Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Санитарлық заңдылық және емдік-профилактикалық шаралар

ҚР еңбек заңдылығы зиянды заттармен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнін шектеу жыл сайынғы демалыс ұзақтығын ұзарту, жоғарылатылған тарифтік ставкаларды (жалақы) орнату, жеңілдетілген жағдайдағы зейнетақы (зейнеткер жасын төмендету, зейнетақы тағайындау үшін қажет жұмыс стажын азайту, оның мөлшерін жоғарылату) мүмкіншілігін қарастырады. Улану қауіптілігі және организмнің арнайы функцияларына зиянды заттардың жоғары әсері бар кәсіпорындар мен өндірістер қатарына әйелдер мен жасөспірімдер жіберілмейді.

ҚР мемлекеттік тәртіпте жұмыс аймағындағы зиянды заттарға ШРЕК, ГОСТ-р, ЕҚЖС (ССБТ) орнатылған. Кәсіптік уланулар мен ауруларды есепке алу және тіркеу міндетті болып табылады. Аса қауіпті өндірістерде газдан қорғау станциялары ұйымдастырылған.

Емдік-профилактикалық шараларға ең бірінші кезекте ҚР ДМ бұйрығына сәйкес химиялық өндіріске жұмысқа жаңадан орналасушыларды алдын ала медициналық тексеру және зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшыларды кезеңді медициналық тексеру жатады. Осы бұйрықпен химиялық агенттер және олар шақыратын кәсіптік патология, кезеңді медициналық тексерулерді өткізу кезеңділігі, мамандардың құрамы мен зертханалық және инструменталдық зерттеулердің көлемі анықталған.

Зиянды заттармен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін мемлекеттік құжаттарға сай қосымша және арнайы ақысыз тамақтану, витаминдеу (емдік-профилактикалық тамақтану) қарастырылған.

Еңбек жағдайын сауықтыру шараларын қолдануға қарамастан бәрібір жұмысшылар үшін қауіптілік бар, сол себепті жеке басты қорғау заттарын қолдану қажет. Тыныс алу мүшелерін улы булар мен газдардан қорғау үшін әртүрлі противогаздар – сүзгілеуші, шлангты, оқшаулаушы, улы шаңнан қорғау үшін – респираторлар қолданылады. ЖҚЗ үнемі тексеріліп және зарарсыздандырылып тұруы тиіс.

Теріні қорғау аса маңызды, себебі, терінің кәсіптік аурулары (дерматиттер, экземалар, күйіктер т.б.) біршама, ал кейбір өндірістерде барлық кәсіптік аурулардың негізгі бөлігін құрайды.

Теріні қорғау құралдары ретінде арнайы киім, арнайы аяқ киім, қолғаптар, кремдер, майлар, пасталар қолданылады. Химиялық өндіріс жұмысшыларының арнайы киімі сілтілі сұйықтықтардан – қышқыл және сілтілерден, қол және бет терісін қорғау үшін қорғау пасталары мен майлар қолданылады.

Өндірістік бөлмелерде шылым шегу өртке қарсы қауіпсіздік мақсатта ғана емес, улануды болдырмау үшін, себебі шылым шегу кезінде жоғары улы зат түзетін термототығу деструкциясы жүреді.

Кәсіптік уланудың алдын алу үшін бөлмелерді жинаудың үлкен мәні бар. Жинау жүйелі түрде жұмыс ауысымы бойында жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатта қабырға, аппараттарды, коммуникация, алаң, едендерді жуатын брандспойттармен (өрт сөндіргіш сорғы) жабдықталған гидранттар орналастырылады. Едендер жуынды сулар жиналатын жаққа қарай еңіс болуы керек. Жуынды сулар канализацияға тек химиялық заттардан тазартылғаннан кейін жіберілуі тиіс.

Жұмысшылардың аумақ бойынша жылжуы апаттық қалдықтар түспейтін аймақармен жүргізілуі тиіс.

Кәсіптік уланудың алдын алуда жұмысшыларды зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздік ережелерін оқытуды ұйымдастыру және санитарлық-ағарту жұмысы маңызды болып табылады. Зиянды заттармен жұмыс істейтін барлық жұмысшылар техника қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы нұсқау (жұмысқа орналасу кезінде және кезеңді) өтуі тиіс. Одан басқа, зиянды заттармен жанасатын барлық жұмысшылар мамандығына қатысты курстық гигиеналық оқыту өтуі тиіс. Олар технологиялық процесті қауіпсіз жүргізу талаптарын жақсы білуі, жұмыс істейтін заттардың токсикологиялық гигиеналық сипатының мәліметтерімен, уланудың ерте белгілері және улану кезіндегі өзін және өзара көмек шараларымен таныс болуы тиіс.

* * *

Химия кәсіпорындарда еңбек және сауықтыру бойынша ұсынылған шаралар кешенін кеңінен енгізу еңбек ресурстарын сақтап қалуға ықпал етеді және гигиенистер мен инженерлік-техника қызметкерлерінің бірігіп еңбектенуінің соңғы нәтижесі болып табылады.