- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
Тақырып 4. Қорлар есебі
Дәрістің мақсаты - Әр бір кәсіпорында қорлар есебін ұйымдастыру және қозғалыс түрлерін тіркеу.
Негізгі ұғымдар - кірістер, қорлар, номенклатуралы топ ,негізгі қызмет, дайын өнім, ұйым, шығын баптары, контрагенттер, импорт, сенімхат.шот түгендеу.
Дәріс жоспары:
Номенклатура
Қорлардың түсуі
Қорларды жүзеге асыру
Түгендеу
4.1 Әр бір кәсіпорында қорлар есебі ұйымдастырылған және келесі қозғалыс түрлері тіркеледі: түсуі, шығуы және қоры сату. Қорлар – бұл келесі түрдегі активтер:
Өндірісте қолдануға немесе жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар және жинақтамалы бұйымдар, қайта құрулар мен бөлшектер, тауарлар мен тауарлы материалдар, жанармай, басқалай материалдар қорлары;
аяқталмаған өндіріс;
дайын өнім,
субъект қызметі барысында сатылуға арналған тауарлар.
Дайын өнім түріндегі қорлар белгілі бір белгілер бойынша топталынады, номенклатуралы жай5асым тізімін бір топқа бөліп шығару үшін конфигурацияда Номенклатуралы топ түсінігі бар.
Номенклатуралы топқа ұйыммен белігілі бір белгілері бойынша жасалынатын бұйым түрлері, атаулар тізімі кіреді, мысалы, егер ұйым жөндеу жинақтамасын жасаумен айналысса, бұл жинақтаманың барлық түрін «жөндеу жинағы» атты бір топқа біріктіруге болады.
Қазақстан үшін «1 С: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында барлық қорлар бойынша ақпаратты сақтауға Номенклатура анықтамасы арналған. Бұл анықтаманы Негізгі қызмет – тауарлар – Номенклатура мәзірі арқылы жүзеге асыруға болады.
Номенклатура анықтамасында тауарлы – материалдық қорлар барлық түрі бойынша ақпарат сақталғандықтан, материал, сатуға арналған тауар, дайын өнім, жартылай фабрикаттар және қорлардың басқа түрлері болмасын оларды түрі бойынша топтаған орынды, мысалы «Тауарлар», «Материалдар», «қызметтер» және т.б. Ақпараттық базаны бірінші рет қосқанда, Номенклатура анықтамасында топтар құрылады: «тауарлар», «қызметтер», «дайын өнім», «материалдар».
Шоттар жоспарында ТМҚ есебі 1300 «қорлар» шотында ұйымдастырылған, бұл шотта келесі синтетикалық шоттар ашылған:
1310 «Шикізат пен материалдар»;
1320 «Дайын өнім»;
1330 «Тауарлар»;
1340 «Аяқталмаған өндіріс»;
1350 «басқалай қорлар»;
1360 «Қорларды шығару резерві».
Конфигурацияда ТМҚ – ның «Шикізат пен материал» түрі бойынша есеп ұйымдастыру үшін шоттар жоспарында 1310 «Шикізат пен материалдар» шотына синтетикалық шоттарды енгізу міндетті емес, Номенклатура анықтамасында «материалдар» тобын құрып, осы топқа топшалар енгізу жеткілікті, мысалы:
«шикізат пен материалдар»;
«жанармай»;
«Басқалай материалдар»;
«Өндіріс материалдары »
және т.б.
Номенклатура анықтамасы элементі карточкасында келесі ақпарат көрсетіледі:
Номенклатура тобы – бұл жолда берілген номенклатуралы жайғасымына жататын топ көрсетіледі.
Қысқаша атау - ТМҚ қысқаша атауы, қажетті номенклатуралы бірлікті тез табу үшін жолға «тырнақша» белгісінсіз қысқаша ақпаратты енгізу орынды.
Толық атау – құжаттың барлық баспалы түрінде көрсетілетін ТМҚ толық атауы.
Қызмет - Номенклатура анықтамасында ТМҚ туралы ақпарат ғана емес, бұл анықтамада сатып алынған қызмет, көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат көрсетіледі, сондықтан егер номенклатуралы жайғасымы «Қызмет» түріне жатса, сәйкес жолға құсбегін орнату керек.
Номенклатуралы топ – бұл жол номенклатуралы жайғасым белгілі бір номенклатуралы топқа жатқызылған жағдайда ғана толтырылады.
«Есеп шоттары»:
Есеп шоттары – номенклатуралық топ немесе номенклатуралық жайғасым есептіленіетін есеп шоттары.
Тапсыру есеп шоттары – номенклатураны қайта өңдеуге беру кезіндегі тапсыру есеп шоттары
Баланстан тыс есеп шоттары және тапсыру есебі – алыс – беріс шикізаты есебі шоттары
Салықтық есеп шоттары және тапсыру есебі – салықтық есеп бойынша есеп шоттары мен тапсыру есебі
«Кіріс есебі шоттары»
Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан кіріс есеп шоттары – деректемелердің бұл тобында Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан кіріс есеп шоттары көрсетіледі.
Кірістер – ТМҚ сатқаннан пайда болған кіріс түрі
«Сатудың өзіндік құны есебі»
Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан өзіндік құн есебі шоттары – деректемелерінің бұл тобында Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан өзіндік құн есебі шоттары көрсетіледі.
Шығын баптары – ТМҚ сатқаннан пайда болған шығын түрі «ҚҚС»
Сатып алу бойынша ҚҚС есебі шоттары – ТМҚ сатып алу операцияларындағы ҚҚС есебі шоттары
Сатудағы ҚҚС есебі шоттары – сату операцияларындағы ҚҚС сомасы есептелінетін есеп шоттары
Баж салығы төленген ҚҚС есеп шоттары – Баж салығы бойынша ҚҚС сомасы есептелінетін есеп шоттары.
ТМҚ қозғалысы туралы құжаттарында автоматты түрде қойылған шоттар пайдаланушы еркімен өзгертіле алады.
Номенклатура бағасы түрлері
Әр бір кәсіпорынның өзіндік бағалық саясаты болады, яғни бағаның әр түрлі түрлері пайдаланыла алады, мысалы: кіріс, бөлшек, көтерме, сатып алушылардың ерекше категориясы бағасы және т.б. «1 С: Қазақстан үшін бухгалтерия 8.1» Конфигурациясында тауарлы – материалды қорларға әр түрлі баға түрлерін қою мүмкіндігі бар. Тауарлы – материалдық қорлар есебі бойынша құжаттармен жүмыс жасау кезінде пайдаланушы өз еркінше бағаның керекті түрін қоя алады. Баға түрі туралы ақпарат Номенклатура баға түрлеріі анықтамасында сақталынады. Бұл анықтаманы Негізгі қызмет – тауарлар – номенклатура баға түрі мәзірі арқылы ашуға болады.
Номенклатура баға түрлері анықтамасы элементі карточкасында келесі ақпарат көрсетіледі:
Атауы – баға атауы, мысалы: кіріс, бөлшек, көтерме, ұсақ – көтерме және т.б.
Бағаға ҚҚС енгізіледі – бұл жолдағы орнатылған жалау ҚҚС сомасымен есептесуге әсерін тигізеді. Бағаға ҚҚС енгізіледі – егер жалау орнатылса, бағаға ҚҚС енгізілмейді – егер жалау орнатылмаса.
Дөңгелектеу әдісі – арифметикалық ереже немесе үлкен жағына қарай бағаны дөңгелектеу әдісі. Егер дөңгелектеу әдісі – арифметикалық ереже бойынша болса, онда «Дейін дөңгелектеу» жолын толтыру арқылы дөңгелектеу өлшемін көрсету керек.
Номенклатура бағасын орнату
Номенклатура бағасы түрлері анықталғаннан кейін әр бір номенклатуралы жайғасым үшін баға түрлерін орнату керек. Номенклатура немесе номенклатура тізімі үшін белгілі бір нақты баға түрін орнату үшін Номенклатура бағасын орнату құжатын қолдануға болады, оны Негізгі қызмет – тауарлар - Номенклатура бағасын орнату мәзірі арқылы ашуға болады.
Номенклатура бағасы
Номенклатураның орнатылған бағалары мәліметтер регистрінде сақталады, оны Негізгі қызмет – Тауарлар – Номенклатура бағасы мәзірі арқылы ашуға болады.
Нақты номенклатуралы жайғасым бағасын «Өту» түймесін пайдалана отырып, Номенклатура анықтамасы элементі формасынан қарауға болады.
Номенклатура бағасы мәліметтер регистрінде пайда болу күніне байланысты номенклатура бағалары бойынша ақпарат сақталады.
Қоймалар (сақтау орны)
Тауарлы – материалды қорлардың есебін қойма бойынша да, жалпы кәсіпорын бойынша да жүргізуге болады. Қорлар есебін қойма бойынша жүргізу үшін Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында есептің параметрлерінде «Қоймалық есепті енгізу» белгісін орнату керек. Бұл белгіні орнату кезінде ТМҚ есебі шоттары жоспар шоттарында «Қойма» қосымша субконтосы құрылады. ТМҚ қозғалысы құжаттарында ТМҚ келетін немесе шығатын қойманы көрсету керек. Егер кәсіпорында ТМҚ есебі жалпы кәсіпорын бойынша жүргізілсе, «Қоймалық есепті енгізу» белгісін алып тастау керек.
Қойма тізімін Қоймалар анықтамасында көруге болады.
Қоймалар анықтамасының әр бір элементі үшін сақтау орны атауы мен коды көрсетіледі. Анықтаманың жаңа элементін құру кезінде автоматты түрде жазылады.
Қойма бойынша есепті «Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» есебі параметрлеріне сәйкес сандық және сомалық көрсеткіште жүргізуге болады.
«Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» белгісі қосылып тұрса, ТМҚ өзіндік құнын есептеу белгілі бір қойма бойынша жүзеге асырылады. Егер бұл белгі айырылып тұрса, ТМҚ өзіндік құны жалпы ұйым бойынша есептелінеді. Мысал қарастырайық, «Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» белгісін қосқан және айрылған кездегі ТМҚ өзіндік құны сомасын есептеу, бағалау үшін орташа өлшенген әдіс қолданылады. 01.01.2009 ж. жағдайы бойынша орталық қоймада Поршенді топ ЗИЛ-130 (8Г +8П) 5200 тг тұратын 10 данасы бар, ал дүкен қоймасында 5500 тг 10 данасы бар.
1 нұсқа – «Қоймалар бойынша сомалық есеп енгізу» белгісі енгізілді:
Қойма |
Қоймадағы ТМҚ Саны / Cомасы |
ТМҚ кіруі мен шығуы кезіндегі өзіндік құны (1 дана)
Саны/сомасы |
Номенклатура |
||
Орталық қойма |
||
Поршенді топ ЗИЛ-130 (8Г +8П) |
Саны 10 Сомасы- 5200 |
1 дана өзіндік құны 520 тг құрайды (5200/10) |
|
Дүкен қоймасы |
|
Поршенді топ ЗИЛ-130 (8Г +8П) |
Саны 10 Сомасы- 5500 |
1 дана өзіндік құны 550 тг құрайды (5500/10) |
2 нұсқа - «Қоймалар бойынша сомалық есеп енгізу» белгісі енгізілді:
Қойма |
Қоймадағы ТМҚ Саны / Cомасы |
ТМҚ кіруі мен шығуы кезіндегі өзіндік құны (1 дана)
Саны/сомасы |
Номенклатура |
||
Орталық қойма |
||
Поршенді топ ЗИЛ-130 (8Г+8П) |
Саны 10 Сомасы- 5200 |
1 дана өзіндік құны 535 тг құрайды (5200+5500)/20 |
Дүкен қоймасы |
||
Поршенді топ ЗИЛ-130 (8Г +8П) |
Саны 10 Сомасы - 5500 |
1 дана өзіндік құны 535 тг құрайды (5200+5500)/20 |
4.2 Тауарлы – материалдық қорлардың , қызметтердің, сонымен қатар негізгі құралдардың түсуі конфигурацияда ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты көмегімен рәсімделеді.
ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты көмегімен операциялардың бірнеше түрін жүзеге асыруға болады. Операция түрледі құжаттың командалық панелінде орналасқан «Операция» түймесі көмегімен орнатылады.
«Сатып алу» операциясы жабдықтаушылардан ТМҚ, негізгі құралдарды және қызметтерді сатып алу кезінде таңдалады.
«Өңдеуге» операциясы арқылы ары қарайғы өңдеуді қажет ететін тапсырысшыдан келіп түскен шикізат көрсетіледі.
«Импорт» операциясы импортты тауарлы – материалды қорлардың келіп түсуін көрсету керек кезде таңдалынады.
ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжатын жасау кезінде бағдарлама автоматты түрде бөлек жолдарды толтырады, сонымен қатар ағымдағы пайдаланушылардың орнатқанын да.
Командалық панельде орналасқан «бағалар мен валюта» түймесі көмегімен ТМҚ сатып алу бойынша баға түрлері, валюта және ҚҚС сомасын есептеу нұсқасы көрсетіледі.
«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан таңдалған жабдықтаушы көрсетіледі.
«Қойма» жолында Қоймалар анықтамасынан ТМҚ кірістелетін қойма таңдалынады.
Құжат әмбебап болып табылатындықтан, яғни бұл құжаттың көмегімен негізгі құралдарды да, тауарларды да, қызметтерді де кірістеуге болады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі жағдайында «негізгі құралдар» бет-белгіні таңдау керек. Ұйымға келіп түскен ТМҚ туралы мәліметтер «Тауарлар» бет-белгіде көрсетіледі. Әр бір келіп түскен жайғасым бойынша атауы, саны, дана бағасы, салық сомасы мен мөлшерлеме, есеп шоттары және есеп шоттары бойынша аналитикалық объектілер көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде ҚҚС есебіне әсер ететін деректемелер болады.
Егер кәсіпорынға басқа ұйымдармен кәсіпорын шығынын жатқызылған қызметтер, мысалы электроэнергия қызметі, ұялы телефон қызметі және т.б. көрсетілсе, бұл шығындар бойынша ақпарат «Қызметтер» бет белгіде көрсетіледі.
ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты негізінде «Негізінде» командасы арқылы қосымша құжаттарды енгізуге болады.
Алынған шот – фактура құжатын енгізу үшін ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты формасында «шот – фактураны енгізу» гиперсілтемесін басу керек немесе құжатты «Негізінде» командасы арқылы құру керек.
ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжатының бірнеше баспалы формасы бар: ТМҚ – 3 түрлік формасы, ТМҚ кірістеу жүкқұжаты. Құжаттың баспалы формасын «Баспа» түймесі арқылы алуға болады.
Қосымша шығындардың келуі
Көптеген жағдайларда ТМҚ нақты өзіндік құны сатып алу бойынша қосымша шығындардан тұруы мүмкін. Мұндай шығындар құрамына келесілер енуі мүмкін: ТМҚ дайындау және оларды пайдалану жеріне дейін жеткізу шығындары, құрал – жабдық монтажы және басқалай шығындар ТМҚ сатып алу бойынша қосымша шығындар операциясын тіркеу үшін Қосымша шығындардың келуі құжаты пайдаланылады.
Қосымша шығындардың келуі құжатында «бастап» жолында жұмыс күні жазылады. Құжат күнін қолмен немесе орнатылған күнтізбе көмегімен өзгертуге болады.
«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан қызмет көрсеткен жабдықтаушы туралы ақпарат алынады. «Келісім – шарт» жолында келісім жүргізілген өзара есеп айырысу келісім – шарты көрсетіледі.
«Шығыс сомасы» жолында – қызмет құны көрсетіледі.
Кедендік жиын (KZT) – кеден жинағындағы сома теңге түрінде.Егер баж көлемін валютада көрсету керек болса, «Валютадағы баж» белгісі орнатылады. Баж мөлшері көрсетіледі, баж сомасы автоматты түрде есептелінеді.
ҚҚС сомасы теңгеде де, валютада да көрсетіледі.
Құжаттың кестелік бөлімінің «ГТД бөлімдері» бет белгіде келіп түскен импорттық тауарлар туралы немесе импорт бойынша сатып алынған негізгі құралдар бойынша ақпараттар толтырылады. Тауарлардың фактуралық құны «импорт бойынша ГТД» құжатының валютасына енгізіледі. Тауарлар тізімі ТМҚ мен қызметтің келуі құжатынан алынуы мүмкін. Сонымен қатар тауарлар тізімі ТМҚ мен қызметтің келуі құжатынан сәйкес бөлімнің кестелік бөлігіне барып түседі. Бұл бөлімге жатпайтын тауарларды алып тастауға болады.
Егер сатып алынған тауардың ҚҚС төлеу уақыты өзгертілсе, ҚҚС төлеу уақытын көрсету керек. ГТД бөлімдерін қосу немесе алу «ГТД бөлімдері» түймесі арқылы және «Қосу» немесе «Алу» мәндерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
«Бөлу» түймесі арқылы баж салығы, алымдар және ҚҚС туралы енгізілген ақпарат автоматты түрде тауардың фактуралық құнына пропорционалды бөлінеді. ГТД бөлімдерін қосу немесе алу «ГТД бөлімдері» түймесі арқылы және «Қосу» немесе «Алу» мәндерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Керек жағдайда баж салығы және ҚҚС туралы ақпаратты қолмен түзетуге болады.
Құжат бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша жүргізілуі мүмкін. Бухгалтерлік және салықтық есеп шоттары туралы ақпарат «ТМҚ» кестелік бөлігінде, «Есеп шоттары (БЕ)», «ҚҚС есеп шоттары», «Есеп шоттары (СЕ)» колонкаларында толтырылады. Регламенттелген кеден валютасындағы және шетелдік валютадағы есеп айырысу есеп шоттары туралы ақпарат «Есеп айырысу есеп шоттары» бет -белгісінде енгізіледі.
Сенімді тұлғаға сенімхат брелігеннен кейін ТМҚ алынбаған жағдайларда оны ақтаушы құжаттарды ұсыну немесе сенімхатты қайтару арқылы жабуы керек. «Есеп айырысу Құжаты» жолында ақтаушы құжаттарды таңдау үшін сәйкес құжатты көрсетуге болады.
Сенімхаттың кестелік бөлігін өз еркімен толтыруға болады, құжаттың кестелі бөлігіне тестік ақпарат «Номенклатура» жолына енгізіледі.
Сенімхат құжатының бірнеше баспалы формасы бар: ТМҚ - 1 а, ТМҚ-l. Құжаттың баспалы формасын алу үшін «баспа» түймесін басу керек.
Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару
Бүліну байқалған жағдайда, стандартқа сәйкессіздік жағдайында немесе тауаралар келісім – шарт пен тапсырыста тапсырылған тауараларға сәйкес келмеген жағдайда жабдықтаушыға тауарлы – материалдық қорларды қайтару конфигурацияда Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару құжатымен рәсімделеді. Құжатты Негізгі қызмет – Сатып алу - Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару мәзіріі арқылы ашуға болады.
«Контрагент» жолына Контрагенттер анықтамасынан тауар қайтарылатын жабдықтаушы таңдалады, «Келісім – шарт» жолында келісім жүзеге асырылған келісім – шарт көрсетіледі.
Құжаттың кестелік бөлігі құжаттың кестелік бөлігінің командалық панелінде орналасқан «Толтыру» түймесі көмегімен автоматты түрде толтырылады. Құжаттың кестелік бөлігінде жабдықтаушыға қайтару керек номенклатура жайғасымы мөлшерін қалдыруға болады. Құжатты жасау кезінде ТМҚ қайтару бойынша проводка құрылады. Осылайша, жабдықтаушы алдындағы берешек азайып, ТМҚ шығарылады, және ҚҚС түзету жүргізіледі.
Бұл құжатты ТМҚ мен қызметтің келуі құжаты негізінде құруға болады, бұл үшін «Кірістеу құжаты» жолына ТМҚ мен қызметтің келуі құжат журналынан сәйкес құжат таңдалынады.
4.3 Тауралар мен көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру операцияларын көрсету үшін ТМҚ мен қызметтерді сату құжаты пайдаланылады.
«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан сатып алушы көрсетіледі. «Келісім – шарт» жолында жүкті түсіру жүзеге асырылған келісім – шарт көрсетіледі. Құжат әмбебап болып табылғандықтан, бұл құжаттың көмегімен тауараларды сатуды, қызметтерді сатуды жүзеге асыруға болады, құжаттың бірнеше кестелік бөілктері бар. Құжаттың кестелік бөлігінің «ТМҚ» бет белгісінде ұйым сатып алушыға сататын тауарлар көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігін «Таңдау» түймесі көмегімен жүзеге асыруға болады. Номенклатуралы жайғасымын таңдаудың бірнеше түрі бар:
Номенклатура қалдығы мен құны – құжатты құру күніне Таңдау терезесінде қоймадағы тауаралар қалдығы мен құжатта таңдалған баға түрі бойынша бағалар көрсетіледі.
Номенклатура қалдығы – таңдау терезесінде номенклатуралы жайғасым бойынша қалдықтар көрінеді.
Анықтама бойынша – таңдауды номенклатура атауы бойынша жүзеге асыруға болады.
Баға бойынша – таңдауды атау мен номенклатура құны бойынша жүзеге асыруға болады.
«Таңдау» түймесі көмегімен құжаттың құрылу күніндегі қоймадағы тауар қалдығын қарау ыңғайлы.
Егер ТМҚ мен қызметті сату құжатында қоймада жоқ тауарлар көрсетілсе немесе көрсетілген тауарлардың саны қоймадағы тауар санына асып кетсе, құжат алынбайды және жүйе бойынша сәйкес хабарлама жіберіледі.
ТМҚ мен қызметті сату құжатында көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар туралы ақпарат «Қызметтер» бет белгісінде толтырылады. Соынмен қатар «Қызметтер» бет белгісінде Номенклатура анқытамасында «Қызметтер» белгісі орнатылған номенклатуралық жайғасымдарды көрсетуге болады.
«Қосымша» бет белгіде шот – фактура құжатының баспалық формасында көрсетілетін мәліметтер болады, керек жағдайда деректемелер мәнін өзгертуге болады.
Құжаттың баспалық формасын алу үшін «БАспа» түймесі арналған, осы түймені басқанда құжаттың екі баспалық формасын алуға болады.
ТМҚ мен қызметті сату құжаты негізінде «шот – фактураны енгізу» гиперсілтемсін басу арқылы Шот – фактура құжатын тіркеуге болады.
Сатып алушының ТМҚ қайтаруы
Ұйымнан бұрын сатып алған тауарды сатып алушы қайтаратын жағдайда Сатып алушыдан қайтарым құжаты толтырылады. Ол құжатты Негізгі қызмет – Сатылым – Сатып алушыдан қайтарым мәзірі арқылы ашуға болады.
Сатып алушыдан қайтарым құжатында қайтарым операциясы жасалынатын шығыс құжатын таңдауға болады. Құжатты толтыруға болады:
сату құжаты бойынша;
құжаттың кестелік бөлігіне сату бойынша әр түрлі құжаттан жайғасымдар таңдау арқылы.
