- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
5. Несеп бөлу жүйесі:
Бел аймағының ауыруы: оң жағы, сол жағы, тұрақты немесе ұстамалы, аурудың түрі-жәй, сурып, сыздап, пайда болатын жағдайы көп жүргенде, секіргенде, дене селкілдегенде, салқылдағанда. Ауруы неден басылады. Аурудың тарауы: несеп ағар бойымен, қуыққа, үрпіге.
Несеп шығаруы: қалыпты, қиналып, жиіленіп, несеп шыққанда қуықтың немесе үрпінің ауыруы. Несепке отырудың күндіз немесе түнде жиілеуі. Ауырғандықтан несеп жіберудің басында немесе соңында пайда болуы. Несеп ағысының өзгерісі үзіліп-үзіліп, тамшылап жайлап ағуы несепті ұстай алмау. Несептің тәуліктің мөлшері. Гематурия (несеп жіберудің басында жіберген мезгілде, аяғында).
Несеп: түсі, мөлдірлігі, тұнбасы, қосындылары: ірің, кілегей, қан, микроскопиялық құрамы.
Ісінуі: қабақтарының, бетінің, жалпы дене бойының: көз көруінің нашарлауы, жүрегінің соғуы, демігуі.
6. Тірек-іимыл жүйесі.
Аяқ-қолының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің, буындарының ауыруы, буындарының қимылдау көлемі (шектелген, шектелмеген). Аурудың жиілігі және пайда болу себебі: көп жүргеннен кейін. Көбірек ауыратын мезгілі (ертеңгілікте, кешке қарай, түнге қарай). Механикалық ырғақта буындардың ауруы көп жүргеннен кешке қарай ауырады. Қабыну ырғағында-ертеңгілік көбірек білінеді. Ертеңгілікте буындар қозғалысы қиындамайды ма (сіресіп қалуы)? Сірескенде қанша уақытқа дейін буындар қозғалысы қиындайды? Бұлшық еттерінің әлсізденуі, қол-аяқтарының салы және семуін анықтау.
7. Нерв жүйесі.
Науқастың өзінің мінез-құлқын бағалауы: салмақты, күйгелек, тынышсыз, ашушаң, анық мінезді (тіл табысқыш), тұйық.
ұйқысы: қалыпты, жиі оянады, ұйқысыз, ұйқышыл.
Бас ауруы: қай жері ауырады, қай мезгілде ауырады, аурудың түрі, ұзақтығы, жиілігі.
Бас айналуы: жиілігі, себебі (мойынның оқыс қозғалысында, жүрек ырғағының бұзылуы т.б. (көз алдының қарауытуы, “қара шіркейлердің ұшуы”, талып қалуы.)
Құрысуы: түрі (тонустық немесе клонустық). Жайы санасы, күмәнданғыштығы, сандырақ болуы және олардың сипаттамалары.
Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері.
8. Сезім мүшелері.
Көру, есіту, иіскеу, тері мен кілегей қабықтардың дәм сезімдерінің өзгергендігін білдіретін шағымдар.
ТЫНЫС ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ
Мұрын: тыныс алудың қиындауы, сұйықтың ағуы. Мұрынның түбін, жанын маңдай, гаймор қуыстарын басып, қаққанда ауырғандықтың болуы. Мұрын пердесінің қисаюы.
Дауыс: қалыпты, әлсіз, қарлыққан, шықпайды (афония).
Кеуде сарайын қарау: сыртқы пішіні қалыпты (конус тәрізді), күбі тәрізді, цилиндр тәрізді, паралитикалық, рахиттік (“құс кеудесі”), “етікшінің кеудесі” өзгерістердің болуы.
Омыртқа жотасының қисаюының әсерінен болған кеуде сарайының деформациясы (кифоз, сколиоз, лордоз, кифосколиоз).
Ассиметриялық өзгерістер: бір жағының томпаюы немесе басылуы; тыныс қимылына екі жағының бірдей қатысуы.
Тыныс түрлері: жоғарғы қабырғалық (кеудемен), төменгі қабырғалық (ішпен), аралас. Бір минутта тыныс алу жиілігі. Тыныс алу ырғағы: қалыпты, Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль. Тыныс қимылының тереңдігі (терең, беткей). Демігудің деңгейі және түрі (экспираторлы, инспираторлы, аралас).
Кеуде сарайын сипап тексеру: серпінділігі, бұлшық еттерінің тонусы; қабырғалардың қабырға аралық нервілердің, бұлшық еттердің ауыратындығы.
Дауыс дірілін сипап тексеру: күшеюі, әлсіреуі, дауыс дірілінің өзгерген жерін көрсету; сипағанда плевра үйкелісін сезу.
Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: алдымен тыныш жағдайда кеуде сарайының шеңберін өлшеу (алдыңғы бетте ІV қабырға, артқы бетте-жауырынның төменгі бұрышынан), содан кейін демді барынша алғанда және шығарғанда өлшейді, аралық айырмашылық кеуде сарайының тыныстық экскурсиясы болып табылады.
