- •Мазмұны:
- •1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі
- •2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
- •3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
- •1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі
- •1.1 Сынып жетекшісінің циклограммасы
- •1.2 Сынып жетекшісінің профессиограммасы
- •1.3 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
- •1.4 Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
- •1.5 Сынып жетекшісінің күнделік дәптері
- •1.6 Тарау бойынша тапсырмалар
- •2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
- •2.1 Жеке тұлғаны зерттеу үлгісі
- •Жеке тұлғаны зерттеу схемасы
- •2.2 Ұжымды зерттеу үлгісі
- •Сынып құрамы.
- •Сынып жинақтылығы.
- •Сынып ұйымшылдығы.
- •Сыныптағы қоғамдық пікір.
- •Ұжымдық жолдастық қатынастардың сипаты.
- •Сынып белсенділері.
- •Сынып ұжымының қоғаммен байланысы.
- •Сыныптың жинақтылығын іс-шаралар арқылы дамыту.
- •Ұжымды зерттеу схемасы
- •2.3 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
- •2.4 Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар
- •2.5 Тәрбие жоспарының үлгісі
- •I. Сынып жайлы мәлімет:
- •2.6 Тарау бойынша тапсырмалар
- •Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы.
- •Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру.
- •Жұмыс барысы:
- •3. Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
- •3.1 Тәрбие сағаты, оның тәрбиелік қызметтері
- •Тәрбие сағатын өткізудегі дайындық барысында:
- •3.2 Тәрбие сағатын өткізу шарты
- •3.3 Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен түрлері
- •3.4 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсаты, міндеттері және әдістемесі
- •С ыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:
- •Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі
- •Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру талаптары
- •3.5 Ұжымдық–шығармашылық істі ұйымдастыру әдістемесі
- •II.Ұжымдық жоспарлау:
- •III. Ұжымдық іс-қимыл
- •IV. Шараны өткізу.
- •V. Шараның нәтижесін қорытындылау.
- •3.6 Диспутты өткізу әдістемесі
- •3.7 Дискуссия Дискуссия ережелері:
- •Дискуссияға қатысушыларға бірқатар кеңес:
- •Дискуссия барысында:
- •Ә ңгімені өткізу әдістемесі
- •3.9 Конференция түрлері, оны өткізу әдістемесі
- •3.10 Саяси хабарламаны өткізу әдістемесі
- •3.11 Конкурсты өткізу әдістемесі
- •3.12 Ойындарды өткізу әдістемесі
- •Ойынды жүргізу әдістері.
- •Ойынды басқару.
- •Ойын ережелері.
- •3.13 Іскерлік ойындар өткізу әдістемесі Іскерлік ойындар өткізу шарттары:
- •Ойын бірнеше кезеңнен тұрады:
- •Сарапшылар кестесі
- •3.14. Тарау бойынша тапсырмалар Тақырыбы: Тәрбие қызметін ұйымдастыру технологиясы
- •Қосымшалар
- •Дәстүрлі формалардың бірі – ата-аналар жиналысы.
- •Сыныптық ата - аналар жиналысы
- •2. Қабырға газеті
- •3. Тәрбие сағатын талдау үлгісі
- •4. Сыныптан тыс өткізілген сынақ шараларына талдау жасаудың жобасы
- •5. Сынып жетекшінің күнделікті пайдаланатын кітабы
- •Пайдаланған әдебиеттер
1.3 Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық Б |
Ұйымдастырушылық қызметі. Балалардың орынды талап –тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. |
|
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару:
|
|
Нақтамалық қызметі - оқу- тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекші оқушылары тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда,оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшілігі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты - баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буыны. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділгін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуанышты күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын - ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика- балгерлікке айналар еді» - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауды және түзетіп отыру қызметі тік оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.

аланың
әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына
жағдай тудыруға, баланың тұлғалық
өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік
өмірге араластыру және өз бетінше
өмір сүре білуіне көмектесуге
бағытталған.