Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7. Дәрістер кешені1 С бух.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

7. Элементтерді көшіру

Егер анықтама көпдеңгейлі болса және бірнеше топтардан тұратын болса, онда онымен жұмыс барысында элементтердің бір топтан екінші топқа көшу, сонымен қатар бүкіл топтардың көшу қажеттілігі туу мүмкін.

Элементті және топтарды басқа анықтама тобына көшіру үшін, басқа анықтама орнына көшіру қажетті элемент және топ жолына анықтама тізімдемесінде курсорды орнату керек және мәліметтерді көшіру әдістерінің біреуін қолдану қажет:

  • мәзір асты командасынан әрекет ету тақтасын – орын ауыстыру;

  • құралдар тақтасында пиктограмма басу арқылы;

  • «Ctrl +shift +M» пернесін басу арқылы;

  • Тышқанның оң жағын басу арқылы мән-мәтін мәзірінен топқа орын ауыстыру командасын таңдау қажет;

8. Таңдама және іріктеу

Анықтамаларда деректемелер бойынша таңдама және іріктеу жүргізуге болады. Ол үшін келесі әдістердің біреуін қолдануға болады:

  • мәзірасты командаларына әрекет тақтасы – таңдама және іріктеу тізімін жасау;

  • мәзірасты командасындағы әрекет тақтасы – іріктеу – қалпына келтіру;

  • құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау арқылы;

  • Тышқанның оң жағын басу арқылы, мән-мәтіндік мәзірді шақыру және тізімдемені таңдамалау және іріктеу орнату командасын таңдау;

  • Тышқанның оң жағын басып, мән-мәтінді мәзірмен іріктеу – қалыпқа келтіру командаларын таңдау;

Жоғарыда көрсетілген анықтаманың элементтері мен топтары жүргізілген іс-әрекеттерден басқа келесі операцияларды орындаған болады: ағымдағы бағанада мағынасы бойынша таңдама жасауға, таңдама тарихын қарастыруға, таңдаманы өшіруге, тізімдеме жасауға, тізімдеме жөндеуін жүргізуге, тізімдемені жаңартуға. Бұл кезеңде арнайы таңдау белгілерін таңдауға болады. Ол қажетті анықтама немесе құжаттар туралы ақпаратты іздеуге ат салысады.

1.3. 1С:кәсіпорын 8.1 жүйесіндегі кәсіпорынның шаруашылық операциялары жөніндегі мәліметтерді құжаттар көмегімен тіркелді және құжаттар журналында сақталады.

Конфигурация кезінде құжаттардың сақталуы бойынша жөңдеу жүргізіледі және қайсы бір журналға тиесілігі жүргізіледі. Құжаттар журналы сақталған құжаттардың жылдам және ыңғайлы қарауға арналған.

Бір құжат бірнеше журналдарда көрініс табуы мүмкін немесе бірден-бір журналда көрсетілмеуі мүмкін. Ол конфигуратор кезінде анықталған жөңдеулерге тәуелді болады.

Конфигурацияны жөңдеу кезінде әр бір құжатқа жеке журнал арнауға болады, сонымен қатар барлық құжаттардың көрсетілген журнал құруға болады.

Экранға нақты журналды шығару үшін, басты мәзір бөлімдері, құрал-саймандар тақтасының түймесімен басқа да іс-әрекеттер қолданылуы мүмкін, егер ол конфигурацияның кезеңіңде берілген болса.

Құжаттар журналын Операциялар-Құжаттар мәзірі арқылы ашуға болады. Экранда жүйеде көрсетілген барлық құжаттар журналының тізімі көрсетіледі.

Сізге керекті журналды таңдау үшін, сол журнал жолына тышқанды апарып «ОК» түймесін басу керек.

Журналдың түрі, оны конфигураторда жөңделген өзгеріске байланысты әр бір журнал, келесідей басты бағанадан тұрады.

Мерзім-құжаттың мерзімі.

Уақыт- құжаттың уақыты.

Құжат-құжат атауы.

Номер-құжат номері.

Осы бағанадан басқа, қосымша бағаналар бар. Журналдың басында, оған конфигурация жасағанда қойылған аты көрсетіледі.

Журналда құжаттардың қалыпын көруге болады. Ол үшін журналдың сол жақ бағанасында келесідей белгілер көрсетіледі:

Құжат жазылады, бірақ өткізілген жоқ.

Құжат өткізілді.

Құжат жоюға таңбаланған.

Құжаттардан басқа келесі мүмкіндіктерді орындауға болады. Ол үшін құжаттың құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау.

Тізімнен табу – осы мүмкіндікті орындағанда құжаттардың тізімі ашылады және курсор өзгертілетін құжатқа апарылады.

Ағымдағы тізімді жаңарту – осы мүмкіндікті орындаған жағдайда құжаттағы бар ақпарат жаңарады. (бұл желілік жұмыс жасаған кезде қолданылады).

Өткізу- осы әрекеті орындаған кезде құжаттар өткізеледі.

Анықтаманы ашу – осы әрекетті орындағанда құжаттың анықтамалармен тізімі терезесі ашылады.

Құжаттың төмендегі командалық тақтасында арнайы түймелер бар, сол арқылы келесідей әрекеттер орындалады:

● Шығару – шығару түймесінің қасындағы көрсеткішті басқанда құжаттың шығарылуының бірнеше түрі көрсетіледі.

● «ОК» - бұл түймені басқанда мүмкін құжатты сақтауға «өткізуге немесе жабуға мүмкіндік береді».

● «Жабу» - бұл түймені басқанда құжаттар сақталмай жабылу мүмкіндігі бар.

● «Жазу» - бұл түймені басқанда көрсетілген құжатты жазу, яғни сақтау арқылы мүмкін көрсетеді.

1.4. Түрі – бұл элементтерді басқару, қарау және толтыру мүмкіндігін көрсететін терезе.

Түр кейбір элементтерінің негізгі қағидаттармен жұмысын қарастыруға болады.

Түр элементтерінің орнын ауыстыру.

Диалог түрлерінің басқару элементтерінің орнын ауыстыру, арнайы пернелерін немесе сол пернелер жиындығы немесе жай тышқанды керекті элементке апарып басу арқылы жүзеге асырылады.

«Tab» пернесі – құжаттың түрлерінің элементін алға қарай жылжытуға қолданылады.

«Shift + Tab» пернелерінің жиынтығы – түр элементтері бойынша кері бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

«Enter» пернесі – деректемелердің толтырылуын аяқтау үшін қолданылады, бұл кезде курсор автоматты түрде келесі элементке көшеді.

Түр элементтерінің деректемелері және басқарылуы.

«Сала бастау» – бұл көп өңделетін ақпарат жиынтығынан тұратын түрлерді ақпараттары бойынша бөлу үшін арналған басқарушы элемент.

«Жалау» - кейбір мағыналарды қосуға және өшіруге арналған. Жалаудың мағынасын, қалпын өзгерту үшін оның үстінен тышқанмен басып немесе «Tab» пернесін не болмаса «Shift + Tab»пернелерін басып, «ығыстыру» пернесін басу керек.

«Ауыстыру» - бір немесе бірнеше мағынаны таңдау үшін арналған түрдің элементтері.

Мағынаны ауыстыру үшін тышқанды шерту арқылы немесе «Tab», «Shift + Tab» пернелерін басу арқылы оны іске қосуға болады.

«Таңдау өрісі» - анықтамалар тізімінің көрсетілген және таңдауға болатын түрін элементінен құралады.

«Гиперссылка» - кейбір әрекетті орындауға арналған түрдің элементтері (мысалы, кейбір түрлерді ашу).

1С:кәсіпорын жүйесінде есеп берудің көмегімен жұмысшылармен есептесу, жылдық немесе бөлшекті ақпараттар туралы анализ жүргізуге болады.

Есеп берудің негізгі екі бөлігін қарастыруға болады.

● Мамандырылған есеп беру белгіленген арнайы есепті шығару үшін және арнайы ақпарат алу барысында нақты конфигурацияда құрылады.

Мамандырылған есеп беруге «есептесу валютасы», «есептесу беті» және т.б.жатады.

● Регламенттелген есеп беру - әр түрлі басқарушы оргнадараға жіберілетін есеп беру. Мысалы, «тауар, жұмыс және қызмет көрсету регистрлерінің шот фактурасы», «307.00 формасы» және т.б.

Есеп беруді қалыпқа келтіру үшін басты мәзір, пернетақтасы немесе конфигурацияда көрсетілген өзге де әрекеттер жүргізіледі.

Есеп беру «Операция – есеп беру» мәзірі арқылы ашуға болады. Экранға барлық есеп берудің тізімі көрсетіледі.

Қажетті есеп беруді таңдау үшін керекті жолға тұрып, «ОК» пернесін басу керек.

Есеп берудің сыртқы экрандық формасы әр түрлі болуы мүмкін және ол конфигурация жасағанда анықталады. Бірақ, қандай болса да есеп беру келесідей есеп берумен жұмыс жасау стандартты түймелерінің жиынтығынан құралады:

Тақырып 2. 1 С:Бухгалтерия жұмысының бағдарламасын дайындау

Дәрістің мақсаты - 1 С: Бухгалтерия жұмысының бағдарламасын дайындау әдістерін толық ашу, элементтерін қарасытру.

Негізгі ұғымдар - Өндіруші, ТМҚ,ФИФО әдісі ,дайын өнім, конфигурациямен,валюта, касса,кәсіпорын ұйымдар,ҚҚС,контрагенттер,бас ұйым,өңдемелер,акциз,есеп саясаты, регламент, операция ,ЛИФО,проводкада, салық есебі,есептің актуальдылығы

Дәріс жоспары:

1.Ұйым туралы түсінік

2.Ақпараттық базаны дайындау

3.Пайдаланушыны өңдеу және есеп параметрлері