- •7 .Дәрістер кешені
- •1.Жаңа топты құру.
- •2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.
- •3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.
- •4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.
- •5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.
- •6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:
- •7. Элементтерді көшіру
- •8. Таңдама және іріктеу
- •4.Анықтамалар
- •Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі
- •3.1.Анықтамалар
- •3.2.Кассалар анықтамасы
- •3.3 Ұйымның банктік шоттары
- •Тақырып 4. Қорлар есебі
- •Тақырып 5. Негізгі құралдар мен меа есебі
- •Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.
- •Тақырып 8. Өндірістің есебі
- •Тақырып 9. Ққс есебі және табыс салығының есебі
- •Тақырып 10. Есептілік
Тақырып 8. Өндірістің есебі
Дәрістің мақсаты- өндірістегі шығындарды есептеу, калькуляциялау және дайын өнімнің өзіндік бағасын есептеу.
Негізгі ұғымдар- Өндіріс, калькуляциялау, дайын өнім, тікелей шығындар, жанама шығындар, номенклатура, спецификация, ТМҚ ,өңделме.
Дәріс жоспары:
1Өндірістік есептің параметрлерінін өңдеу
2.Өндірістік есептегі өзіндік шикізаттың есебі
3.Өндірістік есептегі өңделме шиказаттың есебі
1. Өндірістегі бухгалтерлік есептің басты мақсаты- өндірістегі шығындарды есептеу, калькуляциялау және дайын өнімнің өзіндік бағасын есептеу. Ол келесі баптар бойынша есептелінеді:
- Өнімнің өзіндік бағасы бойынша.
- Өнімнің түрі бойынша.
- Шығынның пайда болу орны бойынша
- Шығынның түрі бойынша.
Бұл конфигурациялар кәсіпорынның шаруашылық іс- әрекетін ашуға мүмкіндік береді, яғни:
Өнімді өндіруде шығындарды көрсету
Жоспарлы бағамен ай ішінде есептеу және ай соңында нақты бағамен есептеу
Кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қызметі
Басқа кәсіпорындарға қызмет көрсету
Басқа кәсіпорындарға өнімді қайта өндіріп беру.
Өндірістік есепті жүргізу үшін өндірістік процессте қолданылатын конфигурацияларды қабылдау керек және оларға әсер ету керек.Осыған байланысты өндірістегі шығындарды анықтау үшін келесі анықтамалар қабылданған:
Тікелей шығындар - өнімнің түріне байланысты шығындар. Мысалы материалдар,қызметкерлердің еңбек ақысы, басты өндірістік қорлардың амортизациясы.
Жанама шығындар - өндірілетін өнімдерге және көрсетілетін қызметтерге байланысты бір уақыттық шығындар.
Номенклатуралық топтар
Номенклатуралық топтар арқылы біз номенклатуралық жайғасымды топтарға жинақтаймыз.Топты жасау үшін мәзір – басты қызмет – тауарлар (материал,өнім,қызмет) -номенклатуралық топ. Жайғасымды біріктіру арқылы біз өндірістегі шығындардың есебін және өнімді, тауарды өндіру бойынша қызмет көрсету бойынша пайданы біле аламыз.
Бір номенклатуралық топқа саны шексіз номенклатуралық жайғасым кіре алады, бірақ бір жайғасым бір топқа ғана жатқызылады.
Номенкулатураның басты спецификациясы.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі спецификация бөлімінде іске асады.
Жанама шығындарды кәіпорында жіктеу әдістері. Жанам шығындар барлық өндірілетін тауарға және көрсететін қызметке байланысты. Бұл шығындар ай соңында жалпы өндірістік шығындар және басқа да шығындар болып жіктеледі.
Жанама шығындардың базасы( жанама шығындарды кәсіпорында жіктеу әдістері) тіркелімге орнаталыды, бұл тіркелімді ашу үшін –кәсіпорын –есеп саясаты –жанама шығындарды жіктеу әдістері.
База ретінде келесілер болуы мүмкін: шығару көлемі-ағымдағы ай ішінде шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет саны.
Жоспарлы құны –ағымдағы ай ішінде шығарылған өніммен көрсетілген қызмет бойынша жоспарлы құны.
Еңбекті төлеу- бабында көрсетілген жалпы шығын көлемі.
Бөлінбейді- бөлінбейтін жанама шығындар сомасы.
Әдісті орнату кезінде( жанама шығындарды кәсіпорында жіктеу әдістері) тіркеуінде қабылданған әдістің күші енетін күні көрсетіледі. Ал егер жаңа әдіс болатын болса , тіркеуге енгізіліп, әдістің қолданылу күні көрсетіледі.
Жанама шығындардың конфигурациясында жинақталу үшін 8440 шоты арналады. Жанама шығындар оның аналитикасы «бөлім» және «шығындар» бабы.
Жанама шығындарды бөлуді, келесі сызбасымен көрсетуге болады:
Ағымдағы айда 8440 шотында бірден өзіндік құнға апарылмайтын
шығындар болады, олар өнім өндіруде және қызмет көрсетуден болуы мүмкін.
Ондай шығыстарды еңбек ақыны жарамдылық қызметкерлер құрамына бөлу кезінде, (мысалы: өндірістік телімдердің жинайтын адамдарға, қауіпсіздік қызметіне т.с.с.) көп функционалды станоктарға амортизацияны есептеу.
Ағымдағы шығындарды өнімнің нақты бағасымен есептеместен бұрын,
қабылданған әдіс бойынша жанама шығындарды бөлу қажет.
Жанама шығындарды жабу «айдың жабылу» құжаты мен өнімнің( қызметтің) бағаны және бағаны өзгерту операциялық регламентімен жүзеге асады.
Жанама шығындарды бөлудің кең таралған сызбасы аналитикасы көрсетілмеген сызба болып табылады. Ол былай бейнеленеді.
Шығын шоты |
Бөлімше |
Шығын бабы |
Жабылу шоты |
8440 |
|
|
|
Айды жабу кезінде жанама шығындар тікелей шығындар бойынша комерциялық топтар бойынша, және бөлімшелер және шығын баптары бойынша бөлінеді, яғни 8440 шотында көрсетіледі.
Өзгертілімді анықтау тәртібі:
Бұл әдіс шығындар есебін және өнімнің калькуляциялық құнын білу үшін қлоданылады,шикізат бірнеше өңдеу сатысы мен жеке фазадан өткен кезде.Бұл өңдеу кәсіпорын үшін дайын өнім есес, жартылай фабрикат алуға мүмкіндік береді.
Калькуляция обьектісі-әр бір жеке өзгертуден өткен өнім болып тұрады.
Есеп саясатында конфигурация өзгертілімдері анықтаудың екі тәртібін қамтиды.
Бөлімше бойынша- қолданушы өзгертілімдердің тәртібін өзі орнатады(мәзір-есеп саясаты-есеп саясаты бухгатерлік есеп)
Өзгертілімдер бойынша- өзгертілімдер тәртібі автоматты түрде өзі анықталады.
Шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібі.
Өндірістік шоттарды жабу үшін ,бастапқы бөлімшелердің орналасу тәртібі бойынша.
2. Дайын өнім өндіру өндірістік процестің бірнеше сатысын қамтиды:
-ТМҚ өндіріске жеткізілуі;
-Жоспарлы құны бойынша дайын өнімді өндіру және өндірістік қызметті жүзеге асыру.
-Нақты құны бойынша есеп айырысу.
Талап ету-жөнелтпе құжат.
Материалдарды өндіріске жіберу үшін талап ету-жөнелтпе құжат құжаты арналған,оны мәзір- басты қызмет өндірісте талап ететін жөнелтпе құжат арқылы істеуге болады.
«Материалдар» бет белгісінде өнім өндіруге және қызмет көрсетуге кететін материалдар тізімі көшіріледі.
«Шот есебі» бет-белгісінде шығын шоты яғни материалды көшіру бойынша шығындар көрсетіледі.
«Тапсырыс берушінің материалы» бет-белгісінде керек болған жағдайды өнім өндіру және қызмет көрсетуге басты тапсырыс берушінің мериалдары көрсетіледі.
Бұл құжат «кезең бойынша өндірістің есебі» құжаты негізінде құралады соның негізінде талап ету жөнелтпе құжат кесте бөлігі автоматты түрде толтырылады. Ол кезең бойынша өндірістің есебі құжатының негізінде, яғни бұл өніміді өндіру кезінде ТМҚ ның құрамына енетін қосымша бөлшектердің спецификасы арқылы.
Кезең бойынша өндірістің есебі.
Дайын өнімді өндіру және қоймаға келген өнім бойынша фактіні растау кезең бойынша өндірістің есебі құжатының негізінде жүзеге асады.
Оны құрастыру үшін мәзір –басты қызмет -өндіріс кезеңі бойынша өндірістің есебі.
Қоймаға дайын өнім жоспарлы бағасы бойынша енгізіледі. Жоспарлы құны «өндіріс» бет белгісінде есеп параметрінде көрсетілген бағаға негізделеді. Нақты бағасы айды жабу кезінде өнімнің (қызметтің) бағасы және бағаны түзету регламентіне негізделеді.
Аяқталмаған өндірістің түгенделуі.
Өндірістік үрдіс аяқталмағаннан кейін шығындар есебі жүгізіледі.Ал аяқталмаған өндірістің шығынын басқа кезеңда көрсетілуі тиіс, осы арқылы ағымдағы айда шығарылған жартылай фабрикат, қызмет бағасы көрсетіледі. Бұл операцияны аяқталмаған өндірістің түгендеу құжатымен көрсетіледі, оны әзірлеу үшін мәзір-басты қызмет- өндіріс-аяқталмаған -өндірістің түгенделуі.
Бұл құжат әрбір бөлімше бойынша акт соңында жеке жүргізіледі.
Құжаттың кесте бөлімінде номенклатуралық топ бухгалтерлік нормативтік құжаттар негізінде аяқталмаған өндірістің сомасы көрсетіледі.
Бұл құжат ешқандай қозғалысты көрсетпейді.
3. Ұйым жаңа өнімді өз шикізатынан өндіріп қана қоймай тапсырыс берушілердің шикізатынан және өнімді қайта өңдеуден өткізеді. Өңделме өңдеудің мәні өнімнің иесі ( беруші) өнімді өндіруді беруші мақсат тұтады. Бұл мақсаттар үшін беруші мен ұйым (өңдеуші) арасында келісім-шарт жасалады.
Бұл ұйымның өнімді қай өңдейтін базасы болу керек. Бірақ- та өнімнің қайта өңдеушісінде өнімді иеленуге құқығы жоқ.
«1С Бухгалтерия 8.1. Қазақстан үшін» конфигурациясы арқылы, өңделме өнім бойынша өнімнің әртүрлі сызбасын көруге болады( яғни қайта өңдеуге келген және жіберілген материалдар тізімі).
Қайта өңдеуге келген тауарлар.
Тапсырыс берушіден (өңделме өнімнің) келіп түскен материалдарының операцияларының конфигурацияда бейнелеу үшін «келіп түскен тауарлар және қызметтер» құжаты қолданылады.
Оны әзірлеу үшін мәзір- Басты қызмет- сатып алу- ТМҚ мен қызметтің келіп түсуі, «қайта өңдеуге» операцияның негізінде.
Тапсырыс берушінің шикізатын өндіріске жібері.
Тапсырыс берушінің материалдарын өндіріске жіберу «талап ету жөнелтпе құжат» құжаты арқылы жүзеге асады. Талап ету жөнелтпе құжаты «тауардың және қызметтің келіп түсуі» құжатының негізінде құрылады.
Тапсырыс берушінің өндіріске жіберілген материалдары , құжатта «тапсырыс» берушінің материалы « бет белгісінде» көрсетіледі.
Өңделме шикізатты өндіру бойынша өндірістің өзіндік шығындар есебі.
Тапсырыс берушінің шикізатын өндіру кезінде өндірістің өзіндік шығындары болуы мүмкін, олар басқа ұймдардың көрсеткен қызметтері, еңбекті төлеу бойынша шығындар негізгі құралдардың амортизациясына шығындар және тағы басқа .
Барлық шығындарды есептеп болған соң кезең бойынша өндірістің есебі құжаты жасалады.
Тапсырыс берушінің шикізаты бойынша қызмет көрсету(сату).
Тапсырыс берушінің шикізаты бойынша қызмет көрсету өнімді сату қайта өңдеу бойынша қызметтер құжат негізінде құралады. Оны ашу үшін мәзір –Басты қызмет-сатып алу қызметі және тауарды сатып алу.
Құжаттың атауына, қайта өңдеуді қай кәсіпорын үшін жасағанымыз көрсетіледі.
