- •Тоғызбаева қ.Қ.
- •Өндірісті өнекәсіптің жеке салалар мен ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы Алматы-2015
- •9. Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •10. Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы.. .
- •11. Микробиология өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы... ........................................................................................... 139
- •12. Бейнетерминалдардағы еңбек гигиенасы ..... 145
- •14. Өндірістің жеке салалары мен ауыл шаруашылығыныңгигиенасы............................................ 199
- •Еңбек гигиенасы 01.10.15
- •Сурет. Республикадағы Еңбек медицина қызметінің функционалдық моделі
- •Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу.
- •Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен аурушаңдығы
- •Салыстырмалы ылғалдылық
- •Қоршаған ортаның зиянды газдармен ластануы
- •Қоршаған ортаның шаңмен ластануы
- •Сауықтыру шаралары
- •Бұрғылау кезіндегі шаңмен күресу жұмыстары
- •Құрғақ шаң ұстағыштар
- •Қопару және тиеу- түсіру жұмыстарындағы шаңмен күресу
- •Тиеу және түсіру кезіндегі суландыру
- •Жер асты өндіру жұмыстары кезіндегі желдету
- •Шаңнан қорғанудағы жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік үдерісті механикаландыру және ұтымды ету үшін қолданылатын шаралар
- •Жерасты өндіру жұмыстарындағы жарықтандыру
- •Тау кен жұмыстарында жұмысшылардың арнайы киімі мен арнайы аяқ киімі
- •Санитарлы – медициналық шаралар
- •Көмір өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Көмірді жер астынан алу әдістері
- •Көмір өндіру технологиясы
- •Жерасты рудаларын алу тәсілдері
- •Руданы қазу технологиясы
- •Еңбек жағдайларының сипаты
- •Жұмысшылар аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Металлургтер аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Түсті металлургиядағы еңбек жағдайы
- •Алюминий өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Глинозем өндірісіндегі еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •1. Технологиялық:
- •2. Санитарлык –техникалық:
- •3. Құрылыстық-жоспарлы шаралар:
- •4. Емдік-профилактикалық, шаралар:
- •Алюминий өндірісі
- •Электролиз цехтарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық;
- •3. Медико-профилактикалық;
- •Қорғасын өндірісі
- •Кендерден қорғасынды алу технологиясы
- •Қорғасын алудың технологиялық үдерістерінің сызбасы
- •Қорғасын зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Жұмыс жағдайларын сауықтыру шаралары
- •2. Санитарлық-техникалық:
- •3.Емдік-профилактикалық;
- •Мыс металлургнясындағы еңбек гигиенасы
- •Мысты алудың технологиялық үдерістері
- •Мыс алу үшін қолданылатын материалдар
- •Мысты балқытудың физико-химиялық негіздері
- •1. Құрамында күкірті көп шихтаны күйдіру.
- •2.Штейн алуға балқыту.
- •Мыс балқыту зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық:
- •3. Емдік-профилактикалық;
- •Құрылыстық өнеркәсіптік материалдар және құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Сауықтыру шаралары
- •Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы
- •Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшыларға әсері Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді:
- •Химия өнеркәсібіндегі сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
- •Химиялық өндірістің құрылысын салу және қайта құру кезіндегі сақтық санитариялық қадағалау
- •Санитарлық қорғаныс алаңы (сқа) және бас жоспарға қойылатын талаптар
- •Технологиялық үрдістер және жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
- •Химия өндіріс жұмысшыларына санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
- •Химиялық шикізат және дайын өнімдерді гигиеналық стандарттау
- •Химия өндірісіндегі жұмыс бөлмелердегі ауа сапасын бақылауды ұйымдастыру
- •Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау
- •Ауа ортасының жағдайын бағалау
- •Санитарлық заңдылық және емдік-профилактикалық шаралар
- •Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы
- •Мұнай заттары мен мұнай құрамын гигиеналық маңызы
- •Мұнай өндірудегі технологиялық үдерістегі гигиеналық сипат
- •Мұнай өндіру кезіндегі еңбек жағдайы.
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары.
- •Теңіз астынан мұнай өндірудегі еңбек жағдайының ерекшелігі
- •Мұнай өңдеудегі еңбек жағдайы
- •Мұнайды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы
- •Метерологиялық жағдай
- •Сауықтыру шаралары
- •1. Оптималды микроклимат.
- •2. Өндірістік микроклимат конвекциялық жылудың бөлінуімен сипатталады:
- •4. Өндірістік микроклимат ылғалдылықтың басым бөлінуімен сипатталады:
- •5.Өндірістік микроклимат ауаның төменгі температурасымен сипатталады:
- •Микроклимат және жылу алмасу
- •Тыныс жолдары арқылы булану.
- •Өлшейтін кұралдарға қойылатын талаптар 3-Кесте
- •Метеожағдайды зерттеуді жүргізу реті
- •Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістері
- •Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •Жылулық балансты есептеу.
- •Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы
- •Көз зорығуы және жалпы зорығу
- •Көз тастаудың алмасуы
- •Қозғалу тыныштандырады және денені босатады
- •Күн жарығы көздерге нәр береді
- •Көздің қан айналымын күшейту
- •Көздерге арналған йога
- •Көзқарастың орнын ауыстыруы
- •Жаттығулар көзілдіріксіз жасалады
- •К өздерді айналдыру
- •Қиылыспалы қимылдар
- •Мидың оң жақ жарты шарын белсендіру
- •Бейнелерді бірлестіру бұзылыстарының себептері
- •Массаж және акупрессура
- •Тұжырым
- •«Компьютер» және балалар
- •Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •Өртке қарсы қорғаныс
- •3.5. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі еңбек және демалыс тәртібі
- •Жұмыс ауысымының ұзақтығына, еңбек іс әрекетінің түріне және категориясына байланысты регламенттелген үзілістер уақыты
- •3.6. Дисплей тұтынушысының жұмыс орыны
- •Монитор
- •3.8. Вдт мен пэем-ын тұтынушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Өндірістің жеке салалары және ауыл шаруашылығының еңбек гигиенасы
- •Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Дәнді дақылдарды өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Қант қызылшасын өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Жылы жәй шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы
- •Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •57 Сурет Құстарды төсемсіз саңылаулы еденде күтіп-бағу
Еңбек гигиенасы 01.10.15
Еңбек гигиенасы профилактикалық медицина саласында негізгі пән ретіндегі мақсаты, халық денсаулығын және санитарлық эпидемиологиялық қолайлылық тудыруда, терең зерттеулер жүргізіп әлеуметтік гигиеналық жағдайды тұрғындар арасында жақсарту, жеке топтық бөлімдерде ғылыми түрде негізделген қоғамдық денсаулық сақтаудың медициналық іс шараларын жүргізу, әлеуметтік және экономикалық жағдай туғызу.
Ұлт денсаулығын ойлай отырып, негізгі қоғамдық қолайлылық көрсеткішін жасауға мемлекеттік, саяси, экономикалық, құқықтық ,әлеуметтік, мәдениет, ғылыми орындар, медициналық, санитарлық гигиеналық ұйымдардың барлығында да әр адамның денсаулығын сақтау, медициналық жәрдем беру, солардың денсаулығын қалыпты жағдайға ұстауға жұмылдыру керек. Соның ішінде прпофилактикалық медицина қызметінің әрекеті бұл еңбек медицинасында ерекше орынды маңызды қызмет атқарады. Сондықтан еңбек гигиенасы ұйымдастыру және медициналық еңбек қызметінің потенциалды моделін жасауда, әлі де болса да көп жұмыстар атқару мәселесі бірінші орында тұр. Оған нағыз мақсатты жұмыс атқаратын профпатологтар орталығы, қазірде жемісті еңбек етіп жатқан ғылыми зерттеу орталықтары, кәсіби көп салалы емдеу профилактикалық мекемелері бар.
ҚР президенті Н. А. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарында көрсетілгендей «Халықтың денсаулығы» атты мемлекеттік бағ- дарламасындағы негізгі мақсаты, тұрғындардың халықтық санитарлық, эпидем- иологиялық хал жағдайын, оның толық сақталуын, қадағалануы, азаматтардың денсаулығын сақтау, денсаулығын шыңдау мемлекеттік ұйымдардың жауапкер- шілігінде . Қазақстан аумағында көптеген ірі өндірістік кешендер, химиялық, қара және түсті металлургия, сынықты ракеталық және ядролық қарулардың әскери полигондары, уран өндіретін қазбалар, мұнай алынатын, өңдейтін мекемелер.
Республикадағы көптеген өндірістік орындарда (көмір, тау кен, металлургия, мұнай өңдеу салалары т.б.) инновациялық технология үдерісіндегі қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптер, өте қуатты машиналар, агрегаттар, құралдардың шығарылып игерілуде.
Ғалымдардың мәліметі бойынша, еңбек етудегі жағдайдың зиянды және қауіптілігі адамдар жасының қысқаруына себепкер, қара, түсті металлургия мен химиялық өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер арасында, 7.Химия өндірісінде, химиялық факторлар әсерінен канцерогендік заттар концентрациясының артуынан, шектелуі жіберілу концентрациясының (ШЖК) көбеюінен, жұм- ысшылардың өмір сүру ұзақтығы 5 жылға дейін төмен. Бұл кездегі адам өмірінің қысқаруы, орташа есеппен, сол мекемелерде жұмыс істейтін әрбір жұмысшыда ерте өлімге душар болуы бір жыл ішінде келуі, ол көбінде артериялық гипертония мен жүректің ишимиялық ауруынан, ал оданда жарты жыл бұрын тыныс мүшелерінің қатерлі ісігіне ұшырайды .
Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, қазіргі уақытта республиканың көптеген кәсіп орындарындағы қажетті приборлардың қауіпсіздігінің қамтылмауы, санитарлық тұрмыстық жұмыс орнындағы құрылымның индивидуальді аттармен қорғалмағандығы .
Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың шығуы тікелей еңбек жағ- дайы мен еңбек қорғаудағы қанағатсыз жағдайлардың болмауынан туындап отыр.
Еңбек жағдайының қолайсыздығы, кеңінен тараған ауыр дене жұмысы, еңбек демалысы мен режимінің сақталмауы, медициналық іс шаралардағы, тексеріліп, қаралудың сапасыздығы, төменгі деңгейде болуы, өзін өзі ақтамайтын медици- налық, санитарлық бөлімдердің, профилакториялардың төменгі дәрежеде жұмыс істеуі осының бәрі жұмысшылар денсаулығының дұрыс сақталмауының себепкері.
Жұмысшылардағы еңбек жағдайының болмауы, ол бірден кәсіби аурушаңдық пен мүгедектікке әкелетін бірден бір жағдай. Кәсіби аурушаңдықтың сирек болатынына қарамастан, оның әлеуметтік жағдайы ерекше, өйткені ол көптеген адамдардағы еңбек ету жасына, еңбек ету қабілеттілігінің төмендеуіне, одан айырылып қалуына әсер етеді.
Көптеген акционерлік бірлестіктер, ассоциациялар, компаниялар және т.б. құрылымдардың ұйымдастырылуына қарай, республикадағы кәсіби аурушаң- дықтың статистикасы және есептеу мекемелері басқармаларында бұл мәселелер көп қиындық туғызып отыр. Өйткені ресми статистика көрсеткендей 17 млн Қазақстан халқының экономикалық басым бөлігінің тұрғындары 9,5 млн құрайды.
Құрал жабдық конструкциясының, жетілдірілмеген машиналардың болуы, 32,1% жоғарғы технологиялық жетістіктердің ендірілмеуі 32,4%, санитарлық, технологилық участоктарының жоқтығы 3%, жеке қорғаныс құралдарының кемістігі 2,8%, техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы 3,2%, еңбек демалысы мен режимінің бұзылуы 27,7% көрсеткіштерінің кемшіліктерінен туған осынша көрсеткіштердің кәсіби аурушаңдықтың тууының себепкер13.Кәсіби аурушаң- дықта екінші орында болатыны физикалық факторлар әсерімен туады. Ең көбірек кәсіби аурушаңдыққа шалдығатындар өндіріс салалары: көмір, металлургия және химия өнеркәсіптерінде жұмыс істейтіндер. Бұдан басқада, кәсіби аурушаңдыққа еңбек етуге қабілеттілігі жойылған адамдарда ұшырайды. Ең қолайсыз, зиянды әсерге ұшырайтындар ішінде әйелдерде кездеседі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік, технологиялық, экологиялық жағдайлардың қарқындылығы өзгеріп өсуіне байланысты, адамдардың сол ортаға бейімделушілігі организмнің тез икемделушілік қажеттілігі артты. Қазіргі экономикалық реформада әлеуметтік экологиялық кезеңдегі ерекшелік, еліміздің жаңа шаруашылық құрылымының өзгерісі және ондағы еңбек ету өрекетінің дәйектілігі барлық кәсіби топтардағы тұрғындардың әрекетіне қарай болды. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет әрекетінің жаңа бағытта дамуы, ол санитарлық гигиеналық мониторингі, қоршаған ортаның зиянды факторлардың қолайсыздығы әсерінің тәуекелділігінің, кәсіби қызметтің жаңа технологиясының енуі.
Өндірістің күрделі жағдайында, толық еңбек етуі үшін, еңбек нарығының бәсекелестігі, қазіргі жұмыскерлердің кәсіби біліктілігі, дағдысы болуы керек, оның өзі денсаулық деңгейінің жоғарғы қабілеттілігін талап етіп отыр.Организмнің функционалдық қоры, организмді жұмысшының патоло- гиялық жәй-күйінің қалыптасуына, оның өзі тек өмір сүру сапасына әсер етіп ғана емес, өндірістік еңбек етуіне де әсер етеді.
Қазақстанның нарықтық қатынасқа көшуі және дүниежүзілік сауда ұйымына өтуіне байланысты, зерттеулер мен санитарлық, эпидемиологиялық қадағалаудың жаңа сатылы дәрежесіне көтеруді міндеттейді.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Қазақстанда медициналық еңбек қызметін қалыптастыруы, бірінші кезекте барлық гигиеналық мамандықтары бар ғылыми зерттеу орталықтарын бағдарландырып, белгілі мақсатта өз алдына міндеттер жүктеп, жұмысшылар денсаулығы мен жай-күйлеріне баға беріп, кең көлемде көрсеткіштерін, өндірістік және өндірістік емес факторлар әсерін анықтап, дәстүрлі және жаңа әдістемелік мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Ол үшін, көптеген зерттеулер, соларға арналған концепциялық баға, талдаулар жасалып және әр түрлі меха-низмдерді есептеп басқару факторларын жасау керек
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы
Әр түрлі саладағы дәрігерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердің жұмысында өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ олардың бәрі де өздері жұмыс істеп жатқан өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсеріне, сондай-ақ жұмыс үрдісінің сипатымен байланысты кәсіби зияндылықтардың әсеріне ұшырайды.
Дәрігер-хирургтар мен акушер-гинекологтардың еңбегі ауыр және қауыртты болып табылады. Ол ақыл-ойына түсетін, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, түнгі ауысымда жұмыс істеу, жұмыс кезінде дененің мәжбүрлі қалыпта болуы, дененің еңкеюі, статикалық және жергілікті динамикалық жүктемелер сияқты еңбек үрдісінің әр түрлі факторларының тұрақты әсер етуімен жүреді.
Хирургтар мен акушер-гинекологтардан тез және дұрыс диагноз қоя білуін, аурудың өте көп белгілерінің ішінен қажетті ақпаратты алу және оны бағалауды, уақыт тапшылығы жағдайында пайда болған жағдайға дұрыс шешім қабылдай алуын, операцияны, босандыруды жоғары дәрежеде жүргізуін, операция кезінде немесе босандыру кезінде пайда болуы мүмкін асқынуларға дайын болуын талап етеді. Олар науқастың өмірі үшін жауапты, ал акушер-гинекологтар және нәрестенің де өміріне жауапты. Мұның бәрі хирургия саласындағы дәрігерлерінің еңбегіне тән жоғары жүйкелік-эмоционалдық зорығлуарды көрсетеді. Операциялардың көпшілігін хирургтар түрегеп тұрған жағдайында, денесі еңкейіп тұрған күйінде орындайды, оның үстіне операциялардың жасалу ұзақтығы әр түрлі болып келеді: 1-2 сағаттардан 6-7 сағаттарға дейін. Жұмыстық кезіндегі мұндай дене қалпы едәуір статикалық зорлануға алып келеді, ал қолмен атқарылатын үзіліссіз динамикалық жұмыс – оған қатысатын бұлшықеттердің зорлануы мен қажуына әкеледі. Сенсорлық жүктемелерден жоғары, атап айтқанда көру мүшеміне түсетін (Х тараудың 5.1 бөлімін қара) тұрақты кернеулік көрудің айқын қажуына әкеп соғады.
Операциялық күннен , әсіресе тәуліктік кезекшіліктерден кейін хирургия саласындағы дәрігерлер де айқын қажу дамиды, бұл көп жылдар бойы осы кәсіппен айналысатындарда тұрақты болып қалады. Оның үстіне түнгі ұйқы барлық уақытта бірдей дамыған қажуды баспайды. Әріптестерімен қолайсыз ара қатынастары, емдеудің қолайсыз аяқталуы және басқалар сияқты психогенді факторлар қажуды күшейтеді жүйкелік-эмоционалдық зорланудың бәсеңдеуін қиындатады.
Еңбек үдерісі факторларынан басқа бұл салалардағы дәрігерлерге әр түрлі химиялық факторлар: наркозға арналған заттар, анестетиктер, антибиотиктер және басқа да дәрілік заттар, дезинфекциялаушы заттарда әсер етеді .Науқастардың қанында, жарасында, нәжістерінде болатын, сонымен қатар, ауадағы жүрген патогенді және шартты патогенді микрофлора сияқты биологиялық факторлар қандай да бір жұқпалы ауруды жұқтырудың немесе іріңді-септикалық үдерістер дамуының тұрақты қауіп-қатер фак- торлар болып табылады. Егер операция жасау кезінде қолданылатын болса, бұл салалардағы мамандарға рентген, лазер сәулелері, ультрадыбыс және басқа физикалық факторлар да әсер етуі мүмкін. Көрсетілген факторлардың әсер етуі гипертония ауруының, аяқтарының веналық қан тамырларының варикозды кеңеюлері, геморройдың едәуір ерте (жұмысының бірінші 5жылынан кейін-ақ) дамуының себептері болып табылады. 50 және одан үлкен жастағы дәрігер- лерде жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклероздық зақымдануы мен мида қан айналымының бұзылуы жиілейді. Хирург әйел дерде жиі ана без, етеккір қызметі мен жүктілік ағымы бұзылады. Дәрілік заттарға сенсибилизация байқалуы мүмкін, ол есекжем, бронх демікпесі, дер- матиттер, экземалар және басқа да аллергоздар түрінде байқалады, сондай-ақ олармен дисбактериоз қатар жүреді. В және С гепатитімен ауру жағдайлары да жиі кездеседі.
Терапия саласындағы дәрігерлердің еңбегі зорлануымен және қажуы- мен сипатталады, дегенмен олар да жүйкелік-психикалық жүктемелердің, айқындылығы дәрежесі әр түрлі статикалық және динамикалық физикалық жүктемелердің, химиялық заттардың, физикалық және биологиялық фактор- лардың әсеріне ұшырайды. Мұнда әрбір медицина саласының өзіне тән ерекше факторлары болатынын ескергені дұрыс, мысалы, дәрігер рентген- ологтардың жұмысында – бұл рентген сәулесі, физиотерапия бөлімінде, ол – ультракүлгін сәулеленуі, АЖЖ, УЖЖ, ЖЖ ток мен ЭМӨр, дәрігер психиатрларда – психикалық аурулармен қатынаста болу, дәрігердің жұқпалы аурулар жұмысында – патогенді микроорганизмдер және басқалары. Бірақ кез-келген саланың дәрігерлері қалай болған күннің өзінде де, басқа да ортада еңбек үрдісі факторларының әсеріне ұшырайды.
Медбикелер мен кіші буын медициналық жеке тұлғалардың еңбегі дәрігерлер еңбегінің айтарлықтай айырмашылығы бар, бірақ орындала- тын жұмыстың сипатына байланысты оларға да, аурухана ортасына тән айқындылықтағы әр түрлі дәрежедегі химиялық, физикалық және биоло- гиялық факторлар, сондай-ақ дене жұмысының жүктемелері және жүйкелік- эмоционалдық жүктемелер әсер енеді, жеке мүшелер мен жүйелерге шамадан артық күш түсүі байқалады.
Кәсіби зияндылықтардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, қажуды, жүйкелік-эмоционалды және дене жұмысы жүктемелерінен шамадан артық күш түсуін азайтуға, өндірістік ортаны сауықтыруға, ағазаның қарсылық күшін жоғарлатуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу қажет. Бұл шаралардың ішінде ұжымда еңбек ету және демалуды ұйымдастыруға маңызды роль беріледі. Мысалы, хирургтар мен анестезиологтарға түнгі немесе тәуліктік кезекшіліктен кейінгі күні жоспарлы операцияларды жасауына болмайды, жоспарланатын операциялардың жорамалданған ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша айырмашылығы болуы тиіс.
Үйде толық құнды ұйқы мен таза ауада болып дем алу, жаяу серуендеу, физикалық белсенді жаттығулар жасау қамтамасыз етілуі тиіс. Қолайлы микроклимат жағдайларын ұйымдастыру және жұмыс бөлмелері ауасының ластануының алдын-алу да тонусты жоғарлатып, қажудың дамуын баяулатады.
Әкімшілік және медицина қызметкерлерінің өздері жұқпалы агенттерді жұқтыру мүмкіншілігінің, физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінің алдын алатын барлық гигиеналық талаптарды орындауы тиіс.
Болашақ мамандығын таңдау адамның психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оның физикалық мүмкіншіліктері мен денсаулық жағдайын ескеріп жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені шешуде кезеңдік медицицналық тексерулердің алатын орны ерекше. Жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетін медициналық тексерулер аурулардың ерте белгілерін анықтауға және тиісті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
.Жоспарға сай көптеген мемлекеттік ықыластылық біріктіріліп, ол «ҚР жұмысшылар денсаулығын қорғаудың Ұлттық бағдарламасын» анықтап бейнеленетін болуы қажет.
Ұлттық бағдарламаны құруда ДДҰ-ның нұсқауларын ескере отырып мынандай негізгі кезеңдерді қамтуы тиіс: заңдылықты қамти отырып еңбекті, еңбек медицинасын қорғау, орта, кіші бизнес саласындағы жұмысшылар денсаулығын шыңдау, көшпенділер денсаулық мәселелерінде қорғау т.б.
Еңбек ету жағдай және кәсіби аурушаңдықпен ауыратындар жұмысшылардың денсаулығын қорғау, ол осы күндегі қолданыстағы заң актілері мен құқықтық нормалық құжаттардың республикалық маңызы бар. Сол құжаттардың негізінде республикадағы профпатологиялық орталықтар құрылған, оның құрылымдарында (өлкелік бөлімшелерді) олардың міндеттері, шешілетін мәселелері анықталған; медициналық ұйымдарда профпатология-лық кабинеттердің ережелері бекітілген, медициналық тұлғалардың штаттық нормативтер, жүктемеліктері бекітілген.
Жұмысшылардық медициналық қызметін қамтып қалыптастыруда, жұмысшылар еңбегіне зияндылық жағдайының маңыздылығында профилак-тикалық орталықтар бөлімдерінде, жұмысшыларқалалық, аудандық поликлиникасында толық жетілдіруге мынандай міндеттер қойылады:
1) Мемлекеттік еңбекті қорғау «Мемлекеттік еңбек қызметі туралы» конвек-цияны ратификациялау;
2) ДДҰ-медициналық еңбек туралы. Стратегиясын орындау;
3) ДМ, ЕМ-нің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын үйлесімділікпен әрекеттеріне сай басшылыққа алу;
4) ҚР ның медициналық еңбек қызметін ұйымдастыру және ендіру, ол ДМ, ДДҰ, еңбек әлеуметтік қоғау министрлігімен үйлестірілген шешімін орындау.
Медициналық еңбек қызметінің ҚР-дағы ұйымдастырылу мақсаты :
Еліміздің басым экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарлануы;
Еңбек және денсаулық сақтаудың халықаралық конвенцияның жолын ұстау;
ҚР Денсаулық сақтау және Еңбек кодексі нормасын сақтау;
ҚР санитарлық ережелер мен норма заңдылығын сақтау;
Министрлік пен ведомоствалар мүддесінде, сектор аралық және үйле-сімділік әрекет интеграциясының ынтымақтастығы мен өзара әрекетте болу;
ҚР еңбек медицина қызметіндегі ұйымдық-функционалды құрылымдары тұрақты ғылыми-практикалық нормативті негізде болуы;
Профилактикада, диагностикада, емдеуде, әлеуметтік патологиялық аурушаңдықтағы ауруларды сауықтыруда, жаңа әдістемелікті пайдалану;
Барлық МСЭҚ-ның аумақтық ұйымдары, денсаулық сақтау, медици-налық қызмет, мекемелері, сонымен бірге қол жеткен толық жетістіктерімен еңбек әлеуметтік қорғаудық аумақтық ұйымдары мен өзара әрекет ету;
Еңбек медицинасында ғылым мен практика жетістіктерінхабардарету.
Жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа, адамдардың өз денсаулықтарына өмір сүру жай-күйі де әсер етеді. Тұрғылықты халыққа дәстүрлі өмір сүру қалпына өз денсаулықтарын ұстау, шыңдалу, жағдайының болмауы да себепкер. Өлімге әкелетін жағдайлары дұрыс тамақтанбау, режим сақтамау сияқты зиянды әрекеттер , өлуге душар болатындығы әсіресе жастар арасында жиі кездеседі. Осының бәріне әсер ететіні тұрмыстық әлеуметтік жәй-күйі, қоғамдық норма ережесін бұзу, жұмыстағы еңбек ету жағдайының болмауы, нақтылы медициналық көмектің нашар көрсетілуі де себепкер.Ал, кәсіби уттанулар қорғасын, сынап, көміртегінің қос тотығы, хлор, фосформен жұмыс істегендер уланады.Адам дамуының индексі (АДИ), 2007-жылы төмен болған еді. Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 65 жас болса, экономикалық көшпелі уақыт кезінде басқа елдерде орта жас 68,2 %-ды құрайды
Бүгінге дейін медициналық етіп жүргендерге қалптастырылған нормативтік құжаттар жоқ. Нормативтік-құқықтық көрсетілген құжаттарды талдау негізінде, жұмысшылар денсаулығын сақтауда және оны шыңдауда, өндірістің зиянды факторлары мен жанасудағы әрекетінде, тұтастай алғанда онымен айналысатын әртүрлі ведомостволар: а) денсаулық сақтау ұйымдары; б) мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау; в) еңбекті, әлеуметтік қорғау министрлігі; г) еңбектің мемлекеттік инспекциясы; д) сонымен бірге әртүрлі формадағы құқықтық ұйымдар (жұмыс берушілер, жұмысты орындаушылар). Осы аталған құжаттар өзара байланысы біріктірілмеген, әр қилы, араларында жұмысшылар денсаулығын қорғау, зиянды өндірістік факторлардың әсері деген мәселеде үйлестірілмеген. Сондықтан осындай мәселелер, оның тактикасы ҚР үкіметінде жасалуы керек.
Мемлекеттік саясат, жұмысшылардың профилактикалық қамтылуы, жұмысшылардың зиянды өндірістік факторларымен жанасуда, қоғамдық денсаулықты шыңдауда негізгі фактор мемлекетіміздің экономикалық өсуіне және ұлттық қауіпсіздікті сақтауға арналған.
Ерекшелеп айтатынымыз, көптеген ірі өндірісті мекемелерде, ұйымдастыр-ылған медициналық ведомоствалық ұйымдарда өз бетімен алынған медициналық әрекеттер туралы лицензиялар бар. Әліде болса өткізілетін медициналық профилактикалық алдын-ала қарау, өткізу тиімділігі төмен, көтерілген күрделі еңбек проблемалық мәселелерге біртұтастықпен қарайды.
Республикадағы осындай кезеңдердегі мәселелерге талдау жасай отырып, соңғы уақытта кәсіби аурушаңдықты ескере отырып профилактикалық қызметтің жаңа ұйымдық-технологиялық моделін енгізу.
Медицинада еңбек қызметін ұйымдастыру кезеңдерінің, республикада меди-цина еңбек қызметінің ұйымдастырылуы үшін:
1-кезең – толық құжаттар пакеті, ҚР ДСМ бұйрығымен қазақстандағы меди-циналық еңбек қызметі шектеушілігі өңделіп келісілген және бекітілген,
2- кезең – республикадағы еңбек медицина қызметі дамуы және ұйымдық кешенді жоспары өңделген,
3- кезең – қаржылық, кадр және медициналық, технологиялық қызмет қоры анықталған және ол еліміз өлкелеріне таратылған;
4- кезең – медициналық еңбек және оның кешенді жоспар құрылу әрекеті мен дамуы, аумақтық ұйымдастыру қызметімен келісілген,
5- кезең – еліміздегі еңбек медицина қызметінің ұйымдастырылуында келелі және қазіргі мәселелер шешімінде республикалық семинар, кеңестер өткізун;
үйлестіру кеңесінде болады,оның арнаулы құрылымдары және еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің қатынасуымен өтеді. Үйлесімдік Кеңестің негізгі ұйымдық әдістемелік және үйлестіру әрекеті, ол тұрғындардың еңбекке қабілеттілігіне медициналық жәрдем көрсету негізінде .
Қазіргі кезеңде, еңбек медицинасы жүйесінде профилактикалық әрекет ер-екше маңызға ие,әсіресе өндірістік зиянды және қауіпті факторлар мен кәсіп-тік аурушаңдық жағдайда, еліміздің экономикалық өсуінің тұрақтылығында.
ҚР-дағы әлеуметтік экономикалық дамудың деңгейін есепке ала отырып, тұрақты еңбек медицинасын кезеңмен, медициналық бірліктіктер аумағында белгілі жүйемен өткізудің 4- деңгейі бар:
деңгей, Республикадағы еңбек медицина орталығы;
2- деңгей, облыстық еңбек медицина орталығы;
3- деңгей, қалалық (аудандық) еңбек медицинасы;
4- деңгей, медициналық қызмет, цехтың денсаулық сақтау пункті,ұйымдары.
Мұндай медициналық еңбек орталықтар қызметі сызбасы (1).
Белгілісі, медициналық еңбек қызметінің әр өлкедегі нақтылы тұтыну мен жағ- дайын есептесе, құрылымдары әрқилы болады. МЕО-ның аумақтық медициналық. еңбек қызметінің құрамы (2-сурет) амбулаториялық, поликлиникалық және стационарлы (күндізгі) бөлімдерден тұрады.
6-кезең - еңбек медицина қызмет әрекетіне сәйкес есеп беру және болашағы туралы жоспарының мониторингісі.
Тұрғындардың еңбекке қабілеттілігі, денсаулығын сақтау мәселелер монинторг тұрақтылығы үшін, тұрақты үйлестіру әрекеті және ҚР ДСМ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
МСЭҚ комитеті
Жұмысшылар арасында кәсіби аурушаңдықтың алдын ала келісімі бойынша Республикалық кешенді мақсатты бағдарламаны орындауда, күнделікті және болашақ жоспарларды іске асыру
Кәсіби және кәсіби алдын ала келісімді шешімдерді болжау
Медициналық еңбек қызметін тұрақты қалыптастыру жасалуына ұсыныс беру
Емдеу профилактикалық көмек департаменті
Медициналық еңбек қызметінің қорымен қамтылуы
Республикалық медициналық
еңбек қызметі
Жұмысшы организміне өндірістік фактор әсерінен туындайтын байланыстылықтың мүмкіндігін орнықтыру
Медициналық еңбек қызметін кадр дайындау және қайта дайындау
Белсенді түрде еңбек жағдайын жақсарту шараларына қатынасу
Медициналық еңбек қызметіндегі даму саясатын анықтау
Облыстарда заңдылықтарды жетілдіру
Жұмысшылар арасында кәсіби аурушаңдықтың алдын ала келісімі бойынша Республикалық кешенді мақсатты бағдарламаны іске асырудағы мониторинг
МСЭҚ пен профилактикалық мекемелерінің кәсіби аурушаңдықпен бірлесіп әрекет етуі
Тұрғындарды әлеуметтік қоғау және еңбек министрлігі, өндірістер мен сауда салаларының кәсіподағының өзара әрекеті
ҚР ДСМ мен халқаралық ұйымдарға және Қазақстандағы кәсіби аурушаңдық туралы мемлекеттік баяндама дайындау және ұсыну
Медициналық еңбек қызметіндегі облыстық үйлесімділік әрекеттер
