Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7. Дәрістер кешені1 С бух.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі

Дәрістің мақсаты- Негізгі құралдар – ұзақ уақыт қызмет ететін және жалпы жылдық табыс алуға пайдаланылатын материалдық активтерді қарастыру.

Негізгі ұғымдар- негізгі құралдар, топтық қосу, элемент саны, амортизация шоты, түгендеу,материалды шығындар, үстеме шығындар, НҚ модернизациялау

контрагент, келісім – шарт, тозу амортизациясы,материалдық емес активтер,тіркелген актив тобы.

Дәріс жоспары:

  1. Негізгі құралдар есебі

  2. МЕА есебі

  3. Амортизация параметрлері

  4. Тіркелген активтер бойынша салықтық есеп

1. Кәіпорынның шаруашлық қызыметінде ерекше орынды негізгі құралдар алады. Негізгі құралдар – ұзақ уақыт қызмет ететін және жалпы жылдық табыс алуға пайдаланылатын материалдық активтер.

Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдарды бірнеше сатыларға бөлуге болады. Мүндай сатыларға келесілер жатады:

1. негізгі құралдарды есепке алу

2. негізгі қүрал амортизациясын есептеу

3. негізгі құралдардың орнын ауыстыру

4. негізгі құралдарды қайта бағалау

5. кәсіпорын балансына негізгі құралдарды енгізу және шығару

Дайындаушы – завод, шығару уақыты, есепке қажетті басқа да ақпараттар сияқты негізгі құралдар туралы мәліметтер Негізгі құралдар анқытамасында сақталады.

Бұл анықтамаға негізгі құрал туралы қажетті ақпарат енгізіледі. Егер Негізгі құралдар анықтамасына бір түрлі объектілерді енгізу керек болса, Топтық қосу өңдеуін пайдалануға болады.

Мысалы, егер кәсіпорын бір дайындаушы – заводтан, бірдей бағада 10 бірдей компьютер сатып алса, онда бұл өңдемені қолданып, деректемелерді келесі жолмен толтыруға болады:

Топ қосу – бұл жолда жазба енгізілетін топ таңдалады

«бастап» «дейін» кодтарды енгізу – НҚ(негізгі құралдар) нөмірленуі басталатын код көрсетіледі.

Элемент саны – НҚ анықтамасына енгізілетін жазба саны көрсетіледі

Атауы - НҚ атауы

Толық атауы - Нқ толық атауы

Дайындаушы – актив дайындалған ұйымның атауы

Завод нөмірі - завод нөмірі

Паспорт нөмірі - паспорт нөмірі

Шығару уақыты - НҚ дайындалған уақыты

НҚ тобы - НҚ тобын таңдау

Автотранспорт – егер НҚ транспорттық құрал болып табылса, «Автотранспорт» белгісі қойылады.

НҚ бастапқы қалдығын шығаруы

Егер есеп жүргізген уақытқа дейін кәсіпорын шаруашылық қызмет жүргізсе және НҚ балансы болса, онда бұл НҚ бойынша қалдықтарды НҚ бастапқы қалдығын енгізу құжаты көмегімен жүзеге асыра аламыз

Дт «Есеп шоттары (БЕ)» - Кт 000 «Қосымша шот»

Дт 000 «Қосымша шот» - Кт «Амортизация шоты (БЕ)»

НҚ келуі

Негізгі құралдар келуі операцияларын бағдарламада көрсету үшін ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арналған.

ТМҚ мен қызметтердің келуі құжатында негізгі құралдардың келуін көрсету үшін «Негізгі құралдар» бет-белгісіне өтіп, негізгі құрал сатып алынған жабдықтаушы туралы ақпарат көрсету керек. Кестелік бөлігінде сатып алынған актив пен оның құны туралы ақпарат көрсетіледі.

НҚ есепке алу

Бухгалтерлік есепке негізгі құралдар объектілерін алуды НҚ есепке алу құжаты арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл құжатты НҚ және МЕА – НҚ есепке алу мәзірі арқылы құруға болады.

Негізгі құралдар есепке келесілер түрінде алынуы мүмкін:

Құрал – жабдықтар

Құрылыс объектілері

Сатып алынған негізгі құралдар

Түгендеу нәтижесі бойынша.

Құрылыс объектілері шығындары есебі үшін конфуигурацияда «2931» «Аяқталмаған өндіріс» шоты арналған. Кезең ішінде бұл шотта келесілерді жинақтауға болады:

1. Материалды шығындар – материалдарды ТМҚ шығуы құжатымен шығаруға болады, шот ретінде «2931» шотын көрсетуге болады,

2. Үстеме шығындар – мердігер ұйымдар қызметін немесе ағымдағы шығындарды шығаруды ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арқылы жүзеге асыруға болады.

3. Еңбекақы шығындары - ұйым жұмысшыларының еңбекақы шығындарын көрсету үшін Еңбекақыны есепте көрсету құжаты пайдаланылады.

НҚ орнын ауыстыру

НҚ орнын ауыстыру құжаты НҚ бөлімшелер немесе материалды – жауапты тұлғалар арасында ішкі орын ауыстыру үшін арналған. Құжатты НҚ және МЕА - НҚ орнын ауыстыру мәзірі арқылы құруға болады.

Егер ұйым бөлімшелері арасында ішкі орын ауыстыру болса, онда «Бөлімше» жолында объект орын ауысқан бөлімше көрсетіледі, және осы тіркелген активтің материалды – жауапты тұлғасы міндетті түрде көрсетіледі. Егер негізгі құралдардың материалды – жауапты тұлғасын өзгерту керек болса, онда бөлімше жолында объект кіретін бөлімшені таңдап, ал «Материалды – жауапты тұлға» жолына жаңа мән таңдау керек.

.

2 Шаруашылық қызметте ұйымдар материалдық негізі жоқ объектілермен жұмыс істеуі мүмкін. Ондай объектілерді материалдық емес активтер деп атайды, оған бағдарламалық қамсыздандыру, гудвилл және т.б. жатқызуға болады. Материалдық емес активтер ұйымға табыс әкеледі.

Материалдық емес активтер

Бағдарламада материалдық емес активтердің есебі «2700» «материалдық емес активтер» шотының көмегімен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтер анықтамасының әр бір элементі үшін материалдық емес активтің аты, түрі және басқалай мәліметтер көрсетіледі.

МЕА келуі

Есепте материалдық активті сатып алу шығындарын көрсету үшін МЕА келуі құжаты арналған.

«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан МЕА сатып алынған ұйым көрсетіледі, ал «келісім шарт» жолында өзара есеп айырысу келісім – шарты көрсетіледі.

Кестелік бөлігінің «Материалдық емес активтер» бет-белгісінде жаңа жолды қоса отырып, материалдық емес активтер анықтамасынан сатып алынған активтер тізімі таңдалынады. «Сома» жолында сатып алу бағасы, «%ҚҚС» жолында қосылған құн салығы мөлшерлемесі көрсетіледі.

Жабдықтаушының шот фактурасын «Шот фактураны енгізу» гиперсілтемесі арқылы тіркеуге болады.

МЕА есепке алу

Материалдық емес активтер объектілерін бухгалтерлік есепке алу операцияларын көрсету үшін МЕА есепке алу құжаты арналған.

Құжат келесі жолмен толтырылады:

Материалдық емес актив – есепке алынатын актив

Алғашқы сомасы (БЕ) – материалдық емес актив есепке алынатын құн. Бұл сома сатып алуға төленген немесе материалдық емес актив объектілерін құруға шығындалған сома.

Пайдалы қолдану уақыты – экономикалық пайдалау мақсатында материалдық емес активтерді пайдалану уақыты

Есеп шоттары (БЕ) - Бухгалтерлік есеп бойынша материалдық емес активтерді есепке алынатын есеп шоттары.

3 Өндіріс процесінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер уақыт өте келе пайдалану процесінде тозады. Тозу – негізгі құрал объектілерінің физикалық және моральдық сипатын жоғалту процесі.

Амортизация – тозуды көрсету тәсілі. Бухгалтерлік есеп қағидасына сәйкес негізгі құралдар мен метериалдық емес активтер құны оларды пайдалану уақыты кезінде есепті кезеңдерге бөле отырып біртекті бөлінуі тиіс. Амортизациялық төлемдер – өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі. Қайта пайдалануға енгізілген негізгі құралдарға амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдан кейін басталады.

Конфигурацияда негізгі құралдарға амортизацияны есептеудің келесі тәсілдері жүзеге асырылған:

Түзусызықты тәсіл

Кішірейген қалдық тәсілі

Тиімді пайдалану уақытының жылдар саны сомасы бойынша

Өндірістік

НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі

Егер негізгі құралдың бір немесе бірнеше объектілері үшін амортизация кестесін өзгерту керек болса, конфигурацияда ол үшін НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі құжаты арналған.

Құжатта «кесте» жолында амортизацияның өзгеру жаңа кестені көрсетіледі, ал кестелік бөлігінде амортизацияның жаңа кестелігін орнату керек негізгі құрал объектілері көрсетіледі.

НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі құжатын жүргізу кезінде бұл мәліметтер регистрге жазылып, амортизация есептелген кезде Айдың жабылуы құжатында пайдаланылады.

Берілген құжат ешқандай проводка құрмайды, ол НҚ амортизация Кестелері мәліметтер регистрінің сәйкес ресурстарын өзгертеді.

4. Қазақстан үшін «1С: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында тіркелген активтер бойынша салық есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Конфигурация келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:

Табыс салығы бойынша кірістер мен шығыстарды есептеу үшін тіркелген активтер есебі

Салық есебінің топтары мен топшаларында тіркелген активтердің баланстық құны есебі

Салық есебі бойынша тіркелген активтердің құнын жабу бойынша шығындар есебі

Салық есебі бойынша тіркелген активтер үшін келесі анықтамалар арналған:

Тіркелген активтер тобы

Тіркелген активтер тобы бойынша мәліметтер

Тіркелген актив тобы (салық есебі)

Тіркелген актив тобы анықтамасында салық есебі бойынша тіркелген активтердің амортизациялық тобы көрсетіледі. Бұл анықтаманы НҚ мен МЕА – Тіркелген активтер тобы мәзірі көмегімен ашуға болады.

Анықтамада топтың атауы және тіркелген актив тобындағы есеп түрі; объект бойынша және жалпы топ бойынша көрсетіледі.

Тіркелген активтер тобы туралы мәліметтер (салық есебі)

Амортизацияның шекті нормасы, амортизацияның қолданыстағы нормасы, жөндеу шығыны пайыздары сияқты тіркелген активтің салықтық есебі параметрлері туралы мәліметтер Тіркелген актив тобы туралы мәліметтер регистрінде сақталады.

Мәліметтер салық есебі жүргізілетін әрбір тіркелген актив тобы бойынша көрсетілуі тиіс. Әр бір объект бойынша есеп бөлек жүргізілетін «Ғимараттар мен құрылыстар» бірінші топ активтері үшін егер салық есебі параметрлері топ үшін жалпы орнатылған параметрлерден ерекше болса, бірінші топтың әр бір объектісі үшін мәндерді орнату керек.

Салық есебі бойынша тіркелген активтердің қозғалысы

Қазақстан үшін «1 С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында салық есебі бойынша тіркелген актив қозғалысы операциялары бухгалтерлік есеп бойынша НҚ мен МЕА есебінің бастапқы құжаттары бойынша жүзеге асырылады. НҚ мен МЕа келуі мен НҚ мен МЕА шығуы операциялары бейнеленетін құжаттарда салық есебі бойынша тіркелген активтер үшін деректемелер бар.