- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
Дәрістің мақсаты- «1С Кәсіпорын 8.1» үйлесімінде салық салынатын табыс есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асыру.
Негізгі ұғымдар- Салық есебі, кәсіпорыншоттар жоспары, ҚҚС, ТМҚ есебі, ҚҚС декларациясы 300 форма, регистр, ТМҚ сату түрлері, шот-фактура, ҚҚС түзету, қайтарылатын ҚҚС, амортизацияны есептеу,үйлесімді әдіс, бөлек әдісі, салық салынатын табыс.
Дәріс жоспары:
1. Салық есебінің шоттар жоспары
2.Қайтарылатын ҚҚС
3.Есептелген ҚҚС
4. Табыс салығының есебін жүргізу
1. «1С Кәсіпорын 8.1» үйлесімінде салық салынатын табыс есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асты.
Салық есебінің шоттар жоспары:
Салық салынатын табыс есебін жүргізу үйлесімінде салық есебінің шоттар жоспары көрсетілген және бұл шоттар жоспарын пайдалану келесілермен анықталған:
Яғни:
-Көптеген бухгалтерлік есеп бойынша операциялар салық салынатын табысқа тікелей әсер етпейді.
-Салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп ақпараттарына ұқсамайды.
-Бухгалтерлік және Салық есептеріндегі кіріс және шығыс бойынша сомалары мен құжаттарда көрсету уақытында ғана айырмашылықтар бар.
Салық есебінің шоттар жоспары бухгалтерлік есеп шоттарынан ерекше құрылымды болып келеді және салық есебі бойынша кірістер мен шығыстар есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
Салық есебіндегі белгіленген активтерінің қалдығын анықтау үшін қолданылатын «Айналымнан тыс активтер» шотынан басқа көбінесе салық есебіндегі барлық шоттар айналымды болып келеді.
Салық есебінің шоттар жоспарын (с.с т бойынша) мәзір арқылы көруге болады:
Кәсіпорын – Шоттар жоспары
Кіріс немесе шығыс бөлігін құрайтын барлық құжаттарында Салық есебінің деректемелері қатысады.
Бұл жолдарды автоматты түрде толтыру үшін бухгалтерлік және салық есебінің шоттарын сәйкестендіре қою керек.
БЕ және СЕ шоттарын сәйкестендіре қою (орнату).
Бухгалтерлік және Салық есебінің сәйкестігін орнату үшін келесі құжат – БЕ
және СЕ –ң шоттарының сәйкестігін орнату қолданылады және сол арқылы мәзірдегі Кәсіпорын – шоттар жоспары – БЕ және СЕ шоттарының сәйкестігін орнатуын ұйымдастыруға болады.
Сәйкестендіру шоттары келесілерге қолданылады, яғни:
-Құжаттардың деректемелерін толтыру кезінде Салық есебінің шоттарын автоматты түрде қолдану, егер пайдаланушы құжаттарды толтыру кезінде бухгалтерлік есептің шоттарын өзгеретін болса, онда Салық есебінің шоттары да автоматты түрде өзгереді, егер таңдалған мәліметтер регистрлерінде бухгалтерлік есептің шоттарына сәйкесінше деген белгіленсе (берілгені);
-Бастапқы құжаттарды жүргізу нәтижесінде анықталған активтер мен міндеттемелерді бағалау кезінде айырмашылықтарды есептеп көрсету.
Бұл құжат «Толтыру» деген түймесінің көмегі арқылы автоматты түрде толтырылады, құжатты толтырудың 2 нұсқасы бар:
Ағымдағы сәйкестігі бойынша – егер БЕ және СЕ – ң шоттарының бір ғана сәйкестігі бойынша ережесін өзгерту қажет болса, онда «Ағымдағы сәйкестік бойынша» нұсқасын қолданған жөн.
(по умолчанию) үндемеу бойынша – нұсқасы бойынша құжат үйлесімнің (конфигурация) жеткізу құрамына кіретін макеттің мәліметтері бойынша толтырылады.
БЕ және СЕ –ң шоттары келесі салық есебі бойынша деректемелер тобының жолдарын толтыру көрсетілген:
1.Біріншіден, Кіріс және шығыс бөліктерін СЕ –ң жолдар тобы бойынша қалыптастырылған құжаттар шоттар есебінің ақпараттары бар регистрлеріндегі көрсетілген мәліметтермен толтырылады.
2. Егер есеп шоттарының мәліметтер регистрлерінде Салық есебінің жолдар тобының деректемелері толтырылмаса, онда барлық құжаттарда бухгалтерлік есеп және салық есептерінің жолдар шоттары автоматты түрде БЕ және СЕ шоттарын сәйкестендіре қою құжаты арқылы орнығады.
2. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия» Конфигурациясында салық есебінің ҚҚС енгізуге және салық есебі формаларының құралуына мүмкіндік бар, «ҚҚС декларациясы 300,00 форма», және «Тауарға шот фактуралық реестр, 307 форма» сияқты.
ҚҚС есебінің дұрыстығына бірнеше конфигурациялық параметрлер әсер етеді, ең алдымен салық есебінің есеп саясатын.
ҚҚС төлеушілеренің белгілері егер ұйым ҚҚС төлеуші болса ғана орнатылады. Ол ҚҚС деректемелерінің тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі құжаттарында көрініс табуына әсер етеді.
ТМҚ есебі құжаттарына ұйымның ҚҚС есебі туралы деректемелер автоматты түрде көшу үшін пайдаланушы құрылымында келесідей белгілерді орнату қажет:
ҚҚС негізгі мөлшерлеме
Айналымның негізгі түрін
Негізгі сату операцияларының түрлерін
ҚҚС үшін негізгі түсімдерін
Бухгалтерлік операцияларын ҚҚС есебі ТМҚ мен қызмет көрсетуді алып-сату құжаттарын өткізгеннен кейін құрылады.
ҚҚС декларациясы жолдарының кодтары.
Салық есебінің «ҚҚС декларациясы 300 форма» жолдары автоматты түрде толтыру үшін ҚҚС декларация жолдарының кодтары (мәзір негізгі қызмет- ҚҚС- ҚҚС декларациясының жолдарының кодтары) мәліметтерін конфигурацияда толтыру қажет.
Регистрлердің мәліметтерін толтырғанда ТМҚ сату түрлері анықтамасында ҚҚС декларация жолдарының кодтары таңдалынып алынады. ҚҚС түзетулері бар сату түрлеріне мысалы, «ТМҚ қайтару», «Сату айналым түзетулері» белгілері орнатылуы керек .
ҚҚС декларация жолдарының кодтарының мәліметтері жиі болып табылады, белгілері күні бойынша өзгертілуі тиіс, салық есебінң жаңа формалары шыққанда ҚҚС декларация жолдарының кодтарының іс әрекеті мерзімі бойынша өзгертіледі.
Есептелетін ҚҚС декларация жолдарының кодтары.
Регистр ТМҚ сату түрлері анықтамасы негізінде толтырылады. Әр алынған ТМҚ- ға ҚҚС декларация жолдарының кодтары толтырылады. Әр жолдың кодтары белгілі бір күнді көрсетеді, бұл өз жағынан егер жолдардың кодтары өзгерсе жаңа сату түрін енгізбей-ақ өзгертуге жол береді. ҚҚС түзетулері көрініс табатын түсім түрлерінде, мысалы : «бүлінген,жоғалған», есептеуге жатқызылатын ҚҚС түзетулерінің белгілерін орнату қажет.
Қайтарылатын ҚҚС.
3.Сатылған ТМҚ құжаттарын өткізгенде есептелетін ҚҚС сомалары ҚҚС салығы регистрлерінде ескеріледі.
Бұл регистрлерге мәліметтер сатылған ТМҚ құжаттарынан түседі.
Осы регстрдегі ақпараттың негізінде ҚҚС декларация (300.00 форма) толтырылады.
Есептелген ҚҚС түзету.
Айналымдағы ҚҚС түзету сомаларын есептеуге ҚҚС түзету регистрлері қолданылады.
Осы регистрге мәліметтер сату айналымы ҚҚС түзету сомасы құжаттарынан алынады. Мысалы: сатып алушылардан тауар қайтарылғанда, келісім-шартқа өзгертілер енгізілсе,т.б.
Сату операциялары бойынша есептелеген ҚҚС.
Тауарларды сату бойынша операциялар конфигурацияда келесідей құжаттар негізінде көрініс табады.
тауарлармен қызметті сату
көрсетілетін өндірістік қызмет актілері
өндірістік қызметті стау
материалдық емес активтерді өткізу
жабдықтаушыға тауарды қайтару.
Берілетін шот-фактура.
Шот-фактураны ТМҚ өткізу бойынша құжаттары негізінде толтыруға болады, ол үшін «шот-фактура енгізу» гиперссылканы басу қажет.
Шот-фактураны өздігінше құрастыруға болады, ол үшін негізгі қызмет- шот-фактура- берілген шот-фактура.
Белгілі бір мерзімге шот-фактураның журнал регистрлерін құру үшін: мәзір негізгі қызмет- берілген шот-фактура- берілген шот-фактураның журналдағы есебі.
ТМҚ түсімі бойынша операцияларды ҚҚС тіркеу.
ТМҚ мен қызмет бойынша операцияларды ҚҚС есептелген тіркеу келесідей құжаттар негізінде жүреді:
тауарлармен қызметтердің түсімі
өндірістен түсімдер
қосымша шығындар
материалдық емес активтердің түсімі
аванстық есеп.
Осы құжатты өткізгенде ҚҚС есеп айырысу бойынша бухгалтерлік проводкалар және ҚҚС қайтару есебі бойынша регистрлер толтырылады.
Алынған шот-фактуралар.
Жабдықтаушының шот-фактурасын алынған ТМҚ құжаттарында тіркеуге болады, ол үшін «шот-фактураны енгізу» гиперссылкасын басу қажет. Немесе өздігінше мәзір арқылы негізгі қызмет- алынған шот-фактуралар алынған шот фактуралар енгізуге болады.
Белгілі бір мерзімде алынған және журналда тіркелеген шот-фактураны мәзір арқылы негізгі қызмет-алынған шот-фактуралар енгізуге болады.
ҚҚС есебенің анализі.
Қайтарылатын ҚҚС тің және ҚҚС саласының анализін жасау, сонымен қатар ҚҚС түзету бойынша айналым анализін жасауға тізімдеме /кросс- таблица (мәзір есеп-тізімдеме/ кросс кесте) арқылы болады.
Есепте «Есеп бөлімі» алаңында келесі белгілерді таңдауға болады:
ҚҚС
Қайтарылатын ҚҚС
ҚҚС түзету қайтарылатын ҚҚС түзету.
4. Бухгалтерлік және Салық есебі бойынша С.С.Т-ң айырмашылықтарын анықтау үшін көптеген ұйымдар С.С.Т –қа екі еселік (двойной) есеп жүргізеді. Ал бұл ережеге сәйкес, бухгалтерлік және Салық есебі бойынша кірістер мен шығыстарын есепте көрсетуі бойынша айырмашылықтары бар.
Бірінші кезекте бұл бағдарламамен жұмыс істеу үшін салық есебінің есеп саясатының өлшемдерін орнату керек. Егер кәсіпорын корпоротивтік табыс салығын төлеуші болса, онда салық есебі бойынша есеп саясатында «Корпоративтік табыс салығын төлеуші» деген көрсеткішті белгілеу қажет (мәзір – кәсіпорын – есеп саясаты- есеп саясаты (салық есебі бойынша).
Кәсіпорынның кірістер мен шығыстарына әсерін тигізетін С.С.Т есебін жүргізудегі қолданыстағы барлық құжаттарда СЕ деректемелері бар. Егер бағдарламада «Табысқа салынатын салықты төлеуші» деген көрсеткіші болмаса, онда Салық есебін жүргізу үшін қолданылатын құжаттарда деректемелер болмайды (отсутствуют).
Егер ұйымның есеп саясаты С.С.Т бойынша уақытша айырмашылықтар есебін қарастырса, онда бұл көрсеткішіті бухгалтерлік есеп саясатында орнатуға болады. (мәзір кәсіпорын – есеп саясаты-есеп саясаты (бухгалтерлік есеп бойынша).
«С.С.Т бойынша уақытша айырмашылықтар есебін жүргізу» көрсеткіші Корпоративтік табыс салығын төлеуші ұйымдарда ғана болуы мүмкін.
С.С.Т – қа бухгалтерлік және салық есебінің өзара байланысындағы теңдікті келесіндейкөрсетуге болады:
Амортизацияны есептеу.
Белгіленген тәртіптегі операция бухгалтерлік және салық есебі бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге аммортизацияны есептеуге болады.
Бухгалтерлік және Салық есебі бойынша НҚ мен МЕА-ге амортизацияны есептеу үшін арналған «НҚ-ға амортизация есептеу» деген регламенттелген операцияларды қолданамыз.
Есепті кезең ішіндегі активтерге есептеліп қойылған амортизациядан басқа мысалы, НҚ беру және есептен шығару құжаттары арқылы, барлық активтерге амортизация сомасы есептелінеді.
Валюталық қорларды қайта бағалау.
Бұл бөлімдер регламенттелген емепті контрагенттерге және есепті тұлғалармен ақша қаражаттары мен өзара есеп айырысу шоттарындағы валюталық сомаларды қайта бағалауға арналған. Валюталық қорларға қайта бағалау жүргізілмейді, егер олар шоттар регистрінде еркеше тәртіптегі қайта бағалауда көрсетілмесе.
Валюталық қорларды қайта бағалау кезіндегі валютадағы қалған қалдығы өзгермей есептеледі, ал регламенттелген еспті жүргізу кезіндегі валютадағы қалдық анықтамада көрсетілген валютаның курсы бойынша есептелінеді.
Егер ағымдағы қалдық ақша қаражаттарының есептелінген қалдығынан өзгеше болса, онда ол түзетіліп, және осы түзетілген көлемі бағамдық айырма болып табылады.
Валюталық қорларды қайта бағалау қозғаласы Айды жабу құжаты арқылы ұйымдастырылады және бағамдық айырма болып табылады.
Болашақ кезең шығындарын есептен шығару.
Бухгалтерлік және салық есептері бойынша болашақ кезең шығындарының шоттарында қалдық қалатын болса, онда анықтамада көрсетілгендей Болашақ кезең шығындарының сомаларын есептеп шығару жасалынады. Бухгалтерлік есеп бойынша болашақ кезең шығындарының сомаларын есептеп шығару бойынша проводкалар жасалынады.
Тауарлар мен қызметтердің өзіндік құның түзету мен есептеу.
Бұл операция өндіріс есеп шоттарын жабады. Өндіріс есеп шоттарын жабқаннан кейін қалған қалдық белгіленген кезеңдегі Түгендеу НЗП құжатындағы қалдыққа тең болады, ал қалған өндіріс шоттары бойынша қалдық нөлге тең болады. Өндіріс есеп шоттары және олардың бөлімшелерінің шоттарын жабу тәртібі міндетті түрде шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібі регистрінде көрсетілуі керек.
Есеп айырысу бірнеше кезеңдерден тұрады:
-Бөлімшелердің тәртібін анықтау;
-Тікелей өндіріс шығындарын есептеу;
-Жанама өндіріс шығындарын есептеу;
-Жанама өндіріс шығындарын бөлуге байланысты тікелей шығындарды қайта есептеу;
-Нақты өзіндік құнды есептей отырып, өнімнің құның өзгерту.
Әр бір өндірістік шоттар әр бір номенклатуралық топтар мен бөлімшелер бойынша түзететін проводкалар жасалынады.
Аяқталмаған өндірісіті тасымалдау.
Бұл операцияны орындау кезінде жүйе «Негізгі өндіріс» «8110» шоты бойынша талдау жасайды. Осы операциялар бойынша жасалынған есепті кезең ішінде «8110» шоты дебиттік айналымда, ал кредиттік айналым анықталмаса, яғни осы кезең ішінде өнімдер мен көрсетілген қызметтер шығарылмаса, онда бағдарлама бұл соммаларды аяқталмаған өндіріске жатқызады.
Балансты реформалау.
Балансты реформалау операциясы табыстың жиының есептеуге мүмкіндік береді және «5410». Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы шоты арқылы кірістер мен шығыстар шоттарының соммаларын жабады.
ҚҚС төлеу үшін қоса есептеу
ҚҚС төлеу үшін қоса есептеу операциясы ҚҚС соммасын есептеу үшін жүргізіледі. ҚҚС есеп соммасы ҚҚС соммасын таңдалған әдіске байланысты төленуге жатқызылады. ҚҚС (в зачет) есепке алынуына қарай 2 әдісі бар- үйлесімді және бөлек.
Үйлесімді әдіс бойынша – төленуге (в зачет) жататын ҚҚС сомасы жалпы айналым сомасынан шығатын салық салынатын салыстырмалы айналым көлемінен анықталады.
Бөлек әдісі бойынша – салық төлеуші шығындарға, сонымен қатар алынған тауарлар бойынша салық салынатын және босатылған айналымдарды мақсаты үшін пайдаланудан алынған ҚҚС сомасына бөлек есеп жүргізеді.
Салық салынатын табыстың есептеуі.
Есепті кезеңді жабу барысында тұрақты активті және міндеттемелер салығы мен бөлініп қойылған ,салықтық активтер мен міндеттемелер бойынша, салық салынатын табыс есебі есептелінеді.
Келесі тізбе бойынша:
Табысқа салынатын салық =(есепті кезең ішіндегі салық есебі бойынша кірістер – кезең ішіндегі салық есебі бойынша шегерім)*салық мөлшері (%).
Кейінге қалдырылған салық = уақытша айырмалар сомасмы * салық мөлшеріне (%).
