- •Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ішкі аурулар кафедрасы
- •Ауру тарихының
- •(Әдістемелік нұсқаулар)
- •Ауру тарихы
- •Ресми мәлімет
- •1. Науқастың түскен кездегі негізгі шағымдары
- •2. Қазіргі аурудың тарихы.
- •3. Аурудың өмір тарихы.
- •4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
- •5. Жүйелер бойынша қосымша сұрастырудың схемасы
- •1. Аурудың жалпы жағдайы:
- •2. Тыныс жүйесі:
- •3. Жүрек-тамыр жүйесі.
- •4. Ас қорыту жүйесі.
- •5. Несеп бөлу жүйесі:
- •6. Тірек-іимыл жүйесі.
- •7. Нерв жүйесі.
- •8. Сезім мүшелері.
- •Перкуссия
- •Қан айналу жүйесін тексеру
- •Жүрек аускультациясы
- •Тамырларды зерттеу.
- •Ас қорыту жүйесін тексеру.
- •Несеп бөлу жүйесін тексеру.
- •Нерв жүйесін тексеру.
- •Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
- •Қан түзу жүйесін тексеру.
- •7. Алғашқы (болжамды) диагноз және оны дәлелдеу
- •8. Ауруды қосымша зерттеу жоспары.
- •9. Қосымша зерттеудің қорытындылары.
- •10. Дифференциалдық диагноз. (науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
- •11. Клиникалық диагноз және оны дәлелдеу.
- •12. Негізгі аурудың этиологиясы мен патогенезі
- •13. Емдеу.
- •14. Профилактика.
- •15. Аурудың бақылау күнделігі.
- •16. Эпикриз.
- •17. Аурудың болжауы және жұмысқа жарамдылығын анықтау.
- •18. Науқас тарихын жазуға пайдаланған әдебиеттердің тізімі.
4. Қазіргі кездегі жағдайы Жалпы қарау.
Санасы: (есі) дұрыс, бұзылған. Сананың бұзылуының депрессивті тежелу түрі: ступор, сопор, кома; ирритативті қоздырылу бұзылуы елестер, сандырақ.
Қалпы: активті, пассивті мәжбүр.
Жалпы жағдайы: жақсы, орташа, ауырлау, ауыр, өте ауыр, жанталас жәйі (агониялық).
Дене бітімі: астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Бойы, дене массасы.
Тері жамылығы: түсі; қалыпты (әдеттегі дене тұсі), ақшыл қызғылт, қуқыл қызыл, көкшіл (цианоздың аса білінген жері көрсетіледі), қоңыр, қара-қоңыр немесе қола тәрізді, сарғыш, топырақ түстес. Терінің серпінділігі мен тургоры. Терінің ылғалдылығы орташа, жіпсіген, тер басқан (былжыраған), құрғақ, қабыршақтанған.
Патологиялық пигментациялар: бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжемі, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары”.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, бетіндегі, қолтық астындағы, шап маңының түгі. Тырнақтары, пішіні, түсі, сынғыштығы.
Тері асты шел қабаты: (бұғанадан төмен майдың қыртысының қалыңдығымен өлшенеді) орташа, жұқа, (жүдеу), қалың, өте қалың. Майдың айрықша жиналған жерлері: ішке, қол-аяққа, бөксеге, мықынға, жалпы семіруі.
Кахексия.
Ісіну: (жалпы немесе жергілікті). Жергілікті ісінудің орналасқан ауданы. Ісінудің даму деңгейі, консистенциясы.
Тері асты веналары: кеңімеген, кеңіген. Веналардың варикозды кеңуі (қай жерде, кеңу мөлшері, ауырғандығы). Тромб болғанда оның орналасуын және сантиметр бойынша ұзындығын табу. Тері асты ісіктері, липомалар.
Лимфа түйіндері: мойынның, жақ астының, желкенің, қолтық астының, желкенің шынтақ буынының. Түйіндердің көлемі, формасы, ауырғандығы, қозғалысы, тығыздығы, терімен, шел қабатымен, бір-бірімен жабысуы. Тесілуі, жара болуы.
Мүшелеу қарау.
Басы: бет әлпеті, ажары (түрі, тынышсыз, қиналған, қатты қиналған, қызбалы бет, Корвизор беті, митралды, базедалы, микседематозды, акромегалиялық, Гиппократ, маска тәріздес, ай тәріздес, Брайттың және т.б. бет әлпеті.)
Көздері: көз саңылауына назар бөлу керек тарылғанына, кеңігеніне (қабақтары) түсі, ісінуі, түсіп тұруы (птоз), көз алмасының шығуы бадырақ көз-экзофтальм, кіруі-энофтальм . Конъюктиваның түсі, қанталау. Көздің қарашығы (формасы, көлемі), реакциясы, жарыққа (тікелей және сыбайлас біріккен), конвергенция мен аккомодациясы. Арджиль-Робертсон белгісі. Көздің дірілдеуі, еріксіз қозғалуы (нистагм), қылилығы т.б. ерекшеліктері.
Мұрын: сыртқы пішіні, өсуі және қалыңдауы, ойылуы (ер тоқым тәріздес) жұмсақ тканьдерінің деформациясы, қызажуы, танау айналасының жаралануы, ұшық бөртпелерінің болуы. Кілегей қабатының қалпы.
Еріндері: бұрыштарының симметриялылығы, аузының ашық тұруы; еріндерінің түсі (қуқыл, көгеруі, ұшық шығуы, жарылуы, құрғауы).
Ауыз қуысы: ауыздан иіс шығуы (қышқыл, шірік, нәжіс, ацетон, алкоголь мочевина т.б. иістер). Ауыз қуысының кілегей қабатын қарағанда мына белгілердің болуына мән бөлу керек: афтылардың, пигментацияның, Белский Филатов - Кеплик таңбасына, қанталаудың, қатты таңдайдың сарғаюына.
Иектері: қуқыл, қанағыштығы, күлбірегені, ісінуі, қорғасынмен уланғанда сүр түсті жиектің болуы.
Тістері: босаған, кариозды, өзгерген; Гетченсон тісі, жасанды тістер; қай тістері түскен.
Тілі: пішіні, үлкендігі, ылғалдылығы (құрғақ, ылғал), бетіне шөгінді қонғанда оның орналасу ерекшелігі (ортасында, түбірінде, тілдің бетінде толығымен); оның түсі (ақшыл, қоңыр). Бүршіктердің қалпы (“жылтыр тіл”, ”мақпал тәрізді тіл”, лейкоплекция - ”географиялық тіл”, тістердің батқан іздері бар қалыңдаған тіл; жарықтарының, тістелген іздері), жаралардың болуы.
Көмейі: кілегей қабатыны” түсі, бөртпелер, шегінділер, құрғауы.
Миндалиналары: көлемі, формасы, түсі, ісінуі, шөгінділері, іріңді тығындар.
Жатқыншақ кілегей қабатының түсі қалыпты, қызарған, құрғауы, бұжырлауы, жылтыр болуы, шөгінділері, жаралары, тыртықтары.
Мойын: тамырлардың пульсациясы (“каротид биі”), оң мәнді веналық пульс, мойын веналарының ісінуі.
Қалқанша безі: көлемі (қалыпты, барлық бөлігінің немесе бір бөлігінің ұлғаюы): тығыздығы, ауыратындығы; сантиметр бойынша ұзындығы мен өңі.
Тұлғасы: кеуде сарайы мен ішті қарау (оның реттілігі, тыныс, қан айналу, ас қорыту жүйесін тексеру тәсілдері арнайы тарауларда берілген).
Бұлшық ет жүйесі: жалпы даму деңгейінің сипаттамасы: жақсы, орташа, шамалы. Сипап ексергенде қай бұлшық еттері ауырады: бұлшық еттерінің тонусы, күші, дірілдеуі.
Сүйек жүйесі: сүйектердің, омыртқа жотасының мойын, кеуде, белдік бөлімдерінің қозғалысы, ауырғандығы, күш салу белгісі, “дабыл таяқшаларының болуы”, сүйектердің жұмсауы, кей жерлерінде қалыңдап буылтықтануы және оларды сипағанда ауыратындығы.
Буындары: конфигурациясы, ісінуі, терісінің қызаруы, қызуының көтерілуі. Активті және пассивті қозғалысының көлемі. Қозғалысының шектелуі градус бойынша өлшенеді. Анклиоздың, крепитацияның (сықырдың) болуы. Флюктуация. Сантиметрдің көмегімен буынның айнала өлшемі.
Дене қызуы: қалыпты, субфебрильді, қызба.
Қызбаның түрі: тұрақты, титықтатпа т.б.
