- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
4.Анықтамалар
2.1 Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мүмкіндігі «Зодиак» ЖШС кәсіпорны мысалы негізінде қарастырылады. Автоматтандыру кезеңінде ұйым қаржылық – шаруашылық қызметті жүзеге асырды және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша балансы бар.
«Зодиак» ЖШС коммерциялық кәсіпорын болып табылады және қызметтің бірнеше түрімен айналысады: сервистік қызметтер көрсетеді, автобөлшектер саудасымен және жөндеу комплектісін өндірумен айналысады.
Кәсіпорын құрылымы бірнеше құрылымдық бөлімшелерден тұрады:
Әкімшілік;
Дүкен;
Өндірістік цех;
ТЖС
Токарлық цехы.
Сауда қыземті «Дүкен» бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.
Ары қарай басқа ұйыммен өткізіуі мүмкін және кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерінде, мысалы автомашинаны жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету станциясында өндірістік процеске қолданылатын жөндеу комплектілерін жасау өндірістік цехта жүзеге асырылады. Өндірістік цех өнімді тек өз шикізатынан жасап қана қоймай, берілген шикізатты қайта өңдеумен айналысады.
Тапсырысшы материалы мен шикізатын қайта өңдеу келесі сатылардан тұрады:
Тапсырысшы материалын жеткізу;
Тапсырысшы материалынан жөндеу комплектілерін жасау;
Дайын өнімді дайындағаннан кейін қалған қолданылмаған материалдарды қайтару;
Дайын өнімді тиеу.
Өз кезінде кәсіпорын жөндеу комплектілерін жасаумен айналысатын басқа да ұйымдармен араласады. Өндіруші – кәсіпорынға басқа ұйыммен дайын комплектіні жасау үшін материалдар беріледі, пайдаланылмаған материалдар қоймаға қайтарылады.
Техникалыө қызмет көрсету станциясында автомашиналарды ағымдық жөндеу жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда автотранспорттық құралдарды жөндеуге кәсіпорынның қоймасынан шығарылатын қорлардың бөліктері қолданылуы мүмкін.
Токарлы цех қосымша бөлімше болып табылады. Бұл бөлімше техникалық қызмет көрсету станциясы мен жөндеу комплектісін дайындау цехына қызмет көрсетеді, бөлшектің механикалық өңдеуімен айналысады.
«Зодиак» ұйымында келесі штаттық кесте бекітілген:
Бөлімше атауы |
Лауазым |
Ставка саны |
Әкімшілік |
Басқарушы |
1 |
Бас бухгалтер |
1 |
|
Кассир |
1 |
|
Дүкен |
Сату бойынша менеджер |
1 |
Техникалық қызмет көрсету станция |
Механик |
1
|
Жөндеу комплектісін жасау бойынша цех |
Мастер |
1 |
Токарный цех |
Токарь |
1 |
Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу орнатылған оклад көлемімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әр түрлі қосымша төлемдер болуы мүмкін, мысалы сыйақы, басқалай қосымша төлемдер және т.б.
Ақша қаржылары есебі
Зодиак ұйымының екі кассасы бар:
Негізгі касса-есеп валютасы теңге
Касса (валюталық) – есеп валютасы ресей рублі
Сонымен қатар қолма – қолсыз ақша қаржылары үшін екі есеп айырысу шоттары ашылған:
№ 004581450 ТуранАлем Банкінде, есеп валютасы теңге
№ 09854870 Альянс Банкінде, есеп валютасы ресей рублі
ҚҚС және корпоративтік салық
«Зодиак» ЖШС корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. ҚҚС есепке енгізу жағдайында үйлесімді әдіс қолданылады, ҚҚС бойынша декларация салық комитетіне тоқсанына бір рет көрсетіледі.
ТМҚ есептеу тәсілдері
Кәсіпорын қоймасындағы ТМҚ есебі сандық – сомалық көрсеткіште жүргізіледі. Шикізат пен материалдардың өзіндік құнын бағалау жалпы кәсіпорын бойынша орташа өлшемді әдіс бойынша жүзеге асырылады. Тауарлар, дайын өнім сияқты ТМҚ басқа түрлерінің өзіндік құны ФИФО әдісі арқылы есептелінеді.
Сатып алушы мен тапсырысшылармен өзара есеп айырысулар
2.2 Конфигурациямен жұмыстың бірінші сатысында кәсіпорын туралы мәліметтер енгізу керек, классификаторлар мен анықтамаларды толтыру, көрсеткіштер тізімін енгізу және ағымдық көрсеткіш параметрін өңдеу, шоттар мен операциялар қалдығын енгізу керек, егер бағдарламаны орнату кезінде кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызмет жүргізсе.
Жүйенің ақпараттық базасын бірінші рет жіберген кезде бірінші ретті толтыруды жүргізу ұсынылады, сонымен қатар оны ары қарай жаңарту үшін Ақпараттық базаны жаңарту арнайы өңдемесін қолдану ұсынылады, форма автоматты түрде ашылады және ақпараттық базамен жұмыстың бірінші сатысында орындауға ұсынылатын қызметтер сипаттамасынан тұрады.
Ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде бағдарлама Ұйым, Бөлімше, Касса сияқты анықтамаларды автоматты түрде толтырады. Ақпараттық базаны толтыруды анықтамалық ақпарат мен классификаторларды толтырудан бастау қажет. Классификаторлар ақпараттық базамен жұмыстың кез келген кезінде толтырыла алады, бірақ кейбір жүйелер оларды бірінші ретті жібергенде толтыруды ұсынады.
Валюта анықтамасында ұйым есеп жүргізетін валюта бағамы туралы ақпарат болады, оны банк және касса – Валюта мәзіріі арқылы ашуға болады. Бірінші жіберу кезінде Валюта анықтамасы екі валютадан тұрады, бұл қазастандық теңге мен евро. Бұл анықтамаға жаңа валютаны қосуды валюта классификаторында жүзеге асыруға болады. Ол үшін анқытамада «Таңдау» түймесі бар, бұл түймені басқанда текстік файл ашылады, онда керекті жазбаны тауып, сол жақ түймені екі рет басу арқылы жаңа валюта енгізуге болады. Валюта анықтамасын толтыру кезінде валюта параметрлерін, осы параметрлердің мәнін және бағамын көрсету керек
Ұйым туралы мәлімет тұрақты және шартты – тұрақты ақпаратқа жатады. Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бір ақпараттық базаға бірнеше заңды тұлға есебін енгізуге болады. Өзара есептесу әр ұйымның өз атынан бөлек жүргізіледі.
Әр бір ұйым бойынша мәліметтерді енгізу үшін Ұйымдар анқытамасы арналған, оны Кәсіпорын – Ұйымдар мәзірі арқылы ашуға болады. Ұйымдар анқытамасын бірінші жібергенде ол негізгі ретінде орнатылған «Біздің ұйым» деген бір ұйымнан тұрады. Жұмыстың бірінші сатысында анықтаманың бұл элементін ашып, оған ұйым бойынша ақапаратты енгізу маңызды болып табылады.
Ұйымдар анықытамасында келесі негізгі мәндер көрсетіледі: РНН, КБЕ, Салық Комитеті, негізгі банктік шот, ҚҚС бойынша есеп беру куәлігі. «Байланыс ақпараты» бет-белгіде ұйымның заңды, пошталық мекен – жайы бойынша, электронды мекен – жай, және ұйымның байланыс телефондары көрсетіледі. «Кодтар» анықтамасында көрсетілген мәліметтер құжаттың баспа формасында және есепте көрсетіледі. Егер ұйымның Контрагенттер анықтамасындағы Контрагенттер жолында «Басқалай» бет-белгідегі филиалы болса, онда филиалдарда онымен есеп айырысуда ұйымды идентификациялайтын мәндер алынады. Бас ұйым жолында өзіндік заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар, өкілдіктер үшін арналған.
«Кассалар» бет-белгіде ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде »Негізгі касса» атаулы жазба шығарылады, осы жазбаны ашып, сәйкес өзгерістер енгізген жөн.
2.3 Жүйені әр бір пайдаланаушы үшін бөлек өңдеулер мен мәндерді көрсетуге болады, мысалы:
«Басқалай өңдемелер» тобы
Құжатты ашқанда күнге жайғасым – егер бұл деректемелері бойынша осы жалауды орнатса, пайдаланушы жаңа құжат жасағанда, курсор автоматты түрде «Күн» жолында жайғасады.
Валюта мәліметтерінсіз есепті құрастыру – егер бұл белгі деректемелер орнатылса, онда «Валюталық» белгісі орнатылған бухгалтерлік есеп шоттары бойынша барлық есептерді ақпараттар валюта көрсетілімінсіз көрсетіледі.
«Құжаттар мен анықтамаларда негізгі мәндер» тобы:
Жаңасын енгізген кезде операция түрлерін сұрау – деректемелер бойынша осы жалау орнатылса, онда жаңа құжаттарды жасау кезінде операцияның нақты түрі сұрастырылады;
Салықтық есепте құжаттарды көрсетпеу – бұл белгіні орнату кезінде кіріс және шығыс бөлігін құратын барлық құжаттарда «Салықтық есепте көрсету» белгісі айырылады;
Өзара есептесудің негізгі валютасы - берілген пайдаланушы енгізетін контрагенттермен келісім – шарттың валютасы;
Классификаторға өлшемнің негізгі бірлігі – өлшем бірлігі жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізіледі;
Негізгі ұйым - жаңа құжаттар құрылатын ұйым;
Акциздің негізгі мөлшерлемесі – ТМҚ өткізу бойынша құжаттарда акциздің негізгі мөлшерлемесі;
Негізгі касса – жаңа касса құжатын құру кезінде орнатылтан касса;
ҚҚС негізгі мөлшерлемесіі - жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізілетін ҚҚС мөлшерлемесі;
Ұйымның негізгі бөлімшесі – Бөлімше мөлшерлемесі кездесетін жаңа құрылған құжаттарда орнатылатын ұйым бөлімшесі;
Айналымның негізгі түрі – ҚҚС есептегенде айналым түрі;
Есеп саясаты «бухгалтерлік есеп)
0 Есеп саясаты қаржылық есепті жасау және көрсету кезінде кәсіпорынмен қабылданған қағидаттар, әдістер,рәсімдемелер мен тәртіптерден тұрады. Есеп саясатын жасау әр бір стандартта көрсетілетін бір тәсілді таңдап алу, кәсіпорын қызметі шартына байланысты оны негіздеу, бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі ретінде қабылдауда болып табылады. Ұйымның есеп саясатының бөлек элементтері Қазақстан үшін «lС:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында автоматты бағытпен ұсталынады. Бухгалтерлік есептің есеп саясаты мәліметтерін толтыру үшін Кәсіпорын – Есеп саясаты – Есеп саясаты (бухгалтерлік есеп) мәзірін таңдау керек.
Есеп саясаты туралы жаңа жазба енгізу кезінде кезеңді көрсету керек – берліген есеп саясаты қолданылатын жылдың басталу күнін көрсетілуі керек. Өндірістік қызметпен айналысатын ұйым үшін есеп саясатында бухгалтерлік есепті, өндірістің өзіндік құнын есептеу әдісін бөлім мен шек бойынша көрсету керек. Шек бойынша есептеу әдісі бөлек бөлімдермен жартылай фабрикаттарды шығару есебінде қатаң түрде бақыланады. Егер «шығыршықтану» жағдайы туындаса, шек тәртібін пайдаланушы анықтайды. Өнімнің мұндай шығарылымы өндіріс бойынша қарама – қарсы қызмет шығарылымы деп аталады.
Бөлім бойынша есептеу әдісі оңайлау және шектер бөілмдермен сәйкес келетін жағдайларда пайдаланыла алады.
Есеп саясаты (салықтық есеп)
Салық есебі бойынша ұйымның есеп саясаты мәліметтерін толтыру үшін конфигурацияда Есеп саясаты мәліметтер регистрі қолданылады.
Салық есебі Есеп саясаты туралы жаңа жазба енгізген кезде «Кезең» жолындағы «негізгі» бет*белгісінде басталу уақыты көрсетіледі.
Берілген регистрде ұйым ҚҚС, әлде табыс салығы төлеушісі болатын белгісі көрсетіледі. «ҚҚС» бет-белгіде ҚҚС декларациясын көрсететін салық кезеңі және ҚҚС есепке енгізу әдісі көрсетіледі. «Салықтар, салымдар, еңбекақы жарналары» бет-белгісінде жеке табыс салығын есептеу және салық есебі бойынша міндетті зейнетақы төлемдерін есептеу әдістері анықталады, мысалы, «ЖТС және ЗҚ есептеу кезінде есептелген сомаларды есепке ұсталынған ретінде қабылдау» белгісін орнату кезінде салық есебі бойынша ЖТС және ЗҚ сомалары нақты бережақ, қағидат бойынша есептелінеді. Егер бұл белгі орнатылмаса, ЖТС және ЗҚ сомалары төленген кірістердің үлестік салмағы бойынша есептелінеді. «Тіркеу кезеңі бойынша көрсету» деректемелері салықты есептеу кезеңіне әсерін тигізеді, егер жалау орнатылса, салықтар кірістерді тіркеу уақытында ұсталынады. Бұл белгі орнатылған кездегі мысалды қарастырайық. Қызметкер 15.02.2008 ж. 25.01. – 10.02. уақыты аралығындағы ауруханалық қағазды ұсынды, бұл қағаз бойынша есептеу ақпанда тіркеледі, сәйкесінше, бағдарлама салық бойынша төлемді осы айда ұстайды. Салық есебі бойынша есеп саясатында әлеуметтік салықты есептеу тәртібі орнатылады.
Есеп саясаты (персонал бойынша).
Қазақстан үшін «lС:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында қызметкерлердің құрамы қозғалыс есебін жұмысшылар есебін бір жұмыс орны бойынша және қосарлау арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар есепті жұмысшылардың табельдік нөмірі және табельдік номір есебінсіз жүргізуге болады. Есеп саясатын қызметкерлер құрамы есебіне бейімдеу үшін Кәсіпорын – Есеп саясаты – Есеп саясаты (қызметкерлер құрамы бойынша) мәзірін ашу керек.
Шоттар бойынша бағамдық айырманы есептеуді орнату
Бағамдық айырма бойынша операцияларды орындау параметрлерін орнату үшін «Қазақстан үшін бухгалтерия» конфигурациясында арнайы мәліметтер регистрі қарастырлған: қайта бағалаудың ерекше тәртібі бар шоттар және бағамдық айырманы көрсету шоттары.
«Валюталық құралдарды қайта бағалау» операциясымен алғашқы құжаттарды және Айдың жабылуы құжатын жүргізген кезде бағдарлама автоматты түрде бағамдық айырма бойынша проводкалар құрады. Егер ұйымда шоттағы валюта сомаларына қайта бағалау жүргізу қажеттігі болмаса, алғашқы құжаттарды жүргізу кезінде Қайта бағалаудың ерекше тәртібі бар шоттар регистрін толтыру қажет. Бұл регистрде орнатылған мойындау әдісіне сәйкес қайта есептелетін барлық шоттар көрсетіледі:
Есептеу парамертлерін өңдеу
Ақпараттық базаны дайындаудың маңызды сатысына ТМҚ аналитикалық есебін сақтау орны бойынша және контрагенттермен есеп айырысу аналитикалық есебін өңдеу болып табылады. Анатиликалық есеп параметрлері Кәсіпорын – Есеп параметрлерін өңдеу мәзірі арқылы жүзеге асырылады.
«ТМҚ аналитикалық есебі» бет-белгісінде сақтау орны бойынша ТМҚ аналитикалық есебі үшін белгілер орнатылады:
Қоймалық есепті жүргізу – бұл жалауды орнатқанда, конфигурацияда ТМҚ есебін ақтау орнында жүргіу мүмкіндігі туады.
Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу – бұл белгіні орнату ұйымның барлық қоймасы бойынша ТМҚ есебін сандық – сомалық сипатта жүргізуді көрсетеді, егер жалау орнатылмаса, ТМҚ өзіндік құны әр бір қойма бойынша бөлек есептелінеді.
Тауарлы – материалдық қорлар параметрлері өңдемесі
Конфигурациямен жұмыстың бірінші сатысында қорларды бағалау әдісін көрсету керек, бұл – тауарларғ материалдар, дайын өнімді түсіру және шығару кезінде құнын бағалау әдісі.Қорларды бағалау әдісін көрсету үшін Кәсіпорын – Қорды бағалау әдісі мәзірін ашу керек. Конфигурацияда қорларды бағалаудың үш әдісі қарастырылған:
- Орташа бойынша;
- ФИФО;
- ЛИФО;
Типтік шоттар жоспары
Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бухгалтерлік есептің шоттар жоспары мен салық есебінің арнайы шоттар жоспары бар.
Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясы заңнамада көрсетілген тәртіпте шоттар мен, субшоттармен толтырылған шоттар жоспарымен бірге келеді.
Шоттар жоспары барлық ұйымдар үшін біркелкі болып келеді.
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын қарау үшін Кәсіпорын – Шоттар жоспары – Типтік шоттар жоспары мәзірін басу керек. Шоттар жоспары жазбалар тізімінен тұрады, оның әр қайсысы сипаттамалармен сипатталады:
- Бағыт белгісі;
- Код;
- Атау;
- Бағыныш;
- шот түрі ;
- шот түрі;
- Проводкада қолданылуы;
- Валюталық және сандық есеп белгілері;
- аналитикалық есепті жүргізу.
Шоттар жоспарының шоттары «Конфигуратор» немесе «1С:Кәсіпорын» бағытында енгізіледі. Бухгалтерлік есептің бірінші және екінші деңгейлі шоттары Шоттар жоспарында біркелкі көрсетіледі.
Шоттар жоспарының әрбір шоты мен аналитикалық шотының нөмірі бар.
Синтетикалық шоттың «Атауы» деректемелерде шоттың немесе синтетикалық шоттың толық атауы болады.
«Шотқа бағынышты» деректемені шот пен оған ашылған синтетикалық шот арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. «Шотқа бағынышты» жолында осы синтетикалық шот жататын шоттың сілтемесі көрсетіледі. Мысалы, синтетикалық шот «1020» - «жолдағы ақша қаржылары» «1030» - «ақшалай қаржылар» шотына бағынышты.
Салық есебінің шоттар жоспары.
Шоттар жоспары шаруашылық операцияларды салықтық есепте көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар, берілген шоттар жоспары нақты және уақытша айырмашылықтар есебі үшін қолданылады.
Салықтық есептің шоттар жоспары шоттар құрылымы мен орнатылған сипатына байланысты бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына ұқсас. Бұл бухгалтерлік және салықтық есеп мәліметтерін сәйкестендіруді оңайлатады.
Салық есебінің шоттар жоспарын Кәсіпорын – Шоттар жоспары – Салық есебінің шоттар жоспары мәзірі арқылы ашуға болады.
Салық және бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының арасындағы айырмашылықтар келесілер:
- салық есебінің барлық шоттары баланстан тыс болып табылады, яғни салық есебінде проводкалар корреспонденциялық шоттарсыз бола алады.
- салық есебінің шоттар жоспарында Н410 «мүлік, жұмыс, қызмет, құқықтық келуі мен кетуі» шоты бар.
- табыс салығына әсер етпейтін есеп шот объектілері жоқ.
Субконто түрлері (бухгалтерлік және салықтық есеп)
Бір түрдегі объектілер топын көрсету үшін конфигурацияда «субконто түрлері» түсінігі қолданылады. Мысалы, субконто түрлері контрагенттер, заңды тұлғалар, бюджетке төлем түрлері және т.б. жатады. Субконтоның әрбір түріне бір түрдегі көптеген объект түрлері сәйкес келеді.
Бухгалтерлік және салықтық есептің сәйкестігі
Бухгалтерлік және салықтық есептер шоттарын орнату үшін БЕ және СЕ шоттар сәйкестігін орнату құжатымен жүзеге асыруға болады.
Шоттар сәйкестігі қолданылады:
- құжаттар деректемелерін толтыру кезінде салық есеп шоттарын автоматты түрде орнату үшін;
- Бе және Се бойынша алғашқы құжаттарды жүргізу нәтижесінде шығарылған активтер мен міндеттемелерді бағалауда айырмашылықтарды көрсету және есептеу үшін.
Бұл құжат автоматты түрде «Толтыру» түймесі арқылы толтырылады. Құжатты толтырудың екі нұсқасы бар:
- Ағымдағы сәйкестік бойынша.
- Өзіндік.
БЕ және СЕ шоттар сәйкестігін орнату құжаты 01.01.1980 ж. бастап конфигурацияны бірінші жібергенде немесе жаңартқанда автоматты түрде толтырылады.
Шоттар бойынша алғашқы қалдықты енгізу
Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында әрекеттегі ұйым жұмыс жасай бастаса, ақпараттық базаны қолдануға дайындауды шоттардағы кіріс қалдықты енгізу аяқтайды.
Ұйым есепті жүргізе бастау күнін анықтауы керек. Есепті жүргізуді жылғы, тоқсан, ай басынан бастау ұсынылады. Бастапқы қалдықты енгізу күні алдыңғы жылдың ең соңғы календарлық күні болу қажет.
Кіріс қалдықты енгізу үшін Операция құжаты қолданылады.
Бухгалтерлік есеп шоттар қалдықтарын енгізу кезінде корреспонденциялық шот ретінде субшоты жоқ «000» қосымша шоты қолданылады. Шоттар бойынша қалдықтар келесі қағидаттар бойынша енгізіледі: егер шот бойынша қалдық дебеттік болса, онда қалдықты енгізген кезде «ДТ шоты» жолында бізге қажетті шотты таңдаймыз, ал «КТ шоты» жолына «000» шотын таңдаймыз.
Егер шотта валюталық есеп жүргізу жалауы орнатылса, қалдықтарды енгізу кезінде валютаны таңдап, валюталық соманы көрсету керек.
Егер шот бойынша аналитикалық есеп жүргізілсе, онда қалдықты енгізу кезінде есеп шоттарымен қоса аналитикалық есеп объектілерінің нақты мәні көрсетіледі.
Есептің актуальдылығы күні
Ақпараттық базада жинақталған мәліметтердің үлкен көлемі, сонымен қатар есепті бөлшектеудің үлкен деңгейінда ақпараттық базаға жаңа құжаттарды енгізу және оларды жүзеге асыру мәнді түрде тежеледі.
Оперативті жұмысты тездету үшін Есептің актуальдылығы күні формасын қолдануға болады.
Бұл формада ұйым мен күн көрсетіледі. Осыдан кейін құжатты кейінгі күнмен жүзеге асыру жеңілдетілген сызба бойынша жүзеге асырылады.
Есептің әр түрі үшін есептің актуальдылық күнін бөлек көрсетуге болады.
Актуальдылық күнін кейінгі күнге ауыстыруға болады. Актуальдылық күнін өзгерту кезінде жүйе құжатты қайта жүзеге асыру рәсімдеуін ұсынады. Берілген рәсімдеу ұзақ уақыт алады.
Мәліметті өзгертуге тыйым салу
Кезеңді жапқаннан және септі тапсырғаннан кейін жабылған кезең есеп мәліметтеріне өзгеріс енгізуге тыйым салуды орнатқан жөн. Мәліметті өзгертуге тыйым салу күнін орнату үшін Мәліметті өзгертуге тыйым салу функциясын қолданған жөн. Форманы ашу үшін Сервис - Мәліметті өзгертуге тыйым салу менюін ашу керек. .
Формада мәліметті өзгертуге тыйым салу күнін орнатудың бірнеше әдісін таңдауға болады:
Жалпы күн – жұмыс ақпараттық базасында бар барлық ұйымдар мен көрсеткіштер үшін редакциялауға тыйым салудың жалпы күні.
2.4 Жеке тұлғалар анықтамасы
Кәсіпорынның жеке тұлғалары туралы ақпарат Жеке тұлғалар анықтамасында сақталады. Анықтаманы Еңбекақы – Жеке тұлғалар мәзірі арқылы ашуға болады.
Жеке тұлғалар бойынша ақпаратты оңай табу және қарау үшін анықтамадағы жазбаларды құрылымдауға болады. Мысалы, жеке тұлғалар туралы ақпаратты қызметкерлер жасайтын бөлімдер бойынша құрылымдауға болады.
Жеке тұлғалар анықтамасы келесі деректемелерден тұрады:
Аты – анықтама элементі атауы, бұл жолда қызметкердің аты, жөні және фамилиясын, сонымен қатар қызметкерді тез табуға көмектесетін қосымша ақпарларды көрсетуге болады. «Аты» жолында көрсетілетін ақпарат бір фамилиялы немес бір аттыларды айыруға мүмкіндік береді;
Аты – жөні, тегі – бұл деректемеде жеке тұлғаның аты, жөні, тегі көрсетіледі. Бұл деректеме кезеңдік болып табылады. Бұл деректеменің жұмыс істеу уақытын «Дәлірек» түймесін басу арқылы жүзеге асыруға болады, деректеменің тарихын «Тарих» түймесін басу арқылы жүзеге асыруға болады.
«Жалпы» бет-белгісінде барлық негізгі жеке мәліметтер толтырылады: РНН, СИК, зейнетақы қоры, туылған күні, жынысы және т.б, сонымен қатар мүгедектік туралы және ҰОС мүгедектері туралы ақпарат көрсетіледі.
«Қосымша ақпарат» бет-белгісінде келесі ақпарат көрсетіледі: еңбекақы аударған уақытта карт. Шоты туралы ақпарат, мекен – жай, телефон сияқты байланыс ақпараты.
Анықтамалар Шығын Баптары
Шығын баптары анықтамасы өнімді өндіру, жұмысты орындау, қызмет көрсету шығындары есебі үшін арналған және аналитикалық есеп объектісі ретінде қолданылады.
Шығын бабының әр қайсысы үшін «Шығын категориясы» көрсетіледі. Бұл деректемені толтыру міндеті болып табылады, себебі ол өндірістік шығындарды нақты бөлуге әсерін тигізеді. Әр бір бап мәні конфигурациямен анықталған тізімнен таңдалынып алынады және ол келесі мәндердің бірін ала алады:
- Материалдық шығындар;
- еңбекақы төлеу;
- Басқалай шығындар.
Егер шығын бабы табыс салығы есебінен алынып тасталса, онда шығынның мұндай бабына
Кірістер анықтамасы
Кірістер анықтамасы тауараларды өткізу, қызмет көрсету, жұмыс жасау бойынша алынған кірістер түрлері бойынша ақапаратты сақтауға арналған. Бұл анықтама есептің аналитикалық объектісі болып табылады, бұл анқытаманы Кәсіпорын – Кірістер мәзіріі арқылы ашуға болады.
Бұл анықтамада алынған кірістер сомасы туралы ақпарат корпоративті табыс салығы Декларациясында көрсетіледі.
ТМҚ келуі түрі анықтамасы
ҚҚС сомасы есебі мен ҚҚС декларациясын жасауға ТМҚ, жұмыс және қызмет көрсетуді өткізу бойынша мәліметтері ТМҚ келуі түрі анықтамасында сақталады. Оны Негізгі қызмет – Салық – ҚҚС - ТМҚ келуі түрі мәзірі арқылы ашуға болады.
Анықтамада ҚҚС бойынша өткізу айналымы түрі атауы, декларация жолы коды көрсетіледі.
ТМҚ өткізу түрі анықтамасы
ҚҚС сомасы есебі мен ҚҚС декларациясын жасауға ТМҚ, жұмыс және қызмет көрсетуді өткізу бойынша мәліметтері ТМҚ өткізу түрі анықтамасында сақталады. Оны Негізгі қызмет – Салық – ҚҚС - ТМҚ өткізу түрі мәзірі арқылы ашуға болады.
Анықтамада ҚҚС бойынша өткізу айналымы түрі атауы, декларация жолы коды көрсетіледі.
