- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
3. Аурудың өмір тарихы.
Науқастың өмірі туралы сұрастыруды жалпы биографиялық мәліметтерден бастайды: туған жылы мен жері (географиялық аудан), тұрған жері егерде өзгертілген болса.
Әлеуметтік анамнезі: туған жан ұясының жағдайы; ата-анасының жасы, нешінші бала болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы.
Балалық шағы: балалық шағындағы өсіп жетілуі, денсаулығы, ауырған аурулары. Мектепте оқу кезеңі: қанша жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі, неше жыл оқыды? Мектепте дене шынықтыру сабағына қатысуы, спортпен айналысуы, жалпы және арнайы білімі.
Кәсіптік анамнезі: қай жастан бастап жұмысқа кірді, қандай жұмыстарда істейді. Бұрын болған зиянды кәсіптік әсерлер. Осы кездегі жұмыс жағдайы, жұмыс уақытының ұзақтығы мен немесе дене қызметі, түнгі немесе күндізгі жұмыс орнының сипаттамасы: жарықтығы, температурасы, шаң (оның түрі), басқа зиянды заттардың немесе әсерлердің болуы (шу, вибрация, газ). Демалыс күндерін денсаулыққа тиімді пайдалануы. Тұрмысының жағдайы.
Зиянды әдеттері: шылым шегуі (неше жастан бастап және тәулігіне қанша папиростан тартады), арақ-шарап ішуі (жиілігі, мөлшері), қалай көтереді; нашақорлық (түрлі, қашаннан бері қолданады).
Ауырған аурулары: операциялар, травмалар, басқа аурулар хронологиялық реттілікпен (неше жаста, қай жылы). Аурулардың ауырлығы, ұзақтығы, асқынулары, жасалған емдер және ем алған жері (аурухана, үйде, жұқпалы жыныс ауруларына аса көңіл бөлу керек).
Жан ұясы және жыныс қатынасы туралы мәлімет: үйленгені, тұрмыста болуы, неше жаста тұрмыс құрды. Әйелдерден: етеккірі неше жастан басталды, неше күннен жүретіні, уақтымен келуі: неше рет жүкті болды, босанды; баланың өлі туу. Аборттың саны, жасау себебі, асқынулары. Етеккірі тоқтағанда қашаннан бері, климакстың барысы. Неше балалары бар?
Аллергиялық анамнез: дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттердің, тағамдардың жақпауы (қандай, немен білінеді). Бұрын аллергиялық бөртпелердің. Квинке ісінуінің, есек жемінің, шөп қызбасының (сенная лихорадка), тұншықпаның (бронх астмасы, бронх спазмы), анафилаксиялық шоктың, өсімдіктің, дәрінің, тағамның, вакцина, сары судың әсерінен болуы: қан құюға, қан алмастыратын заттардың әсіресе екі қабаттың кезеңінде (уақыттан бұрын босану, жас туған балалардың т.б.) аллергиялық реакциялардың болуы.
Эпидемиологиялық анамнез: ең алдымен аурудың кімнен (ауру адамнан, малдан, аңнан, басқа жәндіктерден) жұққан болжам жасалады. Содан соң оның жұғу жолдары анықталады (тығыз қарым-қатынастан, аудадан, тамақтан, судан, сыртқы тері не сілекей қабаттар арқылы, инемен шаншығанда т.б.)
Бұл сұрақтарды анықтау барысында ауру адамның ұй-тұрмысы, жұмыс орны, жол жүруі және онда болған жерлері, кездескен адамдар ішінде жұқпалы аурулардың бар-жоғы, жұмыс істейтін жері мен мамандығы, күдіктенген тағамның түрі және оның сақталған жері, аурудың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаудағы ұқыптылығы және тағы басқа мәліметтерге көңіл бөлінеді. Соңғы кезде жасалған операциялар, әр түрлі қабылдаған емдер (қан құю, егудің тұрлері т.б.) анықталады. Қызуының көтерілгені, құсқаны, ішінің өтуі анықталады.
Тұқым қуалаушылықтан мәлімет: Бұл тарауда туысқандарының денсаулығы туралы мәліметтер алынады әке-шешесінің жағынан аталарының, әжелерінің, аға-інілерінің, апа-қарындастарының: әйелінің немесе күйеуінің туысқандарының, балаларының ауруларын сұрастыру. Ал өлген жағдайда, ол адамның немен ауырғанын не себептен өлгенін анықтау керек.
Сұрастырғанда әсіресе тұқымға әсер ететін ауруларға назар бөлу керек: эндокриндік ауруларға, геморрагиялық диатездерге, психикалық ауруларға, ісіктерге, туберкулезге, алкоголизмге.
Төменде берілген схема бойынша аурудың тұқым шежіресін құрастырыңыз.
ТҰҚЫМ ШЕЖІРЕСІНІҢ СХЕМАСЫ
- әйел - жынысы белгісіз
- еркек сау адамдар - ауру әйел
- ауру еркек - әйел пробанд
- еркек пробанд - түсік
- медициналық аборт
- ағайындылар
- бір жұмыртқалы егіздер
- екі жұмыртқалы егіздер
- өзі тексерген - өлген
- жұбайлар - ажырасқан неке
- қандас неке - бірнеше неке
-некесіз
- ұрпақсыз ер адам
- ұрпақсыз жұбайлар - ұрпақсыз әйел адам
Тексерілген пациент пробанд деп аталады. Ағайындылар дұниеге келген реттілігімен солдан оңға қарай орналасады. өрпақ рим цифрасымен белгіленеді (І, ІІ, ІІІ) немесе алфавиттің бас әріптерімен (А, Б, В). өрпақ белгілері сол жағынан орналасады. Қр ұрпақтың мүшелері араб цифрларымен нөмірленеді (1, 2, 3, 4). Осы науқастың аурумен ауыратын туысқандарының белгішелері штрихпен сызылады.
