- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
Тамырларды зерттеу.
Мойын тамырларын қарау: “каротидтер биі”, оң мәнді веналық пульс, веналарды” ісінуі; кеуде сарайының кеңуіне, қолдардың, иықтардың ісінуіне назар аудуру керек.
Пальпация: білек артериясындағы пульстің негізгі қасиеттері (екі жақта бірдей болуы, жиілігі, ырғағы, толуы, кернеуі, шамасы, формасы, пульс дефициті). Артерия қабырғасының серпімділігі. Пульсті басқа артерияларда тексеру:
- а (самай артериясы)
- а (табан үсті артериясы)
- а (тізе асты артериясы)
- а (шап артериясы)
Тырнақтың түбін басып капиллярлық пульсті анықтаймыз.
Тамырлардың аускультациясы: Шынтақ артериясында тондардың естілуі.
(Образцов белгісі); сан артериясындағы Траубенің қос тоны және ұйқы артериясындағы Дюразье - виноградовтың қос шуы, мойын веналарындағы “зырылдауық” шуы. коротков тәсілімен қолда және аяқта артериальдық қысымды өлшеу.
Ас қорыту жүйесін тексеру.
Ауыз қуысын, тістерді, тілді, көмейді қарауға аса назар бөлу керек.
Ішті қарау: формасы (құрбақа іші), көлемі, симметриялылығы, іштің алдыңғы бетінің тыныс қимылына қатысуы, перистальтикалық, антиперистальтикалық, қозғалыстың көрінуі (асқазанның ішектің перистальтикасы). Веналардың кеңуі (“медуза басы”), қыздырғыш қолданудың пигментациялары, бауырдың ұлғаюының көрінуі. Бауыр пульсациясы. Операциядан болған тыртықтар, жарықтардың болуы (ақ сызықтың, шаптың, санның). Кіндік тұсынан іштің шеңберлік көлемін өлшеу (см).
Іш пальпациясы: Алдымен беткей, жалпылама перкуссия жүргізіледі. Бұнымен жергілікті немесе жайылмалы ауырғандықты, іш қабырғасының қатаюын (жергілікті, жайылмалы); жарық тесіктерін (кіндік сақинасының, ақ сызық бойынан) анықталады. Ауырғандық нұктелері, Щеткин-Блюмберг белгісі т.б. байқалады. Содан кейін Образцов бойынша терей жылжымалы, әдістемелік, топографиялық пальпация мен реттілікпен жүргізіледі: сигма тәрізді, соқыр ішекті, жіңішке ішектің терминальды бөлігін, құрт тәрізді өсіндіні сипау. Содан кейін алдымен асқазанның төменгі шегін анықтап (пальпаторлық немесе пальпаторлық-аускультативті тәсілімен және т.б. көлденең, өрлеу, төмендеу тоқ ішегі, асқазан, бауыр, талақ, бүйрек) зерттеледі. Терең пальпациямен мүшенің формасы, көлемі, шеті, бетінің тегістігі, консистенциясы, ауыратындығы, қозғалысы анықталады.
Бауырды пальпациялау: қолға ілінетін шетінің жағдайы (сүйірленуі, жұмырлануы, жұмсақ, тығыз, тегіс емес); беті (жұмсақ, тығыз, бұдыр), пульсациясы.
Өт қабын пальпациялау: формасы, көлемі, қозғалысы, консистенциясы (жұмсақ, тығыз, бұдыр), ауыратыны. Курвуазье белгісі, френикус феномені.
Талақты пальпациялау: горизонтальды қалыпта және оң жақ бүйірінде жатқан кезде немесе ең жақсысы, кеуде сарайының диоганальды (қиғаш) жағдайында жасайды. өлғайған талақтың консистенциясы, ойығы, бұдырлануы, ауыратыны, қозғалысы.
Іш перкуссиясы: іш қуысындағы бос немесе қалталанған сұйықтың (транссудат, экссудат) қуықтың толуын, ісіктерді, кисталарды, сондай-ақ іш қуысындағы мүшелердің перкуторлық өлшемдерін табу үшін қолданылады (бауырдың Курлов бойынша үш өлшемін талақтың ұзындығы мен енін, асқазанның төменгі шегін). Перкуссия тәсілімен Мендель белгісі анықталады.
Аускультацияның іш қуысын зерттеу үшін маңызы шамалы. Бұны аускультативті-пальпаторлық немесе аускультативті-перкуторлық тәсілдермен асқазанның төменгі шегін табу ұшін қолданылады, және талақ пен бауырдың үстінен іш пердесі үйкеліс шуын есту үшін пайдаланамыз. Аускультация арқылы ішектің, асқазанның перистальтикасын анықтауға болады.
Тік ішекті зерттеу: қарау: анус айналасының қабынуы, терісінің жарылуы, геморрой түйіндердің болуы, тік ішектің айналып түсуі. Тік ішекті саусақпен тексергенде ісіктің, аурудың болуы. Нәжісті қарау.
