- •Дәрістер тезистері
- •1 Тақырып : Криминалистиканың пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері
- •2 Тақырып: Криминалистикалық идентификация теориясы және және диагностика, олардың қолданбалы мағынасы
- •3 Тақырып: Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары.
- •4 Тақырып: Кримииалистикалық тактиканың тұжырымдамалық негіздері және технологиясы.
- •5 Тақырып: Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау.
- •6 Тақырып: Қылмыстың криминалистикалық сипаттама мазмұны.
- •7 Тақырып: Тактикалық операциялар және оларды қылмысты тергеу тиімділігін арттыруда пайдалану тәсілдері
- •9 Тақырып: Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдармен жасалынатын қылмыстарды тергеу
3 Тақырып: Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары.
Дәріс мақсаты: Студенттерге криминалистикалық техниканың жүйесін түсіндіру
Сұрақтар:
1. Криминалистикалық техника үғымы.
2. Криминалистикалық техниканың салалары.
3. Криминалистикалық техниканың мазмүны.
4. Криминалистикалық техника күралдарын және әдістерін жіктеу.
5. Криминалистикалық техниканы қолдану.
6. Криминалистикалық техникалық құралдарды қолдану
шарттары.
7. Криминалистикалық техниканы колданатын субъектілер.
1. Криминалистикалық техника-бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша дәлелдерді жинау, зерттеу мен пайдалану және басқа да қылмыстарды ашу мен алдын алу әдістеріне арналған жаңартылған техникалық қүралдарды, әдіс-тәсілдерді қүрамына қосатын криминалистиканың бөлімі.
2. Криминалистік техника криминалистика ғылымның саласы ретінде келесі элементтерден тұрады:
2.1. Криминалистикалық техниканың жалпы ережелерінен. Осында қаралады криминалистиканың пәні, жүйесі , мақсаты және тергеу жүргізгенде криминалистік техниканы қолданудың негізі мен заңдылығы.
2.2. Криминалистикалық техниканың жеке теорияларынан:
-криминалисгакалық сурет, дыбыс және бейне жазу;
-криминалистикалық ізтану;
-криминалистикалық қарутану;
-криминалистикалық құжаттану;
-адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистикалық зерттеу (габитоскопия);
-криминалистикалық тіркеу.
Соңғы уақытта техниканың даму деңгейінде криминалистикалық одорология және вокалография (иіс пен дыбыс бойынша идентификациялау) сияқты криминалистикалық техниканың жаңа салалары орын алуда.
3. Криминалистикалық техника өзіне келесі мәселелерді қояды:
-өзіндік криминалистикалық құралдар;
-осы құралдарды қолдану әдістері, тәсілдері немесе олар арқылы техника-криминалистикалык мәселелерді шешу әдістері.
4. Пайда болу көзі мен қолдану деңгейіне байланысты соттық іс жүргізудегі қажетті техника-криминалистикалық әдістер мен қүралдар үш топқа болінеді:
а) іздестіру және дәлелдеу ақпаратын арнайы жинау мен зерттеу үшін криминалистикадағы қарастырылган әдістер мен құралдар;
ә) басқа саладағы техника-криминалистикалық мәселелерді шешу үшін арналып құралған ғылымдар мен техникалардың криминалистикамен өзара байланысты әдістері мен құралдары;
б) басқа салалардағы ғылымдар мен техникалардың криминалистикамен байланысты және ешқандай өзгеріссіз қодданылатын әдістері мен құралдары.
5. Қылмыстың алдын алуда қолданылатын криминалистикалық техниканың негізгі бағыттары:
-қылмыстың жасалуына жол беретін шарттардың пайда болуы;
-қылмысты жасаған түлғаларды жылдам табуға арналған шарттар;
-қылмыстың қорытындысын ауырлатуға немесе шешу барысына кедергі келтіруге арналған қылмыскерлердің саймандарына, қарсы тұра алатын криминалистикалық техника құралдарын жақсарту.
-қылмысты тоқтатушы техника қриминалистикалық қүралдарды жаңарту.
6. Техника-криминалистикалық қүралдарды қолдану шарттарына мыналар жатады:
а) қолдануға ыңғайлы әлеуметтік және жаратылыс-техникалық сілтемелері:
-адамгершілік нормасына сай келуі;
-ғылыми жағдайы
-қолдану қауіпсіздігі;
-пайдаланудың тиімділігі;
ә) қолданудың заңдылығы:
-қүқықтық негіздеменің болуы;
-басқарушы түлғалармен қолданылуы;
-іс жүргізгенде қолдану тәртіп ережелерін сақтау;
-заң талаптарына сай қолдану ;
б) техника-криминалистикалық қүралдарды қолдану негіздемесі:
-нормативтік қүқықтық актілер;
-қүқықты қолдану актілері;
7. Криминалистикалык техниканы қолданушы субъектілер болып ішкі істер органдары,соттар мен басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері және сарапшы криминалистер болып табылады.
Тергеу әрекеттерін жүзеге асыру барысындағы қылмыс іздерін жинау құралдары мен әдістері.
1. Қылмыс іздерін табу, бекіту және алу маңызы.
2. Қылмыс іздерін табу құралдары.
3. Қылмыс іздерін бекіту құралдары.
4. Қылмыс іздерін алу құралдары..
1. Қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қарастырылатын объектілердің және олармен байланысты мәселелердің барлығы табылуы, тіркелуі және алынуы тиіс.
Қылмыс іздері көзге көрінетін, немесе көрінбейтін болып бөлінеді. Олар қолдың, аяқтардың, бұзу құралдарының және т.б. объект іздері болуы мүмкін. Қылмыстық іздерді табу үшін арнаулы іздеуші техникалық кұралдар пайдаланылады.
Қылмыс іздерін бекіту—бүл олардың із қабылдаушы объектіде бекуін немесе олардың көшірмелерін, фотосуреттерін, жапсырмаларын, арнайы техникалық құралдарды, жапсырма массалары мен басқа да заттарды, химия реактивтерді, материалдарды пайдалану арқылы жасау. Іс жүргізуші көзқарас бойынша тіркеу тергеу әрекетінің хаттамасында қылмыс іздері мен басқа объектілерді сипаттау болып ұғындырылады,
Қылмыс және басқа объектілердің іздерін алу олардың қайталануын, процессуалды жабдықталуын және қылмыстық іске қатынасын жорамалдайды.
2. Қылмыс іздерін табу құралдары:
а) жарық түсіруші құралдар-бұл жарық нашар түсетін жерлерде, сонымен бірге қарау мен фотосуретке түсіру мәселелерімен әрекеттеріне сай объекгілерге жарық түсіру үшін қолданылатын жарықтың түрлі жасанды көздері.
Жарықтың ретінде тұрмыстық, өндірістік және арнайы жарық құралдары қолданылады (ұзартылған фото-жарықтар, тұрмыс фонарьлары, электронды фото жарықтар және т.б.).
ә) оптикалық құралдар-бұл көзге көрінбейтін, жай көрінетін немесе немқұрайлы қаралатын заттық дәлелдер мен бөлек бөлшектерді табу мен қарау үшін қолданылатын, ұлғайтып көрсететін әр түрлі құрал-жабдықтар. Оларға түрлі лупалар, микроскоптар жатады.
б) іздеуші құралдар темірден жасалынған заттарды, өліктерді, олардың бөлшектерін, бағалы темірлерді, тастарды жөне т.б.с.с. белгілі бір объектілерді табу үшін арналған. Оларға темір іздеуші, мина іздеуші, магнитті іздеуші, магнитті көтергіш қүралдар жатады; ал өліктерді іздеу үшін тепловизорлар, газды анализаторлар қолданылады.
в) химиялық рентген затгарын қалыптасқан биологиялық іздерді табу үшін пайдаланылады (цианакрылаттар, ацетондағы нингидрин ерітіндісі, азот қышкылды күмістің сулы ерітіндісі және т.б ).
3. Қылмыс іздерін тіркеу процесі, жүзеге асатын әрекеттердің ретімен сипатталады. Ол іздің табылған немесе қалыптасқан жеріне анықтама беруге, оны табу барысындағы жағдайын бағалауға, тіркеу әдістерімен құралдарын таңдауға жағдай туғызады.
Қылмыс іздерін тіркеу құралдары:
а) суреттік құралдар - бүл әр түрлі үлгідегі және фотоқұралдары бар (ұзартушы, жарық фильтрлі және т.б.) фотоаппараттар. Сонымен бірге өлшеуші суретке түсіру әдісі (масштабты сызғыш) көп қолданылады. Бекіту қүралы ретінде бейне таспаға жазу тәсілі де пайдаланылады,
ә) өлшеу құралдары фиксация объектілерінің сандық сипаты мен өлшемін анықтау үшін қолданылады. Ол үшін сызғыш, рулетка, транспортирлер, штангенциркулъдар, микрометрлер мен бүрыш өлшеуіштер, компастар, циркуль-өлшеуіштер және т.б.с.с. түрмыстық және өндірістік багыттағы өлшеуіш қүралдар пайдаланылады.
б) жапсырмалар, көшірмелер дайындау үшін қажетті материалдар көбінесе күшпен басылып қалынған іздерді алу мен фиксациялау үшін қолданылады (гипс, парафин, жүмсақ металдар,силикон пастасы, каучук және т.б.). Қолдың іздерін алу үшін дактиласкопиялық пленкалар, йодталған трубкалар, түрлі-түсті магнитті ұнтақтар («топаз, рубин, малахит, сапфир, агат) қолданылады
Іздер мен басқа да заттык дәлелдерді тіркеудің негізгі және міндетті әдісі болуы, олардың тергеу әрекетіндегі хаттамада сипат алуы болып табылады. Сипаттама толық,' нақты және түсінікті болуы тиіс.
4. Қылмыс іздерін алу құралы.
Табылған және тіркелген қылмыс іздері міндетті түрде алынуы қажет. Осы мәселені шешу үшін, практикада көбінесе қолданылатын әдіс—бұл іздерді олар көрініс беретін объектілермен бірге алу.
Құралдар жедел іздестіру қүжатнамаларында, тергеуші портфельдерінде, жедел іздестіру және тергеу қобдишаларында жиналады.
Оқиға болған жердегі іздерді қайта зерттеу үшін қозғалмалы арнаулы техникалық кұралдармен жабдықталған, әр түрлі іздерді алу мен оларды қайта зерттеуге арналған криминалистикалық лабораториялар қүралған.
Бақылау сұрақтары:
1 Криминалистикалық техника бөлімінің жүйесі
2 Техника криминалистік құралдардың жіктелуі
3 Дәлелдемелік ақпараттарды жинау түсінігі
4 Криминалистикалық зертханалық зерттеулер әдістері
Әдебиеттер:
1 Белкин Р С Курс криминалистики / үш том/ Юристъ 1997
2 Белкин Р С, Аубакиров А Ф и др. Криминалистическая энциклопедия Алматы 1995
3 Абуов А Ғ Криминалистика негіздері Қостанай 2003 «Шапақ»
4 Яблоков Н П Криминалистика М. 2003
