Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Сактандыру нов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

Такырып 8. Қр-ғы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры

Дәрістің мақсаты: ҚР сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының міндеті, қызметі жайлы түсінік қалыптастыру.

Дәріс сұрақтары:

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың қажеттілігі.

  2. ҚР-ның «Сақтандыру төлемдеріне кепілділік беру қоры туралы» заңның жалпы ережелері.

  3. Шартқа қатысушылардың міндетті және төтенше жарналарының арналымы.

Дәріс мазмұны

1. 2003 жылы осы қор қалыптасты. Бұның 1 құрылтайшысы ҰБ. Бұл қорды құру мақсаты кепілдірілген жарналарын сақтау. 2003 жылы мәжіліс депутаттары «көліп иелерінің АҚЖ сақтандыру», «тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы АҚЖ сақтандыру» туралы заңдарын қарастырғанда осы сақтандырудың түрлері бойынша сақтанушылардың мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында ҚР – да сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін енгізуді ұсынды.

2003 жылы тамыз айында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры заңына сәйкес Қазақстанда «сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы құрылды. Қордың негізгі міндеті – сақтандыру ұйымдарының мәжбүрлі таратылу кезінде кредиторлардың заңдық және құқықтық мүдделерін қорғау болып табылады.

Осы міндеттерді атқару үшін қор мынандай функцияларды қамтамасыз етеді:

  1. Қатысушы сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тарту.

  2. Кепілдемелі және өтемақылы төлемдердіқамтамасыз ету.

  3. Жарналардың сақталуын және көбеюін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық қызметтерді іске асыру.

Қазіргі таңда қор 2 міндетті сақтандыру түрі бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік береді. Көлік иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру .Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру. Қордың қатысушылар саны – 31 сақтандыру ұйымы. Олардың барлығы аталған сақтандыру түрлері бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар. Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналары арқылы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін құрады. Жарна мөлшері заңнамада бекітілген әдістеме бойынша анықталады. Яғни аталған сақтандыру түрлерінің сақтандыру премияларының жалпы сомасынан 0,5% кем емес және 2% аспайтын мөлшер. 2004 жылы бұл мөлшер 2% құраған, 2005 жылы көлік иелерінің АҚЖ сақтандыру бойынша 0,5 % құраған. Егер сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаттары және өзіндік қаражаттардың кепілдемелі және өтемақылы төлемдерін іске асыруда қаражаттар жетіспеген жағдайда қор қатысушылардан төтенше жарналарын тарту құқығына не төтенше жарналарды төлеу үшін келкшкте қорға қатысушылар шартты міндеттемелер қалыптастырады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін сақтау және көбейту мақсатында қор тұрақты табыстылығы бар мемлекеттік бағалы қағазға инвестициялау жүргізе алады. Қордың резервтері мен активтері әр түрлі шоттарда сақталады.

2. Даму шаралары:

1. 2005 – 07ж.ж. бағдарлама қабылданды.

2. Заңға өзгертулер мен толықтыруларды енгіздіруді қарастырып жатыр (келісім шарттар туралы, міндетті жарналар туралы, ұйым мен т.б.)

3. Кепілдемелі және өтемелі жарналарды төлеу жағдайы.

4. 2004 – 06 ж.ж. бағдарламаға сәйкес қызметтері жаңартылып жатыр (тур операторлар, тур агенттер, нотариустарды, аудиторлық ұйымның АҚЖсақтандыру қарастырылып жатыр).

Мұндай қор алғашқы рет АҚШ-та 1930 ж. ашылды. Сонымен қатар қор басқа шетел мемлекеттерінің тәжірибесін алады.Қазіргі таңда қаржылық бақылау агенттілігі мен көлік коммуникация министрлігі және көлік жүргізушілер ассоциациясы бірігіп, жүк тасымалдаулары шетелге кеңейгендіктен, біздің республикамыз жасыл карточкаға көшу жағдайын қарастырып жатыр.Жол апаты болса, онда осы картаға енетін елдер, бұл елге көмек көрсетеді. Бұл картаға енетін елдер Белорусия , Украина, Малдава, Брибалтика елдері, Африка, Европаның барлық елдері, Марокко, Тунис және тағы да басқалар. Жасыл картаға ену талаптарының бірі «моторное бюро» құру керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың қажеттілігі.

  2. Шартқа қатысушылардың міндетті және төтенше жарналарының арналымы.

  3. Сақтандыру қызмет көрсету Защита прав потребителей страховых услуг.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

  2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М. : Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

  3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика : учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

  4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

  5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

  6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

  7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.