Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУРУ ТАРИХЫ СХЕМАСЫ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192 Кб
Скачать

Несеп бөлу жүйесін тексеру.

Қарау: бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі.

Бүйректі пальпациялау: Боткин тәсілімен вертикальді және горизонтальды қалыпта (Образцов бойынша бимануальды-тербелу пальпация) жүргізіледі. Бүйректің қозғалысын, төмен түсуін, бетінің тегістігін анықтайды. Консистенциясын, ауырғандығын және несеп ағардың ауыратынын анықтаймыз.

Перкуссия: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде ауырғандықтың болуы (қағу белгісі).

Қуықтың перкуссиясы мен пальпациясы: қуықтың ауыратыны, түбінің орналасқан деңгейі.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. Қуық асты безін тік ішек арқылы саусақпен тексеру.

Нерв жүйесін тексеру.

Нерв жүйесінің толық тексерілуі арнайы көрсетпелер болғанда жүргізіледі. Нерв жүйесінің терең зақымдалғанын, санасын, есте сақтау қабілетін, жүрісін, сіңір рефлекстерін, дермографизмін, бетінің симметриялылығын, тілдің жағдайын бағалау арқылы табуға болады.

Көздің қарашығының белгілері: көлемі, теңдігі, олардың жарыққа, конвергенцияға, аккомодацияға реакциялары. Грефе белгісі Мебиус белгісі. Көз саңылауының мөлшері. Парез бен параличтердің болуы: ауыруды сезінудің бір тегіс болуы.

Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.

1. Аурудың жалпы бейнесінің жасына сәйкестігі.

2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілерінің даму барысы.

3. Дененің өсуінің бұзылуы (гигантизм, ежегейлік): дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылуы.

4. Семіру (жалпы, семіру деңгейі): тері асты май шелінің әркелкі дамуы. Кахексия.

5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялдардың болуы.

6. Түгінің орналасу ерекшеліктері.

7. Беті: ажары мен көздерінің өзгерістері.

8. Қалқанша без: көлемі, пішіні, консистенциясы біркелкі, біркелкі емес (түйінді), ауыратындығы.

Қан түзу жүйесін тексеру.

Қарағанда тері, кілегей жамылғылары түсінің өзгеруіне назар бөлу керек: қуқылдануы, сарғаюы, лимон тәріздес, қызаруына.

Дене бетінде геморрагиялық бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы немесе ассиметриялылығы, тілдің өзгеруі (“жылтыр тіл”, қызыл, жарылған, бетінің тегістелуі). Ауыз қуысын, көмейді тексергенде миндалиналарда ауыр некрозды, гангреналық зақымданулар болуы мүмкін.

Пальпация: Лимфа түйіндердің, бауырдың, талақтың ұлғаюы.

Перкуссия: Бауырдың, талақтың М.Г. Курлов бойынша өлшемдері табылады және алақанның қырымен соғып сүйектердің ауыратындығы анықталады.

7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу

Науқасты тексергенде алынған мәліметтерге талдау жасап және олардың пайда болу механизміне байланысты топтай отырып диагнозды дәлелдеу керек.

Науқастың негізгі (ауырған жүйені көрсететін) шағымдарын талдай отырып, ауру тарихындағы аурудың даму ерекшеліктеріне, өмір тарихы мен эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып және барлық жүйелерді зерттеу барысында алынған деректерді негізіне алап науқасқа алғашқы болжамалы диагноз қойылады. Қойылған диагноз толық дәлелденеді. Дәлелдердің жетіспеушілігі байқалған жағдайда және ауруды терең анықтай түсу мақсатымен науқасты зерттеудің қосымша жоспары жасалады.