пештің барабандарын;

  • үрмелі-сормалы механикалық желдетумен жабдықтау.

3. Құрылыстық-жоспарлы шаралар:

Глинозем өндірісінің көп жылдық тәжрибелері әр түрлі технологиялық, пештерді оқшаулаудың маңыздылығын көрсетеді. Ғимараттардың тиімді аэрациясында максимальды түрде желдің күшін қолдану керек. Ғимараттар арасындағы ара-қашықтық аэродинамикалық көлеңкелерге түспеуі керек. Пісіру, сілтілеу, кремнийсіздендіру, булау және кальцинациялау цех ғимараттарының көлденең қабырғалары, максимальды түрде басқа құрылыстардан бос болуы керек.

4. Емдік-профилактикалық, шаралар:

  • алдын-ала және кезекті медициналық бақылауды ұйымдастыру;

  • жеке басты қорғау кұралдарын қолдану;

  • белокқа бай, жоғары дәруменденген тағаммен қамтамасыз ету;

  • -жұмысшылардың санитарлық-курорттық емі.

Алюминий өндірісі

Технологиялық үдеріс. Алюминий алудың электролиттік процесі бұл балқытылған криолитте ерітілген глиноземнің (А О) электролизі болып табылады. Қарапайым түрде бұл процесті мына реакция түрінде көрсетуге болады: Балқытылған криолит осы үдерісті жүзеге асыру жолында жалғыз орта болып табылады. Электролиз үдерісі электролизді ванналарда жүреді.Электролизді ванна металдық қабық , төменгі бөлігі еденге енген, көмір блоктармен жақтауланған, бұл блоктар катод болып табылады. Ванна 9500 С балқытылған криолитпен толтырылады, оған үнемі глинозем салынып отырылады. Ваннаның үстінен көмір аноды түсіріледі. Анод денесіне не бүйіріне , не үстінен келтірілген құрыш стерженьдер (желі) арқылы тоқ анодқа беріледі. Еден астында орналасқан шина (темір құрсау) каналдар, арнайы шина көмегімен тоқ анодқа келтіріледі. Тоқтың катодқа келуі жоғарыдағыға ұқсас. Электролизерлердің қысқышындағы кернеу шамамен 4,5-5 В тең.

Тоқтың анодтан катодқа электролиттік қабат арқылы өту нәтижесінде металды бөлінеді, ол ваннаның түбінде жиналады және үнемі (әр 3-4 тәулік сайын) ваннадан арнайы вакуумды шөміш немесе сифон көмегімен алынып тұрады. Электролиз процесі нәтижесінде жұмсалған криолитті ваннаға ұнтақ тәрізді криолитті немесе фторлы алюминийді қосу арқылы орны толтырылады. Электролизді ванналарда электроншылар және анодшылар қызмет атқарады.

Электролизшіктердің негізгі жұмысы - электролизді ванналарды өңдеу, әрбір ванна тәулігіне 2-4 рет өңделеді. Глиноземнің электролиз процессі нәтижесінде оның ваннадағы мөлшері үнемі азаяды, осыған байланысты жаңа үлесін қосуға тура келеді. Электролитте глиноземнің мөлшері белгілі бір деңгейден азайғанда, ваннадағы қарсы күштің артуы нәтижесінде "анодты эффект" пайда болады ("бұрқ етпе" заводтык, терминология). Бұл кезде токтың кернеуі 4,5-5 тен 30-40 В дейін, ал кейде 60 В дейін көтеріледі. Глиноземнің жаңа үлесін қосу және электролитті тиянақты араластыру анодты эффектіні тоқтатуға және электролизді қалыпты ағымға әкеледі.

Электролизді цехтың құрамына электролиз корпустарымен қатар шөмішпен балқытылған алюминийді жеткізетін құю корпустары да кіреді. Шөміштердегі металлды қоспалардан тазарту үшін газ тәрізді хлорды үрлеу жолымен іске асады, содан соң араластырылады және рафинирлеу пештерінде қосымша тазарту жүргізіледі.

Механикалық өңдеуге арналған алюминий бөліктерін арнайы қондырғыларда үздіксіз жартылай құю әдісімен өңдейді.