Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SYNYP_zheteksh_zhold60-bet_2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
892.42 Кб
Скачать

3.10 Саяси хабарламаны өткізу әдістемесі

Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:

  1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.

  2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар.

  3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.

  4. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.

  5. Қорытындылар.

  6. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар.

Саяси хабарлама аптасына бір рет өткізілуі тиіс. Саяси хабарламаның өтілуі, мерзім ұзақтығы:

  • I – II сыныптар үшін – 5 – 10 мин;

  • III – IV сыныптар үшін -10 – 15 мин;

  • V – VII сыныптар үшін – 15 – 20 мин;

  • VIII – XI сыныптар үшін – 20 – 30 мин;

Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы, саяси радио хабары секілді формаларда өткізуге болады.

Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, өндіріс бригадалары, жазғы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.

3.11 Конкурсты өткізу әдістемесі

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу.

Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуға мүмкіндік туғызады.

Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-ысқақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.

Конкурс түрлері:

  • Конкурс – викторина.

  • Конкурс – инсценировка.

  • Мәнерлеп оқу.

  • Фото – сурет.т.б.

Конкурсты өткізбес бұрын:

  • Конкурстың түрін анықтау қажет.

  • Қатынасушыларға шарттар белгілеу.

  • Кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.

  • Конкурс өткізілетіні жайында хабарландыру ілу.

  • Әділ қазылар алқасын тағайындау.

  • Залды безендіру.

  • Оны ұйымдастырудың үлгісін жасау жұмыстарын атқару.

  • Конкурсқа қатынасатын командалар мен ұйымдастыру тобына алдын-ала тапсырыс беру.

3.12 Ойындарды өткізу әдістемесі

  1. Ойынды жүргізу әдістері.

Ойынды таңдамас бұрын, ең алдымен оның неге бағытталғанын білу қажет: сынып, жыл мезгілі, тәрбиелік тапсырмалар және т.б.

Қозғалыс ойындары. Ойынға дайындық:

  • Балалардың физикалық және ақыл сатысының дамуымен, тәрбиелік жұмыстарға сәйкес ойындар таңдау

  • Ойын алаңын тексеріп, жарақаттану секілді сәтсіздіктерге себеп болатындарын алып тастау

  • Керекті инвертарды дайындау

  • Ойынды өткізуге және қорытынды жасауға керекті уақытты есептеу

  • Қорытынды баға түрін анықтау

Ойыншыларды ұйымдастыру:

  • Ойындардың мазмұны және міндеттерін түсіндіріп, ойынды қолданатын белгілерді түсіндіру.

  • Көмекшілерді анықтау, жинақтау пунктін көрсету. Аумақтық шектерін нақты қоршау.

  • Жүргізуші және капитандарды тағайындауға болады, бірақта оларды балалардың өздері таңдағаны бұрыс.

  • Жүргізуші командаға бөле алады.

  • Кезең бойынша міндеттер мен талаптарды еске түсіріп отыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]