- •«Сақтандыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •Тақырып 5. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының иститутционалдық құрылымы
- •Тақырып 10. Мүлікті сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)
- •Тақырып 11. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (ақжс)
- •Тақырып 12. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру
- •Тақырып 13. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Қайта сақтандыру – сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі
- •Тақырып 15. Шет мемлекеттеріндегі сақтандыру
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •Тақырыптар мазмұны
- •Тақырыптар мазмұны
- •5.4.Оқу пәннің мазмұны
- •Тақырыптар мазмұны
- •Тақырыптар мазмұны
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысының орындау және тапсыру графигі
- •Аралық бақылау – 1 сұрақтар тізбесі
- •Аралық бақылау – 2 сұрақтар тізбесі
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиттер
- •7.1 Сіб бойынша білімді бағалау сызбасы (балдармен)
- •7.2 Сіб бойынша білімді бағалау сызбасы (балдармен)
- •8. Оқу пәнінің талаптары
- •3.4 Студент білімін пән бойынша қорытынды бағалау сызбасы
- •6. Дәрістер кешені Тақырып 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •Тақырып 2. Сақтандырудың сыныпталуы
- •Тақырып 3. Тәуекел ұғымы және оның экономиканың зардаптары
- •Тақырып 4. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі
- •Тақырып 5. Қр-ның сақтандыру рыногының институтционалдық құрылымы
- •Тақырып 6. Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру
- •Тақырып 7. Актуарлық қызмет
- •Такырып 8. Қр-ғы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
- •Такырып 9. Жеке сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)
- •Тақырып 10. Мүлікті сақтандыру
- •Тақырып 11. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (ақжс)
- •Тақырып 12. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
- •Тақырып 13. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамассыз ету
- •Тақырып 14. Қайта сақтандыру - сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақталығының құрамдас бөлігі
- •Тақырып 15. Шетел мемлекеттеріндегі сақтандыру
- •7.Тәжірибелік (семинар) сабақтарЫн жүргізу жоспары Тақырып 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •Тақырып 2. Сақтандырудың сыныпталуы
- •Тақырып 3. Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары
- •Тақырып 4. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі
- •Тақырып 5. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының иститутционалдық құрылымы
- •Тақырып 6. Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру
- •Тақырып 7. Актуарлық қызмет
- •Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
- •Тақырып 9. Жеке сақтандыру. Рентаны (аннуитетті) сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру
- •Тақырып 10. Мүлікті сақтандыру
- •Тақырып 11. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (ақжс)
- •Тақырып 12. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру
- •Тақырып 13. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Қайта сақтандыру – сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі
- •Тақырып 15. Шет мемлекеттеріндегі сақтандыру
- •Пәнді игеру бойынша (соөж тәжірибелік) сабақтарын өткізу, сөж ұйымдастыру бойынша) әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •2 Тақырып. Сақтандырудың сыныпталуы
- •3 Тақырып. Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары
- •4 Тақырып. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі
- •5 Тақырып. Қр-ның сақтандыру рыногының институтционалдық құрылымы
- •6 Тақырып. Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру
- •7 Тақырып. Актуарлық қызмет
- •8 Тақырып. Қр-ғы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
- •9 Тақырып. Жеке сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)
- •10 Тақырып. Мүлікті сақтандыру
- •11 Тақырып. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (ақжс)
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
- •13 Тақырып. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлемқабілеттілігін қамтамассыз ету
- •14 Тақырып. Қайта сақтандыру- сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақталығының құрамдас бөлігі
- •15 Тақырып. Шетел мемлекеттеріндегі сақтандыру
- •10. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
- •11.Оқу өндірістік диплом алды іс- тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар Өндірістік практиканы ұйымдастыру және жүргізу реті
- •Есепті құрау және қорғау
- •Есептің мазмұны
- •12. Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
- •Тест сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық құралдармен қамтамасыз етілуі
- •14. Арнайы дәрісханалар, кабинеттер мен зертханалар тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
Тұран-Астана университетінің
ОӘК-нің төрағасы
э.ғ.к., доцент М.Қ. Шайжанов
___________________________
«______» ____________ 2015ж.
«Сақтандыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
«5B050900 – Қаржы»,
5В051000 «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары
Оқу түрі: күндізгі ,сыртқы
Бизнес және менеджмент факультеті
«Қаржы және менеджмент» кафедрасы
Астана, 2015
«Сақтандыру» пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және «5B050900 – Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары бойынша студенттер дайындаудын жұмыс оқу жоспар бағыты негізінде дайындалған.
«Талқыланды»
«Қаржы және менеджмент» кафедрасының отырысында.
Хаттама №___ «___» ___________ 20___ж
«Мақұлданды»
Бизнес және менеджмент факультетінің оқу-әдістемелік бюросында.
Хаттама №___ «___» ___________ 20___ж
Мазмұны
1. Пәннің типтік бағдарламасы |
2.Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы |
3.Студентке арналған пәнді оқыту бағдарламасы (Syllabus) |
4.Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі |
5.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы |
6.Дәрістер кешені |
7.Тәжірибелік сабақтарының жоспары |
8.Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар |
9. Есептік кестелік зертханалық жұмыстар,курыстық жобаларды орындау үшін типтік есеп бойынша әдістемелік нұсқаулар |
10.Білім алушылардың өзіндік жұмыстары үшін мәліметтер; үй жұмыстарының тақырыптары, әрбір тақырып бойынша өзін- өзі бақылау мәліметтері,еңбек сыйымдылығын және әдебитеттерді көрсете отырып ағымдағы жұмыстарды, рефераттарды, үй жұмыстарын орындау үшін тапсырмалар. 11.Оқу өндірістік диплом алды іс- тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар |
12. Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар |
13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі 14. Арнайы дәрісханалар, кабинеттер тізімі |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
«Тұран-Астана» университетінің
Ғылыми кеңесінің төрайымы
профессор Г.Ә.Джапарова
_______________
«___» _________2015 ж.
«Сақтандыру» пәні бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
3 кредит
5В050900 – Қаржы мамандығына арналған
Астана 2015
Құрастырушы: «Қаржы және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Керимбек А.К.
Пікір беруші:
э.ғ.к, доцент Булакбай Ж.М.__________________
Оқу бағдарламасы «Қаржы және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.Экономикалық үрдісі бойынша пайдалануға ұсынылған.
Хаттама №_____ «___» ________ 2015ж
Оқу бағдарламасы Бизнес және менеджмент факультетінің оқу әдістемелік бюросымен қарастырылды.
Хаттама №____ «_____» _______ 2015ж
Оқу бағдарламасы «Тұран-Астана» университетінде ОӘБ-мен қарастырылып бекітілген.
Хаттама №___ «___» ___________ 2015 ж
Пән «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.
КІРІСПЕ
Оқытылатын пәннің мінездемесі:
Бұл пән қаржылық талдау мазмұнын жан – жақты ашады: қаржылық талдау туралы білімдер кешенін құрайды.
Пәннің бағытталауы:
экономикалық саясат бағдарламасы жоғары білімді және кәсіби мамандарды дайындауға арналған.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымданғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Бұл пән қазіргі қоғамда сақтандырудың экономикалық мәнін, қызметтерін, ролі мен қолдану саласын қамтитын сақтандыру теориясының мәселелерін ашады; ол маңызды сақтандыру терминологиясының мазмұнын; сақтандырудың сыныпталуын және сақтандыру ұйымдарының ұйымдастыру принциптерін зерттейді; сақтандыру түрлерінің әртүрлі жағдайларын қарастырады; сақтандыру қызметтерінің қаржылық негіздерін ашады; медициналық сақтандыру мәселелерін, рентаны (аннуитет) сақтандыруды, зейнетақыны сақтандыруды, кәсіпкерлік тәуекелді және жауапкершілікті сақтандыру; сақтандыру компанияларының аудит мәслелерін; қайта сақтандыру; шет мемлекеттерінің сақтандыруы және біздің республиканың сыртқы мүдделерін сақтандыруы қарастырылып, зерттеледі, сонымен қатар 18.12.00. шыққан ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңына сәйкес Қазақстанның сақтандыру компанияларының қазіргі жағдайдағы қызметі қарастырылып, талданады.
Мақсаты: Сақтандыру мәселелері бойынша студенттерді теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз ету, себебі сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады; студенттерді Қазақстанның сақтандыру рыногымен таныстыру; оны ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеу; сақтандыру түсінігінің аппаратын меңгеру; сыныпталу сипаттарын зерттеу; сақтандырудың түрі, әдісі және формалары бойынша жүйелі білім беру; сақтандыру бойынша тиімді басқару шешімдерін практикалық машықта қолдана білу. |
Міндеті: Қазіргі кездегі экономикалық жағдайдағы Қазақстандағы сақтандырудың қызмет ету туралы кешенді теориялық ұғым беру. ҚР-ның сақтандыруын сыныпталуының негізгі мазмұнын ашу, жақын және алыс шет мемлекетерінің сақтандыру сыныпталуының жалпы және айрықша белгілерін ашу және осы негізге сүйене отырып ҚР-ның сыныпталуының жағымды және жағымсыз жақтарын және оны жетілдіру жолдарын табу. Қазақстанның рыноктық экономика жағдайы мен процесінде сақтандыру қатынастарының ерекшеліктерін көрсету, оның ішінде сақтандыру заңнамалары. |
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырып 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, принциптері. Сақтандырудың экономикалық табиғаты. Жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың объективті қажеттілігі. Сақтандырудың қаржы және несиемен өзара байланысы. Сақтандыру қатынастарының жүйесі. Сақтандыруда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.
Тақырып 2. Сақтандырудың сыныпталуы
Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі. Сақтандыру сыныпталуының негізі. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша сыныптау. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың сыныптамасы: салалары, сыныптары, түрлері. Міндетті әлеуметтік сақтандыру: жүргізу жағдайлары. Әлеуметтік сақтандыру мен жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері. Сақтандыру жүргізудің нысандары және әдістері.
Тақырып 3. Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары
Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, сыныптамасы. Тәуекелді бағалау. Тәуекелді басқару негізі. Тәуекел- менеджмент. Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары. Сақтандыру қорларының мемлекеттік резервтік қорларынан айрықша ерекшеліктері. Сақтандыру тәуекел менеджментінің негізгі тәсілі.
Тақырып 4. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңнамаларының құрылу және даму кезеңдері. 18.12.00ж. Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" заңының негізгі мәселелері. Қазіргі нарық жағдайында заңды пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Сақтандыру қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік кесімдер. Сақтандыру шарты: түсінігі, негізгі элементтері, негізгі жағдайлары және ерекшеліктері. Сақтандыру бойынша заң базасын жетілдірудің негізгі бағыттыры. Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу. Сақтандыру компанияларының қызметін мемелекеттік қадағалау. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау.
