Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адренергиялық дәрілік препараттар..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.75 Кб
Скачать

Ф-ОБ-012/016

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

«Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы

Фармакология – 1 пәнінен

7 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Адренергиялық дәрілік препараттар.

Мамандығы 5В130100- « Жалпы медицина»

Курс ІІ

Семестр III

Түркістан-2013

1. Тақырыбы: Адренергиялық дәрілік заттар

2. Мақсаты: Адреномиметиктрдің, адреноблокаторлардың және симпатолитиктердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын және де біріншілік және екіншілік фармакологиялық реакциялары туралы ұғым қалыптастыру.

2. Жоғарыда аталмыш дәрілік заттарға дұрыс рецепт жаздыра білу.

3. Оқыту мақсаты Адренқабылдағыштарды (адренорецепторларды) қоздыратын эндогенді заттардың (катехоламиндерді) биологиялық белсенділігін, синтезін, метаболизмін білу барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін түсінуіне өте маңызды. Сонымен қатар бұл деректер гипертония ауруы, миокард инфарктісі, жүрек ырғағының әртүрлі ауытқулары, феохромацитома іспетті кең өрістеген аурулардың этиология, патогенез, белгілері және дәрі-дәрмектермен дұрыс емдеуін танып білуге қажет. Осыған байланысты сабақ барысында студенттер адреномиметиктрдің, адреноблокаторлардың және симпатолитиктердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, қолдану көрсетпелерін, жағымсыз әсерлерін білу қажет және жоғарыда аталмыш дәрілік заттарға дұрыс рецепт жаздыра білу қажет.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Симпатикалық нерв жүйесі қандай ағзаларды қамтиды?

2. Адренорецепторлардың түрлері және орналасуы.

3. Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің әсер ету түріне байланысты анықта-масы.

4. Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің әсер ету механизмін көрсетіңіз.

5. α-адреноблокаторлардың: фентоламин, тропафен, дигидроэрготаминнің не-гізгі әсерлерін атаңыз.

6. α-адреноблокаторларды қандай жағдайда қолданатының атаңыз.

7. Фентоламин, тропафен, дигидроэрготаминнің негізгі жағымсыз әсерлерін атаңыз.

8. β-адреноблокаторлардың негізгі әсерлерін атаңыз.

9. β-адреноблокаторлардың қандай жағдайда қолдануға болатынын атаңыз.

10. β-адреноблокаторлардың негізгі жағымсыз әсерлерін атап шығыңыз.

11. α- және β-адреноблокаторлардың қандай жағдайда қолдануға болмайтын-дығын атап беріңіз.

12. Октадин, резерпин, метилдофаның әсер ету механизмі қандай?

13. Симпатолитиктердің негізгі фармакологиялық әсерлерін атап беріңіз/

14. Симпатолитиктерді қандай жағдайда қолданатынын атаңыз.

15. Октадин, резерпин, метилдофаны қолданғанда болатын негізгі асқынуларды атап беріңіз.

16. Симпатолитиктерді қолдануға болмайтын жағдайларды атаңыз.

17. Адрено-, симпатолитиктердің әсер ету механизмі бойынша негізгі айырмашы-лықтары қандай?

18. Адрено-, симпатолитиктерді қолданғанда экзогенді және эндогенді норадрена-линге адренқабылдағыштардың сезімталдығы қалай өзгереді?

19. Адренқабылдағыштарды тежегенде пресинапсты ұштардың медиатордың шығуы қалай өзгереді?

20. α-адренолитиктердің гипертония ауруын емдеуге тиімділігі неге шамалы?

21. Көптеген адрено- және симпатолитиктер не себептен ортостатикалық коллапс тудырады?

22. α-адренолитиктердің әсері аяқ қолдың плетиэмограммасында қалай анық-талады?

23. α-адренолитиктер аяқ-қол қан тамырларын кеңейту үшін (акроцианоз, Рейно ауруы) қолданылады. Оларды стенокардияның ұстамасында неге қолдан-байды?

24. Анаприллинді β-адреноблокатор ретінде жүрек ишемиялық ауруын емдеуге кең қолданады, бірақ ол кардиоселективті емес, сондықтан оның бета-адренорецепторларды тежеуінен жағымсыз әсерлер болады. Ол қандай жағымсыз әсерлер?

25. α-адренолитиктерді қолданғанда шеткі қан тамырларының кедергісі төмен-дейді. Осыған орай оларды гипертониямен ауыратын науқастарға беруге болар еді, бірақ антигипертензиялық дәрілер ретінде олар жарамсыз. Не себептен?

26. Анаприлинмен емдегенде жүректің бета-адренорецепторлары тежеледі. Қандай гемодинамикалық және клиникалық өзгерістер жүректің бета-адренорецептор-ларының тежелуімен байланысты?

27. Анаприлинді бір рет қабылдағаннан және емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін ауруда қандай гемодинамикалық өзгерістер байқалады?

28. Гипертония ауруы бар науқасты симпатолитикпен емделгенде артериялық қан қысымы ортостатикалық жолмен төмендеді. Қандай симпатолитиктерге ортостатикалық гипотензия тән? Жүрек жұмысы және гемодинамика бұл жағдайда қалай өзгереді?

29. Гипертония ауруын қандай симпатолитиктермен емдегенде қосымша седативті дәрілерді (тыныштандыратын) тағайындау қажетсіз?