Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
480.26 Кб
Скачать

9 Тақырып: Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалынатын қылмыстарды тергеу

Дәріс мақсаты: Студенттерге топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Жоспар:

1. Қылмыстық топ ұғымы мен түрлері.

2. Анықтауға жататын мән-жайлар.

3. Қылмысты тергеудің сапалылығын қамсыздандыратын талаптар.

1. Қылмыстық топ—бұл екі немесе бірнеше тұлғалардың бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуге үйымдастырылып қосылуы.

Үйымдасу дәрежесі бойынша барлық қылмыстық топтарды келесі криминалистикалық түрлерге бөлуге болады:

а) кездейсоқ (немесе қолайлы) қылмыстық топтар;

ә) серіктік түріндегі кылмыстық топтар;

б) ұйымдасқан топтар.

в) бірлесіп үйымдасқан қылмыстық топтар.

2. Топтық қылмыстарға олардың түрлеріне қарамастан келесі мән-жайларды анықтау қажет (берілген қылмыс түрі үшін криминалистикада қарастырылатын қосымша мән-жайлар):

-топтық қылмысқа қатысқан адамдарды және топтың барлық қылмыс әрекеттерді;

-қылмыстық топ сипаты, қүрамы, криминалистикалық түрі және қүрылысы, олардың мүшелерінің ара қатынас ерекшеліктері, топтағы қақтығысушы қатынастардың болуы, оның сыртқы байланысы;

-нақты топтық қылмыс үйымдастырушы;

-топтық қылмысқа қатысушылардың ролі мен кінә дәрежесі, қылмыстық топты қалыптастыруға және топтык, қылмысты жасауға ықпал етуші себептер мен шарттар.

3. Үйымдастырушы қылмыс топтармен жасалатын қылмысты тергеудің сапалылығын камсыздандыратын жалпы әдістемелік талаптар:

-үйымдастырушы қылмыс тобының бағытын бірінші анықтау, топ мүшелерінің жасаған басқа қылмыстарын ашу;

-тергеудің басталуы қылмыскер жағынан қарсылық білдіру;

-ұйымдастырылған қылмыстық топпен жасалынған жеке қылмыс түрлерін тергеу үшін әр түрлі тергеу жағдайларын,тергеу ситуацияларын қолдану;

-ұйымдастырылған қылмыстық топтың жасаған қылмыстарын, тергеуді жоспарлаудағы ұйымдастырылған қылмыстық топтың құрылымдық, территориялық және басқа әрекет ерекшеліктерін тіркеу.

-жедел іздестіру аппаратының тергеушімен қарым-қатынасы; тиянақты әрі жан-жақты Ұлыттақ қауіпсіздік комитетімен тығыз байланыста болу.

-тергеу барысында икемді тактикалық әдісті қолдана отырып, күтпеген жерден соққы беру қылмыстық топтың ортасына (жетекшісіне) кейіннен үйымдасқан қылмыстык топтың төменгі бөліміне, соңынан қайтіп орталық тобына оралу.

-тергеуге маңызы бар мәселелерді шешу үшін тактикалық операцияларды қолдану;

-үйымдастырылған қылмыстық топ арасындағы және топтар ішіндегі күнделікті пайдалану;

-криминалистикалық және арнаулы техника құралдарын тергеуге молынан қолдана білу;

-жәбірленушілерді, куәгерлерді, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін, олардың отбасын және мүлкін қорғауды қамсыздандыру үшін қолданылатын шаралар

-тергеу барысында күрделі өтпелі міндеттерді шешудің мақсаты кең көлемде тактикалық операцияны қолдануға байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1 Қылмыстық топ дегеніміз не ?

2 Қылмыстың мән жайын анықтауға жататын мән жайларға нелер жатады ?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

10 тақырып. Тергеулік қарау және куәләндіру тактикасы

Жоспар:

1. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері.

2. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері.

4. Куәландыру.

1. Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Осы қаралатын объектілерге байланысты тергеу қарауы бірнеше түрге бөлініп, жіктеледі.

Тергеу тәжірибесінде қараудың мынандай түрлері қолданылады: оқиға болған жерді карау, өлікті қарау, іздерді және жеке затгарды қарау, қүжаттарды қарау т. б.

Жеке заттарды, өлікті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.

Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның өлігін карау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді караумен қамтылмайды. Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.

Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, кылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп кылмыстарды тергеу оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте кұнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-кимылдарынан түратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде калған заттар, кираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, окиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның калай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады.

Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі манызын дұрыс үғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, окиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын таддайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондыктан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мүнымен қатар бұл үғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ затгарды тапқан жер де жатады. Ол — жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған кылмыс бойынша 3—4 окиға болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол — оқиға болған жер деген түсініктің күрамдас бір элементі.

Айтылғандарды түжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.

Енді тергеу әрекетінің, оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.

Криминалистік окулықтарда бұл тергеу әрекетінің, мағынасына әр түрлі түсінік, үғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бүл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызьт, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және кандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмысты іс бойынша тергеу жүргізгенде бүл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бүл тергеу әрекетіне мүндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бүл мәселелер жалпы тергеудін алдында тұрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттеріи жүргізу аркылы шешіледі. Сондыктан бүл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды.

Кейбір авторлар окиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жүмыстар қатарына жедел-іздестіру жүмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуалды әрекеттер катарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапкы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мүны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау үғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.

Айтылғандарды түжырымдай келіп, бүл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды альш, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудын, міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, айғақ заттар белгілі бір криминалистік әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар, қарау устінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бүл мәліметтердің маңызы зор. Окиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте қүнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған айғак заттар, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қыл-мысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы жөне басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де каралады. Егер мұндай кезде жарык нашар больш, оқиға болған жерді егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін каралуы керек.

Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жеке қылмыстарды тергеу әдістемесінде қаралады.

2. Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.

Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең — тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезенде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:

-Өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;

-Оқиға болған жерді карауға өзімен бірге қатынасатын лауа- зымды адамдарды (жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

-Оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалис- тикалык құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтар- ды дайындайды;

-Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен катар поилиция кызметкерлеріне қылмыстың басында больш, оны көрген адамдарды анықтау жөне басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді;

-Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын кұрғанда тергеуші карауға кандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде өлік бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот медициналық экспертті не арнайы медициналык білімі бар адам қатынастырылуы керек. Іздерді және басқа да айғақ заттарды іздеп табу, бекіту және зерттеу үшін қарауға эксперт-криминалист катынастырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін;

-Қарауға пайдаланылатын қүрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді:

-жәбірленушінің, хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

-полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адам- дардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер бол- ғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;

-қылмысты көзімен көрген куәгер адамдарды сұрау арқы- лы оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

-керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері- не нұсқау береді;

-қарауға қатынасатын адамдарды анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстыра- ды, арнайы нұсқау береді;

-тергеу әрекетін қарауға қатынасы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді;

-жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыс- кердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді.

Жоғарыда көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын басқа да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді карауға кіріседі.

3 . Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді жөне осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл қолданылады.

Тергеу әрекеті оқиға болған жерді жалпы шолып қараудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезеңде тергеуші оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарау аркылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады.

Бүл кезеңнің негізгі міндеті — оқиға болған жерді нақтылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашыктығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, қарауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, айғақ заттардың неғұрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен катар шешілетін сүрақтар: кылмыскер бұл жерге (айтайык, пәтерге) калай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстьщ ізі кай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау аркылы объектілердің орналасуын, олардын. ара қашыктығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз аддына елестетіп, болған оқиғаның мән жайын ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оқиға болған жерді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын қажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дүрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді.

Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада карау, ситуациялык жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта карау әдісі де қолданылады.

Окиға болған жердің шетінен бастап, спиральдык әдіспен оның ортасына карай жүргізілетін карауды орталыкқа шоғырлану концентрлік әдісі дейміз. Айтайық, бөлменің ортасында елік жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің кабырғасын жапсарлай түрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, солдан оңға қаралып, бірте-бірте бөлменің ортасына, өлік жаткан жерге келіп, елікті караумен тергеу әрекеті аяқталады. Қараудың мұндай түрі окиға болған жердің шегі (шекарасы) нақты белгілі болған жағдайда колданылады. Егер де окиғаның шегі қай жермен шектелетіні белгісіз жағдайда, айталық өлік ашык аланда жатыр, қарау ортадан басталып, спираль тәрізді бағытпен жүріп, оқиға болған жердін, тек аймактарын қараумен аяқталады. Мұндай кезекпен қарауды оқиға болған жерді эксцентрлік әдісі бойымен қарау дейді. Кейде оқиға болған жердін, түйінді тұсы белгісіз, тек бір окиға болған кеңістікті (аланды) толық қарауға тура келеді. Егер осындай ситуациялык жағдай туындаса, қаралатын кеңістіктің басынан бастап, бір шетінен екінші шетіне дейін көлденең және алға бір бағытта жүріп, кеңістік толық сыпырыла сүзіліп каралады. Айтылғандарды түжырымдайтын болсақ, оқиға болған жердегі объектілерді қарау кезегінің үш түрі бар:

-концентрлік — оқиға болған жердің шетінен ортасына қарай шоғырланып қарау,

-эксцентрлік —ортасынан шетіне қарай қарау,

-фронтальды—толық сүзіп карау.

Осы айтылған қарау кезегінің қай түрін қолдану керек екендігі қараудың алдыңғы кезеңінде шешіледі. Бұл кезеңде тергеуші және қарауға қатынасып жүрген басқа да лауазымды адамдар еш объектіні орнынан козғамайды, оларды сол түрған күйінде қарап, тексеру керек. Окиға болған жер бағдарлау және жалпы шолу әдістерімен фотосуретке түсіріледі. Оқиға болған жерді қараудың бірінші кезеңінде, атап айтқанда, қарайтын жерді жалпы шолып бағдарлау үстінде статикалык тәсіл қодданылады, былайша айтқанда, объектілер қозғалмай өз орнында каралады.

Жалпы шольш қарау үстінде оқиға болған жерде пайда болуы ешқандай негізсіз жат, бөгде іздер және қылмыстың болу механизміне қайшы келетін жағдайларды байкап аңғаруға болады. Мұны криминалистикада негативті жағдайлар деп атайды. Айтайық, кылмыстың белгілі бір жағдайда, иә белгілі бір әдіспен жасалғанда міндетті түрде пайда болатын іздердің (заттардың) болмауы, не керісінше жалпы жағдайға жат, осы жерге бөгде іздердің (заттардың) оқиға болған жерде болуы. Мысалы, оқиға болған жерде жатқан өліктің денесінде пышақ жарасы бар, бірақ өліктін, астында (оның жанында) қан өте аз. Асылып тұрған өліктің қолы таза, ал асылуға пайдаланылған жіп қара майға былғанған. Егер жәбірленуші өзі асылған болса, асылуға пайдаланылған жіп кара майға былғанғандықтан асылынған адамның қолы да лас, қара май болар еді. Осындай негативті жағдайларды тергеудін, кейінгі кезендерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы қандай кылмыстың жасалғандығын аныктауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалды жалғастыратын болсақ, жәбірленуші асылмаған, оны біреу тұншықтырып өлтіріп, содан кейін қылмысты жасыру үшін осы жерде жаткан қара майға былғанған жіптен ілгек жасап өлікті асып қойған.

Осындай әрекеттермен, әдеттегідей, көбінесе қылмыскерлер қылмыстың ізін жасырып, тергеуді теріс жолға бағыттау үшін басқа бір қылмыстың жасалғандығын инсценировкалап көрсетеді. Осындай, көбінесе асығыс жағдайда қылмыскер қателіктер жіберіп, ол жалпы жағдайға қайшы келіп, теріс көрініс, яғни негативті жағдай ретінде тергеушінің көзіне түседі. Оларды тексеру арқылы нақтылы жасалған қылмысты ашуға болады. Оған дәлелдеме есебінде қарау үстінде аныктальш табылған негативті жағдайлар дәлел болады.

Окиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі.

Мұндай жағдайда, әр объект орнынан козғалып, басқа жерге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандыктан бұл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді.

Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді карағанда бөлмеге кірген есіктен солдан оңға қарай (не керісінше оңнан солға қарай) қабырғада ілініп тұрған жабдықтар қаралады. Қарау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Қабырға бойындағы нәрселерді карап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында түрған үй жабдықтары каралады.

Өлікті қарау белгілі бір кезекпен мына төменгі тәсілдермен анықталады:

-Өліктің дене бітімі және жалпы кейпінің белгілері. Мұндайда өліктің дене мүшелерінің күйі және олардың орна- ласу калпы жалпы айтқанда өліктің, тұрқы анықта- лып, белгіленеді;

-Өліктің, жатқан орны осы жердегі бір тұрақты және көрнекті объект арқылы белгіленеді. Айтайық, өлік бөлменін ортасында жатқан болса, өліктің, басы, аяғы бөлменің кабырға- ларынан қандай кашықтыкта екендігі белгіленеді;

-Өліктін үстіндегі киім, онын қандай қалыпта екендігі. Мүндай жағдайда өлік киімінін, жыртылған, былғанған жерлері бар ма, қалталарында не бар, тағы да басқа көрінеу белгілері бар ма, міне осылар анықталады;

-Өліктің денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны;

-Өлік белгілері, атап айтқанда, өлік дағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса дененін кай жерінде екендігі.

-Өлік дағының және өліктің дене мүшесінің тырысуының криминалистік маңызы зор. Себебі бүл белгілер аркылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер өлікті қозғаса, бастапқыда ол қалай, кай калыпта жатқандығы аныкталады. Егер өліктің жанында кару (ату қаруы, пышақ) жатса, оның, өліктен қандай қашықтықга жатқандығы өлшеніп белгіленеді.

Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қылмыскердін белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мүндай іздер кәбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтактар пайдаланылады. Криминалистикада көзге керінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар' колданылады (қара түсті ұнтақгар — жез тотығы, корғасын тотығы, графит, күйе; ак түсті — мырыш тотығы, алюминий ұнтағы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге иодтың буын жіберу арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтакты колданып шығарған іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, иодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды паста колдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де колданылады. Осындай әдістермен ізді шығару және алу ірі, үлкен объектілердегі іздерді тауып алуға пайдаланылады (есікте, шифонерде, столдың үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т. б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялық жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып алу керек. Оқиға болған жерді қарау үстінде табылған бұзу құралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста "К", СКТН, КЛСЕ —305) қолданылады. Мүндай пасталар аяк киімнің, көлемді іздердің (аяқтың, батпақта қалған етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірақ тергеу тәжірибесінде осындай іздердің үлгісін алуға көбінесе гипстің қоспасы колданылады.

Егер механизмі өте күрделі кұлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің құлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мүндай жағдайда құлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық экспертизаға жіберіледі.

Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер: донғалақтың протекторының түрі; екі доңғалақтың (арткы және аддыңғы) ара кашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т. б.)- Осы іздер бойынша окиғаға катысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның кай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол-көлік окиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалык экспертиза оқиғаға қатынасы бар машинаның осы окиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із калдырған доңғалақ трасологиялык. экспертиза арқылы идентификацияланады.

Қылмыс жасауға ату кұралы колданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтын іздерін қарау және зертгеу аркылы атылған оқтың бағытын, қашық-тығын және неше оқ атылғандығын анықтап білуге болады.

Көзге көрінбейтін микроұнтактар болатын объектілерді ептеп абайлап карау керек. Микроұнтақгың бар не жоқ екендігі микроскопиялық зерттеу аркылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімде не басқа объ-ектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету кажет (айтайық, қоңыр түсті, қанға ұқсас дақ деп атап жазу керек).

Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы кылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жүмыска дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді "ізін суытпай" соңына түсіп ұстауға болады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қьлмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын қарау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі.

Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мүндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана каралады.

Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, айғақ заттарды олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау арқылы бұл жерде не болды, ол қалай болды, оған қанша адам және кімдер қатынасуы мүмкін, болған оқиғаның зардабы кандай деген сүрақтарға жауап алуға тырысу керек. Тергеуші қарауға қатысқан мамандардың пікірін, олардан алынған ауызша мәліметтерді де еске алып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялык және индукциялық әдістерді білгір қолдану аркылы қылмысты ашуға керекті сұрақтардың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс.

Оқиға болған жерді қарау үстінде анықгалған, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты.

Окиға болған жерді қараудың барысын және қорытындысын бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудін жалпы тәсілі дегеніміз — оқиға болған жердін жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі — қарау үстінде табылган іздердің үлгісін алу және айғақ заттарды бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жүмыста октиға болған жерді бекітудің жалпы түрлері қаралады.

Оқиға болған жерді бекітудін ең негізгі және занда нақтылап көрсетілген түрі — хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлык жағдайлар, табылған жене алынған іздер, айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс.

Хаттама үш бөлімнен түрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, оқиға болған жердіңмекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, окиға болған жер қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады.

Екінші, бейнелеп жазу белімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден түратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің, қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғада орналасқандығы, т. б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол каралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы көрсетіледі. Мысалы, өлік жатқан диван оң жактағы кабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м. жерде тұр деп көрсетілуі керек. Өлік бөлменін ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: өліктің басы оң жақтағы қабырғадан 1,5 м., шығыс жақтағы қабырғадан 2 м., ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса аяғы деп көрсетіледі) сол жақгағы қабырғадан 3 м. де, батыс қабырғадан 1,3 м., деп көрсетілуі тиіс. Қарау үстінде табылған іздер, айғақ затгардың табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толық сипатталып жазылуы кажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, құрал-саймандар қолданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіндегі іздерді бекітуге, айталық, олардьщ үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толық көрсетілуі керек.

Үшінші, қорытынды бөлімінде оқиға болған жерді қарау үстінде қандай айғақ заттар алынғаны, осы хаттамаға қандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің кестесі сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі. Егер оқиға болған жерден өлік табылса, оның қай мәйітханаға кім аркылы жіберілгендігі жазылуы керек. Хаттаманың соңғы жағында қарауға қатыспаған адамдардан наразылык не тілек-өтініштердің түскен-түспегендігі көрсетіледі.

Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақгылап көрсету үшін, оқиға болған жердің кестесі сызылады. Кестеде оқиға болған жердің, жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардын ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, кестеде оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі.

Оқиға болған жердің, жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын иллюстрациялап, нактылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бүл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердін көрінісі толық камтылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, айғақ заттар түсіріледі, Осындай әдістермен алынған фотоқұжаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада баяндалып жазылған жағдайды нақтылап иллюстрациялау үшін керекті қосымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады.

Тергеуші келген сәтте оқиға әлі аяқталмаған болса (мысалы әлі толық өшірілмесе) былайша айтқанда, белгілі бір серпінді процестерді, құбылысты бекітуге тура келсе, осынын, бәрі бейнетаспаға түсірілуі керек.

Карау үстінде колданылған бекітулердің бәрі міндетгі түрде хаттамада көрсетілуі тиіс. |,

4 . Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі — адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің киімінде, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықгау үшін оларды занда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және карау үстінде колданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот эксперти-засының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан баска, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер колданылады. Айтайык, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның үстінде киген киімдері каралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар жоғы аныкталады. Киімін қарап болғаннан кейін оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау үстінде жалаңаштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жаланаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдык нормаларға сай болуы тиіс.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ жөне басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды. Тергеудің бастапқы кезеңінде үсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай кылмыскердің кеудесінде татуировка бар екені анықталды. Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.

Куәландыру осымен қатар сот медициналық экспертизасының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру эксперттік зерттеудін бір түрі болып саналады. Мүндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:

а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, кандай жарақаттар бар?

ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны жөне олардың жалпы ауырлығының дәрежесі.

б) бүрын операция жасалған басқа куәландырушының де- несінде оның белгісі бар ма?

Егер де жай карау арқылы бұл сұракгарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот медициналык экспертиза тағайындалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқиға болған жерді қараудың маңызы неде?

2. Оқиға болған жерді қарау кезендері және тәсілдері дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

11 тақырып. Тергеу экспериментінің тактикасы

Сұрақтар:

1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және

міндеттері.

2. Тергеу экспериментіне әзірлік жұмыстары.

3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер.

4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау.

1. Тергеу барысында, жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр тұрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе — ақиқат өлшемі және дүние танымньщ қайнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керекті айғақтардың, ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты кылмысты істер жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үпіін арнайы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу аркылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үінін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты окиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің корытындысының объективтігі, онын сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйін қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы кайталанады.

Тергеу эксперименті — іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдык әдісті колданудың айрықша бір нысаньг. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру аркылы өз болжамын анықтай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары койылады: тергеу эксперименті кезіндегі мүндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге ол экспериментті өткізуге қатысып жүргендердің ққұқын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықтальш коймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәгердің, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да косымша айғақтарда келтірілген мөліметгердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжамдарына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті — өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті — іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі — кейбір күбылыстың не әрекетгің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Яғни, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда айтылған адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтықка көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол онын, қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрактар төңірегіндегі шындықты аныктау.

Тергеу экспериментінің, екінші түрі — белгілі бір жағдайда қашықтықта болған оқиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау.

Эксперименттің үшінші түрі — із қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т. б.) сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан криминалистік экспертизаның кейбір түрлеріне жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ, экспериментті тергеушінің өзі жүзеге асырады. Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, эксперименттің түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мүндай адам тәжірибе жүзінде жөбірленушіні, айыпталушыны, куәгерді басқа адаммен ауыстырған болса ол тиісінше ауыстырылған адамға барлық белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру кабілетімен, ж. б.) міндетті түрде ұқсауы тиіс.

2. Тергеуші экспериментінің кұрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде — эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін жөне нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.

Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезіңде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең, — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық режимді реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.

Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа белуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге катынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.

а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру

Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиғаны, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұкият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады.

Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде — қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттар ретінде — қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсініледі.

Ұқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі таңдайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дөрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін.

Айталық, эксперимент кезінде нақты оқиғаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың) орын, ауа райы жағдайының, жарықтың, сондай-ак адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объ-ектінің кашықтығының және онын сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанынын т. б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жәйттердін, (мысалы, автомобильдің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақгығы айрықша мәнге ие бола алады. Ұқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа райы, жарык сөйкес келетін нақ сондай уақытта қол жеткізуге болады. Мүндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас катырудың қажеті жоқ, өйткені ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мұндай әдіс, эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада кабылдап алу мақсатын көздейді.

Жағдайды окиға болған жерді тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін бұрынғы қалпьша келтіру жолымен де ұқсастыруға болады.

Тергеу, ішінара айтқанда, тергеу эксперименті кезінде бұрынғы жағдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапкы қалпына келтіріп қайта жасау. Мұндай жағдайды кайта калпына келтіру үстінде, кейде өте күрделі реконструкциялык жүмыстар жүргізіледі.

Бұл жүргізілетін дайындық жүмыстардың күрделігі тергеу экспериментін өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне және эксперимент үстінде шешілетін сұрақтардың, ерекшелігіне байланысты.

Тергеу экспериментінін, түрі мен мақсатына сәйкес жағдайды байырғы қалпына келтірудің;

-жағдайды алғашқы калпына келтіру (заттарды қылмыс жасалған кезде тұрған күйінде кою);

-бұрынғыларының орнына пайдаланылатын заттарды қал- пына келтіру (қылмыскердің қаруларының үлгілері, өрт коя- тын құралдар т. б.);

-жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе заттық айғақ- тардың орнына жүретін заттарды (мысалы, қаруды) іріктеу сияқ- ты түрлері бар.

Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің, басқа да түрлері кездеседі. Айталық, участокты алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңқыр жасау, я қазылып қойған шұңқырға топырақ салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталған кабырғаны кайта көтеру т. б.).

Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездей-соқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимылдарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ойластырылған, полиция қызметкерлерінің өздері жүргізетін (мысалы, автомобиль апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады.

Жағдайды калпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы қалпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бүл жөніндегі деректер оқиға болған жерді және жекелеген заттарды тексеріп, оны хаттау кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, кестелерден, жерге орналастыру жоспарларынан, ғимараттың әр қатарының жоспарынан және басқа кұжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген заттардың, байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анықталып, нақтылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа құжаттарда келтірілген деректерді мүқият салыстырып, ондағы кездескен қарама-қайшылықтардың анық-канығына мұкият көз жеткізу керек. Шытырман жәйттерге кездескен кезде тергеу-шінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот дөрігеріне, өрттен сақтандырушыға, күрылыс инженеріне, т. б.) жүгінгені жөн. Ал егер калпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, кайсыбір құрал-жабдықтарды пайдалану қажет болса, тергеуші мұндай кажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, ар-найы қаулы шығаруы тиіс,

ә) Тергеу экспериментіне қатысушылар

Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алу керек.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі — міндеттелетін және міндеттелмейтін қатысушылар карастырылған. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар — тергеушілер. Тергеуші экспериментті әзірлейді, төжірибелі іс-қимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайта өткізу қажеттігін анықтайды, экспериментті өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел кызметінің кызметкері бөлінуі мүмкін.

Экспериментке айыпталушы, күдікті, куәгер, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да катысуына болады. Айыпталушы (күдікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқпа, соны аныктау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-кимылды өзгерту немесе басқалай әзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде катыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күшгеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәгерлер мен жәбірленушілерге катысты мәселе де осылай шешіледі.

Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім кабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда іс-кимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін катыстырылады. Ал маман-кримиңалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді.

б) Керекті техникалык, қүрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.

Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге кандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды алдын ала дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу кұралдары, фотоаппарат, бейне жазба, кейбір қосалқы кұралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алу керек.

Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы керек. Ол жоспарды төжірибенің өткізілетін жері мен уакыты, қатысушылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы нақтыланып көрсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келгеннен кейін тергеуші қылмыс жасалған уақыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт арасында қайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттамада көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жәйттер мен қылмыс жасалған кездегі жәйттердін сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді. Экспериментке катысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы кажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушылардың өзара үйлесімді кызметінің әдіс-төсілдері айқын-далады.

Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай айғақтардың немесе олардың орнын алмастыратын заттардың жеткіліктілігі, сақталуы мен тәжірибеге жарамдылығы тексеріледі. Экспериментке катысушылардьщ барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге тісжармауы мүқият ескертіледі.

3. Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын орын-орындарына орналастырып қояды. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады.

Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бакылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақтың дүрыс жүргізілуін басқарып отырады. Егер тәжірибе барысында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орындалмаса, не баскаша орындалса (мысалы қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені тоқтатады, оны басынан бастап қайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенің қорытындысы тұжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырады.

Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалык нұсқау, ұсыныстар да бар. Олар:

Тәжірибе өткізуге тым көп адам катыстырмау керек, се- бебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәти- желі өтуіне кедергі келтіреді.

Тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағ- дайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:

а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уакытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі;

ә) эксперимент егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бүл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек.

3. Тәжірибе бірнеше рет кайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы кайталану кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады.

Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет кайталануы керек.

Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті экспериментті кайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент дүрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу заңдылығына кайшы жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мүны да тергеу әрекетінің кайта өткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің қайталануы ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның кейбір элементінің кайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезенге бөлініп өткізілуі тиіс жөне бірнеше бөлімге белініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толык көруге мүмкіншілік береді.

4 Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар аркылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау белігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатта қалай жүргізгені, төжірибені өткізу жағдайы, оған қандай зандардың, пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс.

Тәжірибе фотосуреттермен немесе кинобейнелермен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнелеу таспасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынан-дай шарттар мұқият сақталуы тиіс:

а) жалпы жағдайды, калпына келтіру процесі мен оның нәти- жесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек;

ә) жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау кажет;

б) кинопленканы шығарғаннан кейін оны тергеу экспери- менті хаттамасының мазмұнына сәйкес құрастырған жөн.

Кинобейнелер, әрине экспериментті хаттауды алмастыра алмайды, тек оны толықтыра тусуге ғана қызмет етеді.

Қажеттілігіне байланысты тергеуші эксперимент өткізілетін жердің кестелік жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке катысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді.

Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жургізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына; екіншіден, тексерілетін факті-лерге қатысты жүргізілген эксперимент, басқа да айғақтар негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжамына айрықша назар аудару керек.

Эксперименттін жағдайы мен оның калпына келтірілуі ақиқатка сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоктыкқа жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады.

Бірнеше рет қайталағанда нәтижесі бір-біріне сөйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды.

Егер тәжірибе қылмыстың қалай жасалғанына көз жеткізетіндей нәтиже көрсетсе, оны бұлтартпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақикаттығы мүмкін болжам ретінде ғана қабылдау керек. Айталық, кылмыскердің терезеден түсуін айғақтайтын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақиқат факт емес, өйткені басқа да ақикат фактілер болуы әбден мүмкін.

Егер кылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен расталса, ондай тұжырым бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. Ал, керісінше, калдырылған ізді анықтау жолы эксперимент кезінде күдік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың баска жолын іздестіреді. Күдік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады

Бақылау сұрақтары:

1. Тергеу эксперименті дегеніміз не?

2. Тергеу экспериментін жүргізгенде қандай тактикалық тәсілдер қолданылыды?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

.

12 тақырып. Тінту тактикасы

Жоспар:

1. Тінтудің криминалистік түсінігі, оның түрлері және

міндеттері.

2. Тінту алдыңда жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның корытындысын бекіту.

1 . Қандай кылмыс жасалса да кылмыскер осы қылмыстын ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың, ізін суытып, айғақ заттарды тығып, жок етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті — қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада тауып алу. Осындай айғак заттарды тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі тінту.

Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты айғақ заттарды қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатынасы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.

Кейбір авторлар кандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған кару, жалған кұжаттар, қылмыскердің киген киімі, т. б. Бұлардың бәрін іске керекті айғақ заттар деп түжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің үқсастығы — осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір объект не пәтер қаральш, айғак заттар ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінін міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді.

Оқиға болған жерді қарау окиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын аныктауға бағытталады.

Тінтудің максаты — әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған айғақ заттарды арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.

Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты — тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда, қандай зат кай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру.

Тінтудің басқа тергеу өрекеттерінен айырмашылығы — оның еріксіздігі.

Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол — жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, қораны немесе басқа ғимараттар мен объектілерді тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, айғақ заттарды іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, айғақ затқа қандай объектілер жатады. Ол — қылмыс жасалғанда қолданылған қару-кұралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған қүжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, өлік не оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер — есірткі заттар, қопарғыш заттар.

2. Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлау мәліметгерін жинап алу керек. Тінтілетін және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыстың қай катарда жасалғаны, онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, иті бар ма, жоқ па, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бөрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде — оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.

Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін аныктап алып, оларды қай жерге орналастыру кажеттігін келісу керек.

Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айтайык, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау керек.

Дайындық жүмыстары толык бітісімен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер колданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы объектіге жан-жактан жеке-жеке келуі керек. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қатарлы болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса бір басқа себеппен келгенін айту керек, коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не баска бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі керек.

3. Тінтудін, тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондыктан тінтуге керекті деректер жиналысымен жөне дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойьщша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондыктан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер- қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір объектіні (заттарды) тінтуге өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығып қойылуы мүмкін ғой.

Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс — тінту объектісін жалпы шолып қарау, ауланы, бөлмелерді бакылап, дайындық үстінде алған бағдарлама мәліметтерге сөйкес пе, жоқ па, соны тергеу. Егер бұдан бұрынғы алынған мәліметтерге жағдай көп сөйкес болмаса, тінту жоспарына, белгілі бір жаңа жағдайларға байланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті қылмыскер болып, оның қару қолдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.

Жеке басты тінту екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен карай киімін, денесін ұқыпты, мүқият тексеріп шығу керек. Қалтасынан табылған кұжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге койылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қатыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.

Жалпы шолудан кейін жеке объектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі бір тәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістерді толық және дұрыс колданылуына байланысты.

Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қайдан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрықша назар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер алдында анықтап, шешіп келеді. Ал, қайдан іздеу керектігі тінтілетін объектіні (үйді, бөлмені) жалпы шолып қарағанда анықталады.

Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор, Айтайық, ізделетін нәрсе үлкен зат па, күжат па, ақша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жүмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау керек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке түрған көп бөлмелі, ауласы, қорасы, жанында участогі бар үй болса тінту жүмысын іздейтін заттың неғұрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дүрыс. Айталық, жасырын көміп койылды деген өлікті іздеуді қорадан, үй жанындағы участоктан бастаған жөн, ал құжат, ақша, қымбатты бүйымдарды іздеуді түрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, баска да жерлерге тығып коюы мүмкін. Сондықтан олар да қаралады. Бірақ мүндай заттар көбінесе үйде тығылатындықтан іздеу жүмыстарын тұрған бөлмелерден бастаған дұрыс.

Тінтуге келгенде үйде канша адам болса, бәрі де тінту біткенше орнында болуы керек, кетуге рүксат етілмейді. Тек жүмыс бабымен келген адамдарға, айтайық, укол салуға келген медбикеге, хат тасушыға, жөндеу жүмыстарын жүргізуге келген шеберге, өзінің кәсіби кызметіне байланысты келген тағы басқа адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетуге рұқсат беріледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса қай белмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, анықталуы керек. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция қызметкеріне тапсырылады. Тінтетін объект тек бір бөлме болса іздеу есіктен басталып, қабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында түрған объектілер қаралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айтайык, жеке столға табылу кезегімен қойылады.

Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл күйін, іс~әрекетін, психологаялық құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам қобалжып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы мүмкін.

Бір іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұратын, тінтілген бір сатушы әйел басында ашуы келіп, қобалжи берген еді. Тінту орталана бөлменің бір бөлегі тексерілгеннен кейін оның көңіл күйі көтеріліп, тінтіп жатқан адамдармен қалжыңдаса бастады. Тергеуші тінтілуші әйелдің көңіл күйінің өзгеруін байқап калып, дер кезінде оған мән берді, тексерілген объектілерді тағы бір мұкият қарап шығуды жөн көрді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай тұрып алған кереует тұсы күдік келтірді. Айтқандайын, кайта тексергенде кереуеттің алмалы аркалығының қуысынан толған ақша, тергеуге кажет жалған құжаттар табылды. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамньщ психологиялық көңіл күйіне дер кезінде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті объектілерді тауып, тінтуді табысты аяқтады. Сондай-ақ тінтуде бір нәтиже беретін тактикалық, психологиялық әдіс —"ауызша барлау". Бұл тактикалық әдістің мәні тергеуші өзінің көмекшілеріне нұскау берген болып немесе ақылдасқан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, қай жерлерді, қай нәрсені, не объектіні мүкият қарау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамнын психологиялық көқіл күйін бақылайды. Затты тыкқан жері аталғанда, өзін қанша ұстамды ұстаса да, тінтілетін адам көбіне қобалжыған көңіл күйін білдіріп қояды.

Керекті затты қай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына койып, мен өзім кайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрак койып, ойлап, болжап көруі керек. Жиіркеніп, толық қарамас деп, ізделетін затты қылмыскер қоқыстың, арасына, сыпырынды жәшікке, тағы басқа бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мүны да тергеуші есінен шығармауы керек. Егер күпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мүқият тексеру арқылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан қағылған немесе жаңадан сырланған тақтай не шеге, еден тақтайларының арасындағы саңылаулар шындықты ашуға көмектеседі. Сондыктан осындай күдік келтіретін белгілер болса осы жерді үстіртін қарамай, неғұрлым зер салып, колдағы бар техникалык құрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек.

Жасырын, кұпия жерді іздегенде тінтілетін адамның мамандығын, оның, көсіби кабілетін де ескерген жөн. Сонымен қатар тығылатын затты қоятын құпия жер, ол заттың кандай зат екеніне және оның көлеміне де байланысты. Егер ізделіп жатқан айғак, зат, айтайык, жалған құжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Түрғын үйді тінтіп болғаннан кейін аула-ны, қораны қарау керек. Бұл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция қызметкерін күзетке кою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаштарды екінші жерге қойып, арасын, астын мұқиат карау кажет.

Төсек тартып жатқан ауру адамның, не ұйықтап жатқан баланың төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мүндайда сырқаттың, да, баланың да жағдайына нұқсан келтірілмеуі тиіс. Кей-де қылмыскерлер заттарды тығатын арнайы құпия орындар жасауы да мүмкін. Осындай құпия орындар, кабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тактайдың астында, жылу кұбырының, араларында, т. б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін.

Қабырғадағы қуыс балғаман қаққан кезде күңгірт дыбыс береді, ол құлакқа естіледі. Жаңадан сырланған, жаңадан түсқағаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса ұкыптылыкпен карау керек, қабырғадағы суреттер де алынып каралады. Металдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы кұрал жабдықтар пайдаланылады. Өйткені бұл іске қатысты өте маңызды, не аса қымбатты заттарды сақтап қалу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдап қүтылып кету үшін қылмыскерлер әр түрлі айлалар қолдануы мүмкін. Сондыктан мұны естен шығаруға болмайды.

Үйымдастыру тәсіліне орай тінту екі түрге — қайтара тінту және топтасып тінту түріне бөлінеді. Алғашқы тінту оған колайсыз жағдайда жүргізіліп ойдағыдай нәтиже бермеген, тінтуші жұмыска жедел тартылып, оның қолында қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті болмай, тінтуге көмектесетін арнаулы мамандар немесе басқа да қатысушылар жетіспей, тінтудің сапасына нұксан келтірілген алғашқы тінту кезінде кейбір жер-лердің назардан тыс қалып немесе асығыс тінтіліп, күдік келтірген, сондай-ак алғашқы тінту кезінде окиғаға қатысты айғақ заттар болмаған, оны жаңадан іздестіру қажеттігі туған немесе қылмыскер алғашқы жасырып қалған заттарын кейін бүрынғы орнына койған жағдайларда тінту қайтара жүргізіледі.

Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізуге тура келеді. Өйткені бір қылмыскердің бірнеше пәтері, саяжайы, кызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамның қатар қылмысқа қатысушы ретінде күдік келтіруі, сондай-ак қылмыскер немесе күдік келтірушінің, бірнеше туысқандары, дос-жарандары болып, айғақты заттар солардың тұрған жерлеріне жасырылуы мумкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, айғақты затгарды, деректерді, дәлелдемелерді дер кезінде қолға түсіру қиын.

Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгілде, үйлесімді жүргізудің маңызы айрықша. Бұл қылмыскердің бір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан құтылып кетуін қиындатады.

Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындык және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардың бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастырылады. Операцияның жетекшісі оның барлық қатысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяқ астынан туған шараларға, айталық, тінтуді қайтара жүргізу қажет болған кезде, қосымша күш бөлуге міндетті.

Айғақ заттар тиісті зандылыкқа сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, үйымдардың, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда колданылады. Заттар, қүжаттар оның нақты иесінің немесе ол жүмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің қатысуымен алынады. Ал, арнаулы орын-дарда сақгалған қүнды заттар осы заттарға тікелей жауапты адамдардың қатысуымен ғана тіркеледі.

Мүндай жүмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске қатысты объектімен, құжаттармен, заттармен, алдын-ала танысады. Айталық, тергеушінін, тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап күжаттарын зерттеуі, іске кажеттісін іріктеуі үшін дайын бұйымдармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепшілер, технологтар, т. б.) тартылады. Міне, осыдан кейін мәселе анықгалған соң ғана тергеуші нені алу жөнінде өз қаулысын шығарады.

Егер азамат іске қажетті айғак затты бергісі келмесе ол күпшен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырылса, оны дереу іздеп, тінту үшін қаулы шығарылады. Заттар, кұжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анықтау ісі күрделіленіп, бұған көп уақыт талап етілсе, тінтущілердін. бір тобы бұған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізіледі,

Тергеу әрекеті хатталады. Онда кандай заттың қай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттардың қалай сақталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнелегенде оның күдік тудыратын белгілерін қағазға түсірудің қажеті жоқ. Алынған заттар тінтуге катысушылардың көз алдывда колдары қойылып, мөрленеді.

Хаттамада қай заттың кімнің жауапкершілігімен сақгауға қойылғаны, катысушылардын, арыз, өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер қоса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тінтудін криминалистік түрлері және міндеттері қандай?

2. Тінту алдыңда қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі?

3. Тінтудің тактикалық әдістері қандай?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

13 тақырып. Жауап алу және беттестіру тактикасы

Жоспар:

1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.

2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Жауаптың қалыптасу кезендері.

4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер.

5. Беттестіру тактикасы.

1. Жауап алу дегеніміз занда керсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәгерден, айыпкерден жауап алу деп бүл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда бүған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол занда керсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уакыты, оның орны, амал-әдісі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған кднша адамның катынас-каны, істеген қылмыстын зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғанын басқа да мән-жайлары анықталады. Бүлар — занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатынасы жок, бірақ кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айтайык,, қылмыскердің қайда жүргенін, онын мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатьтнасы болмаса да, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.

Жәбірленушінің, куәгердің жауаптары істегі басқа дерек-, терді нақтылап, тергеушінін, судьянын окиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигі-зеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артықешкім білмейді. Сондықтан кылмысты мойьшдап, өз қателігін дұрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәлімет-тер алуға болады. Бірак, оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді-лікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артыкшылығы жоқ. Сон-дықтан қылмыскердін қылмысын мойыңдап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тііггі, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердін тұжырымды қорытьшдысына ғана негіз-делуі тиіс.

2 сұрақ. Жауап алудың пөрменділігіне және сапасына тергеушінін осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындык жүмыс-тары көп өсер етеді. Куәгер жөбірленушіден не кылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттар-ды толык оқып, танысуы керек. Іспен толық танысып болған-нан кейін, әр Жауап алғанда кдндай мәселелерге назар аудару керек екендігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жа-уапкерге қандайсүраккою керек екендігін және осы сұрақтар-ды қавдай кезекте қою керек екендігін алдьш ала аныктап, белгі-леген жөн.

Жауап алуға дайындық үстінде осы адамньщ мінез-қүлкы, моральдык және интелектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта калай сөйлесу керек екендігін тергеу-шінің алдын ала жүйелеп алғакы жөн.

Дайындық жүмыстарын өткізу барысында жауапты қай уакытта, кай күні алу керектігін шешу керек. Бүл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәгердің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап бе-руге азғырьш, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт еткізбей дереу жауап алған жән.

Жауап алу уакытын белгілегенде тергеуші бүған өзінің бос уақыты бар ма, жок па соны мүқият ескеруі тиіс. Бүрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шараның сапасы, өрине, төмен бо-лады.

Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінін, жүмыс бөлмесінде ала-ды. Кей жағдайларда жауапкердін, денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты кебінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнынын. әкімшілігі тергеушінін жүмыс бөлмесіне жеткізеді.

Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәгерден жауап алғанда педагог, дөрігер не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куөгердін, ата-анасы да қаты-сады.

Дайындық жүмысы жауап алу жоспарын күрумен аяқтала-ды. Жауап алынатын өр адамға арнап қүрған жоспарда, оған қойылатын сүрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар қүру тәжірибесі аз жас тергеушілерге өтг кажет. Кеп эпизодты істер-де мүндай жоспар істін, мөн-жайын толык зерттеп, аныктауға квмектеседі.

3 сұрақ. Жауап алушы — тергеуші әр куәгерден, жәбірленушіден қандай көлемде және кандай мәлімет алуға болатынын білу үшін жауаптың куәгердің, жәбірленушінін, ойында қалыптасу ерек-шеліктерін есепке алуы керек.

Жауаптың калыптасу процесі бірнеше кезеңнен кұралады. Бірінші кезең — оқиғаны не істік баскд бір мән-жайьш қабыл-дау (көру, есту), екінші — осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші — осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға катысты мәлімет-тердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бүл себептер объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер — көрінуге, естілуге бегет бола-тын жағдайлар, субъективті — есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бегет болатын себептер оқиғаны шүғыл, тығылтаяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудак нашар естілу, болып жа-тқан оқиғаны алыстан көру, ауа райының жаман болуы, кар не жауын жауып түрғанда окиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анык көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, окиға женіндегі ақпараттың толыктығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі ке-рек.

Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамньщ қабылдау мүшелерінің кемісті-гімен, есту, көру мүшелерінің қабылдау қабілетінің төмендігімен бірге оқиғаны толық және анық қабылдауға жауап беруші адам-ның мамандығы, жасы, интелектуалдық кдбілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осынын бәрі әсер етеді. Айтайық, жол-келік окиғасын екі куәгер де бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәгердің біреуі — айтайык кемпір, екіншісі — автомобиль жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашыктықтан кәрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәгердің қайсысынан оқиға жөнінде толык мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда кергенмен толық мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машинанын, маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бүзған-дығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсадды, сабырлы адам-ның окиғаны қабыддау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қара-ғанда, әрине жоғары, Сабырлы, байсалды адамдар окиғаньщ кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ адамдардан мүны күту қиын. Сон-дай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куәгер есебінде жауап алына-тын балалар көрген оқиғаға қиялындағысын қосып, өсіре айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондыктан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардын осындай психология-лық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Жауаптың толыктығына, шындығына, сонымен қатар куә-гердің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сак,-тау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі — кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сакгайды, екінші біреу — көрген жерін үмытпайды, сондай-ак, естігенін есте жақсы сактайтын, керісінше, өте үмытшак адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажетгілік туса үмытылған жәйтгерді еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.

Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толык айтып жеткі-зу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бүл да мүқият ескерілуі тиіс. Жауап куәгердің не жәбірленушінің болған

окиғанъщ мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куәгер не жөбірленуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауабын өз колымен жазуына қүқы бар. Тергеуші толық жа-уапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға косымша сұрақ-тар койып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды.

Қосымша сұрақ бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:

койылған сұрақтар анык және түсінікті болуы, куөгерді не жәбірленушіні шатыстырмауы тиіс;

жен сілтейтін сұрақтарды қоюға болмайды;

берілген сұрақтар куөгерді не жәбірленушіні кемітіп, қор- лауға, қорқытуға бағытталмауы керек.

Жауап алғанда осы тергеу өрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куәгер асып-сасып, ренжіп, қобал-жып отырса, онын кенілін жұбатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәгердің не жәбірленушінің мінез-құлқын, мінезінің психологиялық ерекшеліктерін (мактаншақ, кызба, сабырлы) ескерудің маңы-зы айрықша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дүрыс тактикалык позиция ұстауына негіз бола алады.

4 сұрақ. Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір карым-қатынасқалыптасады. Психологиялыктүрғы-дан ол карым-қатынас олардың көзқарасында қайшылыктьщ бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындыкты, істің мен-жайьш толык айтып отыр-са мұндай пікір қайшылығы жок, жағдай деп есептеледі.

Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мөн-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.

Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалык әрекеттер қолданылады.

Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған окдғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс — жа-уап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.

Кейбір куәгерлердең, жәбірленушіден жауап алғанда кебіне-се жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да,.

ал күдікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғавда келіс-пеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алу-да қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалык жағдайға сәйкес қарайық.

Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағ-дай туғызса, оның асыкпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруі-не жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді. Соньшен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші окиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын то-лықтыруы мүмкін.

Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс — ол жауап беруші адамнын ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге керек оқиғаны да есіне түсіреді. Айтайық, куәгер Б. ға тергеуші мынандай сүрақ қояды.

Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылдың бесінші тамызында көрдіңіз бе?

Куәгер Б: Садыковты танимын, бірақ оны бесінші тамызда керген не кермегенім есімде жоқ.

Тергеуші: Бесінші тамыз — демалыс күні, теміржолшылар-дың мейрамы. Ол күні сіз кайда болып едіңіз?

Куәгер Б.ның өзі теміржолда істейді. Сондықтан бүл сүрақ жауап берушінің кейбір окиғаларды еске түсіруіне түрткі бо-луы мүмкін.

Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді кайтара жаңғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фо-тосуреттерді көрсету де үлкен әсер етеді. Кейде куөгер көрген адамның бет-өлпетін сипаттап беруде киналады. Мүндай жағ-дайда криминалистикада калыптасқан, бет-әлпетін сипаттау терминдерін айтып көмектесуге болады.

Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жа-уап беруші көптеген мөн-жайды қайтадан көз алдына келтіріп, оқиға жөнінде толығырақ, қанықты жауап бере алады.

Естіген фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар. Айтайық, куәгер бір кісінің тегін немесе есімін есіне түсіре ал-май отыр дейік. Бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын үмытпаған. Мүндай жағдайда оған телефон анықтамасы беріл-

се, ондағы есімдерді тізбектей оқи келе ұксас есімге келгенде ол ұмытылған есімді есіне түсіріп, айтып береді.

Жауап алушы және жауап беруші адамнын, арасында қайшы-лықты жағдай қалыптаскан кезде басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мүндай жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмыс-ты мен жасаған жокпын, ол уакытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарған кезінде кездеседі. Мұндайда айып-кердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тә-сіл — жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін кдмту. Біріншіден, мұньщ, яғни ең елеусіз сәтгерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға кемектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап ез өтірігін өзі шы-ғарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.

Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, айғақ заттарды пайдалану керек.

Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ен, алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойын-дамаса неғүрлым маңызды, бұлтартпас деректерге кешіп, жал-ған жауатъі әшкерелеуге болады. Айталык, айыпкердің бір пәтерден шыкканын екінші біреу көрді, бірақайыпкер ол пәтер-де болғанын мойындамады делік. Мүндай жағдайда стол үстінде қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің калған кол-таңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтанба экспертиза корытындысымен бекітілуі тиіс.

Айыпкерден жауап алудьщ тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі істер органдары аркылы жауап алу процесіне жедел-іздестіру деректерін пайдалану. Мұндай деректер:

жауап берушінің қылмысты оқиғаға қатыстылығын, оның жасалған қылмыс жөнінде каншалықты хабардарлығын болжат- тыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оньщ аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;

қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың жолын ашуға;

—- жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады.

Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты

әркилы. Егер жауап берушінің жеке басына катысты мәлімет-тер жауап алу тактикасын саралаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты тексерудің мүмкін жолдары туралы мөліметтер жауап алу процесінде ғана ескерілсе, онда қылмысты оқиға және онын жасалу төсілі туралы жедел-іздес-тіру деректері жауап берушінің жауабына қолданылуы тиіс.

Жауап алу кезінде жедел-іздестіру деректерінін альшған жерлерін, мейлінше, құпияландырудың маңызы айрықша. Сон-дықтан тергеуші жедел-іздестіру деректері бойынша айыпкер-ден жауап алғанда койылатын сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда ететін болса, онда тер-геуші ең маңызды сұрақгарды алдын ала іріктеп, құрастырып алғаны жөн. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда мұның маңызы ете зор. Әйтпесе, сәтсіз қойылған сәл сұрақтың өзі жедел-іздестіру деректерін алу көзін айыпкерге байқатып алуы әбден мүмкін.

Совдай-ақ, мұндай деректерді қай кезде, қалай пайдалану қажеттігін де ескеру керек. Жедел-іздестіру деректеріне қатыс-ты сұрақгар оның кұпиясы берік сақгалған жағдайда ғана қойыл-уы тиіс.

Жедел-іздестіру деректерін белгілі мәліметгермен бір мезгіл-де қатарластыра пайдалануға да болады. Мүндай жағдайда, бұл деректерге жауап берушінің назары әдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.

Жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-тегжейлі сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексері-летін накты іске байланысты өзіндік ерекшелігімен, әзіндік тәсілдерімен анықталады. Дегенмен, криминалистика ғылымы жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға, мейлінше, ортақ біркатар тәсілдерін үсынады. Ондай тәсіддер төмендегі-дей:

а) жауап алу барысында сүрақтардың сипатына орай айып- кер шыққан көзін байқап қалатын деректерді пайдаланбаған жөн;

ә) егер қолданылған шаралардын барысында айыпкердің қылмыстық жолмен жинаған қүнды заттары, мүліктері, т. б. зат-тай айғактары жасырылған жерлерді аныктайтын кайсыбір де-ректер табылса, ол заттарды не мүліктерді тергеу әрекеттері (тінту т. б.) арқылы қолға түсіріп, содан кейін ғана оның нәти-желерін жауап алу кезінде пайдалану кажет. Мұның өзінде бұл айғақтардың қалай алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс;

б) жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлық айғақ- тарды айьшкерге толык керсетуге асықпау керек. Мүндай

асығыстык тергеу орнына қайсыбір айғақ заттардын, калай түскенін айыпкердін, байқап қалуына соқтыруы мумкін;

в) егер жауап алушыға жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықгалған қайсыбір фактілерді жауап алу жөніндегі хаттамаға енгізу кажеттігі туса, ол фактіні растайтын жәйттерді (уақыткд, тұраққа т. б. байланысты) алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Егер жауап беруші тергеушінін назарын аударған мәселеге қажет қосымша деректерді білдірсе, ол деректер ұсақ-түйегіне дейін сұралып, кейін егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс.

Қылмыскерлер, өсіресе, аса қауіпті қылмыскерлер, сондай-ақ басқа да айғақ заттардың, келтірілген кұжаттардың бұлтарт-пайтындығына көз жеткен, бірақ қылмысын қалай, кдндай жол-мен болсын мойындаудан бас тартуға әбден бекінгендер; жаңағы айғақ заттардың, кұжаттардың көзін құртуға тырысады. Сон-дықтан тергеу кезінде оньщ сақтальш, корғалуына мейлінше мүкият болу керек. Ол құжаттарды айыпкерге столдың әйнегінің астына қойып көрсету немесе онын көшірмесін жасау, сондай-ақ жауап алу кезінде айыпкердің айғақ заттарды немесе құжат-тарды кұртып жіберуінен сақтану үшін екінші бір куәгерді де жауап алу процесіне тартып, сақтык, шараларын қолдану керек. Берілген жауап хатгама жазу арқьшы бекітіледі. Қосымша бекіту әдісі есебівде дыбыс және бейне жазу таспалары қолданылады.

5 сұрақ. Қылмысты істі тергеу үстінде өте жиі кездесетін жағдай — бұрын жауап алынған адамдардың жауаптарында елеулі қайшы-лықтардьщ болуы. Мұндай жағдайда, осы қайшылықтарды анықтап, оны жою үшін оларды беттестіріп, жауап алынады. Яғни, беттестіріп жауап алу дегеніміз бұрын жауап алынған екі адамды бірге отырғызып, бір мезгілде екеуінен қатар, қайтадан жауап алу. Беттестіру тек бұрын жауап алынған адамдардың арасында жүргізіледі. Куәгер мен куөгер, сондай-аккуәгер мен айыпкер немесе айыпкер мен айыпкер беттестіріледі. Жауап-тағы кайшылықтар әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бірде бүл жауап берушінің біреуінің жаңылуынан не-месе кейде беттесуге қатынасып отырған жақтың біреуінін жал-ған жауап беруінен болады.

Бәттестіру өте күрделі тергеу әрекеті, сондықтан оны сапа-лы, нәтижелі өткізу үшін тергеуші оған мүкият дайындалып, беттесу жүргізу үстінде белгілі тактикалық әдістерді қолдануы, занда көрсетілген қылмысты іс жүргізу тәртібін қатаң сақтауы

керек. Тергеу әрекетінің мүндай түрін өткізуге дайындықкезінде тергеуші мынандай мәселелерді шешіп алуы тиіс.

Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керек?

Беттестіруге қатынасып отырған адамдарға кандай сұрақ- тар қою керек?

Беттесуге қатынасатын адамдардан кандай кезекпен жа- уап алу керек?

Тергеу әрекетін бастамас бұрын тер'геуші беттесуге қатына-сатын адамдардың озара қарым-қатынасын, егер олардың бас араздығы болса оның себебін, ал егер екеуі де куөгер болса олар-дьщ айыпкерге, жүргізіп отырған іске қандай қатынасы бар екенін анықтап біліп алуы керек. Беттестіру мезгілінде жауапқа қатынасып отырған адамдарға ұсынылатьш айғақ заттарды, құжаттарды алдын ала белгілеп, дайындап коюы тиіс.

Зан бойынша бетгестіру тек бірімен-бірі таныс адамдардың арасында жүргізіледі. Егер беттесуші адамдар куәгерлер болса, оларға дұрыс жауап беруге міндетті екендіктерін түсіндіріп және жауап беруден бас тартқаны немесе біле түра өтірік жауап бер-гені үшін жауапты болатынын ескертіп, қолхат алу керек. Бүдан кейін тергеуші беттесуге қатынасып отьфған адамнын біреуіне істің мән-жайын, атап айткднда, жауаптың қайшылықты түста-ры жөнінде сұрақ қояды. Тактикалык түрғыдан бірінші сұрак тексеріп отырған фактіні дәлелдеп, бекітіп отырған адамға бері-леді. Ол өзінін осы факті бойынша бүрын берген жауабын бекі-тетіндігін айтып, берген жауабын беттесуге катынасушы екінші адамның көзінше қайталап, баяндап береді. Беттесуге қатына-сып отырған екінші адам, бүл жауапты толық естігенмен кейін оны бекітетінін немесе бекітпейтінін білдіреді, егер бекітпесе себебін айтып, өзінін бұрынғы берген жауабын қайталайды. Осыдан кейін тергеуші бірінші жауап берген адамға сұрак қойьш, екінші адамньщ жауабы жөнінде оньщ пікірін сұрайды. Беттестіру үстінде тергеушінін рұқсатымен беттестіруге қаты-насып отырған адамдар бір-біріне сүрақ қоя алады. Бірақ мұндайда тергеуші бүл екі адамның бір-бірімен алдын ала ©зара келісіп, істі жүргізуге бөгет болатындай сарында қоймауына мұқият назар аударуы, егер кажетсіз, яғни іске тікелей қатына-сы жоқ сұрақ қойылса, оны тоқтатып тастауы керек. Беттестіріп отырған адамдардың бірімен сөз таластырып, айтысып кетуіне де жол бермеуге тиіс. Өйткені беттестіруге қатынасып отырған адамдар осы сәтті пайдаланып астарлы сұрактармен алдағы қимыл-әрекеттерін бағдарлап ымыраласуы мүмкін.

Беттесу үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жа-зып бекітеді.

Беттесушілердің біреуінің жауабы хаггаманьщ оң жағына жазылса, екіншісінің жауабы қағаздың сол жағына жазылады. Кей жағдайда хаттаманы екіге бөлмей, жауап беру кезегіне сәйкес әуелі бірінші сұралған адамның жауабы, содан соң екінші адамның жауабы жазылады.

Бетгесу үстінде берілген жауаптарды бекіту үшін кейде хат-тамамен бірге дыбыс жазу аппараты да колданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жауап алудың міндеттері қандай?

2. Жауап алу алдында қанадй дайындық жұмыстары жүргізіледі?

3. Жауап алғанда қандай тактикалық әдістер қолданылады?

5. Беттестіру тактикасы дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

.

14 тақырып. ТАНУ ҮШІН ҰСЫНУ ТАКТИКАСЫ

1. Танытуға көрсету (ұсыну) түсінігі, міндеттері және түрлері.

2. Объектілерді танытуға көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Адамдардың кім екенін танытуға көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері.

4. Өліктің кімнің өлігі екенін анықтау.

5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді танытуға көрсету ерекшеліктері.

6. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін танытуға көрсету ерекшеліктері.

7. Ұрланған малды танытуға көрсету ерекшеліктері.

8. Фотобейнелерді танытуға көрсету ерекшеліктері.

9. Танытуға көрсетудің нәтижелерін бекіту.

1 сұрақ. Қылмысты істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың, бұйымдардың және басқа да объектілердің осы тер-геліп жаткдн қылмыскд байланысты анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәгерге таныту мақсатымен үсынып, көрсету-ге тура келеді. Бұл объектілерді танытуға көрсету тергеу әре-кетінің қылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы қылмыс жа-саған адамның кім екені анықталады, іс бойынша керекті айғақ затгар табылады. Бұл тергеу өрекетінің мағынасы — ол қылмыс-қа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінің ойында қалған осы объектінің белгілері бойынша танып, айы-руы. Яғни, психологиялык жағынан алғанда бұл да кримина-листік идентификациялау процесінін бір түрі. Мұнда да тану-шы адам өзіне көрсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектінін ойында қалған белгілерімен салысты-рып, теңестіріп, сол бойынша мына керіп тұрған объектісі бұрын көрген объектінің нак өзі немесе ол еместігін айырып, шешуі керек.

Танытуға көрсетілетін объектілер қатарына жататындар: адамдар, өлік, зат, бүйым, мал, кей жағдайларда пәтер, белме не жеке бір жер де көрсетілуі мүмкін.

Танытуға көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәгерге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бүрын корген не көрмегенін анық-тап, егер керген болса қашан және қавдай жағдайда кергендігін, оны яақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін завда көрсетілген тергеу әрекеті.

Бұл тергеу әрекетін әткізудіңқажеттігі тергеу үстінде алын-ған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің

жауап алумен көп ұксастығы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. Қыл-мысты істер жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екенін не затгарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудьщ бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін еткізудің психологиялық процесіне талдау жасасақ, ол крими-налистік идентификациялау процесінің бір түрі ретінде иден-тификациялык принциптер тұрғысында еткізіледі. Бұл тергеу әрекеті объектілерге тән белгілерді теңестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп түрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялык сұрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріптүрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардьщ бейнесі жаңағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп тұрған белгілермен салыстыру арқылы тану-шы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануға байланысты мұндай психологая-лык процеске әр түрлі факторлар, себептер әсер етеді. Айта-лық, танушы адам осы танытуға көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрді, көргенінен бері канша уакыт өтті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционаддык жағдайы кандай бодцы, т. б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп әсер етеді. Сондықтаи таныту үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі керек.

2 сұрақ. Объектілерді танытуға көрсетер алдында тергеуші біраз дайындық жүмыстарын жүргізу керек. Осы жүмыстардың ұкыпты, мұқият жүргізілуіне бұл тергеу өрекетінің сапалығы, нәтижелігі, қорытындысының объективтігі тікелей байла-нысты.

Жоғарыда айтылғандай, объектілерді танытуға көрсетудің керектігі бұдан бүрын куәгерден, жәбірленушіден, не айыпкер-ден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетін өткізу қажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер ал-дында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оның сол объектіні кандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін қашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бүл мәселелерді шешуде тергеушінің объектіні танытуға неғұрлым тезірек көрсету керектігін катаң ескертуі тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын куө-гердің (жәбірленушінің) ойында көрген объектінің бейнесі, белгілері ұмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жұмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындық кезін-дегі асығыстык тергеу әрекетінің сапасына керісінше әсер етеді.

Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет.

Дайындык жұмыстарының ең бір курделісі — көрсетілетін объектіге ұксас объектілер табу. Айталық, адамды танытуға осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні ұқсас адам болса белгілері ұқсас зат табу.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандар-ды қатынастыруға тура келеді. Айталык, өліктің кім екенін та-ныту үшін оны кврсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы маманды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куәгер, жас бала болса педагогты катыстыру керек.

Дайьшдык үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылы-ми-техникалық құралдарды өзірлеп алуы керек. Суретке не кинотаспаға түсіру керек болса фото-кинобейне аппаратын дайындап, оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.

Танытуға көрсетілетін объектілерге байланысты бүл тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда, адамның кім екенін таныту, заттарды танытуға керсету, өлікті кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін танытуға көрсету. Малдарды таны-туға көрсету, белгілі бір жерді не бөлмені, тұрғын үйді таны-туға көрсету. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету тактикасында да ерекшеліктері бар.

3 сұрақ. Адамдардын кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сыртқы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жағдайда көргені жөнінде асыкдай жауап алу ке-рек. Танытуға керсетілетін адам, өзіне үқсас, кем дегенде үш адамның арасында, қалаған орында түруы керек. Танушы адам танытуға керсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша керіп коймайтындай жағдай жасалуы керек. Танытылуға тиісті адам кем дегенде үш адамның арасьшан өзі қалаған орын алғаннан соң, танушы адамды кіргізіп: "Кәне, танитын кісіңіз қайсы,

көрсетіңіз және қандай нақты белгілер бойынша ол кісіні тани-тыныңызды түсіндіріңіз" деп тергеуші ұсыныс жасайды.

Танушы адам осы үш кісінін, ортасында тұрған адамды тиісті жасалған қылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда қалай кергенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінің қандай ерек-шеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уақыт өткеннен кейін керсетілген адамның сыртқы бейнесінде, әрине өзгеріс-тердің болуы мүмкін. Сондықтан көрсетілген адамды таныған-мен оның бейнесінде қандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толық айтып беруі тиіс.

Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамның өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамның бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында қалған белгілерді, көріп тұрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша са-лыстырады.

Бүл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомияльщ белгілер, ал екіншісін функциональдык, не динамикалық белгілер дейді.

Анатомиялық статикалық белгілерг.е адамның бойы, дене кұрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің басқа ерекшелік-тері жатады (басы, мандайы, мүрны, аузы, ерні, иығы, кол, аяғы, т.б.).

Функциональдық (динамикалық) белгілерге — даусы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяқ алысы және басқа да дене қимылы-ның ерекшеліктері жатады.

Адамдарды кім екенін таныту үстінде сонымен қатар кейде қосымша белгі есебінде оның киімі, көзіддірік киісі, сақал, мүрт қоюы, тағы басқа да жалпы бейнедегі барлык ерекшеліктері пайдаланылады.

Таныту жүргізілгенде осы керсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде тану-шыға өте қиынға түседі. Осыған байланысты тергеуші крими-налистикада қолданылатын адамды бейнелейтін әдісті — "порт-ретті ауызша бейнелеу" әдісін қолдануы керек, яғни адамньщ келбетін, ауызша бейнелеу. Мысалы, бойы — биік, орташа, ала-са бойлы; басы — үлкен, кіші; шашы — қою, сирек, қара, жи-рен; беті —- жалпақ, сопақ; мандайы — биік, кең маңцайлы, шот мавдай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік бол-са, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі.

Кісі танытуда әр адамға тән, қалыптасқан дене қимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда, оньщ даусы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, жүрісі, аяқ алыс ерекшелік-тері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні та-

нытуға болады. Бірақ бұл динамикалык, белгілерді өте оңай өзгертуге болатындықтан, мүндай көрсету көбіне тиісті нөти-же бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, жүрісін де көрсету үстівде өзгертіп жіберуі мұмкін. Сондықтан бүл белгі-лер, әдетте, анатомиялық белгілермен қоса көрсетіліп, пайда-ланылады.

4 сұрақ. Кімнің өлігі екенін анықтап, сейтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мүндай танытуға көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа обът ектілердей емес, өлік жеке керсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-эксперт жұмысы жүргізіліп, өлікті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны "туалет трупа" дейді). Танытуға мөйітха-нада жатқан өліктің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуировка) денедегі тыр-тық, басқа ерекше белгілер көрсетіледі. Танушы өлген адамның туысқаны, жолдасы, не басқа да таныс адамдары болуы мүмкін. Сондықтан елікті көріп тану олардың кәңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай танытуға көрсетер аддында сот-эксперт-ке өлікті белгілі бір қалыпқа келтіруге үсыныс жасалады. Тер-геу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабарсыз кеткен туыстарын біреу өлтіріп кетті ме деп күдіктенгендерге аты-жөні белгісіз өліктер көрсетіледі. Егер олар өлікті танып, онық кім екенін айтса тергеуші осы жөнінде хаттама жазьш, осы адам-нан жауап алады.

Өлікті көрсету тергеу әрекеті занды түрде жүргізілсе тер-геуші танушыдан өлікті кандай бет келбетінің, дене кұрлысы-ньщ ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сүрауы ьсерек. Өліктің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де таны-туға көрсетілуі мүмкін. Мүндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықгалып, хаттамаға жазылады.

5 сұрақ. Тергеу үстінде, тінту жүргізілгенде, не сезікті адамды үста-ғавда алынған заттарды жәбірленушіге, не куәгерге көрсету қажет болады. Мұндай жағдайда тергеуші осы адамдардан үр-. ланған заттардьщ белгілері туралы алдын ала жауап алып, аныктап сұрайды. Егер жауап беруші куәгер болса, одан ол затты қандай жағдайда кергені де сұралады. Танытуға көрсету үшін бұл зат сол тектес басқа заттардың арасында танушыға көрсеті-леді, егер ол көрсетілген затты таныса оны нақты қандай белгі-лері бойынша танығандығы сұралып, анықталады.

Кей жағдайда таныту кезінде заттарды танушы адамның белгілі бір жағдайларға, не себептерге байланысты қате жауап беруі де мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Мысалы, танушы адам білігінің темендігінен, көрсетілген киімнің қан-дай материалдан тігілгенін, оның бояуын немесе үлгісін дәл анықтап, айтып бере алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда алдын ала жүргізілген тергеу әрекеті негізінде алынған жауапты зат-ты керсету кезіндегі жауаппен салыстырып, олардьщ бір-біріне сәйкес не қайшы келетін жерлерін анықтау керек. Содан соң осы сәйкестік немесе қайшылыққа орай тиісті мамандарды шақырып, ақылдасқан, ал заттарды танушы адамнан қайта жауап алып, одан алғашқы жауабында жіберген қатесінің се-бебін анықтап, мәселенін анық-канығына көз жеткізген жөн.

Тәжірибеде басқа да жәйттер кездеседі. Танушы адам затты таныстыру кезінде алғашқы берген жауабында айтылмаған ерек-ше белгілерді келтіруі мүмкін. Мұндайда ол мұны алғашкыда неге келтірмегенін дәлелдеп, негіздеуі тиіс.

6 сұрақ. Кейбір қылмыстарды тергегенде түрғын пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайда бір жер учаскесін көрсетуге тура ке-леді. Осындай объектілерді көрсету арқылы кылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталык, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірак пөтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және басқа ойында калған белгілер бойьшша кылмыстың осы пәтерде жасалғаньш танып біле ала-ды. Мұндай жағдайда оған осы пәтерге ұксас тағы екі пәтер бірге көрсетіліп, жәбірленушінің айтқаны тексеріледі. Жеке жер учас-кесі де осындай әдіспен көрсетілуі арқылы қылмыстьщ қай жер-де болғандығы аныкталады. Әдетте, пәтер мен жер ең соңында көрсетіледі. Мысалы, әуелі қылмыс болды-ау деген жер мен гютер емес, осыған ұқсас пәтер мен жер көрсетіледі. Корытын-дысын танушы адам ақырында бәрін керіп біткеннен соң айтуы тиіс.

7 сұрақ. Әр малдың өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан мал-дың ұрланғаны туралы кылмысты іс қозғалғавда онык осы сырт-қы белгілерін білетін жөбірленушіге немесе куәгерге таныту үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде малдың өзімен бірге оньщ мүшелері — басы, сирағы, түяғы, терісі, т.б. пайдаланылады. Тергеу әрекетінің бүл түрін қолданғанда да жалпы зандылық қатаң сақталуы тиіс. Айталык, мал тек ұрлан-ған маддың сыртқы белгілерін жаксы білетін адамдарға ғана керсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдын тұқымын, жасын дәл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал-дәрігерлері де шақырылады. Мүндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәгерлер, жәбірленушілер, күмән тудырушылар да болуы мүмкін. Сондықтан ұрланған маддың белгілері туралы бүрын жауап алынбаған адамдардың дәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ак, көрсету кезінде малдың көруші адамға байқатқан мейірім райы-ның мәні үлкен болғанмен, ол да айғак, ретінде пайдаланыл-майды.

Үрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, онын мінезін, табиғатьш жақсы біледі. Одан күткендегідей жауап ала алуы үшін тергеушінің де мал шаруашылығынан белгілі бір дәрежеде білімі болуы тиіс. Өйткені жауап мал шаруашылығын-да қалыптасқан, маддың дене мүшелерінің орналасуының, да-муының ғылыми жүйесіне негізделіп алынады. ең алдымен, маддың түлғасы, түқымы, жасы т.б. басты белгілері сипаттала-ды. Содан соң жеке белгілері — басы, көзі, кұлағы, тісі, кеудесі, т.б. бейнеленеді. Одан өрі ерекше белгілері — салынған ендері, жарақаттан қалған тыртықтары, т.б. көрсетіледі. Сондай-ақ, ұрланған малдың иесіне кездескен кезде байқататын мінез-қылықтарының да маңызы зор. Тергеуші мүның бәрін де на-зардан тыс қалдырмауы тиіс.

8 сұрақ.Адамды бетпе-бет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда ол оның фотобейнесін көрсету арқылы танытылады. Мүндай әдіс танушы немесе таныстырушы кылмысты істі тексеретін орган-нан шалғай қашықтықта жүрген, күдікті немесе айыпталған адам тергеуден немесе сотта жасырынған, жәбірленушінің қайтыо,

болғандығын немесе хал үстінде жатқандығын, жерленгеннен кейін маркұмның түр-тұлғасын анықтау қажет болған басқа да жағдайда қолданылады.

Фотобейненің негізгі немесе жекелеген белгілері мүлдем өзгертіліп кететіні, сондықтан объектіні тану қиындықка түсетіні танытуға көрсету кезінде жиі кездеседі. Бұл көбінесе сурет түсірілген кездегі жағдайға, суретке түсірушінің ше-берлігіне, суреттің өнделуіне, сондай-ақ суретке түсірілгеннен кейін арада көп уақыт еткендігіне байланысты болады. Сондық-тан мүмкіндігінше өнделген не ескірген суреттерді танушыға көрсетпеген дұрыс. Куәгерден жауап алған кезде, суреттің иесін аныктаудын, да мәні зор.

Танытылатын сурет осыған ұксас басқа суретгерге косыла-ды, содан сон, олар жалпақ қағаздың бетіне жапсырылады да, әркайсысы жеке-жеке нөмірленеді және өрқайсысына тергеу органдарының мөрі басылады, фотосуретке тергеушінің қолы койылады. Осы күйінде ол танушыға үсынылады.

Егер көрсету кезінде танушы суретгің бірін керсетсе, одан объектіні кандай белгілеріне карап танығанын, суреттегі белгінің жаңағы адамның есіндегі белгілерге қалай сәйкес ке-летіндігін түсіндіру сұралады. Осылай Тәптіштеп жауап алу арқылы танушьшың дәлелдемесін аныктауға болады.

Өліктің суретін көрсеткенде ғана мұндай ұқсас суреттер іріктелмейді, яғни танушыға тек өліктің ғана суреті ұсьгаыла-ды.

Қазір жеке объектіиі анықтау үшін фотосуреттерді жинақ-тап және бейнені қолмен салып, сондай-ақ бас сүйекті кайта күрап түсірілген суреггер де көрсетіліп жүр. Бірақ азаматтарға ұсынылған мұндай суреттерді танудьщ негізі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені қылмыстык іс жүргізу зандылығы бойынша тек тікелей объектінің өзі немесе оның фотосуреті ғана тануға керсетілуі тиіс.

9 сұрақ. Танытуға керсетудін барысы және нәтижелері туралы хат-тамада жазылады. Хаттама үш бөліктен — кіріспеден, баяндау мен қорытындьщан тұрады. Кіріспеде объектіні тануға көрсетіл-ген жер мен уақыт, бұл әрекетке катысқан баска да адамдар туралы мөліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ақ көрсетуге ұсы-нылған үқсас адамдар мен заттардьщ сыртқы белгілері суретге-леді. Хаттаманын бұл бәлігінде қатысушыларға бұл тергеу әре-

кетінің мәні түсіндірілгені, куәгер мен жөбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауап бергені үшін жауап-ты екендігін ескертілгені туралы айтылады. Жауап магнитофон таспасына жазылатын болса бул туралы да танушыға ескертіл-гені баяндалады.

Хаттаманың баяндау бөлігінде танытуға көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (затгардың, малдардьщ) қалай орналастырылғаны, жарыктың қалай түскені мен куші, уақыты туралы мөліметтер жазылады. Одан өрі танушыньщ дәлелдеме-лері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі. Тергеу-шінің акиқатгы анығырақ аша түсу үшін койған сұрақгары, әдет-те, хаттамада көрсетілмевді, ол жалпы әңгіме түріңде беріледі. Егер объект танылмаса хаггамада мүны танушының баяндаға-ны айтылады. Айталық, ол мұнда ізделген объектінін жоқтығы-нан әрекетке қатысушылардың бірде-бірі оны танып, көрсете алмады немесе ешкім объектіні есіне түсіре алмады десе мұның бөрі танушының айтуымен, бірінші жақга беріледі.

Хатгаманың қорытывды бөлігінде қодданьшған ғылыми-тех-никалык қүрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бүл бөлікте катысушылардың тануға көрсету кезіндегі тергеушінін әрекеті-не және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескерту-лері айтылады. Мысалы, танушы хаттамада танудын дұрыс-бұрыстығы туралы жазылғанын қаласа, ол кысқаша түрде көрсетілуі тиіс, Хаттамаға әрекетке қатысушылар қолдарын қояды. Хаттамаға тіркелген фотосуреттер кестеленіп, оны тер-геуші куәландырады.

Әр түрлі объектілерді тануға көрсетудің нәтижелері бойын-ша кудік келтіруші мен айыпталушынын айыбын ашатын не-месе ақтайтьш дел де, жанама да дәлелдемелер алынуы мүмкін. Алайда, мүны негізге алу үшін тергеушінің бүл нәтижелерді кайтара ете мүқият тексеріп алғаны жөн. Ол оның алдында бас-қа да тергеу әрекеттері кезінде алынған немесе жаңа дәлелде-мелермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мүндайда эксперти-за, тергеу эксперименті, оқиға болған жерді қарау тағы басқа да тергеу әрекеттері колданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Танытуға көрсету (ұсыну) дегеніміз не?

2. Адамдардың кім екенін танытуға көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері қандай?

3. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді танытуға көрсету ерекшеліктері неде?

4. Фотобейнелерді танытуға көрсету ерекшеліктері қандай?.

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

15 тақырып. КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ

Сұрақтар:

1. Жауапты оқиға болған жерде тексеру тактикасы түсінігі.

2. Жауапты оқиға болған жерде тексеру әдісі.

1 сұрақ. Қылмысты істерді тергеу үстінде кеп жағдайларда куәгердің, жәбірленушінің, айыпкердін берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру аркылы тергеуші жауаптағы мөліметтерді окиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объ-ектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді.

Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орна-ласқан объъектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар женінде толык, ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, окиғаның болу жолын, осы жердің ербкшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелде-мелер тауып алуы мүмкін.

1960 жылға дейін процессуальдык, занда мұндай тергеу әре-кеті жоқ болатын. Бірақ жауапты оқиға болған жерге шығьш анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде қолданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бүл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдық тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі колданылатын болды. Әрине, бүл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу төжірибелері де еткізіледі. Осыған байланысты бүл тергеу әрекеті жауап алу-мен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу "экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу өрекетінің тек жекеле-ген кейбір әдіетері ғана аралас қолданылатындықтан жауапты оқиға болған жерде тексеру езіне тән ерекшеліктері бар, дер-бес тергеу әрекеті деп саналады.

Айталық, оқиға болған жерде тергеудің жауап алудан айыр-машылығы мынада: оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдар-дын, қатысуымен жүргізіледі, жауапта керсетілген деректер оқиға болған жерде қайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді қимьш-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тануға көрсету, тергеу әрекетімен салыстырғанда, жауапты окиға бол-ған жерде тексерудін ерекшелігі — танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байкаған кейінгі езгерістерді де баяндайды, езінің, кейде окиғаға басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді.

Бүл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мақ-сатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғактық жаңа заттар, іздер табыл-са тергеуші оны да іске пайдаланады.

Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге ықыласын білдірді. Осыған байланыс-ты оқиға болған жерге келгенде А. есікті қалай бұзғанын, күлып-ты кайда лакгырғанын, ондағы заттарды кай жерлерден (шкаф-тан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдыктарының нақгы қай жерде тұрғанын көрсетіп берді.

2 сұрақ. Оқиға болған жерде тексеру, сондай-ақ аддын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайты-нын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің оқиға-дан бұрын осы жердегі алдында түрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан бола-тын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4 м. ордан секіріп кетуге болмай-тындығына көзі жеткен соң шындығын айтуға тура келді.

Куәгерден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай оқиға болған жерде тексеру үстінде әр түрлі әдістер колданылады. Сондай-ак, дайындық жүмыстары жүргізілгенде қолданылатын тактикалык өдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тер-геуші жоспар қүрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыс-ты істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материал-дары мұқият зерттелуі тиіс.

Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтьшау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пы-сықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері өзірленіп, тексерудің кай кезінде кімді қай жерге, қандай мақ-сатта орналастыру қажеттігі айқындалуы керек.

Әзірлік кезінде жедел топтың қүрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қыз-меткерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман криминалист, сот эксперті, басқа да кажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан сон айғақ адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істің күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік туса жүргізілген әрекеттің мазмүны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер косымша куәлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет болса, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн.

Куәгерді немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олар-дың келісімімен ғана шығару керек.

Әзірлік жөне тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның акиқатты ашуға шын ниетімен кемектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, қүтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен бай-ланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге не-месе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырыса-тынын естен шығаруға болмайды.

Аталған тергеу әрекетіне әзірлік кезеңі әрекетке катысушы-ларға тиісті нүсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің максаты мен тәртібі, катысушылардың құқы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, екі мәселеге айрықша назар аудары-лады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылар- дың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бүрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлык үйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;

б) жауабы тексерілетін адамға сүрақ тек тергеушінің рүқса- тымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінін нүсқа- уымен жасалады.

Тергеуші де өз әрекетіне өте мүқият қарауы, ягаи өзіне икем-дейтіндей әрекеттен немесе сүрактан сақтануы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куәгер тергеушінің айтканына ілесіп, оның сүрактарын мақұлдай беретін болсатер-геу әрекетінінтекке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тер-геу кезінде тергеушінін ақиқатқа кезі жеткен, тек оны оқиға болған жерде "нықтай" түсу қажет болғандағана мүндай әдістің қолданылуы мүмкін.

Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды езі аныктап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен окиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді керсе-туге де кдтысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлме-ге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндай-да: "Сіз мына терезе аркылы кірдіңіз бе?" деп сүрақ қоюға бол-майды. Өйткені мүндай сұрақ жауап берушіні тергеушінің ыңғайына қүлауына итермелейді де, ақиқат толық ашылмай қалуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тереземен кіргеніне күдік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны кайталап көрсетуін сүрайды. Мүндайда, айыпкер жал-ған жауап берсе, абыржып, айтқанын дәлелдей алмауы немесе шындыкты мойындауы мүмкін.

Тергеу әрекетінің бұл әдісінде де онын нәтижесі хатталады. Мұнда баска да тергеу әрекеттеріндегідей ортактәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни: а) тексерудің неме-се дөлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының кандай мақсатпен жүргізілгенін түсіндіруге; ә) жәбірленушінің неме-се айыпкердің оқиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу; б) оқиға болған жерге тексеруге кдтысушылар-дың жүрген жолының бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы; в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойын-ша барлық әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяр-гдау-ларды келтіре отырып, жол үстінде тоқтаған жерлер мен оның соңғы бітетін түсын белгілеу; г) түсірілген фотосуреттер, кино бейнелер, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б. ескерілуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Жауапты оқиға болған жерде тексеру тактикасы дегеніміз не?.

2. Жауапты оқиға болған жерде тексеру әдісі қандай?

Әдебиеттер:

1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997

2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995

3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»

4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003

.